Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20288 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.

      2. "Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17133 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
1 қосымша
  Нысан

Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" ________                                    № ______ ___

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан

      Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабы 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Cізді ___________________________________________________________________________

      (төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекен жайы)

      20__ жылғы "___" ________ жағдай бойынша Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына

      әлеуметтік аударымдар бойынша мынадай мөлшерде:

  теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

Әлеуметтік аударымдар

      берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Сіз әлеуметтік аударым

      бойынша берешектер өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің

      қатысушыларының тізімін ұсынуға міндеттісіз.

      Заңның 17-бабы 5-тармағына сәйкес әлеуметтік аударым бойынша берешектер өндіріп

      алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылар тізімі әлеуметтік

      аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына мынадай мерзімде:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші - өзіне хабарлама

      табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші - өзіне хабарлама

      табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда

      ________________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1) банктік шоттары мен касса бойынша:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің - хабарлама

      табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің - хабарлама

      табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

      2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушылардың тізім алынған күннен

      бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік

      аударымдар бойынша берешек сомалары мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Бұл ретте Сізге Заңның 17-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және

      шарттарда өсімпұл есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды

      талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазалау

      шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)

      Хабарламаны алдым

      (төлеушінің /төлеушінің лауазымды тұлғасының тегі, аты,әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, қолы, мөрі (болған жағдайда), күні)

      Хабарлама төлеушіге табыс етілді

      (мемлекетік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты,әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді

                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

      Ескертпе: *Төлеуші тәукелді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қандай тәуекел

      дәрежесіне жататыны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің

      кабинеті" web-қосымшада қол жетімді.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
2 қосымша
  Нысан

Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім

      20__ жылғы "___" _______                                          № _______

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан

      Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      төлеушінің толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі ЖСН/БСН),

      заңды мекен жайы) төлеушінің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Осы өкімді алған кезден бастап төлеуші келіп түсетін барлық қолма-қол ақшаны, олар

      келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік сақтандырудың

      Мемлекеттік қорына есепке алуға тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды

      талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазаға

      тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)

      Өкімді алдым

      (төлеушінің /төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол

      жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі (болған жағдайда), күні)

      Өкім төлеушіге табыс етілді

      (мемлекетік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Өкім төлеушіге жіберілді

      ________________________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
3 қосымша
  Нысан

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" ________                                          № _____

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы

      21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 28-бабы 2-тармағына

      сәйкес __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Cізді ___________________________________________________________________________

      (төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекен жайы)

      ________________________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" ________ жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына

      міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша мынадай мөлшерде:

  теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

Міндетті зейнетақы жарналары

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

Барлығы

      берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Заңның 39-бабы 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сіз міндетті зейнетақы

      жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектері өндіріліп алынатын

      жеке тұлғалардың тізімін ұсынуға міндеттісіз.

      Заңның 28-бабы 4-1-тармағына сәйкес міндетті зейнатақы жарналары, міндетті кәсіптік

      зейнетақы жарналары бойынша берешектері өтелмеген жағдайда, міндетті зейнетақы

      жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектері өндіріліп алынатын

      жеке тұлғалардың тізімі мемлекеттік кірістер органдарына мынадай мерзімде:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент - өзіне хабарлама

      табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент - өзіне хабарлама

      табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады. *

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша

      берешек өтелмеген жағдайда

      ________________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1) банктік шоттары мен касса бойынша:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің - хабарлама табыс

      етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің - хабарлама табыс

      етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

      2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша

      берешек сомасы мәжбүрлі тәртіпте банктік шоттарынан өздерінің пайдасына берешегін

      өндіріп алатынын жеке тұлғалардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өндіріп алады.

      Бұл ретте Сізге Заңның 28-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда

      өсімпұл есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды

      талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазаға

      тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)

      Хабарламаны алдым

      ________________________________________________________________________________

      (төлеушінің /төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы аты,әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тегі, қолы, мөрі (болған жағдайда), күні)

      Хабарлама төлеушіге табыс етілді

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекетік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты,әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді

      ________________________________________________________________________________

                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

      Ескертпе: *Төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қандай тәуекел

      дәрежесіне жататыны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің

      кабинеті" web-қосымшада қол жетімді.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
4 қосымша
  Нысан

Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім

      20__ жылғы "___" _______                                          № _______

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы

      21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (агенттің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекен жайы) агенттің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Осы өкімді алған кезден бастап агент келіп түсетін барлық қолма-қол ақшаны, олар

      келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет"

      Мемлекеттік корпорацияға есепке алуға тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды

      талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазаға

      тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)

      Өкімді алдым

      ________________________________________________________________________________

      (агенттің/агенттің лауазымды тұлғасының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі (болған жағдайда), күні)

      Өкім агентке табыс етілді

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекетік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Өкім агентке жіберілді

      ________________________________________________________________________________

                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
5 қосымша
  Нысан

Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" ________                                          № _____

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы

      Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабы 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Cізді ___________________________________________________________________________

      (төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекен жайы)

      ________________________________________________________________________________

      20__ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру

      қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша мынадай мөлшерде:

  теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар

      берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Заңның 31-бабы 4-1-тармағына сәйкес Сізге төлемдер және (немесе) жарналар

      жасалатын жұмыскерлердің тізімін табыс ету қажет. Көрсетілген тізім төлемдер және (немесе)

      жарналар бойынша берешектері өтелмеген жағдайда, хабарлама жіберген мемлекеттік

      кірістер органына мынадай мерзімде:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші - өзіне хабарлама

      табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші - өзіне хабарлама

      табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынады*.

      Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1) банктік шоттары мен касса бойынша:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің - хабарлама

      табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару

      жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің - хабарлама

      табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

      2) берешек сомалары мәжбүрлі тәртіпте банк шоттарынан төлемдер және (немесе)

      жарналар жасалатын жұмыскерлердің тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

      өндіріп алады.

      Бұл ретте Сізге Заңның 28-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда

      өсімпұл есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды

      талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жазаға

      тарту шаралары қолданылады..

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)

      Хабарламаны алдым

      ________________________________________________________________________________

      (төлеушінің /төлеушінің лауазымды тұлғасының тегі, аты,әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, қолы, мөрі (болған жағдайда), күні)

      Хабарлама төлеушіге табыс етілді

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекетік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты,әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді

      ________________________________________________________________________________

                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

      Ескертпе: *Төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қандай тәуекел

      дәрежесіне жататыны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің

      кабинеті" web-қосымшада қол жетімді.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
6 қосымша
  Нысан

Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім

      20__ жылғы "___" _______                                          № _______

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы

      Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 3-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекен жайы) төлеушінің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Әлеуметтік медициналық

      сақтандыру қорына есепке алуға тиіс.