Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 21894 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 225-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін тағайындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-316/2020 бұйрықпен
бекітілген
Бұйрыққа
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау негізінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 225-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау тәртібін айқындайды.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесі "Денсаулық сақтау ұйымының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы №ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21385 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – Бұйрық) денсаулық сақтау ұйымының номенклатурасы ескереле отырып беріледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым - денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

      5) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық салаларында жаңа білім алуға және қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      6) инновациялық қызмет-инновацияларды құруға бағытталған қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда).

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі

      4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі мыналарды қамтиды:

      1) денсаулық сақтау ұйымының уәкілетті органға оған ақпаратты көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізуі:

      қолда бар ғылыми бөлімшелер, жабдықтар мен жарақтар, ғылыми-зерттеу кадрлары туралы (алғаш құрылған заңды тұлғалар үшін);

      соңғы 3 жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы (жұмыс істеп тұрған ұйымдар үшін);

      2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беруі туралы ұсынысты ғылыми кеңестің 60 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметке әлеуетіне бағалау жүргізу (алғаш рет құрылатын денсаулық сақтау ұйымдары үшін);

      Денсаулық сақтау ұйымының кадрлық әлеуетке және зерттеу қызметінен түсетін кірістерге қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауды, сондай-ақ соңғы 3 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалауды жүргізу (жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары үшін);

      3) Ғылыми кеңестің келесі шешімдердің бірін қабылдауы:

      денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынымын мақұлдау туралы;

      денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысына мақұлдау беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      5. Ғылыми кеңес ұйым осы Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген және соңғы үш жылда Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус), Springer-дегі (Спрингер) жарияланымдар саны және ғылыми жұмыстарды дәйексөз ету сияқты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша белсенділігі болған кезде денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынымды мақұлдайды.

      6. Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген және Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус), Springer-дегі (Спрингер) жарияланымдар саны және ғылыми жұмыстардан дәйексөз алу сияқты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша соңғы үш жылда белсенділік болмаған кезде денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысқа мақұлдау беруден бас тартады.

      7. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің әлеуетін бағалау ұйымның құрылымында Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті ғылыми бөлімшелердің, жабдықтар мен жарақтандырудың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің біліктілігі мен тәжірибесінің жеткілікті деңгейі бар ғылыми-зерттеу кадрларының болуы туралы Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады;

      8. Өтініш беруші ұйымның ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау Кодекс 225-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      9. Денсаулық сақтау ұйымы кадрлық әлеуетке және зерттеу қызметінен түсетін кірістерге қойылатын мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:

      1) өтініш беруші ұйымның өндірістік персоналының жалпы санынан өндірістік персонал қатарындағы ғылыми қызметкерлердің, сондай-ақ уақытша ғылыми ұжымдар мүшелері қызметкерлерінің үлесі кемінде 10%-ды құрайды;

      2) ұйымның жалпы бюджетіндегі ғылыми және инновациялық қызметтен, зерттеу қызметінің өзге де түрлерінен (биомедициналық, әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер) кірістердің үлесі:

      клиникалық бейінді ұйымдастыру үшін – кемінде 0,5%;

      клиникалық емес бейінді ұйымдастыру үшін – кемінде 5%.

      10. Ғылыми кеңестің оң қорытындысының негізінде бұйрыққа сәйкес Ұйымның атауы айқындала отырып, Денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы уәкілетті органның бұйрығы ізделеді. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесі мерзімсіз беріледі және осы қағидалардың 3 – тарауында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алынады.

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау тәртібі

      11. Ғылыми кеңес жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін қарайды.

      12. Ғылыми кеңес уәкілетті органға ұсыныс енгізеді мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы бағаланатын ғылыми ұйымнан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебені қайтарып алуды ұсынады:

      1) соңғы 3 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің 4 және одан да көп индикаторры бойынша теріс динамиканың болуы және (немесе) белсенділіктің болмауы;

      2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттардың біріне 2 жыл бойы сәйкес келмеуі.

      13. Ғылыми ұйымның мәртебесін беруге немесе қайтарып алуға қатысты Ғылыми кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда денсаулық сақтау ұйымы немесе ғылыми ұйым апелляция береді.

      14. Апелляциялық комиссияны уәкілетті органның бұйрығымен құрылады.

      Апелляциялық комиссияның құрамы кемінде 5 мүшеден тұратын тақ саннан тұрады.

      Апелляциялық комиссияның құрамына өтініш берушінің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.

      15. Ғылыми кеңестің ғылыми ұйымның мәртебесін қайтарып алу туралы ұсынысының негізінде уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымынан Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайтарып алу туралы бұйрығы шығарылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-316/2020
Бұйрықпен бекітілген
Бұйрыққа
2-қосымша

Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 225-бабының 1-тармағына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігіне бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) журналдың импакт-факторы - алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалаларға журналдың ағымдағы жылы алған сілтемелер санының осы алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалалар санына қатынасы ретінде есептелетін ғылыми журналдың маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші.

      2) Хирша индексі немесе h-индекс – ғалымның ғылымиметрикалық көрсеткіші. Хирш индексі осы зерттеушінің еңбектерінің дәйексөздерін бөлу негізінде есептеледі: ғалым h-индекске ие, егер оның N мақалаларынан h кем дегенде әр рет келтірілсе, ал оның мақалаларының қалған N–h әрқайсысы h-дан аспайды;

      3) квартиль (Q) — дәйексөзділік деңгейін, яғни журналдың ғылыми қоғамдастыққа қажеттілігін көрсететін библиометрикалық көрсеткіштермен анықталатын ғылыми журналдардың категориясы. Тар пәндік аймақ бойынша журналдар тиісті көрсеткіштің кемуі бойынша сараланады (импакт-фактор немесе SJR) және тізім 4 тең бөлікке бөлінеді. Рейтинг нәтижесінде әр журнал төрт квартильдің біріне енеді: Q1-ден (ең жоғары, ең беделді шетелдік журналдарға жатады) Q4-ке дейін (ең төменгі);

      4) нормаланған SJR индексі (SCImago Journal Ranking) - ғылыми журнал маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші, оны есептеу кезінде дәйексөздердің жалпы саны ғана емес, сонымен қатар жылдар бойынша дәйексөздердің салмақталған көрсеткіштері және сілтемелердің беделі сияқты сапалық көрсеткіштер ескеріледі. Нормаланған SJR индексін SCImago зерттеу тобы есептейді, ол Scopus дерекқорында индекстелген журналдар үшін визуализация әдістері арқылы ақпаратты талдаумен, презентациямен және іздеумен айналысады;

      5) есепті кезең – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігі бағаланатын уақыт аралығы өткен жыл үшін 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралағында есептеледі;

      6) бағаланатын ұйым – ғылыми және инновациялық қызметтің индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша деректерді ұсынатын нақты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым;

      7) өндірістік персонал – ғылыми, клиникалық бөлімшелердің қызметкерлері (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы университет клиникаларының қызметкерлері), профессор-оқытушылар құрамы, бейіні емдеу процесіне, диагностикасына, профилактикасына және денсаулық сақтауды ұйымдастыруға байланысты бөлімшелер персоналының өзге де санаттары (қызмет көрсететін, оқу-көмекші және орта медицина персоналын қоспағанда);

      8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      9) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында айналадағы болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

      10) ғылыми - техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      11) инновациялық қызмет – инновацияларды құруға бағытталған қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

      12) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны.

2-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібі

      3. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау есепті кезеңдегі (жылдағы) осы ұйымдардың өндірістік персоналының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

      4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің индикаторларын бағалау ретіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) уәкілетті органмен анықталады. Жұмыс органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау процедурасын ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.

