Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2015 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мүгедектердің Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып аланатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары құнының әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу кезінде мүгедектерге өткізу үшін өнім берушілер берген бағаның орташа мәні мөлшерінде орнын толтыру ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу тәртібін реттейді.
2. Осы қағидаларға мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы жүріп-тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі;
2) әлеуметтік қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі, мүгедектерге санаториялық-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – тауарлар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады;
3) протездік-ортопедиялық көмек - мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануға үйрету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі;
4) техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар - протездік-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу тәртібі
3. Әрбір тауар құнының кепілді сомасын есептеу оны мүгедектерге сату үшін әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер берген бағалардың орташа мәнін және өткен 3 (үш) қаржы жылындағы оның сатылған санын талдау негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қызметтер порталында тауарға бағалар болмаған кезде есептеу үшін жергілікті атқарушы органдар тауарларды өнім берушілермен жасасқан мемлекеттік сатып алу шарттарында көрсетілген бағалар және олардың алдыңғы 3 (үш) қаржы жылындағы сатып алынған бағалар пайдаланылады.
4. Тауардың кепілдендірілген сомасын есептеу мынадай формуламен жүзеге асырылады:
КС = БОМ х ТБИ, мұнда:
КС – құнын өтеудің кепілдендірілген сомасы;
БОМ – мына формула бойынша есептелген бағалардың орташа мәні:
БОМ = (Б1 * С1 +..........+
* ):Ц1 - № 1 тауардың бағасы
К1 = осы баға бойынша сатылған № 1 тауардың саны / барлық сатылған тауарлардың сомасы
ТБИ - алдағы қаржы жылына арналған тұтыну бағалары индексінің болжамы немесе соңғы 3 (үш) жылдағы тауар бойынша бағалар индексінің орташа мәні, мынадай формула бойынша есептелген: ТБИ = (БИ баға1 + БИ баға2 + БИ баға3) / 3, мұнда:
БИ баға1 - 1 жылға тауар бойынша бағалар индексі, пайызбен;
БИ баға2 - 2 жылғы тауар бойынша бағалар индексі, пайызбен;
БИ баға3 - 3 жылғы тауар бойынша бағалар индексі, пайызбен.
Ең төменгі және/немесе ең жоғары баға бойынша сату саны 5%-дан кем болған кезде бағаның орташа мәнін есептеу кезінде осы бағалар ескерілмейді.
5. Кепілдендірілген соманы есептеуді уәкілетті орган құрған комиссия ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей жүргізеді.