"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 21980 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстарының вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар жəне

      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 342 Бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 18-04/245 бұйрығымен
бекітілген

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабының 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.

      3. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері оларға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, олардың өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі.

      4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;

      2) аукциондық зал – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      3) аумақтық бөлімшелер – ведомствоның аумақтық бөлімшелері;

      4) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;

      5) басталатын баға – конкурстың әрбір нысаны бойынша конкурстың екінші кезеңі басталатын баға;

      6) бастапқы баға – осы Қағидалардың 9 және 10 тармақтарына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;

      7) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) геоақпараттық сервис – жүргізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;

      9) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;

      10) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақша сомасы;

      11) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      12) конкурстың нысанасы – конкурс жеңімпазына бекітіліп берілетін аңшылық алқапта және (немесе) балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу құқығы;

      13) конкурс – конкурс жеңімпазына аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бағытталған сауда-саттық нысаны, бұл ретте жеңімпазды айқындаудың басты өлшемі қатысушылар ұсынатын баға болып табылады;

      14) конкурсқа қатысушының нөмірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде конкурсқа қатысу үшін қатысушыға тізілім веб-порталы беретін бірегей нөмір;

      15) конкурсты ұйымдастырушы – конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыратын және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасайтын ведомство немесе облыстық жергілікті атқарушы орган;

      16) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және өтінімді тізілімнің веб-порталы арқылы ұсынған жеке немесе заңды тұлға;

      17) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      18) объект – аңшылық алқаптар және (немесе) балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі;

      19) объектінің электрондық паспорты (бұдан әрі – электрондық паспорт) – объект туралы толық ақпаратты қамтитын электрондық құжат;

      20) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңына сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;

      21) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      22) түпкілікті баға – конкурстың екінші кезеңін аяқтау нәтижесінде белгіленген конкурс мәнінің бағасы;

      23) тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – веб портал) – www.gosreestr.kz мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

      24) уәкілетті орган – мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында, оның ішінде орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      25) шарт – облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз арасында веб-порталда электрондық түрде жасалатын аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізуге арналған екі жақты келісім;

      26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      5. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары қойылады.

      6. Аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру осы Қағидаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындылары негізінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен жүзеге асырылады.

      7. Конкурсқа бекіту мақсаттарына сәйкес резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады, олар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде балық шаруашылығын жүргізудің мынадай түрлері үшін перспективалы деп танылады:

      1) кәсіпшілік балық аулау;

      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      3) КТБӨШ;

      4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы.

      8. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемеге және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15665 тіркелген) бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін пайдаланылады.

      9. Балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға мынадай формула бойынша айқандалады:

      N= (О1+ О2+… ОХ) * M, мұндағы:

      N – балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру бастапқы бағасы;

      О1, О2, ОХ – балық ресурстарының және басқа дасу жануарларының есептелген бағасы;

      М – ағымдағы жылға айлық есептік көрсеткіш өлшемі.

      Балық ресурстарының және басқа дасу жануарларының есептелген бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      О =T*V, мұндағы:

      О – балық ресурстарының және басқа дасу жануарларының есептелген бағасы;

      Т – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің 582-бабына сәйкес айқындалатын балық және басқа да су жануарларының әрбір килограмы үшін төлемақы мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері.

      V – балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортында көрсетілген ихтиофаунаның түрлік құрамының саны;

      10. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Р= T*V, мұндағы:

      Р – аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бастапқы бағасы;

      Т – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 582-бабына сәйкес айқындалатын аңшылық жануардың ерекше түрі үшін төлемақы мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері;

      V – аңшылық жануардың паспортында көрсетілген жануарлардың аңшылық түрлерінің түрлік құрамының саны.

2-тарау. Ұйымдастырушы

      11. Бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты және аңшылық алқаптарды аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіп беруді жергілікті атқарушы органдар өткізеді.

      Екі немесе одан да көп облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты ведомства өткізеді.

      12. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде ұйымдастырушы:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;

      2) конкурсты өткізу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;

      3) конкурс өткізу туралы хабарлама жариялайды;

      4) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді;

      5) конкурс нысанасының бастапқы бағасын айқындайды;

      6) конкурс жеңімпазының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      7) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымның ұсыныстары негізінде оларды бекітіп беру мерзімін айқындайды.

      Аңшылық алқаптарды бекітіп беру мерзімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы №18-2/501 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларына қосымшада қарастырылған (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11551 тіркелген);

      8) Осы Қағидамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Конкурсты ұйымдастырушы оны өткізгенге дейін геоақпараттық сервисте өткізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау жөніндегі толық ақпаратты, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешімдер бойынша ақпаратты, оның ішінде:

      1) аңшылық алқаптар бойынша:

      барлық орман алқабы мен әрбір алқаптың координаттары мен шекараларын суреттейтін аңшылық алқаптарының орналасқан жері туралы нақты деректердің электрондық картасы.

      Электрондық карта сондай-ақ межелік нүктелер, есеп алаңдары және жануарлар маршруттары (бар болса) бойынша ақпаратты қамтиды;

      аңшылық шаруашылығының және барлық орман алқабының және әрбір алқаптың жеке электрондық паспорты;

      2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша:

      балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің орналасқан жері туралы координаттары бар және барлық балық шаруашылығы су айдынының, сондай-ақ әрбір учаскенің(учаскелерінің) жеке шекарасы суреттелген нақты деректердің электрондық картасы;

      барлық балық шаруашылығы су айдынының және әрбір учаскесі (нің) жеке электрондық паспорты.

      14. Аңшылық алқаптың электрондық паспорты алқаптың бірегей сәйкестендіру нөмірін, оның ауданын, бір қорықшыға қорғалатын алаңның жүктеме нормасын, санатын, жануарлар дүниесінің жай-күйін (түрін, санын) қамтиды.

      Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің электрондық паспорты су айдынының және (немесе) учаскесінің бірегей сәйкестендіру нөмірін және паспорттау негізінде анықталған толық ақпаратты қамтиды.

      15. Ұйымдастырушы конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) конкурсты өткізу күні мен уақыты;

      2) ұйымдастырушының толық атауы;

      3) объект туралы мәліметтер;

      4) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары;

      5) конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері;

      6) объектіні бекіту мерзімдері;

      7) конкурсты өткізу тәртібі;

      8) объект бойынша кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банк деректемелері;

      9) бастапқы баға.

      16. Хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы конкурсқа барлық әлеуетті қатысушыларға объектіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Комиссия

      17. Конкурстық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) әрбір объект бойынша бекітудің барлық ұсынылатын кезеңіне балық немесе аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын бекітеді;

      2) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінішін және құжаттарын қарайды және қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жібереді.

      18. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және бес адамнан кем емес.

      19. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия мүшелері:

      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес);

      4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдар;

      5) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары болып табылады.

      Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі уәкілетті орган құратын комиссияның мүшелері:

      1) ведомстволар (төраға орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес);

      4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

      5) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары болып табылады.

      Бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары құратын комиссияның мүшелері:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес);

      4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

      5) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары болып табылады.

      20. Егер тізілімнің веб-порталында дауыс беруге конкурстық комиссия мүшелерінің 2/3-нен кем қатысса, тізілімнің веб-порталы рұқсат беру хаттамасын қалыптастырудан бас тартады және ұйымдастырушыға өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.

      Комиссия мүшелерінің өз өкілеттіктері басқа адамдарға берілмейді.

      21. Конкурстық комиссиялардың ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы (бұдан әрі – хатшы) қамтамасыз етеді. Комиссия мүшесі болып табылмайтын және комиссия шешім қабылдаған кезде дауысы жоқ ұйымдастырушының өкілі хатшы болып табылады.

4-тарау. Аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі

      22. Қатысушылар:

      1) ұйымдастырушыдан объект бойынша қосымша мәліметтер, нақтылаулар алады;

      2) өз құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

      3) конкурс басталғанға дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алады.

      23. Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін:

      жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.

      24. Конкурсқа қатысушы веб-порталы арқылы өтінім береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға.

      25. Бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.

      26. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімде бірыңғай оператордың шотына енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді.

      27. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның он бес пайызын құрайды, бірақ кемінде жүз айлық есептік көрсеткіш және отыз мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      28. Өтінімді веб-портал тіркегеннен кейін үш минут ішінде тізілім дерекқорында өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің бар-жоғына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

      29. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, веб-портал өтінімді қабылдауды және конкурс нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын оқшаулауды жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.

      30. Жергілікті атқарушы орган мен аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілері арасында конкурс нәтижелері бойынша жеңіп шыққан және аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) сәйкес конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және Шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатады және бірыңғай оператор веб-порталда кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.

      Егер кепілдік жарнаның сомасы түпкілікті бағадан асып кеткен жағдайда, онда жеңімпазға бірыңғай оператор ұйымдастырушы мен сатып алушы веб-порталда шарт жасасқан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде айырма қайтарылады.

      31. Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойғаннан кейін бірыңғай оператор тиісті бюджетке жібереді.

      Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналарды бірыңғай оператор конкурс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда ЭЦҚ пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған кепілдік жарналарды қайтаруға өтініштерде конкурсқа қатысушылар көрсететін деректемелерге қайтарады.

      32. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

      33. Қатысушы ретінде тіркелу үшін веб-порталда конкурс шарттарымен келісімі бар өтінімді тіркеу қажет. Өтінімге қатысушының ЭЦҚ қол қойылады.