      5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша рейтингтік бағалауда мынадай формула қолданылады:

      S = I1 × Q1 + I2 × Q2 + I3 × Q3 + I4 × Q4 + I5 × Q5 + I6 × Q6,

      мұнда:

      S – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның ғылыми және инновациялық қызметі нәтижелерінің жиынтық рейтингтік бағасы;

      I1, .... I6 – әрбір индикатор бойынша бағалау сомасы;

      Q1, .... Q6 – тиісті индикаторлардың салмақтық коэффициенттері.

      6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар индикаторлар бойынша ақпаратты қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ әрбір индикатор бойынша растаушы құжаттардың сканерленген көшірмелерінің тізбесі мен электрондық архивін (электрондық архив жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер бөлінісінде қалыптастырылады) есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін жұмыс органына ұсынады. Жұмыс органы уәкілетті органмен келісім бойынша индикаторлар туралы ақпарат ұсынылатын нысанды анықтайды.

      Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және ғылыми ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес индикаторларды есепке алу шарттарында және жеке көрсеткіштер бойынша растайтын құжаттар тізбесінде көрсетілген талаптарға сәйкес растайды.

      7. Бағаланатын ұйым растаушы құжаттарды ұсынбаған ғылыми өнім саралау нәтижелерін есептеу кезінде ескерілмейді және авторлар растаушы құжаттарды неғұрлым кеш алған жағдайда келесі есепті кезеңнің көрсеткіштеріне есептеледі.

      8. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелері бойынша Рейтинг үш санат шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) клиникалық бейіндегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

      2) клиникалық емес бейіндегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

      3) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.

  Ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметінің
нәтижелілігін бағалауды жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің индикаторларын бағалау алгоритмі

Индикатордың атауы

Индикатор компоненттерін бағалау алгоритмі

Индикатор бойынша жиынтық бағалауды есептеу тетігі

Салмақ коэффициенті

Индикаторды бағалау компоненттері

1

Ғылыми зерттеулерден түскен пайда көлемі

(1.1-1.5 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

0,1

1

Есепті жылы бюджеттік бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін:
0,2 балл × k11 беріледі

2

Есепті жылы гранттық (Қазақстан Республикасының резиденттері тарапынан) шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,2 балл × k1 беріледі

3

Есепті жылы гранттық қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері және шетелдік грант берушілер тарапынан)

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,3 балл × k1 беріледі

4

Есепті жылы қаржыландырудың өзге нысандары шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,1 балл × k1 беріледі

5

Есепті жылы бастамашылық зерттеулер шеңберінде зерттеулер жүргізуге (өзін-өзі қаржыландыруға) тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,15 балл
беріледі

2

Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus(Скопус), Springer2 (Спрингер) жарияланымдардың саны

(2.1-2.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

0,25

1

Ғылыми басылымдардағы, Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасындағы мақалалар

1 мақала үшін:
10 балл × k2.13 × k2.24 беріледі

2

Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасында индекстелетін ғылыми монографиялар

1 монография үшін:
200 балл беріледі

3

Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасында индекстелетін ұжымдық монографиялардағы тараулар

Негізгі монография үшін:
50 балл беріледі

4

Конференция материалдарын қоспағанда, қысқа Жарияланымдар (редакцияға хат, хат-хабар, түсініктеме, түсініктемеге жауап және т. б.)

1 жарияланым үшін:
1 балл × k2.1 × k2.2
беріледі

3

Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері5

[(3.1-3.2 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)] + [3.3-3.4 индикаторлары бойынша балдар сомасы]

0,25



1

Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөз келтірулерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) (ғылыми жұмысты дәйексөз келтіру туралы деректер болған кезде екі дерекқорда да дәйексөз ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады)

1 дәйексөз үшін:
5 балл беріледі

2

Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөздерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған)

1 дәйексөз үшін:
0,5 балл беіледі

3

Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша өндірістік персоналының6 Хирш орташа индексі (қызметкерде Хирша индексінің болуы туралы деректер болған кезде екі дерекқорда Хирша индексі ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады) есепті жылдың соңына

1000 балл × Хирш орташа индексі

4

Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылдың соңындағы өндірістік персоналдың Хирш орташа индексі

