Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19632 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      7. Екінші деңгейдегі банктер 2020 жылғы 1 қазанға дейін мерзімде өзінің қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакция – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 18.06.2020 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 188 қаулысымен
бекітілді

Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелі - банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмыс істеуінің бұзылуы) салдарынан зиян туындау ықтималдығы;

      2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – конфиденциалдылықты бұзу, банк активтерінің тұтастығын немесе қолжетімділігін қасақана бұзу салдарынан зиянның пайда болу ықтималдығы;

      3) банктің уәкілетті алқалы органы – директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің жанындағы комитет, басқарма, басқарманың жанындағы комитет;

      4) бедел тәуекелі – қоғамда банктің сенімділігі, ол көрсететін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жоспарланған кірістерді алмау ықтималдығы;

      5) заңдық тәуекел - банктің не контрәріптестің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – оның шығу елінің заңнамасының, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;

      6) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдастыру құрылымын, стратегиялық жоспарларды, банктің тәуекел-профилін, нормативтік құқықтық базасын есепке алғандағы маңызды тәуекелдерді басқару процестерінің жиынтығы, тұрақты қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін банк капиталы жеткіліктілігінің нысаналы деңгейін анықтау мақсатында мұндай тәуекелдерді бағалау және біріктіру;

      7) кепілсіз тұтынушылық қарыз – жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілу сәтіне кепіл туралы талап қоюсыз банктік қарыз;

      8) комплаенс-тәуекел - банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;

      9) корпоративтік басқару – банк басқармасының, директорлар кеңесінің, акционерлердің, басшы қызметкерлердің және аудиторлардың арасындағы өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ банктің уәкілетті алқалы органдарының арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі.

      Корпоративтік басқару жүйесі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;

      10) кредиттік тәуекел – қарыз алушының немесе контрагенттің банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындайтын шығын ықтималдығы;

      11) кредит төлеу қабілеттілігі – қарыз алушының қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштермен ұсынылған, келешекте мүмкіншіліктерін толығымен бағалауға және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінде орындауға мүмкіндік беретін құқылық және қаржылық кешенді сипаттамасы;

      12) кредит шарты – нәтижесінде банктің қарыз алушыға талабы туындайтын (немесе келешекте туындауы мүмкін) қаржыландыру (шартты қаржыландыруды қоса) туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім;

      13) күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда қаржыландыру жоспары – банктің өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап беру қабілетінің төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдердің жиынтығы мен іс-қимылдар жоспары;

      14) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше – конфиденциалдылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзу банкті шығындарға алып келетін ақпараттың иесі, банк бөлімшесі;

      15) маңызды ақпараттық актив – "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына сәйкес айқындалатын ақпараттық актив, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16772 тіркелген;

      16) маңызды тәуекел – іске асырылуы банктің қаржылық тұрақтылығының нашарлауына алып келетін тәуекел;

      17) мүдделер қайшылығы – банктің лауазымды тұлғаларының, оның акционерлерінің және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі мен олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында банк және (немесе) оның клиенттері үшін жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін қарама-қайшылық туындайтын жағдай;

      18) нарықтық тәуекел – нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының өзгерістерінде байқалатын нарықтық жағдайдың тиімсіз өзгерістері себеп болатын баланстық және баланстық емес баптары бойынша қаржы шығыны туындау ықтималдығы;

      19) операциялық тәуекел – қолайсыз және жеткіліксіз ішкі процестер, адами ресурстар мен жүйелер нәтижесінде, немесе стратегиялық тәуекел мен беделдік тәуекелден басқа сыртқы оқиғалардың ықпалынан орын алуы мүмкін шығын ықтималдығы;

      20) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – банктің өтімділіктің тиісті деңгейін ұстап тұруы және қызметтің, валютаның түріне қарамастан түрлі уақыт аралықтарында өтімділік тәуекелін басқарудың тиісті жүйесін енгізу мақсатында өтімділік тәуекелін басқару процестерінің жиынтығы;

      21) өтімділік тәуекелі - банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;

      22) саясат – банктің директорлар кеңесімен бекітілген, банктің тиімді қызмет етуін және оның қызметінің стратегиясына, тәуекел бейініне, тәуекел дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі сандық және сапалық өлшемін, қағидаларын, стандарттарын айқындайтын ішкі құжат. Саясат шеңберінде банктің директорлар кеңесі жекелеген рәсімдерді, процестерді, нұсқаулықтарды сипаттайтын тиісті ішкі құжаттардың бар-жоғын қамтамасыз етеді;

      23) стратегиялық тәуекел - банктің стратегиялық дамуын айқындайтын және банктің қызметіне тән қауіптерді жеткілікті түрде есепке алмаудан көрінетін шешімдер қабылдау, банктің бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс немесе жеткілікті түрде негіз келтіріп айқындамау, банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті ресурстар мен ұйымдастыру шараларының болмауы немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеуі кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;

      24) стресс-тестілеу - ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың банктің қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдісі;

      25) тәуекел – күтілетін немесе көзделмеген оқиғалардың банктің қаржылық тұрақтылығына, оның капиталына және (немесе) кірістеріне теріс әсер етуі мүмкін ықтималдық;

      26) тәуекел-мәдениет – тәуекелдердің банктің қаржылық жай-күйіне әсер етуін азайту мақсатында, банктің тәуекелдерді түсінуіне, қабылдауына, басқаруына және бақылауына бағытталған процестері, рәсімдері, ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары және стандарттары. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестерін және тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас құрауышы болып табылады;

      27) тәуекел-профиль – тәуекел түрлерінің және әлсіз тараптарды анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберіндегі келесі іс-қимылдардың басымдығын айқындау үшін банктің банк қызметінің барлық түріне тән тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге мәліметтердің жиынтығы;

      28) тәуекел дәрежесін мәлімдеу – банктің директорлар кеңесі бекітетін, маңызды тәуекелдердің банк қабылдауға дайын не стратегияны іске асыру кезінде алып тастауға ниетті болатын біріктірілген деңгейі (деңгейлері) (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің лимиттері) сипатталатын құжат. Тәуекел дәрежесін мәлімдеу кірістілікке, капиталға, өтімділікке, тәуекелдерге қатысты көрсеткіштерді, өзге қолданылатын көрсеткіштерді қоса алғанда, сапалық сипаттағы, сондай-ақ сандық сипаттағы мәмілені қамтиды;

      29) тәуекелді өңдеу – тәуекелді өзгерту жөніндегі шараларды таңдау және іске асыру процесі;

      30) тәуекелдер тізілімі – тәуекелдердің өлшемшарттары мен туындау салдары, олардың туындау ықтималдығы, әсері (залалы), тәуекелдерді өңдеу басымдығы мен әдістері бар құрылымдалған тәуекелдер тізілімі;

      31) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      32) ұйымдастыру құрылымы – бағыныштылық, есептілік құрылымын көрсететін, банктің басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамын және жүйесін белгілейтін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттардың жиынтығы.

      3. Банктің тәуекелдерді басқару жүйелерінің және ішкі бақылауын қалыптастыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде мыналарды:

      1) банктің меншікті капиталының банк қабылдайтын тәуекелдері деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етуі үшін банктің тәуекелдерін уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және оларға мониторинг жасау арқылы оларды тиімді басқаруды және тиісті өтімділік деңгейінің бар болуын;

      2) корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және тиісті іскерлік этикасымен мәдениет деңгейін;

      3) банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ішкі саясаттың, рәсімдерінің және Банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын орындауын;

      4) банктің және оның қызметкерлерінің қызметінен кемшіліктерді уақтылы анықтау мен жоюды;

      5) банкте кездейсоқ немесе төтенше жағдайларды шешу үшін барабар механизмдерді құруды қамтамасыз ету жолымен белгілеу Қағидалардың мақсаты болып табылады.

      4. Банктің директорлар кеңесі таңдалған бизнес модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банктің қызметіне тән елеулі тәуекелдерді өтеу үшін қажетті меншікті капитал мен өтімділік мөлшерін банк айқындау мақсатында банктің елеулі тәуекелдерін анықтауды, өлшеуін және бағалауын, мониторингін, бақылауды және барынша азайту рәсімін қамтамасыз етеді.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі банктің тәуекелдерін дер кезінде анықтау, өлшеу, бақылау және мониторинг жасау, сондай-ақ оның қаржылық тұрақтылығы мен тұрақты қызмет етуін қамсыздандыру үшін оларды барынша азайту мақсатында банк әзірлеген және регламенттеген банктің ішкі рәсімдерінің, процестерінің, саясатының, құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекет ету тетігін қамтамасыз ететін Қағидалармен белгіленген құрауыштар жиынтығы болып келеді.

      5. Тәуекелдерді басқару жүйесі:

      1) тіршілікке бейімді және тұрақты бизнес моделін, тәуекел дәрежесінің стратегиясы есебімен стратегия мен бюджетті тиімді жоспарлау процесін таңдауға негізделген банк қызметінің негізгі бағытының кірістілігі мен қабылданатын тәуекелдер деңгейінің оңтайлы ара қатынасын;

      2) банк тәуекелдерінің мөлшерін объективті бағалауын, тәуекелдерді басқаруының толықтығын және процестерін құжаттандыруды, оларды алдын ала анықтауын, өлшеуін және бағалауын, мониторингі мен бақылауын, банктің меншікті капиталы мен өтімділігін жеткілікті көлемде ұстау мақсатында қаржылық ресурстарын, қызметкерлерін және ақпараттық жүйесін оңтайлы пайдалана отырып ұйымдастыру құрылымының әр деңгейінде елеулі тәуекел түрлерін барынша азайтуын;

      3) ұйымдастыру құрылымының барлық деңгейінде банктің елеулі тәуекелдерге бейім барлық қызмет түрлерін қамтуын, жекелеген елеулі тәуекел түрлеріне бағалардың толықтығын, банктің тәуекел-профилін анықтау мен тәуекел дәрежесін құру мақсатында олардың өзара ықпал етуін;

      4) барлық елеулі тәуекел түрлері бойынша тәуекел дәрежесі деңгейінің болуын және белгіленген деңгейлер бұзылған жағдайда, оның ішінде деңгейі жоғары деп анықталған тәуекелдерді қабылдау жауапкершілігін, тәуекел дәрежесі стратегиясының шеңберінде директорлар кеңесін, директорлар кеңесі жанындағы комитеттерді және банк басқармасын ақпараттандыру рәсімдерін қоса іс-қимыл алгоритмін;

      5) тиімді корпоративтік басқару жүйесін құру арқылы тәуекелі бар шешім қабылдайтын банктің уәкілетті алқалы органдарының хабардарлығын, банк қызметіне тән елеулі тәуекелдер туралы толық, шынайы және уақтылы басқарушылық ақпараттың бар-жоғын;

      6) ұсынылған ақпаратты сапалы, аса сақтықпен және ұқыптылықпен (duty of care) жан-жақты бағалау негізінде банк мүддесінде ұтымды шешімдер қабылдауын және іс-қимыл жасауын. Сақтық пен ұқыптылық таныту міндеттемесі, тек егер банктің қызметкерлері және лауазымды тұлғалары өрескел ұқыпсыздық танытпаған болса, бизнес шешімдер қабылдау процесінде қателерге тарамайды;

      7) банктің қызметкерлері және лауазымды тұлғалары өздерінің жеке басының пайдасын, банкпен ерекше қатыспен байланысты тұлғалардың мүддесін есепке алмай, банк мүддесіне залал келтірмей (duty of loyalty) банк мүддесінде адал шешім қабылдауын және іс-қимыл жасауын;

      8) банктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері арасында функцияларын, міндеттемелері мен өкілеттіктерін, және де мүдделер қақтығысын барынша азайту есебімен олардың жауапкершіліктерін нақты бөлуін;

      9) үш қатарлы қорғаныс жүйесін құру арқылы банктің тәуекел және ішкі бақылау басқармасының функциясын операциялық қызметінен бөлуін, оның ішінде:

      бірінші қатар – банктің құрылымдық бөлімшелері деңгейінде;

      екінші қатар – тәуекелді басқару және бақылау функциясын атқаратын бөлімшелері деңгейінде;

      үшінші қатар – тәуекелді басқару жүйесінің қызмет ету тиімділігіне баға беру бөлігінде ішкі аудит бөлімшесінің деңгейінде;

      10) банк қызметін регламенттеу мақсатында әзірленген құжаттардың бар-жоғын, банкте стратегиясына, ұйымдастыру құрылымына, банк тәуекелдерінің профиліне және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ сәйкес келетін және тәуекелді басқару мен ішкі бақылау тиімді жүйесін құруын және жұмыс істеуін, сондай-ақ оларды кезеңдік қайта қарауын және өзектендіруін;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын;

      12) банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі қолданыстағы рәсімдердің, процестердің, саясаттардың және өзге де ішкі құжаттарының ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру арқылы сақталуын қамтамасыз етеді.

      6. Уәкілетті орган банктің тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау шеңберінде мына қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, банктердің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу және банктердің қызметіне байланысты тәуекелдерді ұлғайту, банктердің депозиторларының, кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғау;

      2) банктің формальды регламенттелген рәсімдері емес және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтау емес, банктің тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауда банктің маңызды тәуекелдерін өлшеу және бағалау, мониторинг, бақылау және барынша азайту тетігі ретінде көрінетін нысаннан басым болуы;

      3) бақылау мен қадағалау бойынша функцияларды жүзеге асырған кездегі, сондай-ақ бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген шараларды банк қабылдаған бизнес модельді, қызмет көлемін, банк операцияларының түрлері мен күрделілігін және тәуекелдердің маңыздылығын негізге ала отырып тепе-теңдік;

      4) тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауға және қадағалап ден қою шараларына бірыңғай тәсіл қолдану;

      5) банк қызметіндегі маңызды тәуекелдерді анықтау.

      7. Уәкілетті орган:

      1) ұжымдық басқару жүйесінің тиімділігін;

      2) банк операцияларының түрлері мен күрделілігін ескере отырып, банк қызметіне тән маңызды тәуекелдерді;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесінің таңдалған бизнес модельге, қызмет көлеміне, банк операцияларының түрлері мен күрделілігіне сәйкес келуін;

      4) банктің қаржылық орнықтылығын қолдау мүмкіндігін анықтау мақсатында банктің ірі қатысушыларының қаржылық жағдайын;

      5) банк конгломерат қатысушыларының қаржылық жағдайының банктің қаржылық орнықтылығына ықпалын;

      6) банктің тәуекелдерді басқару жүйесін түзету арқылы қызмет көлемін және қолданылатын тәуекелдер деңгейін негізгі ала отырып, қаржылық орнықтылығының нашарлауына жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын қолданудың тиімділігін;

      7) банк қызметін бағалау шеңберінде сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесін қолдану және моделін жасау әдістерінің тиімділігін бағалайды.

2-тарау. Бизнес модель

      8. Банктің бизнес моделі – бұл бәсекеге қабілеттілікті және кірістіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін таңдалған стратегияның, өнімдердің, жоспарлау процестерінің жиынтығы. Банктің бизнес моделін қалыптастырған кездегі негізгі қағидаттар мыналар болып табылды:

      1) банктің жуық арадағы 12 (он екі) айда кірістіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қаржылық көрсеткіштерді бюджеттік жоспарлауға және болжам жасауға негізделген қабілетінде көрініс тапқан жұмыс істеуі;

      2) банктің кемінде 3 (үш) жыл кезеңге кірістіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қаржылық көрсеткіштерді стратегиялық жоспарлауға және болжам жасауға негізделген қабілетінде көрініс тапқан орнықтылығы.

      Банк бизнес модельге стратегиялық тәуекелдердің және банк қызметіне тән тәуекелдердің ықпалын бағалау мақсатында бизнес модельге үнемі талдау жүргізіп отырады.

      Банк қызметі активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдық құрылымын, тәуекел-прфилін ескере отырып таңдалған бизнес модель шеңберінде жүзеге асырылады.

      9. Банктің стратегиясын директорлар кеңесі кемінде 3 (үш) жыл кезеңге бекітеді және ол мыналарды қамтиды:

      1) банк қызметінің миссиясы және даму мақсаттары. Мақсаттар өлшемді, қолжетімді, шынайы болып табылады және оларды іске асырудың нақты мерзімдері бар;

      2) банк қызметін дамытудың экономика секторлары мен географиялық бөлу бойынша нарықтың нысаналы сегменттері;

      3) банктің таңдалған стратегиясының кірістердің негізгі көздерін ескере отырып күшті және әлсіз жақтарын талдау;

      4) тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерін ескере отырып кредит портфелінің, өтімді активтердің, клиенттердің салымдарының және басқа да тартылған қаражаттың сандық көрсеткіштері. Бұл ретте қолда бар және қолжетімді ресурстарды, ағымдағы және әлеуеттік экономикалық жағдайларды ескеретін пайдаланылатын шынайы жіберулер;

      5) кірістердің негізгі көрсеткіштерін талдау;

      6) салымдардың негізгі түрлері, олардың құрылымы және жоспарланатын өзгерістер, оның ішінде жаңа өнімдер мен қызметтерді ендіруге және оларды дамытуға байланысты тәуекелдер мен процестерді бағалауды, банктің осындай өнімдерді ендіру және дамыту бойынша ағымдағы мүмкіндіктерін бағалауды ескере отырып жаңа өнімдер мен тәуекелдерді ендіру мен дамыту бойынша өзгерістер;

      7) банк қызметінің стратегиялық даму сценарийі (теріс және оқиғаның дамуының неғұрлым ықтимал нұсқалары).

      10. Банктің бюджетін банктің директорлар кеңесі жыл сайын бекітеді және онда қаржылық көрсеткіштердің ай сайынғы болжамы қамтылады (активтер мен пассивтердің, кірістер мен шығыстардың, валюталар бөлігінде (ұлттық және шетел валюталарында, жиынтығында) несие портфелі, клиенттердің салымдары және басқа да тартылған қаражат, клиенттердің санаттары туралы ақпарат).

      Бюджет банктің стратегиясына сәйкес келеді. Бұл ретте қолданылатын жорамалдар нақты және қолда бар және қолжетімді ресурстарды, ағымдағы және әлеуетті экономикалық жағдайлар мен ықтимал тәуекелдерді ескереді.

      Тиімді бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөліктерінің бірі тарифтік саясат болып табылады, онда мынадай ең аз құрамдас бөліктері қамтылады:

      банк қызметтеріне сұраныс пен бағаларды нарықтық талдау жүргізу ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      пайыздық мөлшерлемелер мен тарифтер құрылымын қалыптастыру ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      банк үшін қолайлы пайыздық мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті төмен және жоғары шектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасының, төлемдер және төлем жүйелері туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын, оларды қолдану және жүйелі түрде қайта қарауды ескере отырып оларды бекіту ішкі тәртібіне қойылатын талаптар;

      банк қызметтерінің бағаларын анықтау әдісін таңдау өлшемшарттары, сондай-ақ банк қызметінің сипаты мен күрделілігі деңгейін және банкке тән тәуекелдерді бағалауға негізделген әдістемелерге қойылатын талаптар;

      баға белгілеу процесіне қатысушылар және ақпаратпен алмасуды қоса алғанда, олардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі;

      банк клиенттерін олардың өзгеруі туралы ақпаратты қоса алғанда, банк қызметтерін ұсыну талаптары туралы уақтылы хабардар ету ішкі тәртібі мен рәсімдері.

      Банк ай сайын бюджеттің болжамды көрсеткіштердің нақты мәндеріне сәйкес келу мәніне, қажет болғанда түзету бойынша кейіннен түзету шараларын әзірлей отырып, анықталған ауытқулардың себептеріне талдау жүргізеді және одан әрі құжаттай отырып негізделген түзетулерді енгізеді.

      11. Банк стратегиялық және бюджеттік жоспарлау барысында әлеуетті тәуекелдерді анықтау мақсатында кірістіліктің негізгі көздерін талдауды жүргізеді.

      Банктің стратегиясы мен бюджетін өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында банк өз қызметін жүзеге асыратын нысаналы нарықтардың талдауын жыл сайын жүзеге асырады, бәсекелі ортаны, ресурстардың жеткіліктілігін және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кірістілікті түрлендіру мүмкіндігін бағалауды жүргізеді.

      Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау қабылданған және бекітілген тәуекел дәрежесі шеңберінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Тәуекел дәрежесінің стратегиясы

      12. Банктің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында жеке құжат ретінде не банк стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде тәуекел дәрежесінің стратегиясын бекітеді. Тәуекел дәрежесінің стратегиясы банктің жалпы стратегиясын іске асыру шеңберінде банк қызметін жүзеге асыруда қабылданатын тәуекелдердің нақты шекарасын анықтайды, сондай-ақ тәуекелдердің іске асырылуына жол бермеу не олардың банктің қаржылық жағдайына тигізетін теріс ықпалын барынша азайту мақсатында банк қызметінің тәуекел профилін айқындайды. Тәуекел дәрежесінің стратегиясы мыналарды:

      1) Қағидалардың 2-тарауында белгіленген стратегиялық және бюджеттік жоспарлау кезінде;

      2) Қағидалардың 5 және 6-тарауларында белгіленген капитал жеткіліктілігін және өтімділікті бағалаудың ішкі процестерінде;

      3) Қағидалардың 4-тарауында белгіленген банктің ұйымдық құрылымын және еңбекке ақы төлеу саясатын қалыптастыру кезінде ескереді.

      13. Тәуекел дәрежесінің тиімді стратегиясы:

      1) банктің тәуекел дәрежесінің сипаттамасын қамтиды;

      2) барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша стратегияны тарату процесін қамтиды және банктің қызметкерлеріне жеткізіледі;

      3) банктің ұйымдық құрылымының барлық деңгейлерінде мәдениет тәуекелін, сондай-ақ мәдениет тәуекелі шеңберіндегі тәуекел дәрежесінің деңгейлерін сақтау тәжірибесін таратуға бағытталған;

      4) банктің шешімдерді қабылдау кезінде шамадан тыс тәуекелдерді қабылдаудан қорғауды қамтамасыз етеді;

      5) тәуекел дәрежесіне арналған өтінішті қалыптастыруға негіз болып табылады;

      6) нарықтық талаптар және (немесе) банктің қаржылық орнықтылығының деңгейі елеулі түрде өзгерген жағдайда ауыстырылады.

      14. Тәуекел дәрежесінің стратегиясында банктің директорлар кеңесі банктің бюджеттік жоспарлау және операциялық қызметі шеңберінде банк қабылдайтын тәуекелдерге қатысты жалпы бағытын белгілейтін тәуекел дәрежесінің өтінішін қалыптастырады. Тәуекел дәрежесінің тиімді өтініші:

      1) банктің стратегиясын ескере отырып қалыптастырылады;

      2) тәуекелдің әрбір елеулі түрі бойынша банк өз қызметінде тәуекел профилін ескере отырып қабылдайтын тәуекел деңгейінің біріктірілген деңгейін (деңгейлерін) анықтайды;

      3) тәуекелдің әрбір елеулі түрі бойынша тәуекел деңгейінің біріктірілген деңгейін (деңгейлерін) анықтау үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіштерді қамтиды;

      4) банктің сандық бағалау жүзеге асырылмайтын беделдік және (немесе) өзге тәуекелдерін қоса алғанда, тәуекелдерді қабылдау не оларды алып тастау негіздерін сипаттайтын сандық сипаттағы өтінішті қамтиды, сондай-ақ оларды бақылауға мүмкіндік беретін тәсілдерді белгілейді;

      5) болжамдық тәсілді білдіреді, тәуекел дәрежесінің деңгейлерін бұзуға алып келетін әлеуеттік оқиғаларды анықтау мақсатында стресс-тестілеу нәтижесін ескереді.

