"Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21303 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18657 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде 2019 жылғы 21 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 15 маусымынан 19 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "10. КТ күнтізбелік жылдың 17 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында өткізіледі.";

      18-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "КТ аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК тестілеудің бейнебақылау жазбаларын талдауды жүзеге асырады.";

      18-тармақтың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "КТ кезінде оқуға түсушілердің осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны анықталған жағдайда, тестілеу нәтижелері жойылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы конкурс нәтижелерінің күшін жою білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жылдың 14 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов