Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 57/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6321 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 510-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 44/3-VI "Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5996 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 10 % азайтылсын;

      4 аймақ бойынша – 30 % азайтылсын.

      Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Салық кодексінің 504-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 20 % азайтылсын;

      5 аймақ бойынша – 30 % азайтылсын.

      Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жеріне (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда) Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 31 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 33 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 38 % арттырылсын;

      5 аймақ бойынша – 41 % арттырылсын;

      6 аймақ бойынша – 44 % арттырылсын;

      7 аймақ бойынша – 46 % арттырылсын;

      8 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын.

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 37/4-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-206 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Тлеукенов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш