"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20649 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 280 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттауды жүргізу және сертификат беру және "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) өтінім - өтініш берушінің әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;

      2) өтініш беруші - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификатын (бұдан әрі - жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;

      3) сертификаттық тексеру - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асыратын, өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін, құралдарды, жабдықтарды, технологиялық процестерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды және жете тексеруді жүзеге асыратын персоналдың құзыреттілігін тексеру;

      4) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар - жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорды, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды және әуежай ғимаратына келетін басқа да адамдарды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде, дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) әуежайлар пайдаланушыларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      4. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат (бұдан әрі - Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және ол басқа тұлғаға берiлмейдi.

      5. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат жарамдылық мерзімін көрсетумен үш жыл мерзімге беріледі.

      6. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық талаптарға (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) сәйкестігін растайды

      7. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау мемлекеттік бюджетке аталған алымды төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

2-тарау. Сертификаттауды жүргізу және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификат беру тәртібі

1-параграф . Сертификаттауды жүргізу тәртібі

      8. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі анықталады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар қоса өтінімді беруі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттық тексеру жүргізуі;

      4) жете тексеруді ұйымдастыру бойынша шешім қабылдауы және сертификат беру (беруден бас тарту).

2-параграф. Өтінім бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау

      9. Жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификатты алуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын ұсынады.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Процесс сипаттамасынан, көрсету нысаны, мазмұны және нәтижесінен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандартта келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификатты беру үшін бюджетке алым төленгенін растауды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінім берілгеннен кейін, олар түскен күні, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінімді "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.

      11. Жете тексеруді ұйымдастыру сертификатын алу үшін сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алуға өтінім бойынша шешім қабылдайды.

      13. Келесі сертификаттау кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәлімделген өзгерістерге (өзгеріс болған немесе жаңартуға талап етілетін) қатысты құжаттары бар өтінімді ұсынады.

      14. Өтінімді алдын ала бағалауға құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысу және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру жатады.

      Бұл ретте мынадай мәселелер қарастырылады:

      1) авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшелерін ұйымдастыру;

      2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшелерінің ұйымдық құрылымы, практикасы және басқарудың негізгі қағидаттары;

      3) жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректердің болуы;

      4) жете тексеруді жүзеге асыратын штаттың жасақталуы және персоналдың дайындық деңгейі;

      5) жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін және авиациялық персоналды жете тексеруді ұйымдастыру;

      6) жете тексеру бөлімшесі инспекторларында және олардың басшыларында кәсіптік даярлықтан өту туралы тиісті сертификаттарының болуы;

      7) ұшу алдында багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды жете тексеруді ұйымдастыру;

      8) жете тексеру кезінде қолданылатын арнайы техникалық құралдардың болуы және оларды пайдалану;

      9) өтінім бойынша шешім қабылдау.

      15. Оң Шешім болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сертификаттық тексеруді жүргізеді немесе теріс Шешім болған кезде Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және www.egov.kz, www.elіcensе.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы теріс Шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Сертификаттық тексеруді функцияларына авиациялық қауіпсіздік мәселелері кіретін көрсетілетін қызметті берушінің авиациялық инспекторлары жүргізеді.

      Сертификаттық тексеруге азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды тартуға рұқсат етіледі.

3-параграф. Сертификаттық тексеру

      16. Сертификаттық тексеру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру бойынша әуежайды сертификаттық тексеруді жүргізу жөніндегі нұсқамалық материалдарға сәйкес жүргізіледі.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттық тексеру барысында мәлімделген қызмет саласының Сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайды.

      18. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеруді ұйымдастырудың нақты жағдайы, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындылар көрсетілген сертификаттық тексеру актінің (бұдан әрі - Акт) екі данасы әзірленеді. Актіге көрсетілетін қызметті берушінің инспекторы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады.

      19. Сертификаттық зерттеп-қарау мерзiмi сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      20. Актінің нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат не Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді және порталға көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жіберіледі.

      21. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпаратттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Төмендегілердің мекенжайына келіп түскен, өтініш берушінің шағымы:

      көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органың, тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес мынадай:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен артық емес ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы оған сот тәртібінде шағымдана алады.

4-параграф. Жете тексеруді ұйымдастыру сертификатының қолданылуын тоқтату және оны қайтарып алу

      25. Көрсетілетін қызметті беруші жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын мына жағдайларда тоқтатады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сертификаттық талаптарды сақтамауы;

      2) инспекторлық ұйғарымдарды орындамау.

