"Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 шiлдеде № 21035 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қабылдау әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшеcі (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) әзірлейтін, Қорғаныс министрі бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мамандықтар мен біліктіліктер арасында орындарды қайта бөлген жағдайда қабылдау жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      3. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери оқу орындарының бастықтары, ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі - ҚР ҚК) Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бас қолбасшылары (бұдан әрі - тапсырыс берушілер) құрылымдық бөлімшеге қабылдау комиссияларының құрамдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына қосу үшін кандидаттарды ұсынады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін қабылдаудың қорытынды кезеңінен өту үшін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери оқу орындарының басшылары бекітетін рейтингілік балды есептеу кестесі жасалады, ол әскери оқу орнының интернет ресурсында орналастырылады және жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіледі (жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қоспағанда).

      9. "Жас ұлан" республикалық мектептеріне (бұдан әрі - Мектеп) оқуға түсетін жылы он бес жастан жас емес, бірақ он алты жастан үлкен емес, оқуға түсетін жылы орта білім беретін ұйымның 9 (10 - 12 жылдық оқу кезінде) сыныбын аяқтаған және негізгі орта білімі туралы куәлік алған Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматтары қабылданады.

      Құрылымдық бөлімше жоспарланған оқушыларды Мектептерге қабылдау туралы ақпаратты қабылдау жылының 1 наурызына дейін жергілікті атқарушы органға (білім беру басқармасына) жеткізеді.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Азаматтар қатарынан оқуға түсуші қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына өтініш жасайды.

      Жергілікті әскери басқару органының басшысы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілер қабылдау жылының 30 шілдесіне дейінді қоса алғанда Кадет корпусына келеді.

      25. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды.

      Әскери қызметші Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдірген әскери бөлімнің командирі ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру және әскери қызметшінің Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар білімі туралы құжаты бар әскери қызметші қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін Кадет корпусына келеді.";

      39-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл жинаған (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 4 балл) азаматтар қабылдау жылын қоса алғанда, 20 - 26 шілде кезеңінде құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді.";

      41-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы тексеруден өткен, оқуға жарамды деп танылған және ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл жинаған (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 4 балл) әскери қызметшілерге әскери институтқа келу күнін қабылдау жылының 26 шілдесінен кешіктірмей көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 135-тармағына сәйкес оқу демалыстары беріледі.";

      42-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған, ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 4 балл) Мектептердің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бітірушілері қабылдау жылының 30 шілдесінде түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери институттарға келеді.";

      54, 55, 56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі - ҰҚУ) адамдар Заңның 39-1-бабына сәйкес оқуға түседі.

      ҰҚУ магистратурасында және докторантурасында оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, мынадай басқару деңгейлері бойынша жүзеге асырылады:

      1) жедел-тактикалық басқару деңгейі;

      2) жедел-стратегиялық басқару деңгейі;

      3) стратегиялық басқару деңгейі.

      55. ҚР ҚМ, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің (әскер тектерінің) қолбасшылары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері ҰҚУ-ға оқуға түсуге ниет білдірген кандидаттарды алдын ала іріктеуді, оның ішінде кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізеді және әскери бөлімдерде (мемлекеттік мекемелерде) құрылатын аттестаттау комиссияларының отырыстарында қарайды және оқуға іріктелген кандидаттардың тізімдерін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне қабылдау жылының 15 мамырынан кешіктірмей жолдайды.

      56. ҰҚУ-да оқу үшін оқуға түсетін кандидаттардың тізімдерін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады және қабылдау жылының 20 маусымына дейінгі мерзімде ҚР ҚК Бас штабының бастығы (ҰҚУ-ның арнайы даярлық факультетіне - 14776 әскери бөлімі) бекітеді.

      ҰҚУ-ның арнайы даярлық факультетіне "Әскери істегі талдамалы жұмыс" мамандығы бойынша алдын ала іріктеуді және қабылдауды 14776 әскери бөлімі ҚР ҚМ жеке бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

      57. Жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейіндік магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:

      1) жоғары білімінің болуы және батальон командирінің орынбасары, оған тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі;

      2) жеке мамандықтарға жоғары білім туралы үздік дипломының болуы және кемінде 1 жыл қызмет өткеруі";

      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. ҰҚУ бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндер бойынша үлгі сұрақтар тізбесін әзірлейді және қабылдау жылының 1 мамырына дейін тапсырыс берушілермен келісуді жүргізеді.

