Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 44/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 5996 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бахыт
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 44/3-VI шешіміне Қосымша

Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)