"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсеілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | |
2020 жылғы 12 қазаны | |
№ ҚР ДСМ-126/2020 | |
бұйрығымен бекітілген |
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасының тәуелсіз сараптамасына (бұдан әрі – тәуелсіз сараптама) ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсететін қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) пациентке медициналық көмек көрсету маршруты – медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) алу кезінде пациенттің жүріп өту процесі;
3) тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға.
2- тарау. Тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу тәртібі
3. Тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін мынадай тапсырыс берушілер сатып алады:
1) медициналық қызметтер көрсету (көмек) саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган);
2) қор;
3) жеке немесе заңды тұлғалар.
4. Мемлекеттік орган тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілетін қызметтерді "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алады.
Қор, жеке және заңды тұлғалар тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілетін қызметтерді азаматтық заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар жасасу жолымен сатып алады.
5. Тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу тапсырыс беруші тәуелсіз сарапшының сараптамалық қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) қабылдаған фактісі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз сарапшыларды тартуға көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде төленеді.
6. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі электрондық пошта арқылы не "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС АИАЖ) арқылы не қолма-қол тапсырыс берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалған көрсетілген қызметтердің қорытындысы мен актісін жібереді.
7. Егер тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілген қызметтер шартта көрсетілген толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалған көрсетілген қызметтер актісін қабылдамайды және аккредиттелген субъектіге ескертулерді электрондық пошта арқылы не ЭМС АИАЖ арқылы не қолма-қол, пысықтау үшін қорытындыны кері қайтарады.
8. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі тапсырыс берушінің (тапсырыс беруші өкілінің) қорытындысы мен ескертулерін пысықтауға алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытындыны пысықтайды және тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің өкіліне) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ақы төлеу үшін жібереді.
Бұл ретте, аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінің орындалған көрсетілген қызметтер актісі пысықталған қорытындыны жіберген күннен басталады.
9. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) қорытынды қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалған көрсетілген қызметтер актісін бекітеді (қол қояды).
Орындалған көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен (қол қойылғаннан) кейін тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісіне оның есеп айырысу шотына соманы аудару арқылы тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді.
10. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінен сатып алынатын тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу қызмет көрсету нысанына байланысты - тәуелсіз сараптама жүргізілетін жерге барып не бармай жүргізіледі және мынадай шарттарды қамтиды:
1) бір елді мекенде орналасқан, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына бармай не тәуелсіз сараптама жүргізу орнына барып қызмет көрсету кезінде "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітілген базалық лауазымдық айлықақы, Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласында В2 буын үшін белгіленген мамандығы бойынша жұмыс өтілінің коэффициенті, Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес ғылыми дәрежесі мен атағының бар-жоғына қарамастан денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз етуу мекемелерінің консультанттары үшін белгіленген еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу ставкасы және тәуелсіз сараптама жүргізуге жұмсалған уақыт кезеңі (сағат/минут) ескеріледі.
Бұл ретте, шарттың көлемі мен талаптары бойынша ерекшеліктерді ескере отырып, тәуелсіз сараптама жүргізуге жұмсалған уақыт (сағат/минут) кезеңінде:
қорда тәуелсіз сарапшы бір емделген жағдай үшін медициналық құжаттаманы зерделеуге пайдаланатын уақыт (минут) кезеңі қабылданады және медициналық көмектің түрі мен нысанына, медициналық қызметтің түріне, сондай-ақ зерделенген медициналық карталардың санына байланысты болады.
мемлекеттік органда сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшы пайдаланатын уақыт (сағат) кезеңі қабылданады, оның ішінде тәуелсіз сараптаманың көлемі (күрделілігі), тәуелсіз сараптаманың көлемі зерттеудің күрделілігіне байланысты болады және шарттардың (техникалық ерекшеліктердің) талаптарында көрсетіледі.
2) тәуелсіз сарапшының тұратын жерінен тыс орналасқан, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына барып қызмет көрсету кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шарттар (шығындар) және іссапар шығыстары (тәуілік, тұрғын үй-жайды жалға алу, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына дейінгі жол жүру) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес ескеріледі.
Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі көрсеткен тәуелсіз сараптама бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге (тәуелсіз сараптама жүргізу орнына барып не бармай) сонымен қатар ұйымдастырушылық шығындар (үстеме шығыстар) да қосылады.
11. Тәуелсіз сараптаманың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 257, 317, 342, 484, 485-баптарының нормалары ескеріледі.