      15. Банктің директорлар кеңесі тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейін (деңгейлерін) және нақты тәуекелдің әрбір түрі бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейін белгілейді.

      Тәуекел дәрежесінің қолданылатын деңгейлері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      нақты айқындамасы бар;

      релеванттық болып табылады;

      өлшенерлік;

      мерзімдік негізде есептеледі;

      тәуекел дәрежесі деңгейлерінің нақты мәндері және оларды орындау туралы ақпарат банктің директорлар кеңесіне және тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады;

      болжамдық тәсілді ескере отырып әзірленген.

      16. Тәуекел дәрежесінің тиімді деңгейлері:

      1) тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейін (деңгейлерін) сақтауға ықпал ететін деңгейде белгіленеді;

      2) қолда бар капиталды, өтімділікті, кірістілікті, даму стратегиясын есепке алады;

      3) шоғырланудың (клиентке, валютаға, ел тәуекеліне, нарық сегменттеріне шоғырлануды және шоғырланудың өзге де түрлеріне) барлық маңызды тәуекелдерді есепке алады;

      4) уәкілетті органның ең жақсы практикаларын және (немесе) талаптарын қолдануға ғана емес негізделген, бірақ банкке тән маңызды тәуекелдерді есепке алады;

      5) объективті және түсінікті бағалауды қолдана отырып әзірленеді, екі мағыналы емес;

      6) өзектілігіне жүйелі түрде қайта қаралады;

      7) стресс-тесттілеу нәтижелерімен бекітілген негізді кемшіліктерді ескереді.

      17. Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін айқындау рәсімі мынадай құрауыш бөліктерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) банктің тәуекел дәрежесінің деңгейін сипаттайтын сандық және сапалық өлшемдерді есептеу және айқындау ішкі тәртібі;

      2) тәуекел дәрежесінің деңгейлерін есептеу мен айқындау үшін пайдаланылатын ақпараттар және материалдар, әдістер мен құралдар;

      3) банктің тәуекел дәрежесінің деңгейлерін есептеу мен айқындауға қатысатын және тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлеріне бақылау мен мониторингке жауапты банктің жауапты тұлғалары және (немесе) бөлімшелері;

      4) тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлеріне түзету енгізген кездегі талаптар.

      Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін белгілеу кезінде қолданылатын сандық тәсілдер тәуекелдер деңгейін бағалаудың сенімді жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

      18. Тәуекел дәрежесінің деңгейлері тәуекелдер деңгейлерінің мынадай шектерін қамтиды:

      1) түзету шараларын қолдануды қажет етпейтін деңгей;

      2) тәуекел деңгейін төмендету мақсатында қолжетімді ретінде айқындалған, бірақ тәуекелдерді басқару жүйелерінің қолданыстағы рәсімдеріндегі жекелеген түзету шараларын қажет ететін деңгей;

      3) банктің қаржылық тұрақтылығын және оның төлем жасау қабілетінің нашарлауын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолдануды талап ететін, жоғары болып айқындалған деңгей.

      Тәуекел дәрежесін айқындау кезінде банк тәуекел дәрежесін ағымдағы уақыт кезеңінде белгіленген және болашақта оны қаншалықты тиімді қабылдауға стресс-тестілеу (сценарийлік талдау және сезімталдықты талдау) жүргізу арқылы бағалау жүргізеді.

      Тәуекел-профильде сипаттамасы жоқ нақты тәуекелдер анықталған жағдайда, банк тәуекелдің деңгейін бағалайды, осындай тәуекелдерді тәуекел-профильді қосу үшін тиісті рәсімдерді пысықтайды, тәуекел дәрежесінің деңгейін айқындайды және анықталған тәуекелді болдырмау және (немесе) барынша азайту бойынша шаралар әзірлейді.

      Тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейі (деңгейлері) мерзімде негізде белгіленеді. Тәуекелдің жекелеген түрлері бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейі нарықтағы ахуал өзгерген және (немесе) уәкілетті органның талаптары өзгерген кезде, бірақ тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейі шеңберінде жыл бойы қайта қаралады.

4-тарау. Корпоративтік басқару

      19. Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің негізгі элементтері мыналар болып табылады:

      1) ұйымдық құрылым;

      2) корпоративтік құндылықтар;

      3) банк қызметінің стратегиясы;

      4) банктің уәкілетті органдары арасында шешімдер қабылдауға қатысты міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

      5) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының мүшелері, сыртқы және ішкі аудиторлары арасындағы іс-әрекет және ынтымақтастық тетіктері;

      6) тәуекелдерді басқару рәсімдері және әдістері;

      7) ішкі бақылау жүйесі;

      8) сыйақы жүйесі;

      9) басқару есептілігінің барабар жүйесінің болуы;

      10) корпоративтік басқарудың айқындылығы.

      20. Банктің ұйымдық құрылымы таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне сәйкес келеді, мүдделер қайшылығын барынша азайтады және алқалық органдар және құрылымдық бөлімшелер арасындағы тәуекелдерді басқару өкілеттіктерін қоса алғанда, бірақ шектемей бөледі:

      1) банктің директорлар кеңесі;

      2) банктің директорлар кеңесі жанындағы комитеттер;

      3) банктің басқармасы;

      4) тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері);

      5) комплаенс-бақылау бөлімшесі;

      6) ішкі аудит бөлімшесі.

      21. Банктің директорлар кеңесінің негізгі қағидаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:

      1) ұсынылатын ақпаратты адал, тиісті сақтықпен және ұқыптылықпен (duty of care) жан-жақты талдау негізінде банктің мүддесіне ұтымды шешімдер қабылдау және іс-әрекет ету. Егер директорлар кеңесінің мүшелері бұл ретте өрескел ұқыпсыздық көрсетпеген болса, сақ және ұқыпты болу міндеті бизнес-шешімдер қабылдау процесіндегі қателерге қолданылмайды;

      2) банкпен ерекше қатынастағы адамдардың жеке пайдаларын, банктің мүддесіне зиян келтіретін мүдделерін (duty of loyalty) ескермей банктің мүддесі үшін шешімдер қабылдау және адал түрде іс-әрекет ету;

      3) банктің қызметіне белсенді түрде тарту және банк қызметінің нақты өзгерістері және сыртқы талаптар туралы хабардар ету, сондай-ақ банктің ұзақ мерзімді перспективадағы мүддесін қорғауға бағытталған уақытылы шешімдер қабылдау;

      4) корпоративтік басқару кодексінің жобасын және (немесе) оған өзгерістерді алдын ала қарау.

      Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде мүдделер қайшылығын басқару рәсімі және оны іске асыру, сондай-ақ орындалуын бақылау тетіктері әзірленеді. Рәсім мынадай құрауыш бөліктерді қамтиды:

      банк қызметіндегі мүдделер қайшылығын барынша азайту рәсімдерінің тетігі;

      мүдделер қайшылығын болдырмау мақсатында басқа ұйымның лауазымды тұлғасының функцияларын орындауға кіріскенге дейін директорлар кеңесінің мүшесі өтетін мақұлдау процесі;

      директорлар кеңесі мүшелерінің мүдделер қайшылығын жасайтын немесе оның туындауының әлеуетті себебі болып табылатын кез келген мәселе бойынша дереу ақпарат ұсыну міндеті;

      директорлар кеңесі мүшелерінің мәселелер бойынша дауыс беруден қалыс қалу міндеті, олардың шеңберінде директорлар кеңесі мүшесінің мүдделер қайшылығы бар;

      директорлар кеңесінің рәсімнің ережелерін бұзушылықтарға ден қою тетігі.

      Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде рәсімдер әзірленеді, олар арқылы банк қызметкерлері банктің қызметіне қатысты бұзушылықтар туралы конфиденциалды түрде хабарлайды;

      5) банктің корпоративтік басқару жүйесінің мынадай қағидаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету:

      банк қызметінің ауқымы мен сипатына, оның құрылымына, тәуекелдер саласына, банктің бизнес-моделіне сәйкестігі;

      акционерлердің Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес көзделген құқықтарын қорғау және осы құқықтарды іске асыруды қолдау;

      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты уақтылы және шынайы түрде ашуды қамтамасыз ету;

      өз міндеттерін орындау үшін директорлар кеңесі мүшелерінің толық, өзекті және уақытылы ақпаратқа қолжетімділігі бар;

      6) мынадай ішкі құжаттарды бекіту және олардың орындалуын бақылау:

      банктің ұйымдық құрылымы;

      банкті дамыту стратегиясы;

      банктің рентабельділігін басқару саясаты;

      стресс-тестілеу рәсімдері және сценарийлері;

      көзделмеген ахуал жағдайына арналған қаржыландыру жоспары;

      қызметтің үздіксіздігін басқару саясаты;

      банктің басшы қызметкерлеріне және банктің директорлар кеңесіне тікелей есеп беретін банк қызметкерлеріне сыйақы төлеу ішкі тәртібі;

      кадр саясаты;

      еңбекақы төлеу саясаты;

      есеп саясаты;

      тариф саясаты;

      кредит саясаты;

      проблемалық активтер саясаты;

      капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі – КЖБІП) негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжат;

      өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі – ӨЖБІП) негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжат;

      банктің ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаты (саясаттары);

      ішкі бақылау саясаты;

      кредиттік тәуекелді басқару саясаты;

      нарықтық тәуекелді басқару саясаты;

      операциялық тәуекелді басқару саясаты;

      комплаенс-тәуекелді басқару саясаты;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі - АЖ/ТҚ) тәуекелін басқару саясаты;

      кепіл саясаты;

      өтімділікті басқару саясаты;

      ішкі аудит саясаты, ішкі аудитордың этика кодексі, ішкі аудит бөлімшесі туралы ереже, ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері, ішкі аудиттің жылдық жоспары;

      ішкі аудиторды тарту саясаты (рәсімі);

      7) банктің тәуекел дәрежесінің стратегиясын және тәуекел дәрежесінің деңгейін бекіту;

      8) тәуекел дәрежесі стратегиясының, тәуекел дәрежесі деңгейлерінің және тәуекелдерді басқару саясатының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      9) бухгалтерлік есепке жауапты қаржы қызметінің болуын және қаржы есептілігінің сапалы жасалуын қамтамасыз ету;

      10) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті алдын ала бекіту, сондай-ақ қажеттілігі бойынша мерзімді тәуелсіз тексерулер жүргізуге сұрату жіберу;

      11) банк басқармасының мүшелерін сайлау, тәуекел-менеджмент басшысын, ішкі аудит басшысын және бас комплаенс-бақылаушы тағайындау;

      12) анықталған бұзушылықтарды жоюды кейіннен бақылай отырып, аудит комитеті жіберген есептерді қарау;

      13) банк рәсімдерінің тиімді сақталуын бақылау, олар арқылы банк қызметкерлері банктің қызметіне және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ асыра сілтеушіліктер туралы конфиденциалды түрде хабарлайды;

      14) банкте қорғаудың мынадай үш желісін қалыптастыру:

      қорғаудың бірінші желісін банктің тәуекелдерді уақтылы анықтауға, бағалауға, олар туралы ақпаратты қорғаудың екінші желісінің бөлімшелеріне жіберуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді. Қорғаудың бірінші желісі банктің тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлері шеңберінде операцияларды жүзеге асырады және тәуекелдерді басқарудың қабылданған саясаты шеңберінде жұмыс істейді;

      қорғаудың екінші желісін тәуекелдерді басқару, комплаенс-юақылау бойынша тәуелсіз бөлімшелер және бақылау функцияларын (қауіпсіздік, қаржылық бақылау, кадрмен қамтамасыз ету, заң тәуекелін, операциялық тәуекелді басқару функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің құзыреті шеңберінде) жүзеге асыратын басқа бөлімшелер қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері) банктің қызметіндегі тәуекелдерге кешенді талдау жүргізеді, банктің директорлар кеңесіне және тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке қажетті есептерді қалыптастырады, басқарма мүшелерінің және бизнес бөлімшелердің тәуекелдерді өлшемді түрде бағалауға және анықтауға ықпал етеді.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің қызметіне ықпал ететін Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, шетел мемлекеттері заңнамасының талаптарын, сондай-ақ банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін банктің ішкі құжаттарын сақтау рәсімдерін ұйымдастырады және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдердің бар екендігі туралы толық және шынайы ақпарат ұсынады;

      қорғаудың үшінші желісі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, қорғаудың бірінші және екінші желілерінің сапасы мен тиімділігін бағалауға жауапты тәуелсіз ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді;

      15) банк басқармасының қызметіне бақылауды мыналар арқылы жүзеге асыру:

      банк басқармасының директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясатты, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін іске асыруды мониторингтеу;

      Қағидаларға сәйкес банк басқармасының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекіту;

      ішкі бақылау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;

      банк басқармасының мүшелерімен жүйелі кездесу жүргізу;

      басқарма ұсынған мәліметтерге талдау және өлшемді бағалау жүргізу;

      нәтижеліктің қажетті стандарттарын және басқарма мүшелерінің банктің стратегиясы айқындаған және қаржылық тұрақтылыққа бағытталған ұзақ мерзімді мақсаттарға сәйкес келетін еңбекақы төлеу жүйелерін белгілеу;

      16) тәуекел-менеджмент басшысының жұмысындағы өзара іс-әрекет және бақылау;

      17) банктің директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін мерзімді түрде (жылына бір реттен кем емес) бағалау;

      18) қабылданған шешімдердің жазбаларын (отырыстардың хаттамалары, қаралаған мәселелер туралы қысқаша ақпарат, ұсынымдар, бар болса, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі мүшелерінің ерекше пікірлері) жүргізуді қамтамасыз ету. Мұндай құжаттар және (немесе) материалдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес талап ету бойынша уәкілетті органға беріледі;

      19) тәуекелдерді басқару мақсаты үшін толық, шынайы, уақытылы ақпаратты жинау және талдау мақсатында ақпараттық технологиялардың дамыған инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін айқындау бойынша ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымында шектеулердің бар екендігі туралы хабарлау;

      20) банктік қарыз берудің мақсатқа сай екендігін талдау және бағалау негізінде мөлшері банктің меншікті капиталынан 5 (бес) пайыз асатын қарыз беру бойынша шешімдер қабылдау;

      21) банктік қарыз берудің мақсатқа сай екендігін талдау және бағалау негізінде мөлшері 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық қарызын беру бойынша шешімдер қабылдау. Бұл тармаққа ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыз беру туралы жағдайлар жатпайды.

      22. Банктің директорлар кеңесінің құрамына және оның мүшелеріне біліктілік талаптары мынадай талаптарға жауап береді:

      1) банктің директорлар кеңесінің құрамы және оның өкілеттіктері тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті болса;

      2) банктің директорлар кеңесі таңдап алған бизнес модельге, қызметтің ауқымына, операциялардың түрі мен күрделігіне сәйкес қажетті біліктілігі, мінсіз іскерлік беделі және банктің жалпы басқаруы үшін жиынтығында жеткілікті тәжірибесі бар адамдардан тұрады;

      3) банктің директорлар кеңесінің мүшелері шешімдер қабылдау процесінде өзара іс-қимыл жасауға, ынтымақтастыққа және сыни талқылауға бағытталған;

      4) банктің директорлар кеңесінің мүшелері өз міндеттерін адал орындайды және шешім қабылдайды, мүдделер қақтығысын азайтады.

      23. Банк қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тиімділікті және барынша жан-жақты жұмысты арттыру мақсатында және таңдап алынған бизнес моделіне, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-профиліне қарай банктің директорлар кеңесі банктің директорлар кеңесінің жанынан арнайы комитеттер құрады.

      Әрбір комитет өз қызметін оның өкілеттіктерін, құзыретін, сондай-ақ жұмыс қағидаттарын, банктің директорлар кеңесіне есеп беру ішкі тәртібін, комитет мүшелерінің алдында тұрған міндеттерді және банктің директорлар кеңесі мүшелерінің комитеттегі жұмыс мерзімдері бойынша шектеулерді белгілейтін құжат шеңберінде жүзеге асырады. Банктің директорлар кеңесі өкілеттілікті шоғырландыруды болдырмау және жаңа көзқарастарды ілгерілетуге ықпал ету үшін осындай комитеттердің мүшелерін (сарапшылардан басқа) кезең-кезеңімен ротациялауды көздейді.

      Комитеттер қабылданған шешімдердің жазбаларын (отырыстардың хаттамалары, қаралған мәселелер туралы қысқаша ақпарат, ұсыныстар, бар болса, сондай-ақ комитет мүшелерінің ерекше пікірлері) жүргізеді. Директорлар кеңесі жанындағы комитеттің төрағасы атқарушы органның басшысы немесе мүшесі болып табылмайтын директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

      24. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде банктің директорлар кеңесінің комитеттері мынадай:

      1) стратегиялық жоспарлау;

      2) кадрлар мен сыйақылар;

      3) аудит;

      4) тәуекелдерді басқару;

      5) банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелерді қарайды.

      Аталған мәселелерді қарауды директорлар кеңесінің жекелеген комитеті қарайтын аудит мәселелерін қоспағанда, банктің директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитеттері жүзеге асырады.

      25. Аудит мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) аудит мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына тек қана банктің директорлар кеңесінің мүшелері кіреді;

      2) аудит мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы банктің тәуелсіз директоры болып табылады;

      3) аудит мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына аудит және (немесе) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және (немесе) тәуекелдерді басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар банктің директорлар кеңесінің кемінде бір мүшесі кіреді.

      26. Аудит мәселелері жөніндегі комитет:

      1) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 12-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес ішкі аудит саясатын, ішкі аудитордың әдеп кодексін, ішкі аудит бөлімшесінің ережелерін, ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерін және басқарушылық ақпарат жүйесін әзірлеуді қамтамасыз ету;

      2) сыртқы аудитормен банк қызметі туралы ұсынылатын ақпараттың сапасы, сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, анықталған ескертулердің жойылуын бақылау, сондай-ақ одан әрі банктің директорлар кеңесінің алдын ала бекітуіне шығару үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілікті қарау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін сыртқы аудиторды тарту саясатын (рәсімдерін) әзірлеуді қамтамасыз ету:

      сыртқы аудиторды іріктеуге арналған өлшемшарттар мен талаптар;

      қаржылық есептілік аудиті үшін, сондай-ақ аудит мәселелері бойынша банкке консультациялық қызметтер көрсеткені үшін қызметтерге ақы төлеу жүйесі;

      4) сыртқы аудитордың қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін қарау;

      5) ішкі аудиттің жылдық жоспарын алдын ала қарау;

      6) ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелері туралы есептерді алдын ала қарау, банк басқармасының ішкі және сыртқы аудиттің бұзушылықтарын жою және ұсынымдарын орындау бойынша іс-қимылдарды уақтылы орындауын, банк саясатына, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін бақылау;

      7) уәкілетті органның тексеру актілерін және банктегі тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың жалпы жүйесінің құрылымы мен тиімділігіне қатысты өзге де сарапшылардың қорытындыларын қарау;

      8) ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін қарау.

      27. Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) банктің тәуелсіз директоры немесе директорлар кеңесінің төрағасы тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы болып табылады;

      2) құрамына тәуекелдерді басқару немесе ішкі бақылау саласында жұмыс тәжірибесі бар банк комитетінің кемінде бір мүшесі кіреді.

      28. Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет:

      1) тәуекел дәрежесі стратегиясын әзірлеуді қамтамасыз ету, банктің тәуекел-бейінін анықтау;

      2) банктің тәуекел дәрежесінің біріктірілген деңгейінің (деңгейлерінің) мөлшерін және кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тәуекелдің әрбір маңызды түрі бойынша банктің тәуекел дәрежесінің деңгейін анықтау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін және банктің бекітілген құжатты сақтауына мониторингті жүзеге асыру үшін Қағидалардың 5-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, КЖБІП-тің негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжатты әзірлеуді қамтамасыз ету;

      4) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін және банктің бекітілген құжатты сақтауына мониторингті жүзеге асыру үшін Қағидалардың 6-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, ӨЖБІП-тің негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжатты әзірлеуді қамтамасыз ету;

      5) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін стресс-тестілеуді өткізу рәсімдерін және стресс-тестілеу сценарийлерін әзірлеуді қамтамасыз ету;

      6) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін және осы тармақшада көрсетілген саясатты банктің сақтау мониторингін жүзеге асыру үшін Қағидалардың 7-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, банк қызметінің үздіксіздігін басқару саясатын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      7) күтпеген жағдайлар болған жағдайда қаржыландыру жоспарын кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін әзірлеуді қамтамасыз ету;

      8) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін және осы тармақшада көрсетілген саясаттарды (саясатты) банктің сақтау мониторингін жүзеге асыру үшін Қағидалардың 8-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, банктің ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаттарын (саясатын) әзірлеуді қамтамасыз ету;

      9) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін және осы тармақшада көрсетілген саясатты банктің сақтау мониторингін жүзеге асыру үшін Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      10) банктің директорлар кеңесіне қабылданатын тәуекелдердің деңгейі туралы толық, дәйекті және уақтылы ақпарат беруді тұрақты негізде қамтамасыз ететін басқару ақпараты жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеуді қамтамасыз ету. Осы тармақшада көрсетілген тәртіп банктің директорлар кеңесіне ақпаратты уақтылы дайындауға және банктің директорлар кеңесіне жеткізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерін, банк органдарын көрсете отырып, банк пен еншілес ұйымдар қабылдайтын тәуекелдердің деңгейі туралы басқарушылық ақпаратты қалыптастыру өлшемдерін, құрамын, жиілігін және ұсыну нысандарын қамтиды. Басқарушылық есептілік нысандары Қағидалардың 5, 6, 7, 8 және 9-тарауларында белгіленген талаптарды ескере отырып, мәліметтерді, сондай-ақ мәліметтерді қамтиды:

      стресс-тестілеу және банк тәуекелдерінің өзара байланысын бағалаудың және анықтаудың басқа құралдарының нәтижелері бойынша;

      банктің қаржылық жағдайына тәуекелдердің әсерін бағалау бойынша, оның ішінде банктің кірістері мен шығысындағы өзгерістерді бағалау, меншікті капиталдың мөлшері мен жеткіліктілігін бағалау бойынша, өзгерістерді туындатқан және қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі факторлар мен себептерді анықтау бойынша;

      11) банк Басқармасының тәуекел дәрежесі деңгейлерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      12) банк тәуекелдерін басқару үшін, сондай-ақ толық, дәйекті және уақтылы қаржылық, реттеушілік және басқарушылық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында ішкі модельдер мен ақпараттық жүйелердің болуы;

      13) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банкті және оның беделін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, жалпы корпоративтік басқару жүйесінің жұмыс істеу сапасы мен тиімділігін бағалау нәтижелерін қарау.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшеден (бөлімшелерден) және басқа да жауапты бөлімшелерден банк тәуекелдерінің ағымдағы деңгейі, тәуекел дәрежесі деңгейінің бұзылуы және тәуекел деңгейін төмендету бойынша тетіктер туралы деректер мен есептерді тұрақты түрде алады.

      29. Кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы банктің директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып табылады;

      2) кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қызметкерлерді басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар комитеттің кемінде бір мүшесі кіреді.

      30. Кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитет:

      1) мүдделер қақтығысын барынша азайтуды ескере отырып, одан әрі банктің директорлар кеңесінің бекітуі үшін банктің ұйымдық құрылымының жобасын;

      2) банктің тиісті органының одан әрі бекітуі үшін мүдделер қақтығысын және оны іске асыру тетіктерін басқару жөніндегі рәсімдер;

      3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525 болып тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына сәйкес кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің басшы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырудың өзге де түрлерін есептеу жөніндегі саясат.

      Сыйақы мөлшері тәуекелдің нәтижеге арақатынасына тікелей байланысты. Мерзімі мен алу ықтималдығы белгісіз болып табылатын болашақ кірістер есебіне сыйақыларды төлеу тәсілдері қабылданған сапалық және сандық көрсеткіштер негізінде мұқият өлшенеді. Сыйақы жүйесі тәуекел дәрежесінің лимиттерін, ішкі рәсімдерді немесе уәкілетті органның талаптарын бұзуды қоса алғанда, барлық тәуекелдерді ескере отырып, тіркелмеген сыйақы мөлшерін өзгерту мүмкіндігін көздейді.

      31. Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) банктің директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің төрағасы болып табылады;

      2) стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына мынадай салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде бір комитет мүшесі кіреді:

      ақпараттық технологияларды дамыту;

      банктік қызметтерді дамыту және көрсету;

      тәуекелдерді басқару;

      бюджеттік жоспарлау.

      32. Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитет мыналарды алдын ала қарауға жауапты:

      1) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін стратегиясының жобасын, сондай-ақ стратегияның орындалу мониторингін жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекелдер бейініне және қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      2) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған банк бюджетінің жобасын әзірлеу, сондай-ақ оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің аталған саясатты сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды жүзеге асыру;

      4) стратегияның, даму жоспарларының орындалу барысы, банк қызметінің стратегиялық маңызды көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы ақпаратты қамтитын банктің директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      33. Банк басқармасы таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне және банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес банктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Банк басқармасы мыналарға жауапты болады:

      1) банк стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтау;

      2) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банк стратегиясының жобасын әзірлеу, сондай-ақ стратегияның орындалу мониторингін жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалын, тәуекелдер бейіні мен қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған банк бюджетінің жобасын әзірлеу;

      4) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің аталған саясатты сақтау мониторингін жүзеге асыру;

      5) бекітілген және (немесе) оларға бекітілген қызмет учаскелері бойынша банк қызметкерлеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банктің стратегиясын, саясаттарын және өзге де ішкі құжаттарын жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу және банк пен оның қызметкерлерінің осы Қағидалардың талаптарын сақтауына мониторингті жүзеге асыру;

      6) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуі үшін банктің кадр саясатын әзірлеу, сондай-ақ оның банктің стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банктің заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыру. Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:

      банк қызметіне байланысты үдерістер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;

      функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын қолдауды;

      өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын азайтуды;

      бір қызметкерге өкілеттікті шоғырландыру тәуекелін азайтуды;

      сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу ішкі тәртібін қоса алғанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібін;

      банк қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      7) кейіннен директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тарифтік саясатты әзірлеу, сондай-ақ банк пен оның қызметкерлерінің тарифтік саясатты сақтау мониторингін жүзеге асыру;

      8) бұдан былай тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің кредиттік саясатын әзірлеу;

      9) қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) бекіту;

      10) банктің директорлар кеңесіне банктің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген басқарманың жұмыс сапасын бақылау және бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, оған мыналар:

      банктің банк стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуі, оларға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептер бар болса, көрсетумен;

      банк қызметінің банктің директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясатқа сәйкес келуі;

      банк қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде банк кірістілігінің тұрақтылығы (құбылмалығы);

      банк қабылдайтын шешімдердің банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясатқа сәйкес келмеуі;

      тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;

      комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит бойынша бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктердің дер кезінде, толық және сапалы жойылуы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;

      қате, толық емес және рұқсатсыз орындалған операцияларды дер кезінде анықтау, активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтегі кемшіліктер, қаржылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателер, банктің ішкі құжаттарындағы, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын бұзулар, сондай-ақ мүдделер қақтығысын және ішкі асыра пайдалану мен алаяқтықты, оның ішінде банкпен ерекше қарым-қатынастағы адамдарға қатысты бөлігінде ішкі бақылаудың жай-күйі туралы ақпарат;

      11) банк қызметтерін ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің өтініштерін қарау ішкі тәртібін әзірлеу, сондай-ақ банктің осы тармақта көрсетілген талаптарды сақтауының мониторингін жүзеге асыру үшін жауапты болады. Клиенттердің өтініштерін қарау ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды:

      банкке келіп түсетін өтініштерді қабылдау, бастапқы өңдеу, тіркеуді және клиенттердің өтініштеріне жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;

      клиенттердің өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты банктің құрылымдық бөлімшесін;

      келіп түскен өтініштерді клиенттің өтінішіне жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;

      клиенттердің өтініштерін уақытында өңдеу мерзімдерін және клиенттердің өтініштеріне жауаптар дайындау мерзімдерін;

      клиенттердің өтініштерін қарау және клиенттердің өтініштеріне жауаптар дайындау кезінде банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттесу ішкі тәртібін;

      банк клиенттерінің келіп түскен өтініштерінің сыныптауышын жүргізу ішкі тәртібі және рәсімдері;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы құралдары және қаржы активтері болып табылмайтын және кімге болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеулер құралдарын қолданумен орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және ескерілетін шаралармен операцияларды қоса алғанда, тәуекелі жоғары операциялар өткізуден бас тарту рәсімін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеуді айқындайды, сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым қатынасты бұзу орын алатын тәуекел факторлары ескеріліп әзірленеді.

      Банк басқармасы банктің бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде алқалы органдарға немесе банк қызметкерлеріне берілген міндеттерді тиісінше орындауға жауапты.

      34. Банктің директорлар кеңесі директорлар кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеткілікті өкілеттіктерге, тәуелсіздікке және ресурстарға ие тәуекел-менеджменті басшысы жетекшілік ететін және (немесе) басқаратын тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (бөлімшелерінің) болын қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері) мынадай, бірақ олармен шектелмей, келесі функцияларды орындайды:

      1) тәуекелдерді басқару саясаты мен стратегиясын, тәуекел дәрежесінің стратегиясын және тәуекел дәрежесі деңгейлерін анықтауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу;

      2) банк қызметіне тән маңызды ағымдағы және әлеуетті тәуекелдерді анықтау;

      3) тәуекелдерді бағалау және тәуекел дәрежесінің (дәрежелерінің) агрегирленген деңгейін анықтау;

      4) кейін тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тәуекел дәрежесінің деңгейлерін, тәуекел дәрежесінің деңгейлерінің сақталу мониторингін әзірлеу;

      5) тәуекел дәрежесінің деңгейлерін анықтауға бағытталған ерте ескеру жүйелерін және триггерлерді әзірлеу;

      6) басқармаға, тәуекелдерді басқару комитетіне және банктің директорлар кеңесіне басқарушылық есептілік ұсыну.

      35. Тәуекел-менеджментінің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі таңдалған бизнес модельге, қызметтің ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне сәйкес келеді. Тәуекел-менеджменті басшысының тәуелсіздігі мыналармен:

      1) бағыныстылығына қарамастан, тәуекел-менеджментінің басшысы лауазымына банктің директорлар кеңесі тағайындайды және босатады;

      2) басқарманың қатысуынсыз, банктің директорлар кеңесіне кедергісіз қатынаса алады;

      3) өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез келген ақпаратқа қолжетімді болады;

      4) бас операциялық директор, қаржы директоры, банктің операциялық қызметінің басқа ұқсас функцияларын (андеррайтингті, кепіл қызметін қоспағанда), ішкі аудит бөлімшесінің басшысы лауазымын қоса атқармайды.

      Тәуекел-менеджменті басшысының және директорлар кеңесі және (немесе) тәуекелдерді басқару комитеті арасындағы өзара іс-әрекеттестік тұрақты негізде жүзеге асырылады. Тәуекел-менеджментінің басшысын лауазымынан босату туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органға беріледі. Уәкілетті органның сұратуы бойынша банктің директорлар кеңесі мұндай шешім қабылдау себептерінің негіздерін ұсынады.

      36. Тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау банкті басқарудың барлық деңгейлерінде тұрақты негізде жүзеге асырылып тұрады. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру банктің тәуекел-бейінінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ сыртқы ортаның өзгеруін ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Банк банктің қызметіне тән (оның ішінде, баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, бизнес - бөлімшелердің топтары, портфельдері және жеке түрлері бойынша) барлық маңызды тәуекелдерді анықтайды. Маңызды тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында банктің директорлар кеңесі, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет және тәуекел –менеджментінің басшысы тұрақты негізде банктің қызметіне тән тәуекелдерді бағалауды, сондай-ақ банктің тәуекел-бейінінің маңыздылығын қолдап тұруды жүзеге асырып тұрады. Тәуекелдерді бағалау рәсіміне ағымдағы тәуекелдерді толассыз талдау, сондай-ақ жаңа және әлеуетті тәуекелдерді анықтау кіреді. Тәуекелдерді бағалау кезінде банк маңызды тәуекелдердің шоғырлануы дәрежесін ескереді.

      Тәуекелдерді анықтау және өлшеу кезінде сандық, сондай-ақ сапалық өлшемшарттар ескеріледі. Банк сонымен қатар, бағалау қиынға соғатын, мәселен, беделдік және заңды тұрғыдағы тәуекелдерді ескереді.

      Тәуекелдерге анықтау және оған ұшырауға бейімділікті өлшеуден басқа, тәуекелдерді басқару бөлімшесі тәуекелдерді азайтудың ықтимал тәсілдеріне бағалау жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету қажеттілігін атап көрсетеді. Тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерінен асып түсетін тәуекелдерді қабылдау туралы шешім қабылданған жағдайларда, тәуекел-менеджментінің басшысы мұндай ерекшелік туралы асып түсу себептерінің тиісті талдауымен директорлар кеңесіне есеп ұсынады және бұдан әрі тәуекелдерді басқару жүйесінің аясында және ол бойынша белгіленген деңгейде қабылданған тәуекелдің деңгейін төмендетуді бақылауды жүзеге асырады.

      Тәуекел-менеджментінің басшысы банктің директорлар кеңесін тәуекелдерді басқару бойынша бөлімшенің пікірі және банк басқармасының банк қабылдайтын тәуекелдер деңгейіне қатысты шешімнің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың бар-жоғы туралы ақпараттандырады.

      Тәуекелдерді басқару саясатын және рәсімін қоса алғанда, тәуекелдерге байланысты мәселелер бойынша үнемі ақпараттандырып тұру банк аясында тәуекелдерді басқарудың жоғары мәдениетінің маңызды факторы болып табылады. Тәуекелдерді басқару мәдениеті тәуекелдер туралы ақпаратпен жан-жақты алмасуға ықпал етеді және қызметкерлердің, басқарманың және банктің директорлар кеңесінің тәуекелдерді қабылдаумен байланысты мәселелерді ашық талқылау және сыни баға беруді көздейді.

      Тәуекелдермен байланысты, дереу шешім немесе шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер бойынша маңызды ақпарат шұғыл тәртіпте банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке, қажет болған жағдайда банк басқармасына, алдын алу шараларын қабылдау үшін бақылауды жүзеге асыратын жауапты лауазымды адамдар мен бөлімшелер басшыларына ұсынылады.

      Банк тәуекелдер туралы ақпаратпен тиімді алмасуға кедергі келтіретін және банктің тартылған бөлімшелерінің пікірін (сараптамасын) ескерусіз банктің уәкілетті органдарының шешімдер қабылдауына әкелетін жеке бөлімшелердің аясында жабық топтар құруды болдырмайды. Ақпаратпен алмасумен байланысты проблемаларды еңсеру үшін директорлар кеңесі, және бақылауды жүзеге асыратын банк бөлімшесі ішкі коммуникациялар жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгізеді.

      37. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операциялардың күрделілігі деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға:

      1) тәуекелдерді, активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін, активтердің сақталуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

      2) сыртқы және ішкі қолданушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктердің толықтығын, шынайлығын және уақтылығын қамтамасыз ету;

      3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталған.

      Ішкі бақылау аясында қызметтің ішкі саясатқа және рәсімдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жүзеге асыру бойынша банк процестерін тексеру жүргізеді. Банктің тәуекелдерді басқару, стратегиялық бизнес шешімдер қабылдау және меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігін анықтау мақсаттарында шынайы ішкі және сыртқы ақпараты болады. Банктің директорлар кеңесі және директорлар кеңесінің тиісті комитеттері сапалы, өзекті және шынайы деректердің негізінде тәуекелдермен байланысты шешімдер қабылдайды.

      Тәуекелдерді өлшеу және модельдеу әдістері тәуекелдердің сапалы талдауы және мониторингіне қосымша ретінде пайдаланылады. Тәуекел-менеджментінің басшысы банктің директорлар кеңесін және тәуекелдері басқару мәселелері жөніндегі комитетті тәуекелдерді басқару бойынша қолданылатын әдістер мен модельдердің әлеуетті кемшіліктері туралы хабардар етеді.

5-тарау. Капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі

      38. Банктің директорлар кеңесі КЖБІП негізгі тәсілдері мен қағидаларын регламенттейтін және келесі бөлімдерден тұратын банктің ішкі құжатын бекітеді:

      1) КЖБІП ұйымдастыру құрылымының сипаты;

      2) тәуекел дәрежесінің стратегиясының сипаты;

      3) КЖБІП аясында кредиттік, нарықтық, операциялық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру;

      4) стресс-тестілеу рәсімдерін ұйымдастыру;

      5) жаңа өнімдер және қызмет түрлері аясында тәуекелдерді басқару рәсімдерін ұйымдастыру;

      6) капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін өзіндік бағалау рәсімін ұйымдастыру.

      39. КЖБІП банкті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және мынадай мақсаттарда құрылады:

      1) оларды өтеу үшін жеткілікті болатын капиталдың қажетті деңгейін айқындау мақсатында, банктің қызметіне тән тәуекелдердің маңызды түрлерін анықтау, бағалау, жинақтау және бақылау; оның ішінде:

      кредиттік тәуекел;

      нарықтық тәуекел;

      операциялық тәуекел;

      сондай-ақ, банк ұшырауға бейім өзге тәуекелдер;

      2) банктің стратегиясына, маңызды тәуекелдерді жан-жақты бағалау нәтижелеріне, тәуекелдің сыртқы және ішкі факторларына қатысты банктің қаржылық тұрақтылығын стресс-тестілеу нәтижелеріне, сондай-ақ Банктер туралы заңның 42-бабымен белгілеген банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарға байланысты капиталды жоспарлау.

      40. КЖБІП ұйымдастырушылық құрылымын сипаттау капиталдың жеткіліктілігін басқару процесін іске асыруға қатысатын банктің алқалы органдары мен бөлімшелерінің жауапкершілігін көрсетумен КЖБІП қатысушыларының тізбесінен тұрады, оның ішінде:

      1) банктің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару және тәуекел дәрежесінің деңгейін (деңгейлерін) анықтау мақсатында капиталдың жеткіліктілігін басқару үшін жауапты болады. Банктің директорлар кеңесі капиталдың жеткіліктілігінің қажетті деңгейін қолдау туралы ақпаратты қамтитын КЖБІП сақтау бойынша есепті бекітеді;

      2) тәуекелдері басқару мәселелері жөніндегі комитет банктің директорлар кеңесі бекіткен тәуекел дәрежесінің деңгейі аясында тәуекелдерді басқару және капиталды басқару саласындағы рәсімдерді әзірлеу үшін жауапты болады;

      3) ішкі бақылау функциялары жүктелген бөлімше (бөлімшелер) адамдар КЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады және нәтижелерді банктің директорлар кеңесіне береді;

      4) тәуекелдері басқару бойынша процеске қатысатын бөлімше (бөлімшелер) капиталдың жеткіліктілігін басқару процесінің іске асырылуы үшін жауапты болады және КЖБІП сақтау бойынша есеп дайындауға және стресс-тестілеу өткізу үшін жауапты болады;

      5) бюджет әзірлеу және жоспарлау үшін жауапты бөлімше инвестициялар жоспарлауды және банк қызметінің барлық бағыттары бойынша бюджет әзірлеуді жүзеге асырады;

      6) капиталды басқару бөлімшесі (бөлімшелері) капиталдандыру деңгейін ұлғайту бойынша шаралар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ мүдделі бөлімшелермен бірлесіп алдын ала болжанбаған жағдайларға қаржыландыру жоспарын әзірлейді;

      7) ішкі аудит бөлімшесі КЖБІП тиімділігін бағалауды жүргізеді.

      КЖБІП аясында банктің директорлар кеңесі Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әзірленген тәуекел дәрежесінің бекітілген стратегиясының сақталуы үшін жауапты болады.

      41. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілігі деңгейіне сәйкес келетін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және оны өтеуге арналған мынадай, бірақ олармен шектелмейтін:

      1) кредиттік тәуекел тән операциялар жүргізу ішкі тәртібі және тиісті шешімдер қабылдау;

      2) кредиттік әкімшілік ету рәсімдері;

      3) кредиттік тәуекелді бағалау рәсімдері;

      4) кредиттік мониторинг;

      5) кепілдік қамтамасыз етуді басқару;

      6) проблемалық кредиттерді басқару;

      7) кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау.

      42. Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің шеңберінде банк мынадай қағидаттар мен талаптарды басшылыққа алады:

      1) директорлар кеңесі және банк тәуекелдерін басқару мәселелері жөніндегі комитет мыналарды қамтамасыз етеді:

      провизиялардың жеткіліктілік деңгейін ұстап тұру;

      төмендегілермен қамтамасыз етілетін кредиттік тәуекелді бағалау процесін бақылауды жүзеге асыру:

      шешім қабылдау мақсатында ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау;

      Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, заңнамасының талаптарын, ішкі саясаттарды және кредиттік тәуекелді басқару бойынша рәсімдерді сақтау;

      басқарушылық, регуляторлық және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

      бизнес-бөлімшелерден тәуелсіз қарыздарды бағалау рәсімінің болуы;

      қарыздарды бағалау барысында барлық қолжетімді ақпаратты пайдалануға негізделген кредиттік тәуекелдің деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесін бекіту;

      кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысушылардың арасында нақты және толық көлемде регламенттелген өзара іс-әрекет рәсімдерінің болуы;

      бекітілген провизияларды және ішкі капитал жеткіліктілігін бағалау процесін құру әдістемесінің шеңберінде провизиялар деңгейінің күтілетін залалдарға сәйкестігін бағалау кіретін тиімді ішкі бақылау жүйесін құру;

      2) банк кредиттік қызметті және бекітілген кредиттік саясат шеберінде кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, оған мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді:

      банктің кредиттік қызметінің негізгі бағыттары;

      кредиттік процестің қатысушылары және олардың жауапкершілік салалары;

      кредиттік шешімдерді қабылдау ішкі тәртібі, кредиттерді қарау және мақұлдау тәртібін қоса алғанда, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларды кредиттеуге қатысты, кредиттік тәуекелдің концентрациясын шектеу мақсатында кредиттеу лимиттері;

      қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін талдау рәсімі.

      Егер жеке тұлғаға ұсынылған қарыздардың және қабылданған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан асса немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталынан 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыздан асса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

      жылжымайтын және басқа мүліктің болуы;

      несиелік берешектің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында;

      борыштық жүктеме;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);

      басқа да берешегінің болуы;

      банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;

      білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;

      әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;

      ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат;

      қарыз алушының кірістері туралы қосымша ақпарат.

      Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспаса немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспаса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

      несиелік берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы;

      борыштық жүктеме;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);

      банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;

      білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;

      әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;

      ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат (бар болса).

      Егер заңды тұлғаға ұсынылған қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыздан асса немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталынан 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан асса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушы заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің және негізгі қаржылық коэффициенттерінің (тиімділік, меншікті және қарыз қаражатының ара қатынасы, ақша қаражатының түсу жоспары) және кіріс деңгейінің талдауы;

      несиелік берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      өтімді активтер деңгейі;

      борыштық жүктеме;

      банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      болжамдық бос ақша ағындары;

      қарыз алушының сыртқы ортасын бағалау (экономиканың, саланың жағдайы, даму перспективалары, өндірісті және сату нарықтарын әртараптандыру, қарыз алушының операциялық қызметінің сипаттамасы, қарыз алушының тиісті нарықтағы нарықтық үлесі, қарыз алушының өнімін жайғастыру, операциялардың географиясы, бизнестің кезеңділігі, тұтынушылардың басымдықтарындағы өзгерістер, технологиядағы өзгерістер, экономика секторына кірудегі кедергілер және компанияның кіріс алу және бағаны ұстап тұру мүмкіндігіне әсер ететін басқа да факторлар);

      басқару сапасын бағалау (тәжірибе, құзыреттілік, іскерлік бедел);

      қарыз алушының меншік иелерін бағалау;

      сот талқылауына тартылу деректерінің болуы;

      сенімсіз салық төлеушілер тізіміне кіруі.

      Егер заңды тұлғаға берілген қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспаса немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспаса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

      несиелік берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      борыштық жүктеме;

      банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      тиісті саланы дамыту перспективалары.

      Кредиттеу саласына және қарыз алушының түріне қарай сандық және сапалық көрсеткіштер жинағы өзгеріп отырады.

