"Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20073 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттары.";

      қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 155 бұйрығына 1-қосымша
";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттары";

      "Басқарушы персонал" бөлімінде:

      реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Аға жаттықтырушы (немесе аға жаттықтырушы-оқытушы)

олимпиада резервін даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОРДО), олимпиадалық даярлау орталықтарын, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығын (бұдан әрі – ОДО) қоспағанда, оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) әрбір дамытып жатқан спорт түріне 1 бірлік

ОРДО, ОДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы) 1 бірлік

5.

Спорт бөлімінің басшысы

балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін (бұдан әрі – БЖСМ), балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарын (бұдан әрі – БЖДДК) қоспағанда, барлық ұйымдарда 1 бірлік

  ";

      "Негізгі персонал" бөлімінде:

      реттік нөмірлері 6 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Дәрігер

БЖСМ, БЖДДК 1 бірлік

3 бірліктен кем емес (БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ұйымдар үшін)

7.

Медициналық бике

БЖСМ, БЖДДК 1 бірлік

дәрігердің 1 бірлігіне медициналық бикенің 1 бірлігі (БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ұйымдар үшін)

  ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Диеталық бике

БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ұйымдарда 1 бірлік

  ";

      "Әкімшілік персонал" бөлімінде:

      реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

Бухгалтер

жеке спорт базасы бар ұйымдардан басқа 2 бірліктен кем емес

жеке спорт базасы бар ұйымдарда 4 бірліктен кем емес

14.

Экономист

жеке спорт базасы бар ұйымдардан басқа 2 бірліктен кем емес

жеке спорт базасы бар ұйымдарда 4 бірліктен кем емес

  ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

жеке спорт базасы бар ұйымдардан басқа 1 бірлік

жеке спорт базасы бар ұйымдарда 2 бірліктен кем емес

  ";

      "Өз меншігінде спорттық базасы бар ДСҰ арналған қосымша штаттық бірліктер" бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өз меншігінде спорттық базасы бар ұйымдарға арналған қосымша штаттық бірліктер";

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42.

Кассир (ұйымдарда халыққа ақылы қызметтерді көрсету кезінде)

күндізгі жұмыс кестесімен бес күндік жұмыс аптасы кезінде жеке орналасқан халыққа қызмет көрсететін әрбір аймаққа (спортық арена, фитнес, жаттығу залы, бассейн, спорт түрлері бойынша секциялар, қонақ үй, асхана) 1 бірлік

бір кассирдың жұмыс уақыты еңбек заңнамасының нормаларынан асып кеткен жағдайда жұмыстың ауысым кестесі кезінде, жеке орналасқан халыққа қызмет көрсететін әрбір аймаққа (спортық арена, фитнес, жаттығу залы, бассейн, спорт түрлері бойынша секциялар, қонақ үй, асхана) 2 бірлік

  ";

      "Жұмыстың ерекшелігі бар ДСҰ арналған қосымша штаттық бірліктер" бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыстың ерекшелігі бар ұйымдарға арналған қосымша штаттық бірліктер";

      реттік нөмірлері 47, 48 және 49-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

47.

Ұшу қызметінің басшысы

1 бірлік

48.

Парашют қызметінің аға нұсқаушысы

1 бірлік

49.

Жаттықтырушы-майлаушы

1 бірлік

  ";

      реттік нөмірлері 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56 және 57-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

50.

Техник-кеме жүргізуші

1 бірлік

51.

Хореограф

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

52.

Аккомпаниатор

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

53.

Зоотехник

1 бірлік

54.

Қару-жарақ шебері

атудың әрбір түріне 1 бірлік

55.

Ветеринарлық дәрігер

1 бірлік

56.

Қару-жасаушы

1 бірлік

57.

Ұста

1 бірлік

  ";

      "Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері" бөлімінде:

      "ат спорты, саятшы құстармен аңға шығу түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "ат спорты, саятшы құстармен аңға шығу түрлерін дамытып жатқан ұйымдар үшін";

      "желкен спорты дамытып жатқан ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "желкен спорты дамытып жатқан ұйымдар үшін";

      "теңгерімінде бассейні бар ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "теңгерімінде бассейні бар ұйымдар үшін";

      "есу спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "есу спорт түрлерін дамытып жатқан ұйымдар үшін";

      "авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ұйымдар үшін";

      "мүгедектер арасындағы спортты дамытып жатқан ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектер арасындағы спортты дамытып жатқан ұйымдар үшін";

      "мұз спорт сарайы, жекпе-жек сарайы, сырғанау мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, көпфункционалды спорт кешені, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ипподром, шаңғы-биатлон стадионы бар ДСҰ үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "мұз спорт сарайы, жекпе-жек сарайы, сырғанау мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, көпфункционалды спорт кешені, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ипподром, шаңғы-биатлон стадионы бар ұйымдар үшін";

      осы бұйрыққа қосымша редакцияда 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 24 ақпаны
№ 48 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 155 бұйрығына
2-қосымша

Допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттар

р/с

Лауазымдардың атауы

Бірліктердің саны

Допингке қарсы қызмет жүзеге асырылатын ұйымдар

Басқарушы персонал

1.