      34. Өтінімдер тізілімнің дерекқорында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қол жетімді емес.

      35. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.

      36. Веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі болып табылады.

      37. Веб порталдағы конкурс ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –мерекелер туралы Заңы) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі-жұма аралығында тағайындайды.

      38. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес егер бірінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте бір өтінім тіркелген болса, мұндай конкурс өтпеді деп танылады.

      Екінші және одан кейінгі конкурстар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте кемінде бір тіркелген өтінім болған кезде өтті деп танылады.

      Конкурс өтпеді деп танылған кезде конкурстық комиссия конкурс шарттарын өзгерте алады.

      39. Егер конкурс өткізілмеді деп жарияланса, өтінімдерді ашуды жүргізбейді және ұйымдастырушы конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-портал қалыптастыратын өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды.

      40. Өтінімдерді ашу конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталғаннан кейін веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      41. Байқау екі кезеңде өткізіледі.

      Қатысушылардың өтінімдерін бірінші кезеңде комиссия конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында веб-порталда қарайды.

      42. Комиссия хатшысы өтінімдерді ашқан күні веб-порталда комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою үшін рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.

      Комиссия мүшесі рұқсат беру хаттамасына қол қоймаған жағдайда, Комиссия хатшысы хаттамада қолдың болмауы себебі туралы ақпараты бар рұқсат беру хаттамасына қол қоймаған комиссия мүшелері көрсетіледі.

      43. Конкурсқа қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жіберу хаттамасы Конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларды электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, Комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, конкурсқа жіберу хаттамасына қол қойған уақыттан бастап веб-порталда конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады.

      44. Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) себебін көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмеген қатысушылар нөмірлерінің тізімі;

      2) конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылар нөмірлерінің тізімі.

      45. Конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын тізілім веб-порталында конкурстың екінші кезеңіне кемінде екі қатысушы рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күні веб-портал автоматты түрде тағайындайды.

      46. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және веб-портал беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді.

      47. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және мынадай түрде өткізіледі:

      1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында комиссия белгілеген бастапқы бағадан кем болмайтын өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі және конкурс басталатын бастапқы баға қалыптастырылады;

      2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру мүмкіндігі беріледі;

      3) Егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы ең жоғары бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілген деп танылады;

      4) Егер аукцион залында конкурстың екінші кезеңінің басынан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Ереженің 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      5) Егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда конкурс нысанасын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурс өткізілген деп танылады;

      6) Егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы мәні бойынша конкурс өткізілген болып танылады.

      48. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында конкурс мәні үшін бірдей ең жоғары баға болған және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғайтылмаған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасында өтінімі бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      49. Конкурстың екінші кезеңі кезінде бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

      1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 20 процент мөлшерінде белгіленеді;

      2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгеннен 100 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 15 процент мөлшерінде белгіленеді;

      3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенгеннен 250 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 процент мөлшерінде белгіленеді;

      4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенгеннен 500 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 процент мөлшерінде белгіленеді;

      5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

5-тарау. Аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      50. Конкурс нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және оны өткізу күні ұйымдастырушы мен жеңімпаздың ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурстың нәтижелерін және жеңімпаздың және облыстың жергілікті атқарушы органының конкурс нәтижесі болып табылатын шарттарда шартқа қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

      51. Конкурстың нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер қамтылады:

      1) конкурс шарттары;

      2) объект туралы мәліметтер;

      3) конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер;

      4) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері.

      52. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіні қалыптастырады және қол қояды.

      53. Ведомство конкурсты өткізген жағдайда конкурс нәтижелері туралы хаттамаға ведомство қол қойғаннан кейін және жеңімпаз объектілерді бекіту және шарт жасасу жөнінде шешім қабылдау үшін облыстың жергілікті атқарушы органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

      54. Облыстың жергілікті атқарушы орган конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде объектілерді бекіту туралы шешім қабылдайды.

      55. Облыстың жергілікті атқарушы органының объектілерді бекіту туралы шешімі негізінде шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде шарт жасалады.

      Шарт веб-порталда облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады және қол қояды. Шартта конкурс нәтижелері туралы хаттамаға және шарт жасасу үшін негіз ретінде объектілерді бекіту туралы шешімге сілтеме көрсетіледі.

      56. Конкурсты жеңіп шыққан тұлға конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан конкурс шарттарына келіспекен жағдайда бас тартуы мүмкін, бұл ретте конкурсты жеңіп шыққан тұлға еңгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.

      57. Шарт бойынша есеп айырысулар облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі мен жеңімпаз арасында жүргізіледі, бұл ретте жеңімпаз есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) аванстық төлем шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурс нысанасының түпкілікті бағасының кемінде он бес пайызы мөлшерінде енгізіледі (кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі).);

      2) қалған сома қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

      58. Аванстық немесе түпкілікті төлемді кешіктірген жағдайда, Ұйымдастырушының шартты біржақты тәртіппен бұзуға және жеңімпазға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты шығындарды өтеу туралы талап қоюға жол беріледі.

      59. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа немесе қабылдау-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күші жойылған конкурс шарттарымен конкурс қайтадан өткізіледі.

      60. Объектіні беру жеңімпаз шарт бойынша түпкілікті бағаны толық төлеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушы мен жеңімпаз веб-порталда қол қоятын қабылдау-беру бойынша жүргізіледі.

      Қол қойылған қабылдау-беру актісі конкурстың сатылған мәніне меншік иесін өзгерту туралы мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін негіз болып табылады.

      Бірыңғай оператор түпкілікті бағаны қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті бюджеттің кірісіне аударады.

      61. Объектіні жеңімпазға беру жеңімпаз конкурс мәнінің түпкілікті бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей қабылдау-беру актісі бойынша жүргізіледі.

      Ұйымдастырушы қабылдау-беру актісіне жеңімпаздың қол қоюы туралы мәліметтерді веб-порталда екі күн мерзімде енгізеді.

  Аңшылық алқаптарды және
балық шаруашылығы су
айдындарды және (немесе)
учаскелерді бекітіп беру
жөніндегі конкурсқа
қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптарға
1-қосымша
  Нысан

Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

      1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:

      ____________________________________________________________________

      (жердің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (алқаптардың сәйкестендіру нөмірі, ауданы, облысы))

      және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен танысқан соң, мен, төменде қол қоюшы

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), не заңды тұлғаның атауы)

      конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын. "____" _______ 20__жылғы Интернет желісінде орналасқан мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz ескерту.

      2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны конкурс нәтижелері анықталғанға дейін веб-портал мынадай сома бойынша бұғаттайды:

      ____________________________________________________________________

      (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі))

      хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      ________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем

      белгілеу коды, бенефициар коды)

      ________________________________________________________________

      (төлем құжатының № және күні)

      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.

      4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған конкурс шарттарында конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).

      5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органында қалатындығымен келісемін.

      6. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.

      7. Өткен жылдардағы (қолданыстағы шарттар бойынша) аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.

      8. Менің (бізде) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәлімдеймін.

      9. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.

      10. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

      11. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      12. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.

      13. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

      Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      Мекен жайы: _________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ___________________________________

      Банктің атауы ______________________________________

      Бенефициар коды _________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________

      Жеке тұлға үшін:

      Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ______________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________

      Паспорттық деректер ________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды _______________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ____________________________________

      Банктің атауы _______________________________________

      Бенефициар коды ____________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________

      00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Сағат 00:00-де "__" ______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

  Аңшылық алқаптарды және
балық шаруашылығы су
айдындарды және (немесе)
учаскелерді бекітіп беру
жөніндегі конкурсқа
қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптарға
2-қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім

      1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:

      ___________________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы):)

      __________________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі, аудан, облыс)

      және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен танысқан соң, Мен, төменде қол қоюшы

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), не заңды тұлғаның атауы)

      конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын. "___" _______ 20__ жылғы Интернет желісінде орналасқан мемлекеттік мүлік веб-порталда www.gosreestr.kz мақсатында _____________________________________________

      (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде-тауарлы және тор қоршамада балық өсіру)

      2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны конкурс нәтижелері анықталғанға дейін тізілімнің веб-порталы мынадай сома бойынша бұғаттайды:

      ____________________________________________________________________

      (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі))

      хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      ________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем белгілеу коды, бенефициар коды)

      ________________________________________________________________

      (төлем құжатының № және күні)

      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен балық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.

      4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған конкурс шарттарында конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).

      5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органында қалатындығымен келісемін.

      6. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.

      7. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.

      8. Өткен жылдардағы балық шаруашылығын дамыту жоспарлары (қолданыстағы шарттар бойынша) бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.

      9. Менің (бізде) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәлімдеймін.

      10. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

      11. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      12. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.

      13. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) _________________________

      Мекен жайы: ________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ______________________________________

      Банктің атауы ______________________________________

      Бенефициар коды ___________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________

      Жеке тұлға үшін:

      Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) _________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      Паспорттық деректер ________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ______________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ______________________________________

      Банктің атауы _______________________________________

      Бенефициар коды_______________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________

      00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Сағат 00:00-де "__" ______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

  Бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 18-04/245 бұйрығымен
бекітілген

Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарды және (немесе) учаскелерді бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

      2) конкурсқа қатысушының банк, анк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      3) өткен жылдардағы балық немесе аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша берешегінің болмауы (балық және аңшылқ шаруашылықтарына балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері немесе аңшылық алқаптары бұдан бұрын бекітіліп берілсе).