      26. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтатқан немесе кері шақыртқан жағдайда, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді жүзеге асыру жөніндегі қызметі тоқтатылады. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешімдер туралы дереу хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтату туралы шешімінде тоқтату себебін және жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуы тоқтатылатын мерзімді (алты айдан аспауы тиіс) көрсетеді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, онда көрсетілетін қызметті беруші жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайтарып алады.

      Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтату көрсетілетін қызметті алушы жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтату немесе сертфикатты кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді.

      27. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын жаңғыртуды (ол тоқтатылған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының анықталған кемшіліктерді жойған және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тексергеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.

      28. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат қайтарып алынған жағдайда, оны беру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттау қайтадан жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.

5-параграф. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайта ресімдеу

      29. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі берілген сертификаттарды қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және басқа да өзгерістер жағдайында, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке алып келмесе, жүргізіледі.

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алуға арналған ӨТІНІМ

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық аты-жөні)

      _____________________________________________________________________ мақсатында

      (жете тексеруді ұйымдастыру сертификатын алу, қолдану мерзімін ұзарту)

      сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      тексеруді жүзеге асырудың жоспарланған күні________________________________________

      (ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде, тиісінше қолданыстағы сертификаттың аяқталу

      мерзімі көрсетіледі) өтініш беруші міндеттенеді:

      1) сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2) сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жете тексеруді ұйымдастыру және

      қамтамасыз етуді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.

      Басшы __________________________________________________________________________

      (лауазымы/қолы/күні)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, өтінішті мөрмен бекіту талап етілмейді.

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
2-қосымша

"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы орындалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері

Ақылы.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттарды бергені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес

Р/с №

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

251 адамнан және одан көп

235

2.

201 адамнан 250 адамға дейін

224

3.

151 адамнан 200 адамға дейін

213

4.

101 адамнан 150 адамға дейін

22

5.

51 адамнан 100 адамға дейін

191

6.

50 адамға дейін

180

 

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсінбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) күндері және мереке күндерінен басқа күндері;
2) портал - тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтінім;
2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
4) жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректер;
5) көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ережесі;
6) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасы және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары);
7) ААҚ персоналын оқыту бағдарламалары;
8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
9) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 97 ҚР ДСМ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікке қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларына сәйкес иондық сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығы туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның теріс қорытындысы.

10.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің www.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие, өтінімді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға болады.

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
3-қосымша

Жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректер

      1. Әуежайдың тексеру бөлімшесінің песоналы мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамын жасақтау жөніндегі деректер (әуежай атауы)

Штаттық лауазымдар

Санаты

Штат бойынша саны

Нақты саны

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамының штаттық лауазымдары




1.




2.




Тексеру бөлімшесінің штаттық лауазымдары




1.




2.




      2. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы жөніндегі деректер

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметіне арналған өндірістік үй-жайлар мен құрылыстар

Саны және жалпы ауданы - (ш.м)

Жеке меншік

Жалданатын

1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметтік үй-жайлары



2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тұрмыстық үй-жайлары



3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің оқу сыныбы



4. Өту/жүруге арналған бақылау-өткізу пункті



5. ӘК жолаушыларды, экипаж мүшелерін, авиаперсоналды тексеру пункттері



6. Багажды, жүкті, поштаны, борттық қорларды тексеру пункттері



7. Қосымша ақпарат



      3. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық құралдар тізбесі

Тексеру пункттерінің саны

1. Халықаралық желілерде______________________
2. Ішкі желілерде______________________________
3. Бақылау-өткізу пунктінде ____________________
4. Ресми делегация залдарында __________________
5. Багажды, жүкті, борттық қорларды тексеру үшін ____________________________________________

Авиациялық қауіпсіздіктің техникалық құралдарын тағайындау және атауы

Үлгісі, моделі

Саны

1

2

3

1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерін, авиаперсоналды және олардың қол жүгін тексерудің техникалық құралдары:



2. Рентгендік-теледидарлық құрылғылар
Стационарлық металл іздегіштер
Тасымалды (қол) металл іздегіштер



3. Багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды тексерудің техникалық құралдары: рентгендік-телевизиялық құрылғылар тасымалды (қол) металл іздегіштер



4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар детекторлары) анықтауға арналған жабдық



      Әуежай басшысы _____________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) Күні __________________ мөр орны (бар болған жағдайда)

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған өтінім бойынша ШЕШІМ

      20__ жылғы "__" ________________ №_____

      ________________________________________ әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған _________________________

      ___________________________________________________________________ өтінімін қарап,

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      хабардар етеміз:

      сіз ұсынған құжаттар

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________ сәйкес келеді (сәйкес емес)

      (нормативтік құқықтық актінің атауы)

      Уәкілетті ұйымның басшысы немесе оның (бар

      болған жағдайда) өкілеттік берген тұлғасы

      ____________________________            ____________________________________

      мөр орны (бар болған жағдайда)            Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда)

      (қолы)

      20__ жылғы "___"__________

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
5-қосымша

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі әуежайды сертификаттық тексеру бойынша нұсқамалық материал

      Тексеру күні, бұйрық №: ________________________

      Тексеретін тұлғалардың лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      (бар болған жағдайда): _____________________

р/с

Тексеру бағдарламасы бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін Авиациялық қауіпсіздік элементтері

Сәйкестік бағасы (+/-)

Сәйкессіздік позициясының нөмірі

1

2

3

4

1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (бұдан әрі - АҚҚ).



2

Әуежайдың АҚҚ құрылымы мен штат кестесінің болуы.



3

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасы.



4

Бекіткен техникалық құралдарға қойылатын талаптардың сәйкес келетін қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар.



5

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес әзірленген әуежайдың АҚҚ авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).



6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436 қбпү бекітілген авиациялық қауіпсіздікті сақтау сапасына бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.



7

Әуежай АҚҚ-ның қызметтік және тұрмыстық үй-жайлары.



8

Байланыс құралдарымен, жарықпен, турникеттермен, дабыл сигналы жүйесімен, рентген-телевизия қондырғыларымен, жете тексерудің стационарлық техникалық құралдарымен жабдықталған бақылау-өткізу пункттері (бұдан әрі - БӨП).



9

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 673 ҚБП бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әуе кемесінің бортында қару-жарақты, оқ-дәріні тасымалдау жөніндегі нұсқаулық.



10

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен электр энергиясы ажыратылған немесе жете тексеруге арналған жабдық сынған жағдайда АҚҚ персоналының іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық.



11

Стационарлық металл іздегіштермен, рентген-телевизия қондырғыларымен, портативті металл іздегіштермен жабдықталған ұшу алдындағы жете тексеру пункттері.



12

Жеке (дербес) жете тексеруді жүргізуге арналған үй-жай (бөлме).



13

Ұшу кезеңінде уақытша сақтау үшін жолаушылар берген қару-жарақты, оқ-дәріні және оның патрондарын, арнайы құралдарды қабылдауға (беруге), тексеруге және ресімдеуге арналған үй-жай (бөлме).



14

Жете тексеру кезінде жолаушылардан алынған, әуемен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселерді уақытша сақтауға арналған үй-жай.



15

Жолаушыларды ұшу алдында жете тексеру пункттері мен әуе кемелері арасындағы аймақтар, оларға кіру қатаң бақыланады.



16

Жолаушыларды тіркеу аймақтарында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы ақпарат:



1)

Әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің тізбесі.



2)

Әуе кемелерінде қару-жарақты, оқ-дәріні, арнайы құралдарды, радио, фото және бейнеаппаратураны, электрондық-есептеу және телевизия техникасын тасымалдау қағидалары, сондай-ақ қол жүгін алып жүрудің рұқсат етілетін нормалары.



17

Жете тексеруден өткен жолаушылардың жете тексеруден өтпеген жолаушылармен немесе шығарып салушылармен қарым-қатынасын болдырмау үшін жете тексеру пункттері қоршалады.



2. Жолаушылардың, қол жүгінің, әуе кемелері экипаж мүшелерінің және авиация персоналының қауіпсіздігі

18

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін және авиация персоналын ұшу алдында жете тексерудің технологиясы:



1)

Әрбір жете тексеру пунктінің персоналмен жасақталуы (жолаушыларды ұшу алдында жете тексеру пунктіндегі персонал саны 4 маманнан кем болмауға тиіс), ауысым бойы жұмыс орындарын үнемі ротациялауды жүзеге асыру.



2)

Жолаушының жеке заттарын жете тексеру тәртібі (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жолаушылардың сыртқы киімін, бас киімдерін, аяқ киімін, белбеулерін, жұмысқа қабілеттілігін имитациялай отырып, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті түрде жете тексеру).



3)

Сұйықтықтарды, аэрозольдер мен гельдерді жете тексеру тәртібі.



4)

Жете тексеру немесе заттарды қолмен тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдаланғанда күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібі.



5)

Іріктеп тексеруге қатысты талаптар (кемінде 10 % іріктеп қолмен жете тексеруге тартылады).



6)

Ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі.



7)

Ресми делегациялар залы арқылы өтетін жолаушыларды жете тексеру рәсімдері.



8)

Транзитпен немесе трансферттік рейспен өтетін жолаушыларды жете тексеру тәртібі.



9)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 673 ҚБП бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес жолаушыларды қарап тексеру карталарын рәсімдеу тәртібі.