      Жеке және заңды тұлғаларға қатысты кредиттік саясат олар болған кезде қарыз алушының кредиттік қабілеттілігіне талдау жүргізілмейтін жағдайларды айқындайды (банктік кепілдіктерді, аккредитивтерді, банктік қарсы кепілдікке шығарылған банктік кепілдіктерді, сондай-ақ жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыздарды беру). Қазақстан Республикасының Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа бір рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктер үшін бас банк немесе банкке қатысты үлестес тұлға кредиттік қабілеттілігінің талдауы қарыз алушының кредит алуға өтініші банкке түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырылған жағдайда, қарыз алушының бас ұйымы деңгейінде немесе қарыз алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кіретін ұйымның ондай талдауын пайдалануға жол беріледі;

      қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде негізділік, мақсатқа лайықтылық және тәуелсіздік ұстанымдарына негізделген және қарыздарды қайта құрылымдау жағдайлары мен талаптарын сипаттаудан тұратын қарыз алушының қаржылық қиындықтарына байланысты қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты кредиттік шешімдер қабылдау ішкі тәртібі. Бұл ретте банк қарыз алушының қаржылық қиындығына байланысты қайта құрылымдау түріндегі банктік қарыз шартының талаптарын өзгертудің мынадай жағдайларын айқындайды:

      қарыз бойынша төлем кестесін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу үшін қарыз бойынша төлемдер бойынша жеңілдікті кезең ұсыну не ұзарту;

      қарыз мерзімін әрі қарай ұзарту;

      қарыз бойынша бір немесе одан артық төлемді жиынтығында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық мерзімге кейінге қалдыру;

      қарыз бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының бөлігін кешіру;

      сыйақы бойынша жиынтығында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру;

      сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандырумен қарыз валютасын бір валютадан екінші валютаға өзгерту (айырбастау) және (немесе) шетел валютасындағы қарыздар бойынша айырбастау бағамын тіркеу;

      банктегі, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу үшін жаңа қарыз беру;

      қарыз бойынша жиынтығында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық мерзімі өткен берешек болған жағдайда увеличение кредиттік лимитті ұлғайту;

      қарыз бойынша өзгермелі сыйақы мөлшерлемесімен негізгі көрсеткіш мөлшерінің өзгеруін қоспағанда, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

      қаржы ұйымына берілетін қарыз алушының кепілдік мүлігінің есебінен берешек сомасын өтеу нәтижесінде қарыз бойынша берешекті төмендету.

      Банк қайта құрылымдаудан кейін қарызды өтеу перспективаларының болуын есепке ала отырып, қаржылық қиындық көріп отырған қарыз алушылар бойынша қарыздарды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды.

      Шартты міндеттемелерді қосқанда жалпы берешегі мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 1 (бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыздан асатын, қаржылық қиындық көріп отырған қарыз алушылардың және (немесе) бір-бірімен байланысқан қарыз алушылар тобының қарыздарына қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімді банк басқармасы немесе құрамына банк басқармасының төрағасы кіретін банктің алқалы органы қабылдайды. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат тоқсан сайын банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі;

      мынадай факторларды есепке ала отырып (бірақ олармен шектелмей) кредиттік тәуекелді басқарудың тиімді тәсілдері:

      тәсілді пайдаланған кезде өз білімі мен тәжірибесінің болуы;

      экономикалық тиімділігі;

      қарыз алушының және (немесе) қарсы агенттің түрі, олардың қаржылық жағдайы;

      кредиттеудің белгілі бір түріне тән тәуекелдің күрделілігі және дәрежесі;

      3) банк кредиттік қызметін олар бойынша кредиттік тәуекел тән операцияларды жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады, оларға мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:

      әлеуетті қарыз алушыларға және (немесе) қарсы агенттерге қойылатын талаптарды қоса алғанда кредиттеудің әрбір түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға және банк қызметкерлеріне) кредит беру талаптары;

      қарыз алушының және (немесе) қарсы агенттің ақпаратына, оның ішінде кредит беру туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және басқа ақпаратқа қойылатын талаптар;

      кредиттеу секторына, қарыз алушының кредиттік тарихына, сондай-ақ кредиттердің сапасын толық бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде рейтингтік жүйеге талдау жасауды көздейтін корпоративтік кредиттеу ішкі тәртібі;

      кредиттік скоринг әдіснамасы немесе сандық және сапалық сипаттамаларға негізделген қарыз алушының төлем қабілеттілігінің және кредиттік қабілеттілігінің талдауы және оны пайдалану ішкі тәртібі;

      оған сәйкес кредит берілетін рейтингтің мүмкін болатын ең төменгі деңгейін белгілеу (бар болса);

      кредиттік саясаттан, стандарттардан, процедуралардан, лимиттерден ауытқу мониторингін мақұлдау, бекіту және талдау ішкі тәртібі және процедуралары;

      кредиттеу лимиттерін және (немесе) қарыз алушылардың талдауын ескерумен, оның ішінде бар болса, қарыз алушылардың рейтингтерін және (немесе) скорингтік бағалауын есепке ала отырып кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Кредиттеу лимиттері, оның ішінде кепілсіз кредиттер бойынша, валюталар, салалар, қарыз алушылардың (қарсы агенттердің) санаттары (қаржы ұйымдары, корпоративтік, жеке кредиттеу), өнімдер, байланысқан тараптардың топтары бойынша және бір қарыз алушыға белгіленеді;

      кредит беру туралы өтініштерді қарау, мақұлдау, беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдау ішкі тәртібі, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларды кредиттеуге қатысты;

      кепілдік қамтамасыз етуге қатысты, мыналарды айқындау ішкі тәртібі:

      кепіл түрлері және олардың жарамдылық критерийлері;

      кепілдің құрылымына қойылатын талаптар;

      кепіл түрлері бойынша лимиттер;

      қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы жоғары өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициенті;

      кепілдердің заңды күшін қамтамасыз ететін рәсімдер;

      қарыз алушының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгерістерін, қамтамасыз етудің құнын және сақталуын, оның ішінде оның бағасына едәуір ықпал ететін басқа да жағдайларға ұшырау ықтималдығын есепке ала отырып кепілдік қамтамасыз етудің жедел бағалауы;

      іске асырудың шекті мерзімдерін қоса алғанда кепілдік қамтамасыз етуді іске асыру рәсімдері;

      бағалаушылар тарапынан кепілдік қамтамасыз етудің құнын бағалаудың объективтілігі (дұрыстығы).

      Банк ол бойынша жылжымайтын мүлік кепіл болып табылатын қарызды беру туралы шешім қабылдаған кезде бағалау нәтижелерін қарастырады. Бағалаушының соңғы бағалау күніне белгіленген нарықтық құны 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткішті құраған жағдайда, банк бағалаушының кепілді бағалауын қамтамасыз етеді (жылына 1 (бір) реттен кем емес).

      Қабылданған шешімдердің белгіленген ішкі тәртіпке сәйкестік мәнін бағалау Қағидалардың 11-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген ішкі тәртіптен ауытқулар анықталған жағдайда, мүдделі бөлімшелер анықталған ауытқулар туралы ақпаратты банктің директорлар кеңесіне жеткізеді. Банктің қызметіндегі маңызды ауытқуларды жою мақсатында директорлар кеңесі ауытқулардың көлеміне (қарыз сомасы) және (немесе) санына шектеулер белгілейді және белгіленген шектеулердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      4) дұрыс рейтингтік модельдің және (немесе) скорингтік жүйенің болуы.

      Банктің директорлар кеңесі рейтингтік модельді және (немесе) скорингтік жүйені әзірлеуге, оларды енгізуге, қолдануға және жұмыс істеуін бақылауға жауапты бөлімшелерді айқындайды. Рейтингтік модельде және (немесе) скорингтік жүйеде кредиттік тәуекелдің әрбір деңгейінің сипаттамасы және оларды тағайындау талаптары қамтылады. Қарыз алушының кредиттік рейтингін және (немесе) скорингтік баллын тағайындау барысында банк қарыз алушының (қарыз алушылардың) қаржылық жағдайын және қарыз алушы бойынша басқа да қолжетімді ақпаратты есепке алады.

      Қарыз алушыға кредиттік рейтинг және (немесе) скорингтік балды беру кезінде банк қарыз алушының келешектегі кредитті төлеу қабілеттілігіне және төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы өзекті қолжетімді ақпаратты басшылыққа алады.

      Заңды тұлғаларға берілген кредиттік рейтинг жаңартылу тұрғысынан мерзімді мониторингке жатады. Қайта қарау жиілігі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау тәуекеліне әкелетін теріс ақпарат болған және (немесе) банк алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкін болмаған және өзге де қолжетімді ақпарат болмаған жағдайда ұлғаяды;

      5) кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесі болуы.

      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі шеңберінде банк кредиттік портфель сапасының мониторингі үшін кешенді рәсімдер мен ақпараттық жүйелерді (ол болмаған жағдайда – бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізеді және пайдаланады. Рәсімдер мен ақпараттық жүйелерде проблемалық қарыздарды сәйкестендіретін және анықтайтын, тиісті бақылауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар қамтылады.

      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі директорлар кеңесі, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер, басқарма, кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысатын банктің өзге бөлімшелері үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді және банктің кредиттік тәуекелінің деңгейін жалпы баланс бойынша да және әрбір актив бойынша да бағалауға мүмкіндік береді.

      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі кредиттік тәуекел тән барлық активтерді (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) жан-жақты талдауға негізделеді.

      Активтерді жан-жақты талдауда:

      қарыз алушының және (немесе) контрагенттің міндеттемелері бойынша дефолттар ықтималдығын (PD);

      қарыз алушының және (немесе) контрагенттің дефолт жағдайында шығындар мөлшерін (LGD);

      дефолтқа ұшырайтын міндеттемелер шамасын (EAD);

      тәуекел бойынша позиция сақталатын мерзім ішін;

      кепілді қамтамасыз ету құнын және оны өткізу мүмкіндігін;

      бизнес-ортаны және экономикалық жағдайларды бағалау қамтылады.

      Кредиттік тәуекел тән болатын активтерді сыныптау (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) кем дегенде 5 (бес) санаттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:

      КЖБІП шеңберінде капиталдың жеткіліктілігін сенімді бағалауды;

      күтілетін шығындарды өтеуге арналған провизиялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер неғұрлым жоғары санатқа сыныптау үшін дәлелді және негізделген негіздер болмаған жағдайда, ең нашар санаттарға сыныпталады.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер ішкі құжаттарда айқындалған қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің өзге факторлары болса, ең нашар санатқа сыныпталады;

      6) проблемалық активтерді басқару саясатының болуы.

      Банктің директорлар кеңесі проблемалық активтерді басқару саясатын бекітеді, онда:

      проблемалық активтердің анықтамасы;

      проблемалық активтерді басқару әдістері (қайта құрылымдау, сату, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етуді алып қою, банкроттық және басқалары);

      проблемалық активтерге қатысты лимиттер (портфельдер бөлігінде) және лимиттер бұзылған кезде белгіленген лимиттерге сәйкес келтіру үшін проблемалық активтерді басқарудың бекітілген әдістерін іске асыру мерзімдері;

      проблемалық активтер көлемінің ұлғаю тәуекеліне ертерек ден қоюдың сандық және сапалық өлшемдері;

      мүдделі бөлімшелердің тізімі және олардың проблемалық активтермен жұмыс істеу кезінде өзара іс-қимыл ішкі тәртібі;

      директорлар кеңесіне проблемалық активтердің деңгейі туралы басқарушылық есептілікті беру ішкі тәртібі;

      банк қолданатын проблемалық активтерді басқару әдістерін бағалау рәсімдері қамтылады;

      7) провизияларды қалыптастырудың сенімді әдістемесінің болуы.

      Күтілетін шығындарды жабу үшін қалыптастырылатын провизиялардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банк жыл сайын (не қажет болған кезде жиі) провизияларды қалыптастыру әдістемесіне мыналар:

      провизияларды қалыптастыру әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың шығындардың нақты сомаларына сәйкестігін айқындау;

      ағымдағы нарықтық жағдайларды, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін талдау;

      провизияларды қалыптастыру әдістемесінің валидациялары арқылы талдау жүргізеді.

      Ұжымдық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыру кезінде банк қажетті уақыт кезеңін қамтитын және банктің кредиттік шығындарын неғұрлым дұрыс көрсететін тарихи деректерді талдайды. Бұл ретте тарихи деректер ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайды талдаумен толықтырылады.

      Егер провизияларды қалыптастыру әдістемесі провизиялары жеке негізде қалыптастырылатын қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің өсу белгілерінің болмауын көрсеткен жағдайда, мұндай қарыздар ұжымдық негізде кредиттік тәуекел деңгейін бағалауға жатады;

      8) кредиттік тәуекелді бағалау модельдерінің валидация рәсімінің болуы.

      Модельдерді қолдана отырып кредиттік тәуекелді бағалаудың барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында банк олардың валидациясы, бэк-тестинг жүргізу процестерін, тәуекелдердің жоспарланған деңгейінен ауытқудың рұқсат етілген деңгейін регламенттейді. Жоспарланған тәуекел деңгейінен ауытқыған жағдайда, банк түзету шараларының жоспарын әзірлейді.

      Валидация бір немесе бірнеше мына әдістер:

      модельдің кемсітушілік қабілетін тексеру;

      модельдің болжамды дәлдігін бағалау;

      рейтингтердің ауысуын талдау;

      рейтингтерді салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады.

      Валидация 4 (төрт) жылда кемінде 1 (бір) реттен жиі емес жүзеге асырылады. Валидацияны жүргізу жиілігі ағымдағы нарықтық жағдайға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне байланысты, экономикада немесе банктің ішкі кредиттеу процестерінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ұлғаяды. Валидация нәтижелері тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке беріледі;

      9) кредиттік тәуекелді бағалау кезінде барабар және негізделген сараптамалық бағалауды қолдану.

      Сараптамалық бағалауды қолдану қажет болған жағдайларда банк:

      мұндай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, сараптамалық бағалауды қолданудың регламенттелген процесін;

      сараптамалық бағалауды жүргізетін қызметкерлер құзыретінің жеткілікті деңгейін;

      сараптамалық бағалауды қолданудағы біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайларда сараптамалық бағалауларда елеулі ауытқулар болмайды;

      сараптамалық бағалау тиісті сақтықты қолдана отырып, негізделген және құжатталған рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Банктің тарихи деректерді ескере отырып, сараптамалық бағалауды қолдануы ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалды талдаумен, атап айтқанда (қолданылуы бойынша):

      қарыздар беру процестеріндегі, шешімдер қабылдау стандарттары мен практикаларындағы, қайтарудағы, есептен шығарудағы өзгерістермен;

      сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың, серпінді ескере отырып, бизнес ортаның өзгерістерімен;

      жұмыс істемейтін және қайта құрылымдалған қарыздар деңгейінің өзгерістерімен;

      нарықтың жаңа сегменттері және өнімдері пайда болуымен;

      кредиттік тәуекел шоғырлануының өзгерісімен толықтырылады;

      10) қарыздар (дебиторлық берешекті және шартты міндеттемелерді қоса алғанда), сондай-ақ кредиттік тәуекел тән өзге операциялар туралы толық және дұрыс ақпаратты қамтамасыз ететін, деректерді сақтау құралдарының жиынтығын қоса алғанда, кредиттік тәуекел деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін қажетті құралдардың болуы.

      Банк кредиттік басқаруды мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады:

      ұсынылған кредиттік құжаттардың кредиттер беру талаптарына сәйкестігін тексеру;

      кредиттік шарттардың қабылданған шешімдерге сәйкестігін тексеру;

      кредиттік досьені қалыптастыру және жүргізу.

      Кредиттік досьені (бөлігін) электрондық түрде қалыптастыруға рұқсат беріледі. Кредиттік досьеде (мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей):

      қарыз алушыны идентификаттау бойынша құжаттар қамтылады:

      осы топқа жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны құруға байланысты құжаттар (Банктер туралы заңның 8-1-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін түпкі меншік иелері-жеке тұлғаларды жария етумен, оның құқық субъектілігін растаумен), сондай-ақ қарыз алушының атынан әрекет ететін және қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар жатады.

      Нысаналы пайдалануды анықтауға жататын құжаттама (овердрафтарды, банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен нысаналы пайдалануды растаусыз тұтынушылық кредиттерді және банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы кредиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктердің қатысуымен синдикатталған қарыздардан басқа):

      осы топқа жасау мақсатында қаржыландыру сұратылатын мәміле бойынша құжаттар мен ақпарат (қайта құрылымдау және (немесе) қайта қаржыландыру жағдайында қаржыландырудың бастапқы мақсаттарын қоса алғанда), оның ішінде ірі қарыз алушылар бойынша:

      қарызды пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, оның ішінде заңды тұлғалар үшін – жеткізу, сатып алу-сату шарттары, сыртқы сауда келісімшарттары және басқалары;

      қарыз бен шартты міндеттемелердің сомасы асатын заңды тұлға үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын – банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы болатын банктер үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын – банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы болатын банктер үшін – өзін-өзі ақтау мерзімін және кредиттелетін мәміленің рентабельділік деңгейін сипаттайтын қарызды берудің техникалық-экономикалық негіздемесі не қарызды пайдалану мақсаттарын, өткізу нарықтарын және қарыз алушының маркетингтік стратегиясын, тәуекелдерді бағалауды және оларды басқаруды көрсететін қарыз алушының бизнес-жоспары, жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және қарызды өтеу көздері мен көлемі), кірістер (шығыстар) сметасы (инвестициялық мақсаттарға байланысты қарыздар, start-up жобалар немесе негізгі өтеу көзі кредит ресурстары есебінен сатып алынған тауарларды және (немесе) қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болады деп жоспарланған қарыздар) жатады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит деп ағымдағы өндірістік процестерді қаржыландыру үшін берілген кредит түсініледі;

      тұтынушылық кредит деп заңды тұлға құрмай жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген және мына өлшемшарттарға сәйкес келетін кредит түсініледі:

      кредит беру кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мақсатына байланысты емес және қарыз алушы кредитті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланбайды деп болжанады;

      кредитті ұзақ пайдаланылатын тауарларды (тұрғын үй жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерін) сатып алуға және (немесе) әртүрлі қызметтерге (білім беру, туристік, медициналық, жөндеу-құрылыс және өзгелерді) ақы төлеуге және (немесе) өзге де сатып алулар мен мақсаттарға (басқа банктегі қарызды қайта қаржыландыруға (егер бұрын алынған қарыз тұтыну мақсаттарына байланысты болған жағдайда), ұялы телефондарды, тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды) жолдау жоспарлануда;

      кредитті алушыда алынған кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге объективті мүмкіндік беретін, банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен расталған тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) бар.

      Клиенттің қаржылық жағдайын және қамтамасыз ету сапасын талдау үшін қажетті құжаттар:

      құжаттардың бұл тобына негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізілетін және қарыз алушы қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсететін барлық құжаттар, сондай-ақ қабылданатын қамтамасыз етудің болуын, сапасын, мөлшерін растайтын құжаттар жатады.

      Кредиттік мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттама. Осы топқа банк бөлімшелері қарыз ресімдеу барысында қалыптастыратын немесе мерзімді кредиттік мониторингті растау үшін қажетті құжаттама, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару мақсаттары үшін қарыз алушылар (контрагенттер) туралы мәліметтерді жаңарту рәсімі жатады;

      11) басқару ақпарат жүйесінің болуы және қызмет етуі.

      Банк мына:

      кредиттік портфель және оның ішінде оның өзгерістерінің серпінінде ұсынылған оның сапасы туралы;

      банкте кредиттердің әр түрлері бойынша белгіленген лимиттерге жиынтығында ұшырауға жақындауды бағалауды қоса алғанда (лимит алдындағы тәсіл), кредиттік тәуекелге ұшырау мөлшері (деңгейі) туралы;

      байланысты қарыз алушылар тобына және оның өзгеру серпіні қатысты кредиттік тәуекелге ұшырауы туралы;

      ірі қарыз алушылардың (контрагенттердің) және банкпен ерекше қатынастармен, оның ішінде банк акционерлерімен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылардың (контрагенттердің) кредиттік тәуекелі шоғырлануы және оның өзгеру серпіні туралы;

      қарыз алушылардың (контрагенттердің) ішкі рейтингтері және олардың өзгеру серпіні туралы, қарыз алушылардың (контрагенттердің) рейтингі бойынша кредиттер сапасының мониторингі және оның кезеңділігі туралы;

      провизиялардың мөлшері және провизиялардың барабар деңгейін бағалау туралы;

      қайта құрылымдалатын, қайта қаржыландырылатын және проблемалық кредиттер туралы;

      лимиттердің сақталуын мониторингтеу және бақылау туралы;

      саясат пен лимиттерден ауытқулар туралы ақпаратты қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін басқарушылық есептілік нысандарын әзірлейді.

      Ескерту. 42-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 18.06.2020 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Директорлар кеңесі ағымдағы нарықтық жағдайға, даму стратегиясына, активтердің көлеміне және банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін нарықтық тәуекелді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банктің нарықтық тәуекелін тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторингі мен бақылануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ меншікті капиталдың оны жабу үшін жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында нарықтық тәуекелді хеджирлеу стратегиясын айқындайды.

      Нарықтық тәуекелді басқару жүйесі банк тәуекелдері басқарудың ішкі процестерімен ықпалдастырылған, ал оның нәтижелері оның нарықтық тәуекелінің деңгейі мен бейімін мониторингтеу мен бақылау процесінің, сондай-ақ банктің ағымдағы қызметін жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау процесінің ажырамас бөлігін құрайды. Нарықтық тәуекелді бағалау нәтижелері банктің даму стратегиясын әзірлеу процесінде есепке алынады.

      Нарықтық тәуекелді басқару активтер мен міндеттемелер позициясын басқару, оң пайыздық маржаны және күтілетін кірістілікті қамтамасыз ете отырып, қаржы құралдарының құнын қалыптастыру, ашық валюталық позицияны басқару, нарықтық тәуекелдердің тұрақты мониторингі және тиісті операцияларға тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерін бақылау негізінде жүзеге асырылады.

      Нарықтық тәуекелді басқару жүйесі бағалы қағаздар портфелін басқаруды және валюталар, пайыздық мөлшерлемелер және туынды қаржы құралдары бойынша ашық позицияларды бақылауды қамтиды.

      44. Банк нарықтық тәуекелді басқару процесінде:

      1) бағыныштылық және есептілік ішкі тәртібін қоса алғанда, нарықтық тәуекелді басқару процесіне тартылған банктің ұйымдық құрылымын;

      2) сауда және банк кітабының құрылымын, сондай-ақ құралдарды сауда және банк кітабының құралдарына бөлу рәсімдерін айқындайды.

      Сауда кітабы – сауда операцияларын қолдау, сатып алу және сату бағасының арасындағы айырма түрінде кіріс алу, әртүрлі тәуекелден банк операцияларын хеджирлеу үшін сатып алынатын және сатылатын қаржы құралдары ұсынылған банктің қаржы портфелінің бөлігі. Сауда кітабының позициялары үнемі қайта бағаланады. Қалған барлық операциялар банк кітабына жатады;

      3) пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып тұратын активтер (міндеттемелер);

      4) нарықтық тәуекелді бағалау тәсілдері, әдістері және модельдері;

      5) банктің тәуекел дәрежесі деңгейін белгілеуге және мониторингіне тәсілдер және тәуекелді барынша азайту әдістері тәуекелге бағытталған.

      45. Нарықтық тәуекелді басқару жүйесінің жұмыс істеуі мынадай негізгі компоненттер негізінде жүзеге асырылады, бірақ онымен шектелмейді:

      1) банктің инвестициялық қызметінің стратегияларын бекіту және мерзімді талдау, банктің белгіленген тәуекел-профилін ескере отырып, активтер мен пассивтердің оңтайлы құрылымын, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі деңгейін және маңызды нарықтық тәуекелді өтеуге өтімділік деңгейін қалыптастыру.

      Инвестициялық қызметтің стратегиясы мына негізгі принциптерге жауап береді:

      мазмұны іске асыру мақсаты, бағыты және мерзімдері бойынша банктің жалпы стратегиясына сәйкес келеді;

      банктің инвестициялық қызметін басқарудың тактикалық және стратегиялық процестері арасында өзара байланыстың болуы;

      барынша көп пайда табу, сапалы инвестициялық портфельдің өсуін қамтамасыз ету, банк активтерінің жалпы құрылымында өтімді активтердің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

      нарықтық тәуекелді басқару бойынша талаптардың, әдістердің және рәсімдердің орындалуын ескере отырып, активтер және пассивтер құрылымын қалыптастыру;

      2) нарықтық тәуекелге тән банктің барлық бағытын ескеретін нарықтық тәуекелді анықтау, бағалау, мониторингі бойынша рәсімдерді (банктік және сауда кітабын, баланстық және баланстан тыс операцияларды), сондай-ақ көрсетілген тәуекелдерді хеджирлеу әдістерін бекіту.

      Банк нарықтық тәуекелді басқару процесін әзірлейді, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      нарықтық тәуекелді басқару процесінің қатысушыларын, есеп беретін құрылымды нақты белгілей отырып, олардың өкілеттіктері жауапкершілігін, сондай-ақ ақпарат алмасу ішкі тәртібін;

      операцияларды оларды пайдалану мақсатын көрсете отырып, сондай-ақ қаржы құралдарына, оның ішінде көлеміне, құрамына және шарттарына қойылатын ішкі талаптарды және өлшемшарттарды жүзеге асыруға рұқсат берілген шетел валюталарының, қаржы құралдарының тізбесін;

      нарықтық тәуекел деңгейін анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау ішкі тәртібі және рәсімдерін.

      Нарықтық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау рәсімдері:

      активтердің, міндеттемелердің, баланстан тыс позициялардың барлық түрлерін қамтиды;

      нарықтық тәуекелдің барлық түрлерін және олардың дереккөздерін қамтиды;

      мөлшерлеме, баға және басқа да нарықтық шарттарын қоса отырып, нарықтық тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлардың өзгеруін бағалауды және мониторингін жүйелі негізде жүргізуге мүмкіндік береді;

      нарықтық тәуекелді уақытында сәйкестендіруге және нарықтық шарттардың қолайсыз өзгеруіне жауап ретінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

      Нарықтық тәуекелдің қабылданған деңгейін бағалау мақсатында банк, даму стратегиясына, банктің активтер көлеміне және операциялары күрделілігінің деңгейіне сәйкес келетін модельдерді пайдаланады.

      Жиынтық көлемі активтер (міндеттемелер) көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайтын пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып тұратын шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарына қатысты банк шетел валютасының әрқайсысы бойынша жеке пайыздық тәуекелді өлшеуді жүргізеді. Пайыздық тәуекелдерді бағалау әдіснамасы шеңберінде қабылданған жорамалдар банктің тиісті ішкі құжаттарында құжаттандырылады.

      Банк кезеңдік негізде банк қызметіне тән нарықтық тәуекелдің әрбір типі үшін құбылып тұратынына талдау жүргізеді. Құбылмалы талдау пайдаға (шығынға) және өзгермелі тәуекел факторлардың ықтимал өзгерістері банктің меншікті капиталына ықпалын көрсетеді.

      Банк кезеңдік негізде нарықтық тәуекелді бағалау модельдеріне бэк-тестинг жүзеге асырады. Банк нарықтық тәуекелді бағалау модельдерінің сенімділігін және тиімділігін тексеру мәніне бэк-тестинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай оларды жетілдіреді. Бэк-тестинг нәтижелері қажеттілігіне қарай нарықтық тәуекелді басқару рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша комитетке және банктің директорлар кеңесіне жіберіледі.

      Банк тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінен асу мүмкіндігін ескерту мақсатында нарықтық тәуекел деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізеді. Нарықтық тәуекелдің мониторинг кезеңділігін банк қызметінің тиісті бағыты үшін оның маңыздылығының дәрежесін негізге ала отырып банк анықтайды.

      Нарықтық тәуекелдің мониторингі барысында алынған нарықтық тәуекел деңгейінің елеулі өзгерістері туралы ақпарат қажетті шешім қабылдау үшін директорлар кеңесіне дейін, банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетіне дейін уақтылы жеткізіледі.

      Нарықтық тәуекелді барынша азайту мақсатында банк мыналарды белгілейді:

      Қағидалардың 3-тарауына сәйкес валюталық, баға және пайыздық тәуекелдері бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейін;

      белгіленген тәуекел дәрежесі деңгейінің сақталуына тұрақты бақылау;

      директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша комитетке, банк басқармасына және басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелерге белгіленген шекті мәніне жеткені және (немесе) тәуекел дәрежесі деңгейінің бұзушылықтары туралы тез арада ақпарат беру рәсімі;

      тәуекел дәрежесі деңгейіне жеткен кезде қабылданатын нарықтық тәуекелді төмендету бойынша шаралар;

      3) нарықтық тәуекелді басқару рәсімі:

      қаржы құралдарының құрылымы, олардың сандық және құн көрсеткіші өзгерген;

      жаңа технологияларды және банк операцияларын және басқа да мәмілелерді, өзге де қаржы инновациялары мен технологияларын жүзеге асыру талаптарын әзірлеу және енгізу;

      жаңа нарыққа шыққан кезде;

      4) хеджирлеу тиімділігін (оңтайлығын) және құнын өлшем шарттарын белгілеуді қоса отырып, тәуекелдерді хеджирлеу әдістері мен өлшемшарттары.

      Банк нарықтық тәуекелдің әрбір түрі үшін хеджирлеу стратегиясын әзірлейді және іске асырады, олар мынаны қамтиды:

      хеджирленетін баптар;

      пайдаланатын хеджирлеу құралдарының сипаттамасын (контрагенттің сенімділігін бағалауды, хеджирлеу құралдарының мерзімін ескере отырып биржалық, биржадан тыс құралдарын пайдалану);

      хеджирлеу құралдарын өтеу үшін қажетті өтімділік деңгейін анықтау ішкі тәртібін;

      хеджирлеу тиімділігін бағалау рәсімінің және әдістерінің сипаттамасын.

      Егер әділ құнының немесе толық көлемде хеджирлеу объектісі бойынша ақша ағынының өзгеруі хеджирлеу құралы бойынша әділ құнының немесе ақша ағынының өзгеруімен өтелсе хеджирлеу тиімді болып саналады. Хеджирлеу жалпы банк тәуекелге емес нақты сәйкестендірілетін тәуекелге қатысты жүзеге асырылады;

      5) қаржы құралдарын пайдаланудан банктің кірістілік мониторингінің ішкі тәртібі және рәсімі;

      6) тәуекелдерді басқару рәсімін жүзеге асыру шеңберінде олардың нәтижелерін пайдалану ішкі тәртібін қоса отырып нарықтық тәуекелді бағалау мақсатында стресс-тестілеуді жүзеге асыру рәсімі.

      Банк қызметіне тән әлеуетті нарықтық тәуекелдер деңгейін анықтау, банктің өзгерістерге қарсы тұру қабілеттілігін бағалау мақсатында кезеңдік негізде нарықтық тәуекелді стресс-тестілеу жүргізеді.

      Стресс-тестілеу, жүргізу рәсімі мен әдістерінің кезеңділігі банктің тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді. Стресс-тестілеу жүргізу кезеңділігі банктің нарықтық тәуекелге ұшырағыштығы, капитал нарықтарының және өзге де сыртқы факторларының құбылмалығы деңгейін негізге ала отырып анықталады. Стресс-тестілеу жүргізу кезеңділігі сыртқы факторларды маңызды өзгерген жағдайда ұлғаяды.

      Стресс-тестілеу жүргізген кезде мынадай сценарийлер пайдаланылады:

      тарихи;

      шетел валютасының және (немесе) банктің ашық позициялары бойынша бағалы металлдардың бағамын өзгеруін көздейтін;

      қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруін көздейтін;

      пайыздық мөлшерлемесінің жалпы деңгейінің өзгеруін, пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдарының кірістілігінің өсуіне немесе төмендеу сценарийлерін көздейтін;

      кірістіліктің өзгеруін көздейтін;

      банк тартатын және орналастыратын ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлеме арасындағы арақатынасының өзгеруін көздейтін;

      нарықтың пайыздық мөлшерлемелерінің құбылмалық дәрежесінің өзгеруін көздейтін;

      банк қызметінің басты нарықтық, қаржылық және (немесе) өзге талаптарының күрт нашарлауын көздейтін.

      Банк оның бизнесінің тиісті құрылымына сәйкес келетін әдіснамасына, стерсс-тестілеу сценарийін және қабылдайтын тәуекелдер профилін пайдаланады.

      Стресс-тестілеу нәтижелері директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетіне және банк басқармасына және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне кезеңдік негізде ұсынылады. Егер стресс-тестілеу нәтижелері тәуекелдің жекелеген факторларына банктің осалдығы туралы куәландырса, банк қабылдаған тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдайды;

      7) нарықтық тәуекелге ұшырағыштықты, оның ішінде лимитті белгілеу алдындағы тәсілінде негізделген бұрыннан байқау индикатор жүйесі;

      8) ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу рәсімдері және нарықтық тәуекелге банктің ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін нарықтық шарттардың өзгерген жағдайда банк рәсімдері;

      9) нарықтық тәуекелге ұшырағыштық деңгейін өз уақытында және толық көлемде бағалауға, тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейіне жақындату және өзгерістерге өз уақытында әсер етуге мүмкіндік беретін сапалы, жан-жақты, кезеңдік басқарушылық ақпараты жүйесінің ішкі тәртібін бекіту.

      Банк банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және банктің басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ұсынуға арналған басқарушылық ақпараттың, нарықтық тәуекелге ұшырағыштығы туралы ақпараттың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

      Басқарушылық ақпарат мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      ағымдағы пайыздық мөлшерлемелері, валюта бағамдары, нарықтық баға белгілеу және олардың динамикалары туралы мәліметтер;

      валюта және қаржы құралдары бөлігіндегі маңызды ашық позициялар туралы мәліметтер;

      пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдары бойынша біріктірілген позициялар бойынша пайыздық тәуекел деңгейі туралы мәліметтер;

      пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдары бойынша позициялардың белгіленген лимиттерге сәйкестігі туралы мәліметтер;

      нарықтық тәуекел туралы ертерек ескерту индикаторлары туралы;

      пайыздық мөлшерлемелерінің, валюта бағамдарының, болашақта баға индекстерінің өзгеруі туралы сараптама бағалар;

      нарықтық тәуекелдерді өлшеу нәтижелер;

      10) нарықтық тәуекелді төмендету бойынша шаралар қабылдау ішкі тәртібінің болуы;

      11) нарықтық ақпаратқа негізделген қаржы құралдарының әділ құнын бағалауды жүргізу рәсімдерінің болуы.

      46. Директорлар кеңесі банктің ұйымдық құрылымының барлық деңгейінде және жаңадан жасалатын өнімдерде, қызмет түрлерінде, процестерде және жүйелерде банктің тәуекелдерін басқарудың жалпы процесіне толықтай интеграцияланған операциялық тәуекелді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және оны өтеуге меншікті капиталдың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банктің операциялық тәуекелін тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді. Операциялық тәуекелді басқару жүйесі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) есеп беру ішкі тәртібін қоса алғанда, операциялық тәуекелді басқару процесіне тартылған барлық қатысушылардың толық сипатталған өзара іс-әрекеті.

      Банк операциялық тәуекелді басқару процесіне қатысушыларды 3 (үш) қорғаныс желісі негізінде анықтайды.

      Бірінші қорғаныс желісін банктің құрылымдық бөлімшелерінің өздері қамтамасыз етеді. Бұл құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың қызметіне тән, оның ішінде қызметкерлерге, өнімдерге, процестерге және жүйелерге байланысты операциялық тәуекелді анықтауға, өлшеуге, мониторинг пен бақылауға жауап береді дегенді білдіреді. Ағымдағы нарықтық жағдайды, стратегияны, активтердің көлемін, банк операцияларының күрделілік деңгейін негізге ала отырып, бірінші қорғаныс желісіндегі операциялық тәуекелді басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін банктің құрылымдық бөлімшелерінде операциялық басқару бойынша тәуекелдерді үйлестірушілер тағайындалады, олардың операциялық тәуекелді басқару және ішкі аудит бөлімшелерімен өзара әрекеттесу ішкі тәртібі белгіленеді.

      Екінші қорғаныс желісін операциялық тәуекелді басқару бойынша тәуелсіз бөлімше қамтамасыз етеді.

      Үшінші қорғаныс желісін банктің операциялық тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін тәуелсіз бағалау арқылы ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді;

      2) операциялық тәуекелді өлшеу құралдарының сипаттамасы;

      3) операциялық тәуекелдің тәуекел дәрежесінің деңгейін белгілеу ішкі тәртібі;

      4) ақпарат алмасу ішкі тәртібі және операциялық тәуекелдің ішкі оқиғаларының негізі;

      5) тәуекелді анықтау кезінде дәлдікті қамтамасыз ету үшін операциялық тәуекел оқиғаларын жіктеу жүйесі;

      6) операциялық тәуекелді талдау және банктің операциялық тәуекелінің деңгейі мен түрлері айтарлықтай өзгерген жағдайда, операциялық тәуекелді басқару саясатын тиісінше қайта қарау.

      47. Операциялық тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында директорлар кеңесі:

      1) мынадай құрамдас бөліктерді қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін операциялық тәуекелді басқару саясатын бекіту үшін жауапты болады:

      операциялық тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттері;

      операциялық тәуекелді басқарудың негізгі принциптері;

      операциялық тәуекел оқиғаларының түрлерін жіктеу;

      банктің операциялық тәуекелінің тәуекел дәрежесінің деңгейі;

      3 (үш) қорғаныс желісінің негізінде операциялық тәуекелді басқару процесіне қатысушыларды, есеп беру құрылымын нақты анықтай отырып, олардың өкілеттіктерін, жауапкершіліктерін белгілеу;

      операциялық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторинг пен бақылау ішкі тәртібі мен рәсімдерін белгілеу, оның ішінде:

      операциялық тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

      операциялық тәуекелді басқару рәсімдері мен тетіктерін белгілеу;

      ақпаратты ұсынудың түрлерін, нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, операциялық тәуекелді басқару процесінің қатысушылары арасында 3 (үш) қорғаныс желісі бойынша ақпарат алмасу ішкі тәртібі;

      саясаттан, рәсімдерден, лимиттерден ауытқуларды мақұлдау, бекіту, талдау және бақылау рәсімдері;

      жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді мақұлдау және (немесе) қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізу ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      операциялық тәуекелді басқару кезінде кемшіліктер анықталған және (немесе) банктің операциялық тәуекелге ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін жағдайлар орын алған жағдайларда ішкі құжаттар мен рәсімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі талаптар;

      2) операциялық тәуекелді басқару мәдениеті тәуекелін қалыптастыру;

      3) сыртқы факторлардың өзгеруінен туындаған операциялық тәуекелді, сондай-ақ тәуекел деңгейі мен түрлерінің өзгеруін қоса алғанда, жаңа өнімдермен, қызмет түрлерімен, процестермен немесе жүйелермен байланысты операциялық тәуекелдерді уақтылы анықтауды және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында операциялық тәуекелді басқару жүйесін үнемі талдау;

      4) операциялық тәуекелді басқарудың ең үздік тәжірибесін қолдану үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету;

      5) тұрақты түрде қарастырыла отырып, операциялық тәуекелге қатысты тәуекел дәрежесінің деңгейін бақылау және бекіту. Тәуекел дәрежесі деңгейінің өзектілігін талдау барысында сыртқы факторлардың өзгеруі, банк операцияларының, оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері бойынша айтарлықтай ұлғаюы, ішкі бақылау жүйесін аудиторлық тексеру нәтижелері (бар болса), операциялық тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігі немесе тәуекелдің азаюы, келтірілген зиянның көлемі, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінің бұзылу жиілігі, ауқымдары және сипаты ескеріледі.

      48. Банк мыналар арқылы (бірақ, олармен шектелмейді):

      1) аудиторлық тексерулердің нәтижелерін пайдалану арқылы.

      Аудиторлық тексерулердің нәтижелері банктің операциялық тәуекелін басқару барысында қосымша ақпарат көзі болып табылады;

      2) операциялық тәуекел оқиғалары туралы ішкі деректерді жинау мен талдауды жүзеге асыру.

      Операциялық тәуекел оқиғалары туралы ішкі деректерді жинау және талдау (операциялық тәуекел оқиғалары бойынша дерекқорды жүргізу) – операциялық тәуекелге ұшырағыштығын және операциялық шығындар туралы ақпараттың негізінде ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін процесс.

      Шығындардың туындау жағдайларын талдау ірі шығындардың себептері туралы ұсыныс пен бақылау жүйесіндегі іркілістің эпизодтық немесе жүйелік болып табылатындығы туралы ақпарат береді;

      3) операциялық тәуекелдер бойынша сыртқы оқиғаларды талдау.

      Операциялық тәуекел оқиғалары туралы сыртқы деректердің құрамына (бар болса) жиынтық операциялық шығындар, мерзімдері, шығындарды өтеу туралы деректер, сондай-ақ, шығындардың басқа банктерде орын алу оқиғалары туралы тиісті эпизодтық ақпарат кіреді;

      4) операциялық тәуекелді өзіндік бағалау.

      Банк осы арқылы банктің процестеріне тән операциялық тәуекелдерді анықтайтын және олардың процестерге ықпалын және анықталған операциялық тәуекелдерді бақылаудың қолданыстағы рәсімдерінің тиімділігін бағалайтын операциялық тәуекелді айқындайтын құрал;

      5) бизнес-процестердің сипаттамасы (регламенттеу).

      Бизнес-процестердің сипаттамасы (регламенттеу) – оның аясында бірінші қорғау желісін жасайтын құрылымдық бөлімшелер бизнес-процестердің негізгі кезеңдерін, қызмет түрлерін, операциялық тәуекелдерді, тәуекелдерді бақылау мен басқару кемшіліктері мен тәуекелдер арасындағы өзара тәуелділікті анықтауға ықпал ететін ұйымдастырушылық функцияларды анықтайтын процесс;

      6) операциялық тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін қолдану.

      Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары банк ұшыраған операциялық тәуекел профилі туралы ұғымды беретін статистикалық деректерді және (немесе) мәнді (шаманы) білдіреді. Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары банктегі операциялық тәуекел деңгейінің өзгерістеріне мониторинг үшін пайдаланылады, бұл өз кезегінде процестердегі, ұйымдастырудағы кемшіліктерді, іркілістер мен әлеуетті шығындарды анықтауды қамтамасыз етеді;

      7) операциялық тәуекелді сценарийлік талдау.

      Операциялық тәуекелді сценарийлік талдау шығындар туралы сыртқы оқиғаларды банктің ішкі процестерімен салыстыру және операциялық тәуекелдің әлеуетті туындау жағдайларын анықтау және ықтимал салдарларын анықтау үшін бақылау немесе тәуекел жүйесінде бұрын анықталмаған кемшіліктер туралы құрылымдық бөлімшелер басшыларының және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің операциялық сараптамалық қорытындысын алу барысын білдіреді.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет операциялық тәуекел деңгейін тұрақты мониторингтеу барысының болуын қамтамасыз етеді.

      49. Банк әртүрлі алушыларға ұсынылатын операциялық тәуекелді басқару жөніндегі есептіліктің құрамы мен жиілігін айқындайтын ішкі тәртіптің белгіленуі қоса қамтылатын, Банктің (бөлімшелердің) жауапты адамдарының ақпаратты дайындау және тиісті алушыларға жеткізу үшін басқарушылық ақпарат жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Есептілікті ұсынудың белгіленген ішкі тәртібі операциялық тәуекелді алдын ала басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Операциялық тәуекел туралы басқарушылық есептілікте:

      1) операциялық тәуекел бойынша банктің тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінің бұзылуы туралы ақпарат;

      2) оқиғалардың себептерін, түрлерін, салдарларын көрсете отырып, залалдың мөлшері туралы операциялық тәуекелдің жіктелуі бойынша бөлінген шығындар мен операциялық тәуекелдің маңызды ішкі оқиғалары туралы мәліметтер;

      3) шешімдер қабылдау үшін операциялық тәуекелдің маңызды сыртқы оқиғалары туралы мәліметтер;

      4) операциялық тәуекелдің туындауының маңызды оқиғалары бойынша қабылданатын түзетуші шаралар туралы ақпарат және (немесе) қабылданған шаралардың тиімділігін талдау;

      5) операциялық тәуекелдің өзіндік бағалау нәтижелері;

      6) тәуекелдің негізгі индикаторларын мониторингтеу нәтижелері;

      7) сценарийлік талдау нәтижелері;

      8) операциялық тәуекел картасы туралы ақпарат қамтылған.

      Басқарушылық есептілікте толық, дәйекті, уақтылы ақпарат бар. Есептіліктің кезеңділігі банктің тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейін, сондай-ақ оның қызметіндегі өзгерістер қарқынын және сипатын көрсетеді.

      Операциялық тәуекелді басқаруды үнемі жетілдіру және операциялық тәуекелді басқару қағидаттарын, рәсімдерін және процестерін ары қарай дамыту мақсатында операциялық тәуекел туралы басқарушылық есептілікті қалыптастыру процестеріне кезең-кезеңмен талдау жасалып тұрады.

      50. Стрестік жағдайда туындайтын әлеуетті тәуекелдер анықталған жағдайда, банк кезеңдік негізде (бірақ жарты жылда 1 (бір) реттен кем емес) капитал жеткіліктілігінің әлеуетті қауіп көздерін анықтау үшін стресс-тестілеу жүргізеді. Банк стресс-тестілеуді мынадай әдістерді пайдалану арқылы (бірақ олармен шектелмей) жүргізеді:

      1) сценарийлік талдау;

      2) құбылмалылық талдауы.

      Стресс-тестілеуді жүргізу процесінде мыналар қамтылады:

      стресс-тестілеу банкке капитал жеткіліктілігінің деңгейінде стресс-тестілеудің ықпалын талдауға, ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кезінде тәуекелдің туындау деңгейін бағалауға мүмкіндік береді;

      стресс-тестілеу жүргізудің дәрежесі мен жиілігі таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, сондай-ақ банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Банк нашарлап бара жатқан нарықтық жағдайларда немесе жоғарғы басшылықтың талабы бойынша стресс-тестілеуді жүргізу жиілігін ұлғайту мүмкіндігіне ие;

      банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеуді, сценарийлерді (оның ішінде, экономикалық өсу кезеңінде консервативтік сценарийлерді де қарастырады), нәтижелерді бағалауды жүргізу рәсімдерін бекіту бөлігінде стресс-тестілеу процесінде және стресс-тестілеу барысында анықталған капитал тәуекелін барынша азайту шараларын қабылдау нәтижесінде белсене қатысады.

