"Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20413 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13378 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:

      1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға;

      2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;

      3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;

      4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;

      5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға;

      6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетшілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;

      7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;

      9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;

      10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;

      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

      12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;

      13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;

      14) табиғат музейлері мен көрмелерін ұйымдастыруға және оларды күтіп ұстауға;

      15) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;

      16) жарнамалық қызметті жетілдіруге;

      17) экологиялық насихатауға;

      18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға жұмсалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі