"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.11.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы құралдары және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығымен бекітілген |
Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялаудың тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.11.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілері үшін қарыз және саудалық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Осы Қағидалар шеңберінде сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушы) жасаған АӨК-дегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 80% мөлшерінде сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.08.2022 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) АӨК-дегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, АӨК саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің құрамына кіретін, мемлекет жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғам;
2) АӨК-дегі сақтандырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - сақтандырудың ақпараттық жүйесі) - АӨК-де электрондық сақтандыру шарттарын жасауды, белгілі бір уақыт сәтінде тараптарды сәйкестендіруді және АӨК-де жасалған электрондық сақтандыру шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорын (мәліметтер жиынтығын) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;
3) АӨК-ді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - АӨК-ді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) дербес шот - субсидиялауға берілетін электрондық тізілмінде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділікті беру үшін қажетті сақтандырудың ақпараттық жүйесінде ашылатын шот;
5) жеке кабинет - сақтандырудың ақпараттық жүйесінде пайдаланушының (сақтанушының, сақтандырушының, оператордың) тізілімдегі жеке веб-парақшасы;
6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
7) сақтандыру ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - Интернет желісінде орналастырылған, сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті беретін интернет-ресурс;
8) сақтандыру өнімі - оператор немесе сақтандырушы әзірлеген, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген және оператор бекіткен, АӨК-де сақтандыру кезінде АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шеңберінде субсидиялауға жататын қаржы өнімі;
9) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға соңғысы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау - сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін оның екінші бөлігін сақтанушы төлеген жағдайда, төлеуге бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны;
11) сақтандыру шарты - сақтанушының АӨК саласындағы қызметі шеңберінде оның мүліктік мүдделерін сақтандыру мақсатында сақтандырушы мен сақтанушы арасында жасалатын шарт;
12) Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.08.2022 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы;
14) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ сақтанушылар, сақтандырушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және сақтандырудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
15) субсидиялауға өтінім - сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеуге электрондық өтінімі;
16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.08.2022 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті орган мен оператор арасында тиісті қаржы жылына оператор қызметтерін көрсету жөніндегі шарт жасалады.
5. Операторға уәкілетті орган мен оператор арасында жасалатын шарт негізінде уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк) ағымдағы шот ашылады.
6. Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
7. Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі шарт негізінде уәкілетті орган беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кірістер есебінен қалыптастырылады.
8. Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомасын, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеу шығыстарын қамтиды.
9. Қаржы жылының соңында есептелетін Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, ол келесі қаржы жылында сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға жұмсалады.
Бұл ретте, келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде Ұлттық банктегі ағымдағы шоттағы қолда бар қаражат қалдығы ескеріледі.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін субсидиялауға қаражат жетіспеген жағдайда, сақтандырушының өтінімі келесі қаржы жылында қаралатын болады.
10. Оператор сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында АӨК-де сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
11. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.08.2022 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Субсидиялар сақтандырушыларға төленеді.
2-тарау. Субсидия алу шарттары
13. Субсидиялар келесі шарттар сақталған кезде төленеді:
1) тізілімде оператор бекіткен сақтандыру өнімін сатып алу мәні болып табылатын сақтандырушы мен сақтанушы жасаған қолданыстағы сақтандыру шартының болуы;
2) сақтандырудың ақпараттық жүйесі мен банктік төлем жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидиялау мөлшеріне сәйкес сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлегенін растауы;
3) сақтандырушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы субсидия алу үшін өтінім беруі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2023 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Сақтандыру шартын жасасу және субсидиялар төлеу тәртібі
14. Ақпараттық жүйеге қолжетімділікті беру үшін сақтанушылар мен сақтандырушылардың ЭЦҚ-сы болуы тиіс.
Оператор көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар қызметкерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.
Тізілімнің деректеріне қолжетімділік уәкілетті органға онлайн-режимінде өтеусіз негізде беріледі.
15. "Жеке кабинетте" тіркелу үшін сақтанушы мен сақтандырушы келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда сақтанушы мен сақтандырушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде "жеке кабинетке" енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
16. Сақтанушы сақтандырудың ақпараттық жүйесі арқылы таңдап алынған сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасады және осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидиялау мөлшеріне сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлейді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2023 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Субсидиялауға арналған өтінімді сақтандырушы сақтанушыдан төлемді алғаннан кейін береді.
Сақтандырушының субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін келесі тәртіппен "жеке кабинетте" төлегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі:
1) сақтандырудың ақпараттық жүйесінің субсидиялау шарттарын тексеру үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, субсидиялауға арналған өтінім қалыптастырылады;
2) субсидиялауға арналған өтінім сақтандырушының ЭЦҚ-мен қол қоюы арқылы сақтандырудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және оператордың "жеке кабинетінде" қолжетімді болады. Оператордың электрондық мекенжайына субсидиялауға арналған өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
18. Оператор субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сақтандырудың ақпараттық жүйесінде:
1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растауды. Осы хабарлама сақтандырушының және сақтанушының "жеке кабинеттерінде" қолжетімді болады;
2) субсидиялауға арналған өтінім бойынша шешім қабылдауды жүзеге асырады.
19. Оң шешім қабылданған жағдайда, оператор 2 (екі) жұмыс күні ішінде сақтандырудың ақпараттық жүйесінде Ұлттық банктегі шоттан субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
20. Оператордың субсидиялар беруден бас тартуы келесі негіздер бойынша қабылданады:
1) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) ұсынылған деректер мен субсидиялар алу үшін қажетті мәліметтердің сәйкес келмеуі.
21. Сақтандырудың ақпараттық жүйесін пайдаланылуы, Заңның 10-1-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі.
22. Оператор тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіп кешенінде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.
Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігіне субсидиялар алуға өтінім
Кімге _____________________________________________________________________
(оператордың толық атауы)
кімнен ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеуге _____________ теңге мөлшерінде
субсидия төлеуді сұраймын.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.
атауы _____________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) __________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
2. Сақтандырушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері:
БСН ______________________________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі - Кбе) ____________________________________________
банк деректемелері: _________________________________________________________
банктің атауы: _____________________________________________________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________________________________
жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
3. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру шартының мәліметтері:
шарттың нөмірі ____________________________________________________________
шарт жасалған күн __________________________________________________________
сақтанушы бойынша мәліметтер ______________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным
үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын
және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ жеке
деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіріп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші қол қойды және жіберді
20__ жылғы "__" ___________ сағат _______-де:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өтінім оператормен 20__ жылғы "__" ___________
сағат _________-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.11.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-ОСТ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ___ тоқсан
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей
№ | Сақтанушының/сақтандырушының атауы | Сақтанушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Сақтандыру шартының нөмірі және күні | Сақтандыру сыйлықақысының сомасы, теңге | Төленген субсидиялар сомасы, теңге | Оператордың арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны: |
Атауы____________________________________________________________
Мекенжайы_______________________________________________________
Телефоны_________________________________________________________
Электрондық почтасы_______________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыруға арналған түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында сақтанушының/сақтандырушының атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында сақтанушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында сақтандыру шартының нөмірі және күні көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында оператордың арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы көрсетіледі.