2020-2025 жылдар кезеңінде озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20671 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 150 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.07.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 313-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңымен қосылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2020-2025 жылдар кезеңінде озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 109 бұйрығымен
бекітілген

2020-2025 жылдар кезеңінде озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары)

Жылдар

Квоталар (тонна) *

2020

57

2021

37

2022

4,5

2023

4,5

2024

4,5

2025

0

      Ескертпе:

      * цифрлар Еуразиялық экономикалық одағының мүше мемлекеттерге үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге рұқсат беру тәртібі қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарға қатысты және Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасының Тараптары Отырысының шешіміне сәйкес (№ XXIX/14, 2017 жыл) белгіленген.

      Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2016 - 2019 жылдары әкелген көлемге пропорционалды жүзеге асырылады (Vi(2016), Vi(2017), Vi(2018), Vi(2019)).

      Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озонды бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11074 тіркелді) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініште (бұдан әрі - өтініш) көрсетілген көлемге қарамастан, озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi) аспауы тиіс.

      2020, 2021, 2022, 2023, 2024 және 2025 жылдар ішінде белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға өтінім берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемді (Vi) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      Vжалпы - мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2020-2025 жылдары тұтынуға рұқсат етілген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      ki - сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:



      мұндағы:

      Vi(2016) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2016 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vi(2017) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2017 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vi(2018) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2018 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vi(2019) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2019 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2016) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2016 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2017) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2017 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2018) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2018 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2019) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2019 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна.