Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Жумангарин |
| Төраға 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг (бұдан әрі – Мониторинг) жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, қызмет;
2) тауар нарығы – оның шекараларында (оның ішінде географиялық) экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндікті не орындылығын негізге ала отырып, сатып алушы тауарды сатып ала алады және оның шегінен тыс мұндай мүмкіндік не орындылығы жоқ басқа тауармен алмастырылмайтын немесе шекараларында өзара алмастырылатын тауар (оның ішінде шетелде өндірілген тауар) айналымы саласы.
2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібі.
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты жинау және өңдеу;
2) тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;
3) талдамалық анықтаманы дайындау.
4. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану, телефон, оның ішінде ұялы байланыс арқылы жеке және заңды тұлғаларға сауалнама жүргізу не әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану арқылы жинауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және(немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар жіберіледі.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат ағымдағы баға жағдайына одан әрі талдау жүргізу үшін жинақтау және жүйелеу жолымен өңделеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда және жылдың басынан есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін, бағалардың өзгеру себептері мен факторларын және бағалардың өзгеруін сипаттайтын өзге де ақпаратты зерделеу жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын (болмауын) айқындау жолымен жүргізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері талдамалық анықтама дайындайды, ол өңірдегі тауар нарықтарындағы ахуалдың сипаттамасын білдіреді және мыналарды: өңірдегі баға серпінін, бәсекелестікті қорғау саласындағы Кодекстің талаптарын бұзушылық белгілері туралы ақпаратты.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Дайындалған талдамалық анықтаманы монополияға қарсы органға апта сайын оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасындағы тауар нарықтарындағы баға жағдайы туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру үшін жібереді.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысаны
Ескерту. Қағида нысанмен толықтырылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
Ұсынылады: сұраныс бойынша монополияға қарсы органға.
Әкімшілік деректер нысаны интернет–ресурста орналастырылған:
www.gov.kz/memleket/entities
Әкімшілік деректер нысанының атауы: тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.
Мерзімділігі: Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын
бұзу белгілерін белгілеу мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу
кезінде сұрау салу бойынша*
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді
және(немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілері.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сұрауда көрсетілген мерзімде.
____________________________________________________________________
* Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес
монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар
нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен,
сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте
көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық
және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат
№ | Тауар |
Тауар бірлігінің бағасы | Бағаның көтерілу себептері (бар болса) | ||||
Тауар түрі | ЕАЭО СЭҚ ТН тауар коды | Тауардың сауда белгісі | Тауардың өлшем бірлігі | ||||
Алдыңғы есепті кезеңде | Ағымдағы есепті кезеңде | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
* ЕАЭО СЭҚ ТН – кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар
кедендік операцияларды жүргізу мақсатында қолданатын тауарлардың жіктеуіші.
Атауы ______________________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы ______________________________________ ___________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_________________________________________________ ___________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
| Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысанына қосымша |
"Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты толтыруға арналған;
2. 1-бағанда тауардың түрі туралы мәліметтер көрсетіледі;
3. 2-бағанда кедендік операцияларды жүргізу мақсатында кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қолданатын тауарлардың сыныптауышы бойынша тауардың коды көрсетіледі;
4. 3-бағанда тауардың сауда маркасы көрсетіледі;
5. 4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
6. 5-бағанда өткен кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы туралы мәліметтер (ҚҚС есебімен) көрсетіледі;
7. 6-бағанда өткен кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы туралы мәліметтер (ҚҚС есебімен) көрсетіледі;
8. 7-бағанда бағаның көтерілу себептері (өсім болған жағдайда) көрсетіледі.