100 балл × индекс Хирш зерттеуші индексі




4

Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны (ұйымның өзі патент иеленуші ретінде көрсетілген)

(4.1-4.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

0,15

1

Есепті жылы шетелдік немесе халықаралық патенттік агенттіктер берген патенттер

1 патент үшін:
100 балл × k47
беріледі

2

Есепті жылы өнертабысқа, пайдалы модельге ҚР патенттері

1 патент үшін:
50 балл беріледі

3

Есептік жылда зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік

1 куәлік үшін: 3 балл беріледі

5

Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инновациялық қызметті коммерцияландыру деңгейі

5.1 көрсеткіші бойынша балдар сомасы / бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны

0,15

1

Ғылыми әзірлемелерді және инновацияларды коммерцияландырудан есепті жылы алынған пайда көлемі (соңғы 3 жыл ішінде бағаланатын ұйымның құқық иеленуімен қорғау құжаты алынған)

әрбір 500 мың теңге пайда үшін 0,2 балл беріледі

6

Халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі

5.1 көрсеткіші бойынша балдар сомасы / бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны

0,1


1

Web of Knowledge (Веб оф Ноуледж) және Scopus (Скопус) ғылыми ақпаратының дерекқорында индекстелетін халықаралық ғылыми конференциялар Conference Proceedings (Конференс Процесингс)материалдарының жинақтарындағы Жарияланымдар (тезистер, мақалалар) саны.

Әрбір жарияланым үшін:
10 балл × k68
беріледі

      _________________________ Ескертпе

      1 k1 = 0,1 коэффициенті ұйым дербес игерілетін қаражат көлемін шегере отырып, бас ұйым ретінде әкімшілендіретін қаражат көлеміне қолданылады. Ұйым өз бетінше игеретін қаражат көлеміне қатысты K1 коэффициенті қолданылмайды (мысалы, ұйым бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды 10 000 мың теңге алады, оның 1 000 мың теңгесін өзі игереді, ал 9 000 мың теңгені бірлесіп орындаушыларға береді. Есептеу формуласы келесідей болады– ((1000/500)×0,2)+(9000/500)×0,2×0,1) K1 = 0,1

      2 Авторлар немесе авторлардың бірі бағаланатын ұйыммен үлестес болған жарияланымдар ескеріледі (жарияланымда автордың бағаланатын ұйымға тиесілігі көрсетілген): мақалалар мен қысқа Жарияланымдар үшін - бағаланатын ұйыммен үлестес автор алғашқы бес автордың қатарына кіреді, монографиялар мен монографиялар бағаны үшін-бағаланатын ұйыммен үлестес автор алғашқы он автордың қатарына кіреді

      3 K2.1 коэффициенті = 1 Егер журналда Q4 квартиль болса; k2.1 = 10 Егер журналда Q3 квартиль болса; k2. 1 = 20 егер журналда Q2 квартиль болса; k2. 1 = 30 егер журналда Q1 квартиль болса коэффициент k2.1 = 1

      4 K2.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік тілде, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланса қолданылады)

      5 Авторлар немесе авторлардың бірі бағаланатын ұйыммен үлестес болған ғылыми жұмыстар ескеріледі (жарияланымда автордың бағаланатын ұйымға тиесілігі көрсетілген): мақалалар мен қысқа Жарияланымдар, тезистер үшін - бағаланатын ұйыммен үлестес автор алғашқы бес автордың қатарына кіреді, монографиялар мен монографиялар бағандары үшін-бағаланатын ұйыммен үлестес автор алғашқы он автордың қатарына кіреді

      6 өндірістік персоналдың Хирш орташа индексі мына формула бойынша есептеледі – (өндірістік персонал лауазымдарын атқаратын барлық жеке тұлғалардың Хирш индекстерінің сомасы) / (өндірістік персонал лауазымдарын атқаратын жеке тұлғалардың саны)

      7 k4= 1,5 коэффициенті, егер патент Web of Science деректер базасына енгізілсе қолданылады

      8 k6 = 0, = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланса қолданылады

  Ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметінің
нәтижелілігін бағалауды жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Индикаторларды есепке алу шарттары және жекелеген индикаторлар бойынша растайтын құжаттардың тізімі

Индикатордың атауы

Бағаланатын ұйым ұсынатын растайтын құжаттар

1

Ғылыми зерттеулерден түскен пайда көлемі

1. Қаржыландыру көзі, іске асыру мерзімдері, қаржыландыру көлемі,
бірлесіп орындаушылар/серіктестер көрсетілген ғылыми бағдарламалар мен жобалардың тізбесі;
2. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында ғылыми зерттеу тақырыбының тіркелгенін растау;
3. Қаржыландырушы ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі

2

Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер)-тағы жарияланымдардың саны

1. Шығу деректері, журнал квартилі және журнал индекстелетін мәліметтер базасының атауы көрсетілген жарияланымдар тізімі
2. Әрбір мақала үшін Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) дерекқорындағы жарияланымдар бетіне өзекті веб-сілтеме көрсетіледі

3

Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері

Ғылыми жұмыстар дәйексөздерінің саны

1. Есептік жылда Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Google Scholar (Гугл Скулар)-да әрбір мақаланың дәйексөз санын көрсете отырып, соңғы 5 жыл ішінде жарияланған мақалалар тізбесі
2. Әрбір мақала үшін осы мақаладан дәйексөз келтірілген бетке өзекті веб-сілтеме көрсетіледі

Өндірістік персоналдың Хирш орташа индексі

1. Web of Science (Веб оф Сайнс) және Scopus (Скопус)-та Хирша индексінің мәнін көрсете отырып, Хирша индексі бар өндірістік персоналдың барлық қызметкерлерінің тізбесі

4

Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны

2. Патент иесі, патент берген агенттік, патенттің берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген патенттер тізбесі
3. Патент беру туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі (патент беруге оң шешім туралы анықтама есептелмейді!)
4. Web of Science (Веб оф Сайнс) дерекқорына енгізілген патент үшін патент иеленушіні, патент берген агенттікті, патенттің Берілген күнін және тіркеу нөмірін көрсете отырып, патенттердің аудармасы Web of Ѕсіence (Веб оф Сайнс) деректер базасындағы бетке өзекті веб-сілтеме көрсетіледі
5. Патент беру туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі (патент беруге оң шешім туралы анықтама есептелмейді!)
6. Web of Science (Веб оф Сайнс) деректер базасына енгізілген патент үшін Web of Science (Веб оф Сайнс) деректер базасындағы бетке өзекті веб-сілтеме көрсетіледі

5

Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инновациялық қызметті коммерцияландыру деңгейі

1. Қорғау құжатының (соңғы 3 жыл ішінде берілген) атауы мен тіркеу деректері (нөмірі мен күні), есепті жылы алынған пайда көлемі көрсетілген коммерцияландырылған технологиялардың тізбесі.
2. Лицензиялық шарттың, патенттік құқықтарды беру туралы шарттың, патент иеленуші мен технологияны пайдалану құқығы берілетін тұлға арасындағы өзге де шарттардың көшірмесі.

6

Халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі

1. Авторлар көрсетілген тезистердің (мақалалардың) тізбесі, конференцияны өткізу күні мен орны, жарияланған тезистердің шығу деректері, жинақ индекстелетін деректер базасы
2. Әрбір тезис (мақала) үшін индекстелетін ғылыми жинақ туралы ақпарат көрсетілген ғылыми ақпараттың деректер базасының сайтынан өзекті веб-сілтеме көрсетіледі.


Есепті кезеңнің соңғы күніне өндірістік персоналдың лауазымдық бірліктерінің (ставкаларының) саны (барлық индикаторлар үшін балдық бағалауды есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіш)

Бағаланатын ұйымның бірінші басшысының қолымен расталған лауазымдық бірліктер (ставкалар) саны және өндірістік персоналдың жалпы саны, оның ішінде өндірістік персоналдың жекелеген санаттары бөлінісінде көрсетілген кесте