Басшы

1 бірлік

2.

Басшының орынбасары

2 бірліктен артық емес

3.

Бас бухгалтер

1 бірлік

4.

Бөлімнің немесе қызметтің басшысы

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

Негізгі персонал

5.

Жетекші ғылыми қызметкер

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

6.

Аға ғылыми қызметкер

штаттық бірліктердің саны масс-спектрометриялық және иммунологиялық жабдықтардың болуына сәйкес жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді, бұл ретте осы штаттық қызметкерлердің ең аз саны кемінде 6 бірлікті құрайды

7.

Кіші ғылыми қызметкер

штаттық бірліктердің саны масс-спектрометриялық және иммунологиялық жабдықтардың болуына сәйкес жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді, бұл ретте штаттағы қызметкерлердің ең аз саны кемінде 6 бірлікті құрайды

8.

Допинг-бақылау маманы

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

9.

Допинг-бақылау инспекторы

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

10.

Зертханашы

штаттық бірліктердің саны 10 ғылыми қызметкерге 1 зертханашы бірлігі есебінен белгіленеді, бұл ретте осы штаттық қызметкерлердің ең аз саны 2 бірліктен артық емес

11.

Жүргізуші (көлік бар жағдайда)

көліктің әр түріне 1 бірлік

Әкімшілік персонал

12.

Бухгалтер

2 бірліктен артық емес

13.

Экономист

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

14.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

15.

Заңгер

1 бірлік

16.

Инспектор

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

17.

Аудармашы

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

18.

Бағдарламашы

1 бірлік

19.

Архивист

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

20.

Референт (немесе хатшы, немесе іс жүргізуші)

1 бірлік

Ғылыми-әдістемелік қызмет жүзеге асырылатын ұйымдар

Басқарушы персонал

21.

Басшы

1 бірлік

22.

Басшының орынбасары

2 бірліктен артық емес

23.

Бас бухгалтер

1 бірлік

24.

Бөлімінің басшысы

әрбір салалық бөліміне 1 бірліктен

Негізгі персонал

25.

Әдіскер немесе бөлімнің нұсқаушысы

әрбір салалық бөліміне 7 бірліктен артық емес

26.

Дизайнер

1 бірлік

27.

Жүргізуші (көлік бар жағдайда)

көліктің әр түріне 1 бірлік

Әкімшілік персонал

28.

Бухгалтер

1 бірлік

29.

Экономист

1 бірлік

30.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

31.

Заңгер

1 бірлік

32.

Инспектор

1 бірлік

33.

Аудармашы

1 бірлік

34.

Бағдарламашы

1 бірлік

35.

Архивист

1 бірлік

36.

Референт (немесе хатшы, немесе іс жүргізуші)

1 бірлік

Медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар

Басқарушы персонал

37.

Басшы

1 бірлік

38.

Басшының орынбасары

2 бірліктен кем емес

39.

Бас бухгалтер

1 бірлік

40.

Бөлімнің немесе қызметтің басшысы

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

41.

Бөлімше меңгерушісі -дәрігер

6 бірліктен кем емес

42.

Бас медициналық бике

1 бірлік

43.

Зертхана меңгерушісі

1 бірлік

44.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі

1 бірлік

Негізгі персонал

45.

Дәрігер

штаттық бірліктердің саны орындалатын жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді

46.

Медициналық бике/аға

штаттық бірліктердің саны орындалатын жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді

47.

Медициналық бике/аға (мамандандырылған) (массаж бойынша)

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

48.

Психолог

1 бірлік

49.

Емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы

4 бірліктен кем емес

50.

Санитар

штаттық бірліктердің саны орындалатын жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді

51.

Зертхана маманы

2 бірліктен кем емес

52.

Фельдшер зертханашы

5 бірліктен кем емес

53.

Медициналық тіркеуші

1 бірлік

54.

Шаруашылық бикесі

1 бірлік

55.

Медициналық жабдық жөніндегі инженер

техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

56.

Жүргізуші (көлік болған жағдайда)

көліктің әр түріне 1 бірлік

Әкімшілік персонал

57.

Бухгалтер

1 бірлік

58.

Бухгалтер-кассир

1 бірлік

59.

Экономист

1 бірлік

60.

Заңгер

2 бірліктен кем емес

61.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді

62.

Аудармашы

1 бірлік

63.

Инспектор

1 бірлік

64.

Бағдарламашы

2 бірліктен кем емес

65.

Архивист

1 бірлік

66.

Референт (немесе хатшы, немесе іс жүргізуші)

1 бірлік

Допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдарда өз меншігінде ғимараты болған жағдайда қосымша штаттық бірліктер

67.

Үй-жайларды тазалаушы

үй-жайларды тазалаушы тазалаушы лауазымының штаттық бірлігі жинайтын 250 шаршы метрінің әр алаңына 0,5 штат бірлігі есебінен, бірақ кемінде 1 бірліктен белгіленеді

68.

Күзетші

ғимаратқа 3 бірлікке дейін

69.

Ғимаратқа кешенді қызмет көрсету бойынша жұмысшы

техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді