Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Жумангарин |
| Төраға 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг (бұдан әрі – Мониторинг) жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, қызмет;
2) тауар нарығы – оның шекараларында (оның ішінде географиялық) экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндікті не орындылығын негізге ала отырып, сатып алушы тауарды сатып ала алады және оның шегінен тыс мұндай мүмкіндік не орындылығы жоқ басқа тауармен алмастырылмайтын немесе шекараларында өзара алмастырылатын тауар (оның ішінде шетелде өндірілген тауар) айналымы саласы.
2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібі.
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты жинау және өңдеу;
2) тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;
3) талдамалық анықтаманы дайындау.
4. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, тиісті тауар нарықтарында тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына тиісті сұрау салулар жіберу арқылы, сондай-ақ ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат ағымдағы баға жағдайына одан әрі талдау жүргізу үшін жинақтау және жүйелеу жолымен өңделеді.
5. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда және жылдың басынан есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін, бағалардың өзгеру себептері мен факторларын және бағалардың өзгеруін сипаттайтын өзге де ақпаратты зерделеу жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын (болмауын) айқындау жолымен жүргізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері талдамалық анықтама дайындайды, ол өңірдегі тауар нарықтарындағы ахуалдың сипаттамасын білдіреді және мыналарды: өңірдегі баға серпінін, бәсекелестікті қорғау саласындағы Кодекстің талаптарын бұзушылық белгілері туралы ақпаратты.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 26.04.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Дайындалған талдамалық анықтаманы монополияға қарсы органға апта сайын оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасындағы тауар нарықтарындағы баға жағдайы туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру үшін жібереді.