10)

Қарап тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидасы.



11)

Авиациялық қауіпсіздік шараларын бұзуға жоғары қауіп төнген кезеңде қарап тексеруді жүргізу тәртібі.



12)

Медициналық проблемалары бар жолаушыларды қарап тексеруді жүргізу тәртібі.



3. Жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың, жүктің, поштаның және борттағы тамақтың (борттағы қордың) қауіпсіздігі

19

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен багажды, жүкті, почтаны және борттағы қорды қарап тексеру технологиясы:



1)

Әуе кемесінің бортына орналастырылатын барлық заттарды толық жете тексеру талаптары.



2)

Рентген жабдығында немесе багажды, жүкті, поштаны жеке жете тексергенде күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібі.



3)

Жүк бөлігінде тасымалданатын трансферттік багажға қатысты қағида.



4)

Жолаушыларға багаждың тиістілігін белгілеу тәртібі.



5)

Багажды, жүкті және борт тамағын (борттағы қорды) жете тексеру карталарын ресімдеу және олардың қозғалу тәртібі.



6)

Жете тексеруден өткен жүктерді нөмірлі жапсырмалармен таңбалау тәртібі.



7)

Жете тексеру рәсімінен өткен борт тамағы мен бажсыз саудаға арналған тауарлары бар контейнерлерді әуе кемесінің бортына жеткізу тәртібі.



8)

Жете тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидасы.



20

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен әуежайдың зарарсыздандырылған аймағындағы бажсыз сауда дүкендеріне түсетін тауарларды қарап тексеру жөніндегі нұсқаулық.



21

Багажды, жүкті, поштаны және борттағы қосалқы заттарды жете тексеру байланыс құралдарымен, дабыл сигналымен, авариялық жарықпен және электрмен жабдықтаумен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентгендік-телевизиялық қондырғылармен, сондай-ақ ақпарат күнтізбелік отыз күн сақталатын бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі.



      Ескертпе:

      (*) - осы ұйым үшін міндетті емес;

      (-1) - одан арғы қызметке тыйым салатын сәйкессіздіктер;

      (-2) - келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін жағдайда, одан арғы қызметке кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;

      (-3) - одан арғы қызметке кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.

      Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі _____ парақта

      Комиссия төрағасы: _________________________________

      (қолы, ТАӘ)

      Комиссия мүшелері: _________________________________

      (қолы, ТАӘ)

      ТАНЫСТЫМ:

      Әуежай басшысы ___________ _______________

      (қолы)            (Т.А.Ә.)

      Сертификациялық тексеру өткізілген күн: 20__ жылғы "___" __________.

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
6-қосымша

Сертификаттық тексеру актісі

      _______________________ 20___жылғы " __" _____________ бұйрыққа сәйкес

      (уәкілетті ұйым атауы)

      мынадай құрамдағы комиссиямен:

      Тексерушілер:

      ______________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)( бұдан әрі -Т.А.Ә.), лауазымы

      ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ________________________________ сертификаттық тексеру жүргізілді.

      (заңды тұлғаның атауы)

      Жалпы ережелер _________________________________________________________________

      Анықталған кемшіліктері __________________________________________________________

      Қорытынды _____________________________________________________________________

      Тексерушілер: ___________________ _________________________

      (Т.А.Ә.)                  (қолы)

      ___________________ _________________________

      (Т.А.Ә.)                  (қолы)

      ___________________ _________________________

      (Т.А.Ә.)                  (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы _______________________ _________________________

      (Т.А.Ә.)                  (қолы)

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
7-қосымша
  нысан

      ___________________________________________________________

      Уәкілетті ұйымның атауы

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі СЕРТИФИКАТ

      № ________________

      Қолданыс мерзімінің өтуі:

      Пайдаланушының атауы

      Пайдаланушының мекенжайы:

      Телефон:

      Факс:

      E-mail:

      Байланыс ақпараты:

      Осы сертификат ______________________________________________________ әуежайының

      (әуежай атауы)

      пайдаланушысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

      2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

      тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-

      құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің

      тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес әуе

      кемесіндегі жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, экипаж

      мүшелерін, авиациялық персоналды тексеруді жүзеге асыруға құқық береді.

      Инспекциялық бақылауды _________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      жүзеге асырады.

      Мөр орны (бар болған жағдайда)                  Уәкілетті ұйымның басшысы немесе

      оның өкілеттік берген тұлғасы

      __________________                        ______________________________________

      (қолы)                                    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Берілген күні 20___ жылғы "__" ___________________

      ________________________________________________________________________________

      (әуежай пайдаланушысының атауы, №____ сертификат)