      Қабылдау жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде ҰҚУ тапсырыс берушілердің мекенжайына бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын сұрақтардың тізбесін жолдайды.

      62. Оқуға түсу емтихандарына дайындалу және оларды тапсыру үшін ҰҚУ-ға түсетін кандидаттарға оқу демалысы беріледі. Оқуға түсушілер ҰҚУ-ға қабылдау жылының 25 шілдесінен кешікпей келуге тиіс. Қабылдау жылының 25 - 31 шілдесі кезеңінде ҰҚУ-да оқуға түсу емтихандары бойынша консультациялар ұйымдастырылады.";

      64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. ҰҚУ-ға қабылдау оқуға түсу емтихандары негізінде жүзеге асырылады:

      1) магистратураға:

      бейіні бойынша;

      дене шынықтыру дайындығы бойынша;

      2) докторантураға:

      бейіні бойынша;

      шет тілі бойынша.

      65. Әрбір оқуға түсу емтиханын тек бір рет тапсыруға жол беріледі. Алдыңғы емтиханды тапсырмаған оқуға түсуші келесі емтиханға жіберілмейді.

      66. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау жылының 25 шілдесіне дейін оқуға түсу емтихандарын тапсыру кестесін қабылдау жылын қоса алғанда 1 - 10 тамыз кезеңінде бекітеді.

      67. Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан әскери қызметшілер үшін № 195 бұйрыққа сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды және оны дене шынықтыру дайындығы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшесінің өкілдері жүргізеді.

      68. Бейіні бойынша емтихан бағдарламалары сұрақтар тізбесін қамтиды және емтиханды өткізу тәртібі мен оқуға түсушілерді бағалау өлшемшарттарын айқындайды.

      Емтихан билеттерін бейіні бойынша емтихан комиссиялары жасайды.

      Емтихан комиссияларының құрамдары қабылдау жылының 20 шілдесіне дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі және:

      1) магистратураға - тапсырыс берушілер өкілдерінен;

      2) докторантураға - ғылыми дәрежесі бар әскери қызметшілер (қызметшілер) қатарынан құрылады.

      69. Оқуға түсу етихандарының нәтижелері бойынша жақсы балл жинаған оқуға түсушілер қабылдау жоспарына сәйкес басқа ведомстволар үшін бекітілген орындар санын ескере отырып, рейтингіге сәйкес мамандығы бойынша конкурстық іріктеуге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 11 тамызына дейін жүргізеді.

      70. Қорғаныс министрлігінің басшылығы (Қорғаныс министрінің, Бас штаб бастығының орынбасарлары) және ҰҚУ (бастығы және оның орынбасарлары) қатарынан кандидаттар қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы докторантураға оқуға түскен кезде емтихан комиссиясының құрамына ғылыми дәрежесі және қорғаныс пен әскери қауіпсіздік саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар басқа ұйымдардың өкілдері қосымша қосылады.";

      71-тармақ алып тасталсын;

      73-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімі негізінде кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі қабылдау жылының 15 тамызына дейін ҰҚУ-ға оқуға қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығын шығарады.";

      мынадай мазмұндағы 74-тармақпен толықтырылсын:

      "74. ҰҚУ-ға оқуға қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда бейінді емтихан бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған адамдардың басым құқығы бар.";

      4-қосымша мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жоғары тұрған бастық (командир) куәландырған кәсіби-психологиялық іріктеуден өткенін растайтын құжат.";

      5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 353 бұйрығына
1-қосымша
  Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
5-қосымша

ҰҚУ-ға оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндер тізбесі

Р/с №

Пәндер атауы

Өткізу нысаны

Магистратура жедел-тактикалық басқару деңгейі

1.

Бейіні бойынша емтихан

ауызша-жазбаша

2.

Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан

практикалық

Магистратура стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері

1.

Бейіні бойынша емтихан

ауызша-жазбаша

2.

Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан

практикалық

Докторантура

1.

Бейіні бойынша емтихан

ауызша-жазбаша

2.

Шет тілі бойынша емтихан

ауызша-жазбаша

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 353 бұйрығына
2-қосымша
  Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
6-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсушілерге арналған бейінді пәндер тізбесі

Р/с №

ЖОО атауы

Бейінді пәндер атауы

1

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Математика, физика

Математика, география

2

Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты

Математика, физика

3

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

Математика, физика