      Банк стресс-тестілеуді жүзеге асыру кезінде стресс-тестілеудің мынадай сценарийлерін пайдаланады, бірақ олармен шектеліп қалмайды:

      жалпы алғанда және экономиканың жекелеген салалары бойынша экономикалық өсудің құлдырауын қоса алғанда, елдің экономикалық конъюктурасының төмендеуіне ықпалын бағалауға негізделетін жалпы экономикалық сценарий;

      жергілікті стрестік факторлардың ықпалын бағалауға негізделетін, оның ішінде банктің кредиттік қызметінің ерекшеліктерімен және оның кредиттік портфелінің құрылымымен байланысты банктің бизнесіне арналған ерекше сценарий.

      Банк консервативтік, бірақ капитал жеткіліктілігінің деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін сыртқы және ішкі көрсеткіштердің әлеуетті іске асырылатын жағымсыз өзгерістері негізінде стресс-тестілеу сценарийін әзірлейді.

      Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу сценарийін және қабылданған жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін бекітеді. Банктің сценарийлері мен тиісті болжамдарын таңдаудың негізділігі құжатталады және стресс-тестілеудің нәтижелерімен бірге қарастырылады.

      Стрестік сценарийлері мен құбылмалылықты анықтау кезінде банк тарихи және гипотетикалық стресстік ахуалды қоса алғанда, ақпараттың кең өрісіні пайдаланады.

      Реттеуші қабылдайтын стресстік ахуалдың сценарийлерін қолдану мүмкіндігінен басқа, банк оның жеке сипаттамасымен сәйкесетін қолдануға неғұрлым жарамды стресстік ахуалды пайдалануға ұмтылады.

      Банктің директорлар кеңесі тұрақты түрде стресс-тестілеу сценарийлерінің елеулі өзгерістері тұрғысынан қарастырады. Стресс-тестілеу сценарийлерін өзгерту қажет болған кезде аралық бағалау жүргізіледі.

      Стресс-тестілеу сценарийлерін және жорамалдарды әзірлеу кезінде банк мыналарды басшылыққа алады:

      сценарийде банк ұшырауы ықтимал барлық маңызды тәуекелдер қамтылады;

      стресс-тестілеу кезінде банк тәуекелдердің әралуан түрлерінің өзара байланысын қарастырады;

      банк стресс-тестілеудегі жорамалдарды анықтау кезінде консервативтік тәсілді ұстанады. Сценарийдің түрі мен дәрежесін негізге ала отырып, банк оның қызметіне қатысты бірқатар жорамалдардың орындылғын ескереді;

      банк қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын, сондай-ақ ағымдағы сәтте капитал жеткіліктілігі деңгейінің қаншалықты жоғары болуына қарамастан идиосинкразиялық және нарықтық сценарийлерді, оның ішінде:

      капитал нарығының қолжетімді болмауын;

      энергия қорлары құнының төмендеуін;

      ұлттық валюта бағамының әлсіреуін;

      жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарысты;

      мөлшерлемелердің өзгеруін;

      ауыл шаруашылық секторындағы дағдарысты;

      инфляциялық болжамдардың өсуін;

      халықтың жұмыссыздық деңгейінің артуын және кірістерінің азаюын;

      активтердің нарықтық құнының төмендеуін қарастырады.

      Банктің директорлар кеңесі және өтімділік тәуекелін басқару процесіне қатысатын бөлімшелер стресс-тестілеу нәтижелерін және болжамдалатын тәуекелдерді, сондай-ақ кері әсерлерді барынша азайту бойынша кейінгі іс-әрекеттерді хабарлайды және талқылайды. Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу процесінің нәтижелерін банктің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесіне қосады. Стресс-тестілеу нәтижелері ішкі лимиттерді белгілеу кезінде қолданылады.

      Банктің директорлар кеңесі күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда, оның ішінде процестің кемшіліктерін жою мақсатында стресс-тестілеу нәтижелерін капитал жеткіліктілігін қолдау процесіне есепке алады.

      51. Банк:

      1) жаңа өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге тән немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізген жағдайда тәуекелдерді бағалауды;

      2) ендіруден болатын шығындарды және пайданы талдауды;

      3) банктің тәуекел дәрежесі деңгейінің өзгеруін бағалау және тиісті өзгерістер енгізуді;

      4) тәуекелдерді басқару процесінің, бақылаудың қажетті тетіктерінің болуын;

      5) қалған тәуекелдердің деңгейі туралы ақпараттың болуын;

      6) жаңа өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге тән немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізген жағдайда тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылау үшін рәсімдер мен әдістердің болуын;

      7) жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді әзірлеу, мақұлдау мен ендірудің алдында немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізген жағдайда банктің технологиялық инфрақұрылымына немесе адам ресурсына инвестициялар салуды жүзеге асыру бойынша банктің мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететін жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді әзірлеуді, мақұлдау мен ендіруді немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.

      52. Банктің директорлар кеңесі жыл сайын меншікті капитал жеткіліктілігін және банктің директорлар кеңесіне қолжетімді өзге де ақпаратты бағалаудың ішкі процесі аясында анықталған нәтижелердің негізінде капитал жеткіліктілігін бағалауды жүзеге асырады.

      Нәтижелерін, стресс-тестілеу тәсілдерін қолдануды, тәуекелдерді анықтауды және ақпарат жинау процесін, тәуекелдерді бағалау модельдерінің валидациясын қоса алғанда капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі сандық және сапалық көрсеткіштерге үздіксіз шолу жасауға тиіс. Шолу 3 (үш) қорғау желісі аясында олардың КЖБІП-дегі рөліне қарай жасалады. Шолу ішкі және сыртқы факторлар өзгерген кезде өзгерістерді уақтылы енгізуге ықпал етеді.

6-тарау. Өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі

      53. Директорлар кеңесі банктің ӨЖБІП негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін және мына бөлімдерді:

      1) ӨЖБІП ұйымдастырушылық құрылымының сипаттамасын;

      2) тәуекел дәрежесі стратегиясының сипаттамасын;

      3) әр күндік өтімділік тәуекелін және өтімділіктің айырмашылығын қоса алғанда, өтімділік тәуекелін және қорландыруды басқаруды ұйымдастыруды;

      4) өтімділік тәуекелін басқаруды жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін бекіту процесіне біріктіру процесінің сипаттамасын;

      5) өтімділікпен күтпеген жағдайлар болған кезде қорландыру стратегиясына және қаржыландыру жоспарына шолуды;

      6) өтімділік буферлерін және кепілмен қамтамасыз етуді басқаруды ұйымдастыруды;

      7) стресс-тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды;

      8) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін өзіндік бағалау рәсімдерін ұйымдастыруды қамтитын ішкі құжатын бекітеді.

      54. ӨЖБІП ұйымдастырушылық құрылымының сипаттамасында банктің өтімділік пен өтімділік тәуекелін басқару процестерін іске асыруға қатысатын жауапты алқалы органдарын және бөлімшелерін көрсете отырып, ӨЖБІП-ке қатысушылар тізбесі қамтылады, оның ішінде:

      1) банктің директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқару және тәуекел дәрежесінің деңгейін анықтауға жауапты болады;

      2) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет директорлар кеңесі белгілеген тәуекел дәрежесінің деңгейі шеңберінде өтімділікті басқару саласындағы саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуге жауап береді. Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет банктің директорлар кеңесіне тәуекел дәрежесін сақтау және өтімділік деңгейінің елеулі өзгерістері туралы кезең-кезеңімен хабарлайды;

      3) ішкі бақылау функциялары жүктелген тұлғалар бөлімшесі (бөлімшелері) ӨЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексереді және нәтижелерін банктің директорлар кеңесіне жеткізеді;

      4) тәуекелдерді басқару процесіне қатысатын бөлімше (бөлімшелер) өтімділік тәуекелін басқару процесін іске асыруға жауапты болып табылады және ӨЖБІП сақтау жөніндегі есепті дайындауға және стресс-тестілеуді өткізуге жауапты болады;

      5) өтімділікті басқару бөлімшесі (бөлімшелері) өтімділікті жедел басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлейді (әзірлейді) және жүзеге асырады (іске асырады) және тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге күтпеген жағдайлар туындаған кезде қаржыландыру жоспарын жасайды;

      6) ішкі аудит бөлімшесі ӨЖБІП тиімділігіне бағалау жүргізеді.

      55. ӨЖБІП шеңберінде банктің директорлар кеңесі бекітілген тәуекел дәрежесі стратегиясын ұстануға жауапты.

      56. Банк әр түрлі уақыт аралығындағы активтер, міндеттемелер және баланстан тыс құралдар бойынша ақша ағындарын егжей-тегжейлі болжауды қамтитын өтімділік тәуекелін анықтау, бағалау, мониторингілеу және бақылау жөніндегі тиімді процесті әзірлейді.

      Банк өтімділік тәуекелінің деңгейіне әсер ететін барлық баланстық және баланстан тыс баптарды бағалайды. Банк өтімділік тәуекелін реттеу мақсатында банктің қорландыруды тартуға қажеттілігін өтеу үшін нарықтағы өтімділік деңгейін бағалайды.

      Өтімділік тәуекелін басқару кезінде банк активтер құнының төмендеуін және өтімділік, кірістілік және капитал деңгейіне күйзелістері кезінде оларды сату әсерін ескереді.

      Банк өтімділік тәуекелі мен ол ұшырасатын басқа да тәуекел түрлері арасындағы өзара іс-қимылды ескереді.

      Өтімділікті өлшеу болашақта өтімді активтердің ықтимал тапшылығын айқындау үшін банктің қолма-қол ақша ағындары мен түсімдерін бағалауды қамтиды. Банк қалыпты жағдайлардағы түрлі уақыт деңгейлеріндегі және күйзеліс дәрежесі әртүрлі бірқатар сценарийдегі баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді қоса алғанда, активтер мен міндеттемелер бойынша болжанатын ақшалай ағындарын өлшейді және болжайды.

      Мұндай уақыт деңгейлеріне мыналар жатады:

      өтімділікке қажеттілік және күндізгі негізде қаржыландыру мүмкіндігі;

      өтімділікке қажеттілік және 1 (бір) жылға дейін қысқа және орта мерзімді деңгейлерді қаржыландыру мүмкіндігі;

      1 (бір) жылдан астам ұзақ мерзімді өтімділік.

      Банк өтімділік тәуекелінің артуы мен қорландырудың шектеулі тәуекелдерін анықтайтын ерте ескерту индикаторларын әзірлейді. Әзірленген индикаторлар банктің өтімділік, қорландыру деңгейінің теріс үрдісін анықтайды және банктің қаржылық жағдайына туындайтын тәуекелдердің әсерін азайту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында нақты бағалауды көрсетеді.

      Банк ерте ескертудің сапалық және сандық индикаторларының триггерлерін анықтайды.

      Ерте ескертудің сапалық және сандық индикаторлары өз сипаты бойынша мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      активтердің, әсіресе міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі бар немесе өтеу мерзімі белгіленбеген активтердің тез өсуі;

      жеке активтерде немесе міндеттемелерде шоғырланудың ұлғаюы;

      валюта айырмашылықтарының ұлғаюы;

      міндеттемелердің орташа өлшенген өтеу мерзімінің төмендеуі;

      рұқсат етілген деп белгіленген, бірақ тәуекел деңгейін төмендету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданыстағы рәсімдерінде жекелеген түзету шараларын талап ететін банктің ішкі лимиттерінің және (немесе) пруденциалдық нормативтерінің мәндеріне жақындау;

      теріс үрдістер немесе банк қызметіне байланысты жоғары тәуекел;

      банк кірісінің айтарлықтай төмендеуі, активтер сапасының және банктің жалпы қаржылық жағдайының нашарлауы;

      банкке қатысты жағымсыз ақпарат, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында;

      банктің кредиттік рейтингін төмендету;

      акциялар бағасының төмендеуі немесе банк борышы құнының өсуі;

      корпоративтік немесе бөлшек қорландыру құнының өсуі;

      қосымша қамтамасыз етуді ұсыну және (немесе) жаңа мәмілелер бойынша қамтамасыз етусіз бас тарту және мерзімдерді ұзарту жөніндегі контрагенттердің талаптарын арттыру;

      банк үшін берілген кредит желілерінің белгіленген мөлшерін жабу немесе қысқарту;

      бөлшек депозиттер жылыстауының ұлғаюы;

      мерзімді корпоративтік депозиттер жылыстауының ұлғаюы;

      ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартудағы қиындықтар.

      Банк қалыпты және күйзеліс жағдайларында төлемдер мен есеп айырысулар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мақсатында бір күн ішіндегі өтімділік позициясы мен ілеспе тәуекелдерді белсенді түрде басқарады, осылайша төлемдер мен есеп айырысу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді.

      Банк өтімділіктің бір күн ішіндегі тәуекелін басқарады, бірақ олармен шектелмейді:

      ақшалай қаражаттың күтілетін түсімі мен жылыстауын есепке ала отырып, өтімділіктің күндізгі позицияларын қадағалау, операциялық күннің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын қаржыландырудың әлеуетті тапшылығының мөлшерін болжау;

      өтімділіктің кіріс және шығыс ағындарының негізгі көздері ретінде әрекет ететін негізгі клиенттерді айқындау, тұрақты байланыс орнату және жақын болашақтағы ірі түсімдер мен алымдар туралы хабардар ету арқылы түсімдер мен жылыстауларды болжау;

      өтімділік ағындары мен ықтимал кредиттік қажеттіліктер өте жоғары болатын негізгі кезеңдерді, күндерді және жағдайларды анықтау;

      бизнес-бөлімшелердің қажеттіліктерін түсіну;

      қажетті қосымша бір күн ішіндегі өтімділіктің мөлшерін немесе басым төлемдерді өтеу үшін өтімділіктің жылыстауын шектеу қажеттілігін айқындау мақсатында күтілетін төлемдерге қатысты өтімділіктің ішкі позициясын бақылау;

      қысқа мерзімде қажетті бір күн ішіндегі өтімділіктің жеткілікті деңгейін алу мақсатында қорландырудың сенімді көздерінің болуы;

      күнделікті қарыз қаражатын алу қажет болған жағдайда кепіл ретінде пайдаланылатын банк активтерін басқару;

      осындай активтердің, кепілге арналған жедел тетіктердің жеткілікті мөлшерінің болуы;

      бір күн ішіндегі қажеттіліктерге сәйкес негізгі клиенттер қаражатының жылыстауын мониторингілеу;

      қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету шараларын қоса алғанда, өтімділіктің күндізгі ағынында күтпеген үзілістер туындаған жағдайда банктің ден қою шаралары.

      Банк банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетіне және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне банктің өтімділік тәуекеліне ұшырауы және банктің өтімділік жағдайы туралы ақпарат беруге арналған тиімді басқарудың ақпараттық жүйесін ұсынады.

      Банк басқарушылық есептілік жүйесін әзірлеуде, ол:

      өтімділік тәуекелінің барлық көздерін, оның ішінде шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді, сондай-ақ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және тиісті көздер бойынша өтімділіктің белгілі бір мөлшерін алу қажеттілігіне әкелетін оқиғалардың туындауымен байланысты тәуекелдерді қамтиды;

      әртүрлі уақыт деңгейі қимасындағы өтімділік позициясы жөнінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

      жеке және біріктірілген негізде банктің едәуір позициялары бар валюталардың түрлері бойынша қалыпты және күйзелісті жағдайларда да өтімділік бойынша позицияларды мониторингілеу үшін тәуекелді өлшеуді қамтамасыз етеді;

      ауыртпалықсыз жоғары өтімді активтердің динамикасын, оларды сату немесе күйзеліс жағдайы басталған кезде қаражатты тарту үшін кепіл ретінде пайдалану мақсатында мониторингілеу мен талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

      өтімді активтер қорының деңгейіне әсер ететін факторлар туралы ақпаратты мониторингілеу мен талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

      әртүрлі сценарийлер бойынша стресс-тестілеу нәтижелерін есепке ала отырып, әртүрлі уақыт деңгейі қимасындағы ақша қаражатының болашақ ағындарын бағалауды және болжауды қамтамасыз етеді;

      күйзеліс кезеңінде неғұрлым толық және өзекті ақпаратты қамтамасыз етуді көздейді.

      Басқарушылық есептілік жүйесі мыналарды анықтайтын ішкі тәртіпті орнатуды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      әртүрлі алушыларға ұсынылатын өтімділік тәуекелін басқару бойынша есептіліктің өлшемшарттары, құрамы, ішкі тәртібі және жиілігі (мысалы, күнделікті есептілік өтімділік тәуекелін басқаруға жауапты тұлғаларға, тұрақты түрде – басқармаға, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және директорлар кеңесіне ұсынылады, жиілігі жоғары – күйзелістік жағдайлар кезеңінде);

      ағымдағы өтімділік тәуекелінің деңгейін белгіленген лимиттермен салыстыру, өтімділік деңгейіндегі жағымсыз үрдістерге әкеп соқтыратын теріс факторларды анықтау, сондай-ақ бұзушылықтарды шектеу тәсілдері;

      шекті мәндерді, бұзушылықтардың себептерін және қалыптасқан жағдайды теңестіру жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, өтімділік тәуекелінің лимиттерін бұзу туралы хабарламалар;

      ақпаратты дайындауға және тиісті алушыларға жеткізуге жауапты тұлғалар (бөлімшелер).

      Ақпараттық жүйелер өтімділік тәуекелдерін басқару жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде белгіленген лимиттердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелер банк бизнесінің күрделілігіне, тәуекел профиліне, қызмет салаларына, активтердің көлеміне және банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді.

      57. Өтімділік тәуекелін басқаруды жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін бекіту процесіне біріктіру процесінің сипаттамасы.

      Банк барлық маңызды қызмет түрлері үшін жаңа өнімдерді бекіту процесінде өтімділік шығындарын, пайдасы мен тәуекелдерін ескереді.

      Банктің ӨЖБІП банк қызметінің барлық бағыттарына тән шығындарды, пайда мен өтімділік тәуекелдерін (оның ішінде қазіргі уақытта тікелей әсер етпейтін, бірақ болашақта іске асыру мүмкіндігі бар шартты тәуекелдермен байланысты қызметті) ескереді. Шығыстардың, пайдалардың және өтімділік тәуекелдерінің мұндай бөлінуі активтер мен міндеттемелердің күтілетін мерзімдеріне, олардың нарықтағы өтімділік тәуекелінің сипаттамаларына және салыстырмалы түрде тұрақты қорландыру көздеріне қолжетімділіктен түсетін пайданы қосқанда, кез келген басқа тиісті факторларға байланысты факторларды қамтиды.

      58. Қорландыру стратегиясына және өтімділікпен болатын күтпеген жағдайлардағы қаржыландыру жоспарына шолу (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары). Банк қорландыру көздерін әртараптандырады және мына факторларды (бірақ олармен шектелмей):

      1) өнімдер, құралдар, нарықтар бойынша қорландыру көздерінің түрлерін;

      2) қорландыру мерзімдерін;

      3) эмитенттің, контрагенттің немесе кредитордың сипаттамаларын, оның ішінде экономика секторын, географиялық орналасуын;

      4) қорландыру көздерінің валютасын ескере отырып, шоғырлануға арналған ішкі лимиттерді белгілейді.

      Әртараптандыру мақсаттары қаржыландыру жоспарларының бір бөлігі болып табылады (бір жылға дейін және одан да көп) және стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды жасау процесінде ескеріледі.

      Директорлар кеңесі, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет және банк басқармасы қорландыру көздерінің сипаттамасы мен әртараптандыруы туралы ақпараттандырылады және ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне дереу ден қою мақсатында қорландыру стратегиясын кезең-кезеңімен қайта қарайды.

      Салымшылар мен контрагенттердің қаражатын тартудың тиімділігі мен мүмкіндіктерінде шешуші мәні бар қаржы нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету қорландыруды әртараптандыруды қамтамасыз етудің маңызды құрауышы болып табылады. Тиісті нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мыналарды:

      қорландыру мақсатында таңдалған қаржы нарықтарында қатысуды қолдауды;

      аңдалған қаржыландыру нарықтарында қатысуды нығайту мүмкіндігін;

      ақша қаражатын беретін ағымдағы және әлеуетті кредиторлармен өзара қарым-қатынасты анықтауды, орнатуды, қолдауды;

      кредиторлардың банкпен қарым-қатынасты қолдауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында банкті капиталдандырды арттыруды ескереді, бірақ олармен шектелмейді.

      Банк банктің стрестік жағдайлар мен өтімділік дағдарыстарына қарсы тұру қабілетін арттыратын қорландырудың балама көздерін айқындайды. Өтімділік дағдарысының сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты әлеуетті қаржыландыру көздері мыналарды:

      депозиттердің өсімін;

      міндеттемелерді өтеу мерзімдерін ұзартуды;

      қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді борыштық құралдардың эмиссиясын;

      топтың ішіндегі қаражат аударымдарын, еншілес компанияларды немесе бизнес бағыттарын сатуды;

      активтерді секьюритилендіруді;

      қолда бар жоғары өтімді активтерді сатуды немесе репо мәмілелерін жасауды;

      қызметтің негізгі бағыттары бойынша көлемдердің ұлғаюын тежеуді (мысалы, кредит беруді баяулату) қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      Банктің директорлар кеңесі, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет және басқарма болашақта өтімділікті қамтамасыз ете отырып, тиімділікті бағалау үшін әр қаржыландыру көзінен қаражатты жедел тарту мүмкіндіктерін үнемі бағалайды және бақылайды.

      Банктің директорлар кеңесі төтенше жағдайлар кезіндегі өтімділіктің жетіспеушілігін жою процесін нақты анықтайтын қаржыландыру жоспарын бекітеді. Қаржыландыру жоспары банк қызметінің ауқымына, тәуекелдер профиліне, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, активтерге және банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Қаржыландыру жоспары әр түрлі қолайсыз жағдайларда өтімділікті сақтау және қолма-қол ақша тапшылығын азайту үшін болжанбаған шығыстарды қамтамасыз ету үшін әртараптандырылған, қолжетімді және жүзеге асырылатын әлеуетті шаралардың нақты сипаттамасын қамтиды.

      Қаржыландыру жоспары мыналарды қамтиды:

      күтпеген жағдайлар туындаған кезде қаржыландырудың нақты айқындалған және қолжетімді көздері, осы көздерден тартылатын қаражаттың мүмкін мөлшерін бағалай отырып;

      күтпеген жағдайлар үшін қаржыландырудың әр көзінен қосымша қаражат тарту үшін талап етілетін уақыт;

      мыналарды реттейтін нақты операциялық рәсімдер:

      ішкі үйлестіру мен байланысты қамтамасыз ету мақсатында өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларын көрсете отырып, қаржыландыру жоспарын әзірлеуге және іске асыруға жауапты банктің тұлғаларының (органдарының, бөлімшелерінің) құрамын қалыптастыру;

      іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі және олардың қандай іс-әрекеттерді орындау қажет екендігі, олардың қабылдануы, қашан және қалай орындалғаны үшін жауап беретіндігі;

      әртүрлі күйзелістік жағдайларды жүзеге асырудың бірнеше нұсқалары.

      Операциялық сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру жоспары үнемі тестіленеді және жаңартылып отырады.

      59. Банкте әртүрлі күйзеліс сценарийлері кезінде қолжетімділікті жоғалтуға немесе кредиторлар ұсынатын, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ салымшылар орналастырған өтімді қаражат көлемін азайтуға әкеп соқтыратын оқиғаларды қоса алғанда, айтарлықтай шығындар мен дисконттарсыз өте қысқа мерзімде пайдалануға болатын, ауыртпалық салынбаған жоғары өтімді активтердің тұрақты қоры бар.

      Өтімділіктің қажетті қорын банктің өтімділік тәуекелі бойынша белгіленген тәуекел дәрежесімен салыстырамыз. Бұл үшін күйзеліс жағдайларында өтімділікке қажеттілікті бағалау үшін ауыртпалық салынбаған өтімділігі жоғары активтер қорының қажетті мөлшерін анықтауды талап етіледі. Ағымдағы жағдайдағы және күйзеліс кезеңіндегі өтімділік қажеттілігін бағалау мыналарды қамтиды:

      шарттық, сол сияқты шарттық емес ақшалай әкетулерді (әкелулерді);

      салымшылардың қаражатты алу бойынша сөзсіз талаптарын;

      және қамтамасыз етілмеген қаржыландыруды алуға қабілетсіздікті ескереді, сондай-ақ өтімді қаражатты жоғалтуды немесе қолжетімділікті төмендетуді қамтиды.

      Өтімділіктің қажетті қоры негізінен мынадай:

      ақшалай қаражат;

      өтімді мемлекеттік бағалы қағаздар;

      стрестің барынша жағымсыз және айтарлықтай жоғалтуларсыз қамтамасыз ету немесе дисконт ретінде іске асырылатын немесе пайдаланылатын ауыртпалық салынбаған өтімді активтер түріндегі шамалы жағымсыз кезеңде іске асырылуы мүмкін қаржы құралдары сияқты ең жоғары сапалы өтімді активтерден қалыптастырылады.

      Жоғары өтімді активтерді анықтаудың жалпы сипаттамасы мыналарды:

      оның құрылымының және тәуекел сипаттамасының айқындылығын;

      бағалаудың жеңілдігі мен анықтығын;

      стрестің барлық сценарийлерінде аталған актив үшін өтімді нарықтың бар болуын;

      қалыпты нарықтық айналымға қатысты банктің қорларын қоса алғанда, актив үшін нарықтың қолжетімді көлемдерін;

      өтімділіктегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кез келген уақытта қаржыландыруды алу мақсатында осы активтерді пайдалану үшін құқықтық, нормативтік немесе операциялық кедергілердің болмауын қамтиды.

      Кепілмен қамтамасыз етуді тиімді басқару мыналарды анықтайтын рәсімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:

      банктің оларды босату мерзімін ескере отырып, қазіргі уақытта кепілге берілген активтерді қоса алғанда, кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерге мұқтаждығын бағалауды;

      қаржыландырумен қамтамасыз етілген негізгі контрагенттердің және нарықтың әрбір түріне қатысты кепілмен қамтамасыз ету ретінде пайдалану үшін активтің қандай да болмасын әрбір түрінің сәйкестігін бағалауды;

      кепіл ретінде, эмитент бөлігінде, қаржы нарығы мен контрагенттердің мүмкіндіктеріне қатысты көлем, шамадан тыс шоғырлануды болдырмау үшін баға сезімталдығы, сондай-ақ нарықтық стрестің әртүрлі сценарийлерін ескере отырып, пайдалануға болатын активтерді әртараптандыруды;

      қажет болған жағдайда активтердің дереу жұмылдырылуы мүмкіндігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында эмитенттер, географиялық орналасқан жерлері, валюталар бойынша кепілмен қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді.

      60. Стресс-тестілеу жүйесі стресс-тестілеудің пайдаланылатын түрлерін талдауды, стресс-тестілеудің сценарийлерін, қолданылатын олқылықтарды, нарықтық талаптар және басқару шаралары өзгерген жағдайда жеткіліктілік өтімділігінің көрсеткіштерінің орнықтылығын тексеруге арналған әдіснамалық базаны қамтиды.

      Банк банктің ерекшелігіне, сол сияқты ауқымды нарықтық стрестерге бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сценарийлердің түрлі факторлары және олардың өтімділік деңгейіне, банктің ақшалай ағындарына, табыстылығы мен төлем қабілеттілігіне ықпалын талдау және сандық бағалау мақсатында екі сценарийді біріктіру бойынша мерзімдік негізде стресс-тестілеу жүргізеді.

      Жүргізілген стресс-тестілеу нәтижесін банктің директорлар кеңесі қарайды. Қарау нәтижесі бойынша банкке ықпал етуді шектеу, өтімділіктің қажетті қорын құру және өтімділік деңгейін түзету үшін салдарларды болдырмау немесе жеңілдету бойынша шаралар қабылдайды.

      Стресс-тестілеу нәтижелері банкті қаржыландыру жоспарын қалыптастыруда және стратегия мен ӨЖБІП-ті анықтауда негізгі рөл атқарады.

      Стресс-тестілеуді жүргізу процесі мыналарды қамтиды:

      банк өтімділіктің позициясына стресс-сценарийлердің ықпалын талдайды, түрлі уақыт кезеңінде (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), оның ішінде күн ішіндегі негізде ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кезінде өтімділік тәуекелінің туындау деңгейін бағалайды;

      стресс-тестілеуді жүргізу дәрежесі мен жиілігі таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, сондай-ақ банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Банк нашарлап отыратын нарықтық жағдайларда және банктің директорлар кеңесінің немесе тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің талап етуі бойынша стресс-тестілеулерді жүргізу жиілігін ұлғайту мүмкіндігіне ие болады;

      банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеулерді, сценарийлерді өткізу рәсімдерін бекіту (оның ішінде өтімділіктің профициті кезеңінде де стресс-сценарийлердің консервативті сценарийлерін қарастырады), нәтижелерді бағалау бойынша және стресс-тестілеу барысында анықталған өтімділік тәуекелін барынша азайту бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде стресс-тестілеу процесіне қатысады;

      банк стресс-тестілеуде нарықтың басқа қатысушыларының нарықтық стресс пе дәреже жағдайына ықтимал сипаттамалық ықпалын ескереді, онда жалпы нәтижесі нарық қозғалысын күшейтіп, нарықтық жүктемені ұлғайтады.

      Сценарийлерді әзірлеу және стресс-тестілеуге жол беру кезінде банк мыналарды басшылыққа алады:

      сценарий банк әлеуетті түрде ұшырауы мүмкін нарықтағы қорландыру мен өтімділіктің барлық негізгі тәуекелдерін қамтиды;

      банк ағымдағы сәтте тәуекел деңгейінің қаншалықты жоғары екендігіне қарамастан, қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын, сондай-ақ идиосинкразиялық және нарықтық сценарийлерді қарайды, оның ішінде:

      бұрынғы жоғары өтімді бірнеше нарықтардағы өтімділіктің бір уақытта болмауын;

      қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген қорландыруға қол жеткізудің айтарлықтай қиын жолдарын;

      валютаны конвертациялауды шектеуді;

      бір немесе бірнеше негізгі төлем немесе есеп жүйелеріне ықпал ететін күрделі операциялық немесе есептік іркілістерді қарайды;

      банк нарықтағы өтімділіктің қысқаруы және қорландыруды шектеулер арасындағы өзара байланысты ескереді;

      стресс-тестілеу кезінде банк тәуекелдердің әр түрі арасындағы өзара байланысты қарайды;

      банк көптеген валюталардағы және бірнеше негізгі төлем және есеп жүйелеріндегі өтімділікке қажеттілікті ескереді;

      банк стресс-тестілеуге жол берулерді анықтау кезінде консервативті тәсілді ұстанады. Сценарийдің типін және ауырлық дәрежесін негізге ала отырып, банк оның қызметіне қатысты бірқатар жол берулердің орындылығын мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:

      бүкіл нарық ауқымындағы өтімділіктің тарылуын;

      бөлшекті және корпоративтік қаржыландырудың әкетілуін;

      қаржыландырудың жаңа қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген көздеріне қол жеткізе алмауды;

      активтерді сату және (немесе) репоны жүзеге асыру үшін қолданыстағы дисконттарға сұраныстың туындауын;

      контрагенттердің дефолтын, оның ішінде банкаралық нарықтағы дефолтын;

      қосымша маржаны және кепілзатты белгілеу ықтималдылығын;

      қаржыландыру мерзімдерінің өзгеру ықтималдығын;

      кредиттік желілерді қоса алғанда, баланстан тыс құралдар мен операциялар бойынша шартты міндеттемелерді орындауға бағытталған өтімділікті;

      активтер көлеміндегі жоспарланған өзгерістерді;

      банкаралық салымдардың қайта қалпына келтірілмеуін;

      банкке ұсынылған кредиттік желілерді пайдалану мүмкіндігінің болмауын;

      кредиттік рейтингті елеулі түрле төмендету триггерлерінің ықпалын;

      банк клиенттерінің қаражатын конвертациялау;

      құқықтық, нормативтік, операциялық және уақытша шектеулерді ескере отырып, өтімді активтерді сату қабілеттілігінің төмендеуін;

      уәкілетті органның, квазимемлекеттік сектор компанияларының қаражатына шектеулі қолжеткізуді;

      банктің активтерді сатудың шектеулі операциялық мүмкіндігін;

      банктің кредиттік рейтингінің айтарлықтай төмендеуін;

      банкке сенімділік деңгейіне ықпал ететін банк туралы жағымсыз ақпараттың пайда болуын ескереді.

      Банк стресс-сценарийдің өзектілігін растау мақсатында оны ұдайы негізде талдайды. Талдауларда нарықтық жағдайлардағы өзгерістер, активтер сипатының, көлемінің өзгеруі немесе банктің бизнес-моделінің және қызметінің күрделілігі, стресс жағдайларындағы нақты тәжірибе ескеріледі.

      Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу сценарийін және қабылданған олқылықтарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін бекітеді. Банктің сценарийлерді және тиісті болжамдарды таңдау негізділігі құжатпен бекітіледі және стресс-тест нәтижелерімен бірге қаралады.

      Стресс-тест және болжанатын тәуекелдер нәтижесі, сондай-ақ теріс ықпал етуді барынша азайту бойынша кейін қабылданатын іс-әрекеттер хабарланады және банктің директорлар кеңесімен және өтімділік тәуекелін басқару процесіне қатысатын бөлімшелермен талқыланады. Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу процесінің нәтижесін банкті стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесіне ықпалдастырады. Стресс-тестілеу нәтижесін ішкі лимиттерді белгілеу кезінде пайдаланады.

      Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу нәтижесін қаржыландыру жоспарын бағалауға және жоспарлауға, оның ішінде жоспардағы кемшіліктерді түзету мақсатында қосады.

      61. Банк мыналар:

      1) өтімділікті басқару саясаты;

      2) процесті ұйымдастыру;

      3) рәсімдер, жүйелер және бақыланатын іс-әрекеттер;

      4) өтімділік деңгейі және қорландыру жеткіліктілігі бойынша процестің әлсіз тұстарын анықтауға ӨЖБІП өзін-өзі бақылауын жыл сайын өткізеді.

      Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша және процестің сәйкессіздіктерін және (немесе) әлсіз жақтарын анықтау кезінде банк іске асырылуға тиіс түзету іс-әрекеттері туралы ақпаратты, оның ішінде жауапты тараптар, күтілетін орындау мерзімдері, қажетті ресурстар туралы ақпаратты қамтитын іс-шаралар жоспарын жасайды.

7-тарау. Үздіксіз жұмысты басқару

      62. Банктің директорлар кеңесі ағымдағы нарықтық ахуалға, стратегияға, активтер көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін банк қызметін үздіксіз басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

      Банк қызметтің үздіксіздігін Қағидалардың 63-71-тармақтарында берілген рәсімдер арқылы, бірақ олармен шектелмей басқарады.

      63. Банк банктің ішкі құжатында айқындалған әдіс бойынша бағалау жүзеге асырылатын қызметке ықпал етуге:

      1) банк қызметкерлеріне, үй-жайларына, технологияларына немесе ақпаратына ықпал етулерге, бұрмалауларға немесе шығасыларға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын бұзуларға;

      3) беделді жоғалтуға талдау жасайды.

      Банк қызметіне ықпал етуді талдау қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтірудің уақытша шектеулерін анықтау үшін, сондай-ақ күтпеген жағдайда негізгі қызметті жаңартуға және жалғастыруға қажетті ресурстарды (күрделі ресурстарды) анықтау үшін жүргізіледі.

      Банктің қызметіне ықпал етуге талдау жүргізу үшін:

      күрделі өнімдерді беру іркілісіне байланысты ықтимал шығындардың көлемін және қызметтердің уақытын бағалайды;

      сәйкестендіру арқылы қызметтің әрбір түрінің іркілісінің барынша қолайлы кезеңін белгілейді:

      қызмет жаңартылатын ең көп уақыт кезеңі;

      қызметті жүзеге асырудың қалыпты деңгейі жаңартылатын уақыт кезеңі;

      күрделі өнімдері мен қызметтерді ұсыну үшін белгіленген мерзімде ең аз жұмыс істеу күйінде үздіксіз қолдануы және (немесе) жаңартылуы қажет қызметті орындау түрлері мен деңгейін, активтерін немесе өзге де ресурстарын анықтайды;

      апат режимінде қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтіру және одан әрі жүзеге асыру үшін ең қажетті ресурстардың көлемін анықтайды;

      қызметтің әрбір күрделі түрлерін мақсатты қалпына келтіру уақытын белгілейді. Мақсатты қалпына келтіру уақыты тиісті өнімнің немесе қызметтің тұруы барынша шекті уақытынан кем болуы тиіс;

      деректерді резервтеудің соңы және қызметтің күрделі түрінің тұруы басталғаны арасындағы қалпына келтірудің мақсатты нүктесін белгілейді;

      басымдылықты белгілей отырып мақсатты қалпына келтіру уақыты бойынша қызметтің күрделі түрлерін ранжирлейді;

      банк қызметінің күрделі түрлері және аталған адамдардың күтпеген жағдайлар басталған кезде банкке қалай көмек көрсете алатыны тәуелді болатын жеткізушілерді, контрагенттерді, басқа мүдделі тараптарды анықтайды.

      64. Банк қызметтің күрделі түрлерін сәйкестендіреді. Талдау барысында банк қызметіне әсері сәйкестендірілген, залалы қысқа мерзімді уақыт кезеңінде банкке жағымсыз әсерін тигізетін және қысқа мерзімде қалпына келтіруге жататын қызметтің күрделі түрі болып табылады.

      65. Банк мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурстарды анықтайды:

      1) қызметкер.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде қызметкерді анықтау үшін банк мыналарды:

      қажетті қызметкерлер санын;

      қажетті дағдылары мен міндетін анықтайды;

      2) үй-жай.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде үй-жайды анықтау үшін банк мыналарды:

      негізгі және балама алаңдарды;

      жоғары деңгейде қорғауды талап ететін үй-жайды анықтайды;

      3) технологиялар.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде технологияларды анықтау үшін банк мыналарды:

      қызметтің күрделі түрлерін қолдайтын ақпараттық-технологиялық қызметтерді;

      қызметтің күрделі түрлерін қолдайтын телекоммуникациялық қызметтерді;

      қызметтің күрделі түрлерін қолдайтын басқа да технологияларды, оның ішінде периметрді қорғау, инкассация технологияларын анықтайды;

      4) ақпарат.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде ақпаратты анықтау үшін банк мыналарды:

      банктің ішкі құжаттарын қоса алғанда, қызметтің күрделі түрлерін орындауға қажетті ақпаратты;

      қалпына келтіруді талап ететін ақпараттың көлемін (мақсатты қалпына келтіру нүктесі);

      ақпаратты сақтау, қорғау және қалпына келтіру әдістерін анықтайды;

      5) жеткізушілер, сыртқы қызметтер және жабдықтар.

      Банк жеткізушілерді, сыртқы қызметтерді және жабдықтарды анықтайды, олар қызметтің күрделі түрлерін орындауға тәуелді болады;

      6) қаржылық ресурстар.

      Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жоспарын (жоспарларын) орындау үшін әлеуетті қол жетімді қаржылық ресурстардың көлемін анықтайды.

      66. Банк күтпеген жағдайлардың тәуекелін талдау қызметтің күрделі түрлерінде және олар пайдаланатын ресурстарда туындайтын қауіпті және осалдығын бағалауға мүмкіндік береді. Ресурстарға жағымсыз әсерін тигізетін қауіп ретінде банк мыналарды қарайды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қызметкерлердің тапшылығын;

      2) технологиялардың, оның ішінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (компьютерлік вирустары, компьютерлік аппараттық құралдарынан бас тарту, байланыс залалы) тапшылығын;

      3) жабдықтың тапшылығын (су, электр);

      4) үй-жайларға кіру рұқсатының болмауы;

      5) негізгі жеткізушілердің, контрагенттердің тапшылығы;

      6) негізгі ақпараттың қол жетімсіздігі;

      7) қаржы ресурстарының қол жетімсіздігі.

      67. Банк мынадай негізгі ресурстарды қамтитын күтпеген жағдайлардың тәуекелдерін басқару шараларын анықтайды (бірақ олармен шектелмейді):

      1) қызметкер;

      2) үй-жай;

      3) технологиялар;

      4) ақпарат;

      5) жеткізушілер, контрагенттер және жабдық каналдары.

      Күтпеген жағдайлардың тәуекелдерін басқару шараларын таңдаған кезде банк банктің қызметіне әсерін талдау нәтижелерін, оның ішінде қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын сыртқы жеткізушілермен, сыртқа контрагенттермен (салымшылармен, кредиторлармен), банктің акционерлерімен, уәкілетті органмен және өзге де билік органдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-әрекет жасау ішкі тәртібін ескереді және анықтайды.

      Күтпеген жағдайлардың тәуекелдерін басқару шараларын таңдаған кезде банк мынадай факторларды ескереді, бірақ олармен шектелмейді:

      қызметтің күрделі түрінің барынша қолайлы іркіліс кезеңі;

      қызметтің үздіксіздігін және қалпына келтіруді қамтамасыз ету жоспарын (жоспарларын) іске асыруға шығындар;

      әрекетсіздігінің салдары;

      іске асырудан тәуекелінің шынайылығы және шығын шамасы;

      үздіксіз қызметін басқару жүйесінің белгіленген мақсаттарымен келісілушілігі;

      банктің үздіксіз қызметін басқару саясатымен және рәсімдерімен келісушілігі.

      Банк өз қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі білімдері мен құзыреттілігін қолдау бойынша шараларды анықтайды. Бұл шаралар мынадай нұсқаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      қызметтің күрделі түрлерін жүзеге асыру ішкі тәртібін регламенттеу;

      қызметкерлер жетпеген жағдайда функцияларын қайта бөлу үшін күнделікті қызметте пайдаланбайтын қызметкердің қосымша құзыретінің тізімін енгізу;

      қызметкерді кросс-функционалдық тренингтерді жүргізуді қоса алғанда қосымша кәсіби дағдыларға оқыту.

      Банк негізгі үй-жайлардың жоқ болуына байланысты күрделі өнімдері мен қызметтерді ұсынуға әсерін төмендету бойынша шараларды анықтайды. Бұл шаралар мынадай нұсқаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      баламалы үй-жайларды ұсыну;

      қызметкерді банктің басқа да үй-жайларына ауыстыру;

      күрделі емес жұмысты орындайтын қызметкерлердің жұмыс орындарын пайдалану;

      үйдегі немесе қашықтағы үй-жайлардағы жұмыс.

      Барабар үй-жайды таңдаған кезде банк мынадай ерекшеліктерді ескереді, бірақ олармен шектелмейді:

      үй-жайдың қорғалуы;

      үй-жайға кіру рұқсаты;

      негізгі үй-жайға жақындығы;

      қажетті коммуникациялардың болуы.

      Банк қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық және коммуникациялық қызметтерде жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау бойынша шараларды анықтайды.

      Банк күрделі оқиға болған жағдайда қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттың бүтіндігін, қолжетімділігін және конфиленциалдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтайды.

      Банк пайдаланылатын ресурстардың тізбесін (материалдық жабдықты, қаржы ресусртарын қоса алғанда) және олардың болуын, оның ішінде мыналарды:

      қойма үй-жайларда қосымша ресурстарды, оның ішінде технологиялық және телекоммуникациялық жабдықты сақтауды;

      қоймада ресурстарды мерзімді жеткізу (ауыстыру) туралы жеткізушімен келісуді;

      ресурстардың барабар жеткізушілердің болуын қамтитын күрделі оқиғалар болған жағдайда сыртқы жеткізушілерден және контрагенттерден және өзге де мүдделі тұлғалардан қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды анықтайды.

      68. Банк қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) әзірлеуді және оның болуын қамтамасыз етеді. Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспар (жоспарлар) мына қағидаттарға жауап береді:

      1) жауапты адамдарға түсінікті болуы;

      2) жауапты адамдардың пайдалануы үшін қолжетімді болуы;

      3) қызметтің үздіксіздігін басқару саясатына сәйкес келетін қолдану мақсаты мен саласына ие, мыналарды қоса алғанда:

      банк қызметінің күрделі түрлерінің тізімі, сондай-ақ тұрып қалудың барынша рұқсат етілген, оның ішінде қалпына келтіруді талап ету уақыты;

      қызметтің күрделі түрлерін, оның ішінде ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар үшін қалпына келтірудің нысаналы уақыты;

      беделді жоғалтудың тәуекелін барынша азайту бойынша шаралар;

      4) сыртқы ұйымдардың іс-қимылдарымен келісіледі;

      5) қызметтің үздіксіздігін және қалпына келтіруді қамтамасыз етуге қатысқан қызметкерлердің функциялары мен жауапкершілігінің сипаттамасы қамтылады;

      6) жаңарту кестесіне ие, оның ішінде:

      жаңартуға жауапты қызметкерлердің тізімін қоса алғанда жаңарту туралы шешім қабылдау рәсімі және жоспарды жаңартуды талап ететін жағдайлар;

      жоспарды жаңарту туралы хабардар етілетін қызметкерлердің тізімі;

      7) назар аудара отырып апатты сыртқы және ішкі коммуникациялар кестесін қамтиды:

      күрделі өнімдер мен қызметтерді қалпына келтіруге және апатты ұсынуға қатысатын қызметкерлер командасының ішіндегі коммуникацияларға;

      үздіксіз қызметті қамтамасыз етуге қатысатын сыртқы ұйымдармен коммуникацияларға;

      уәкілетті органмен коммуникацияларға;

      бұқаралық ақпарат құраларымен және клиенттермен коммуникацияларға;

      қалпына келтіру жұмыстары барысында контрәріптестермен және басқа да мүдделі тараптармен коммуникацияларға;

      коммуникациялар әдістеріне;

      8) қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтіру және апатты ұсыну үшін түрлі уақыт сәтінде қажетті ресурстар мен жеткізушілердің ең төменгі көлеміне қойылатын талаптарды қамтиды;

      9) қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтіру және үздіксіз ұсыну бойынша іс-қимылдардың бірізділігін қамтиды, оның ішінде:

      қалпына келтіру процесіне бөгде тараптарды тарту кестесі;

      банк қызметін қалпына келтіру процесіне банктің контрагенттері мен мүдделі тұлғаларын тарту кестесі;

      банк қызметінің күрделі түрлерін қалпына келтірудің бірізділігі мен орындары;

      күрделі ақпараттық-технологиялық қызметтерді қалпына келтіру мерзімдері мен орындары, сондай-ақ оларды қалпына келтіру бойынша іс-қимылдардың бірізділігі, оның ішінде жаңа ғимаратта желілік инфрақұрылымды қалпына келтіру, базалық функционалдылықты, қосымшалар мен деректер қорын, синхрондауды, резервтік көшіруді, телекоммуникацияларды қалпына келтіру;

      қажетті ресурстарды жұмылдыру мерзімдері мен орындары;

      10) барлық қажетті егжей-тегжейді, оның ішінде резервтік үй-жайлардың орналасуы, жүру бағыты, уәкілетті органның және өзге де билік органдарының, банк қызметін қалпына келтіруге қатысқан ұйымдардың байланыстарын, сондай-ақ олармен байланыстың тәсілдерін қамтиды;

      11) жұмыс барысы, қабылданған шешімдер және қабылданған шаралар туралы негізгі ақпаратты құжаттандыру әдісін қамтиды;

      12) мыналарға:

      апатты режимдегі жұмыстарды аяқтау туралы шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін өлшемшарттарды қоса алғанда жұмыстың апатты режимінің күшін жою;

      күнделікті жұмыс істеу режиміне өту;

      бұзылған ішкі банктік процестерді болжанбаған жағдайлардың салдарын жойғаннан кейін қалпына келтіру кестесіне ие;

      13) жоспардың қолдауға және қайта қарауға жауапты жалғыз иесі бар.

      69. Банк мыналарды анықтау мақсатында үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) тестілейді:

      1) қызметтің күрделі түрлері күрделі оқиғаның маңыздылығына қарамастан қорғалған;

      2) бұл жоспарлар болжанбаған жағдайлар талаптарында банктің қызметін және күнделікті жұмыс істеу режиміне өтуді қамтамасыз етеді.

      70. Банк:

      1) банк қызметіндегі маңызды өзгерістер болған жағдайда тестілеуді жүзеге асырады;

      2) қызметтің үздіксіз басқару жүйесінің жекелеген элементтерінде, сондай-ақ жүйенің жалпы сенімділігін тексеру мақсатында тестілеуді жүзеге асырады;

      3) тестілеуді жоспарлауды сынақтарды өткізу барысында туындайтын күрделі оқиғалардың ықпалын барынша азайтатындай жүзеге асырады;

      4) әрбір тестілеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      5) банктің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарларды әзірлеуге жауапты қызметкерлер, ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерін қатарынан және қажет болған жағдайда банктің үздіксіз қызметін және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында консультациялық қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдардан тәуелсіз мамандар қатарынан бақылаушылар тобын (тестілеуді бақылаушыларды) айқындайды. Бақылаушылар тобы (тестілеуді бақылаушылар):

      әрбір тесттің орындалуын бақылауды;

      тестілеу нәтижелерін бағалауды;

      тестілеуді жүргізу, қажетті түзету іс-қимылдарын қоса алғанда оның нәтижелері мен пікірлер туралы хаттама жасауды;

      хаттаманы үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарларды тестілеуге тартылған банк бөлімшелерінің басшыларымен келісуді жүзеге асырады;

      6) келісілген тексеру, оның ішінде тестілеу нәтижелері, анықталған кемшіліктерді жою және банктің үздіксіз қызметін басқару жүйесінің жоспарларын және басқа да элементтерін жетілдіру кіретін хаттама негізінде тестілеу жүргізудің қорытындысы бойынша есеп жасайды және оны келіседі.

      Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарларды жетілдіру бойынша ұсыныстар бар тестілеу жүргізудің қорытындысы бойынша есеп қажеттілік болған кезде қарау үшін тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және бекіту үшін банктің директорлар кеңесіне жіберіледі.

      71. Банктің директорлар кеңесі үздіксіз қызметті басқару бойынша рәсімдерді және процестерді ендіру мәртебесі, ішкі рәсімдер мен саясаттың анықталған бұзушылық фактілері, оқиғалар, тексеру нәтижелері және банктің орнықтылығын арттыру бойынша жоспарлар және белгілі бір операцияларды қалпына келтіру қабілеттілігі туралы ақпаратты қоса алғанда және мұнымен шектелмей басқару ақпараты жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

8-тарау. Ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару

      72. Банктің директорлар кеңесі ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, ол ішкі операциялық ортаға, стратегияға, ұйымдық құрылымына, активтердің көлеміне, банк операцияларының сипаты мен күрделілік деңгейіне сәйкес келеді және ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

      73. Ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесіне:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару саясаты;

      2) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару рәсімдері;

      3) басқару ақпараты жүйесі;

      4) ішкі аудит бөлімшесінің ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау кіреді, алайда мұнымен шектелмейді.

      74. Банк ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесінің мына қатысушыларын (алайда олармен шектелмей) айқындайды:

      1) банктің тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімше;

      2) ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімше.

      75. Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше құрады, оның функцияларына мыналар қоса енетін ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару кіреді:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін әзірлеу, ендіру және дамыту;

      2) банктің ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      3) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін бағалауға қатысу;

      4) ақпараттық технологиялар тәуекелдерінің деңгейіне мониторинг;

      5) банктің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және консультация;

      6) ақпараттық технологиялар бөлімшесі жүргізетін ақпараттық технологиялар тәуекелдеріне бағалау жүргізуді жоспарлау және нәтижелерін талдау;

      7) ақпараттық технологиялар тәуекелдері кіретін тәуекелдер тізілімін әзірлеу және қалыптастыру;

      8) ақпараттық технологиялардың маңызды тәуекелдерін іске асыру туралы есептерді және олардың салдарын жою бойынша іс-шаралардың орындалу мониторингін тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетке ұсыну;

      9) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жөніндегі есептілікті немесе өзге ақпаратты директорлар кеңесіне ұсыну;

      10) ішкі аудит нәтижелерін ақпараттық технологиялар тәуекелдері бөлігінде пайдалану.

      76. Банк ақпараттық технологиялар жөніндегі құрылымдық бөлімше құрады, оның функцияларына мыналар кіреді:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдеріне бағалау жүргізу;

      2) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу бойынша шаралар әзірлеу және оларды іске асыру бойынша есептіліктерді тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшеге ұсыну;

      3) ақпараттық технологиялардың маңызды тәуекелдерін іске асыру, сондай-ақ олардың салдарын жою туралы есептілікті дайындау және оларды банктің тәуекелдер бөлімшесіне ұсыну;

      4) банктің стратегиясын күрделі бизнес-процестер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

      Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің ақпараттық технологиялар жөніндегі құрылымдық бөлімшеден тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

      77. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару тәртібін айқындайтын ішкі құжатты әзірлейді, оған мыналар кіреді, алайда мұнымен шектелмеді:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін сәйкестендіру рәсімдері;

      2) ақпараттық технологиялардың әрбір тәуекелінің іске асуына ықпал ететін ішкі және (немесе) сыртқы факторларды айқындау рәсімдері;

      3) бағалаудың сапалы және (немесе) сандық әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде ақпараттық технологиялардың барлық анықталған тәуекелдерінің ықтималдық және салдарын бағалау рәсімдері;

      4) ақпараттық технологиялардың маңызды тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтау рәсімдері;

      5) ақпараттық технологиялар тәуекелдері кіретін тәуекелдер тізілімін қалыптастыру рәсімдері;

      6) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу шараларын әзірлеу рәсімдері;

      7) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу бойынша шаралардың орындалу мониторингі рәсімдері.

      78. Ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімше банктің күрделі бизнес-процестер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мыналарды ашады, алайда мұнымен шектелмейді:

      1) ресурстарға қажеттілікті анықтау, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты бюджетті анықтау;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талап етілетін іс-шараларды мерзімдері мен оларды іске асыруға жауаптыларды көрсете отырып сипаттау.

      Банк басқару ақпараты жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, банктің, дайындыққа және ақпаратты тиісті алушыларға дейін жеткізуге жауапты тұлғалардың ақпараттық технологиялары тәуекелдерін басқару жөніндегі өлшемшарттарын, құрамы мен есептілік жиілігін айқындайтын ішкі тәртіпті белгілеу кіреді, алайда мұнымен шектелмейді.

9-тарау. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару

      79. Банктің директорлар кеңесі ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, ол ішкі операциялық ортаға, стратегияға, ұйымдық құрылымға, активтердің көлеміне, банк операцияларының сипаты мен күрделілік деңгейіне сәйкес келеді және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

      80. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесіне:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаты;

      2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару рәсімдері;

      3) басқару ақпараты жүйесі;

      4) ішкі аудит бөлімшесінің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау кіреді, алайда мұнымен шектелмейді.

      81. Банк ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесінің мына қатысушыларын (алайда олармен шектелмейді) айқындайды:

      1) банктің тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімше;

      2) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімше;

      3) ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімше;

      4) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше.

      82. Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше құрады, оның функцияларына ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару кіреді:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін әзірлеу, ендіру және дамыту;

      2) банктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      3) банктің күрделі ақпараттық активтерінің тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру, оған кемінде қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше кіреді және оған басшылық ету;

      4) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауға қатысу;

      5) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері деңгейін мониторингтеу;

      6) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша банктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет ету және кеңес беру;

      7) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі жүргізетін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауды жүргізуді жоспарлау және нәтижелерін талдау;

      8) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін қамтитын тәуекелдер тізілімін әзірлеу және қалыптастыру;

      9) ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды тәуекелдерін іске асыру және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындауды мониторингтеу туралы есептілікті тәуекелдерді басқару комитетіне ұсыну;

      10) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі есептілікті немесе өзге ақпаратты банктің директорлар кеңесіне ұсыну;

      11) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері бөлігінде ішкі аудит нәтижелерін пайдалану.

      83. Банк функцияларына мыналар кіретін ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құрылымдық бөлімшені құрады:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауды жүргізу;

      2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін өңдеу шараларын әзірлеу және оларды іске асыру жөніндегі есептілікті тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ұсыну;

      3) ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды тәуекелдерін іске асыру туралы, сондай-ақ олардың салдарын жою туралы есептілікті дайындау және банктің тәуекелдер бөлімшесіне ұсыну;

      4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі банк стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу.

      Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құрылымдық бөлімшеден тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді.

      84. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналар қамтылатын, бірақ олармен шектелмейтін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару тәртібі айқындалатын ішкі құжатты әзірлейді:

      1) күрделі ақпараттық активтерді анықтау мақсатында ақпараттық активтерді сәйкестендіру және жіктеу рәсімдері;

      2) күрделі ақпараттық активтердің осалдығын сәйкестендіру рәсімдері;

      3) күрделі ақпараттық активтерге қатысты әлеуетті қауіпті сәйкестендіру рәсімдері;

      4) қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару шараларын сәйкестендіру рәсімдері;

      5) сапалық және (немесе) сандық бағалау әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде ақпараттық активтердің конфиденциалдылығын, тұтастығын және қолжетімділігін бұзу ықтималдығы мен салдарын бағалау рәсімдері;

      6) ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтау рәсімдері;

      7) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін қамтитын тәуекелдер тізілімін қалыптастыру рәсімдері;

      8) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін өңдеу шараларын орындауды мониторингтеу рәсімдері.

      85. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі мыналар ашып көрсетілетін, бірақ олармен шектелмейтін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі банк стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді:

      1) ресурстарға деген мұқтаждықты айқындау, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқаруға бағытталған шараларды іске асыруға байланысты бюджетті айқындау;

      2) мерзімдерін және іске асыруға жауапты орындаушыларды көрсете отырып ақпараттық қауіпсіздік саласында талап етілетін іс-шараларды сипаттау.

      86. Қорғалатын ақпаратқа ие бөлімшелер ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару шеңберінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне қорғалатын ақпараттың сипаттамасын беру;

      2) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшылық етуімен банктің күрделі ақпараттық активтерінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында банктің күрделі ақпараттық активтерінің тізбесін қалыптастыру.

      87. Банк банктің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі есептілігінің өлшемшарттарын, құрамын және жиілігін, ақпаратты дайындауға және тиісті алушыларға жіберуге жауапты тұлғаларды (бөлімшелерді) айқындайтын ішкі тәртіпті белгілеуді қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін басқар ақпараты жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

10-тарау. Комплаенс-тәуекелді басқару

      88. Банктің директорлар кеңесі банктің комплаенс-тәуекелін басқару рәсімін бақылайды, банкте комплаенс-бақылау бөлімшесін құрады, бас комплаенс-бақылаушыны қызметіне тағайындайды және босатады, комплаенс-тәуекелді басқару саясатын бекітеді.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, шет мемлекеттер заңнамасының банктің қызметіне әсерін тигізетін талаптарын, сондай-ақ банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарын орындау үшін рәсімдерді ұйымдастырады, директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдің болуы туралы толық және дәйекті ақпарат береді.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет директорлар кеңесі бекітуге тиіс және комплаенс-тәуекелді басқарудың негізгі қағидаттары, оның ішінде соның негізінде банк құрылымының барлық деңгейлерінде комплаенс-тәуекел анықталатын және басқарылатын банкте комплаенс-мәдениет құру қағидаттары қамтылатын комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуге жауап береді.

      89. Комплаенс-бақылау бөлімшесі комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуге, комплаенс-тәуекелді басқаруды қамтамасыз етуге және банктің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі қызметін үйлестіруге жауапты болып табылады.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің бірінші қорғау қатарын құрайтын құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметінен тәуелсіз банктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесінің тәуелсіз болуы мынадай факторлармен қамтамасыз етіледі:

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің дербес құрылымдық бөлімше мәртебесі бар;

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметкерлері банктің өзге құрылымдық бөлімшелеріндегі лауазымдарды қоса атқармайды;

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері олардың комплаенс-тәуекелді басқару міндеттері мен оларға жүктелген кез келген басқа міндеттер арасында мүдделер қақтығысы ықтимал болатын жағдайға ұшырамайды;

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінде өз құзыретінің шеңберінде рұқсаты бар және қажет болғанда банктің құрылымдық бөлімшелерінен, банктің еншілес ұйымдарынан кез келген ақпаратты талап етеді, сондай-ақ банктің және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін комплаенс-бақылау функцияларын орындауға жәрдем көрсетуге тартады.

      90. Комплаенс-бақылау бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шоғырландырылған негізде банктің комплаенс-тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылау ішкі тәртібін, тәсілдері мен рәсімдерін әзірлеу;

      2) КЖ/ТҚ қарсы іс қимыл мақсаты үшін ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу, ендіру және оның болуын қамтамасыз ету;

      3) комплаенс-бағдарламаны (жоспарды) қалыптастыру, ол мыналарды қамтиды:

      банк бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып комплаенс-тәуекелді басқару саясатын сақтауын тексеру;

      банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасының талаптарын, сондай-ақ банктің комплаенс-тәуекелге ұшырау дәрежесін айқындау мақсатында банктің қызметіне әсерін тигізетін шет мемлекеттердің заңнамасын сақтауын тексеру;

      қызметкерлерді комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша оқыту;

      4) банктің басқармасына банктің комплаенс-тәуекелін басқаруға жәрдем көрсету;

      5) осындай функцияны банктің заң бөлімшесі орындайтын жағдайларды қоспағанда, банктің басшылығы мен қызметкерлеріне өзгерістер туралы хабардар етуді қоса алғанда, комплаенс-тәуекелді басқаруға қатысы бар Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының нормалары, қағидалар, саясат туралы консультация беру;

      6) банкте банктің қызметкерлерін банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарымен таныстыру жұмысын ұйымдастыруды бақылау;

      7) комплаенс-тәуекелді, оның ішінде КЖ/ТҚ тәуекелін басқару мәселелері бойынша банктің еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      8) жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді ендіру барысына міндетті түрде қатысу;

      9) банкте мүдделер қақтығысын анықтау, бағалау мен бақылау іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      10) банктің жұмысында комплаенс-тәуекелді басқаруға байланысты анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдарды дербес немесе банктің құрылымдық бөлімшелерімен және лауазымды тұлғаларымен бірлесе отырып әзірлеу және тиісті ақпаратты банктің директорлар кеңесіне ұсыну;

      11) комплаенс-тәуекел бойынша есептілік жүйесін әзірлеу және жүргізу және тұрақты негізде банктің директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша ақпаратты ұсыну;

      12) банктің құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде ішкі аудит бөлімшесімен өзара әрекет ету және комплаенс-тәуекелді басқару жұмысын үйлестіру ішкі тәртібін әзірлеу.

      Банктің ішкі құжаттарына сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың жекелеген функциялары қажет болғанда мүдделер қақтығысының болмау талабымен банктің өзге құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

      91. Бас комплаенс-бақылаушының тәуелсіздігі былай ақындалады:

      1) бағыныштылығына қарамастан, бас комплаенс-бақылаушыны лауазымына банктің директорлар кеңесі тағайындайды және босатады;

      2) банк басқармасының қатысуынсыз, банктің директорлар кеңесіне кедергісіз рұқсаты бар;

      3) оның өз міндеттерін орындауы үшін қажет кез келген ақпаратқа рұқсаты бар;

      4) бас операциялық директор, қаржы директоры қызметін, банктің операциялық қызметінің, ішкі аудит бөлімшесі басшысының басқа да ұқсас функцияларын қоса атқармайды.

      Бас комплаенс-бақылаушының және комплаенс-бақылау бөлімшесі басшысының функцияларын қоса атқаруға рұқсат етіледі.

      Бас комплаенс-бақылаушы мен директорлар кеңесінің және (немесе) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің арасында өзара әрекет ету тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Бас комплаенс-бақылаушыны қызметіне тағайындау мен босату туралы ақпарат уәкілетті органға жіберіледі.

      Уәкілетті органның сұратуы бойынша банктің директорлар кеңесі осындай шешімді қабылдау себебінің негіздемесін ұсынады.

      92. Банк комплаенс-тәуекелді анықтайды, өлшейді, мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады және мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін комплаенс-тәуекелді басқару рәсімін әзірлейді:

      1) ішкі құжаттар дайындау арқылы комплаенс-тәуекелді, оның ішінде КЖ/ТҚ тәуекелін басқару мәселелері бойынша банктің қызметкерлеріне арналған ішкі нұсқауларды (нұсқаулықтарды) әзірлеу;

      2) банктің және оның қызметкерлерінің комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдерін сақтауын мониторингтеу;

      3) комплаенс-тәуекел оқиғалары туралы деректер жинау;

      4) клиенттердің шағымдарын (өтініштерін) комплаенс-тәуекелдің болуына талдау;

      5) банктің комплаенс-тәуекелге ұшырағыштығының дәрежесін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді әзірлеу мен талдау;

      6) банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасын, сондай-ақ шет мемлекеттердің банктің қызметіне әсерін тигізетін заңнамасын бұзу фактілеріне банктің ішкі құжатында айқындалған тәртіпке сәйкес дербес немесе құрылымдық бөлімшелермен және (немесе) банктің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тергеулер (тексерулер) жүргізу;

      7) банктің нақты операциясының (мәмілесінің) немесе оның бөлігінің Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасына, сондай-ақ шет мемлекеттердің банктің қызметіне әсерін тигізетін заңнамасына сәйкестігіне қатысты сұратулар бойынша консультациялар беру.

      93. Банк комплаенс-тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылау рәсімдерін әзірлеу кезінде мынадай факторларды есепке алады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) активтердің көлемі, банк бизнесінің сипаты мен күрделілігі;

      2) бастапқы ақпарат ретінде пайдалануға арналған деректердің қолжетімділігі;

      3) ақпараттық жүйелердің жай-күйі мен олардың мүмкіндіктері;

      4) комплаенс-тәуекелді басқару процесіне тартылған қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі.

      94. Банк мыналар ескерілетін комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді:

      1) банктің стратегиясы және қызметінің түрлері;

      2) активтердің көлемі, банк бизнесінің сипаты мен күрделілігі;

      3) банктің ұйымдық құрылымының күрделілігі;

      4) банктің қызметіне тән тәуекелдердің деңгейі мен түрлері;

      5) банктің қолданған комплаенс-тәуекелді басқару рәсімдерінің тиімділігі;

      6) әлеуетті ішкі ұйымдық өзгерістер және (немесе) нарықтық жағдайлардың өзгерістері;

      7) Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасы, сондай-ақ шет мемлекеттердің банктің қызметіне әсерін тигізетін заңнамасы.

      95. Комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдері;

      2) клиенттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету бағдарламасы қамтылатын КЖ/ТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдері (customer acceptance polіcy). Банк клиенті қызмет көрсетуге қабылдау туралы шешім қабылдаудың рәсімдерін әзірлеу және іске асыру кезінде тән тәуекел факторларын есепке алады;

      3) ішкі аудит бөлімшесінің комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауы.

      Комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі 3 (үш) қорғау қатарына негізделеді:

      банктің қызметкерлері;

      комплаенс-бақылау бөлімшесі;

      ішкі аудит бөлімшесі.

      96. Комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) комплаенс-тәуекелді басқару мақсаты мен міндеттері;

      2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде банкте комплаенс-мәдениетті құру қағидаттары (банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының, шет мемлекеттер заңнамасының банктің қызметіне әсерін тигізетін талаптарын және банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу рәсімдерін реттейтін банктің ішкі құжаттарын сақтау мәдениеті);

      3) комплаенс-тәуекелді басқарудың, оның ішінде тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделген ішкі тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;

      4) банкті және (немесе) оның еншілес ұйымдарын КЖ/ТҚ процестеріне немесе өзге қылмыстық қызметке қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдерін басқару ішкі тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері (КЖ/ТҚ тәуекелі);

      5) 3 (үш) қорғау қатары негізіндегі комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің қатысушылары, есеп беру құрылымын нақты айқындай отырып, олардың өкілеттіктері, жауапкершілігі;

      6) бас комплаенс-бақылаушының, комплаенс-бақылау бөлімшесі басшысының өкілеттіктері мен жауапкершілігі;

      7) комплаенс-бақылау бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби қасиетіне қойылатын талаптар;

      8) комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша банктің еншілес ұйымдарының қызметін бақылау және үйлестіру рәсімдері;

      9) комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің қатысушылары арасында өзара әрекет ету және ақпарат алмасу ішкі тәртібі.

      97. КЖ/ТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдерінде мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ тәуекелін басқару тәртібін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және орындау, КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл мақсатында қаржылық мониторингтеуді және ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      2) банктің КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін ішкі бақылау жөніндегі қағидаларына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) банктің құрылымдық бөлімшелері және (немесе) қызметкерлері бойынша КЖ/ТҚ бөлігінде банктің тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру ішкі тәртібі;

      4) клиенттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету бағдарламасының (customer acceptance polіcy) болуы;

      5) банк клиентті қызмет көрсету үшін қабылдау туралы шешім қабылдау рәсімдерін әзірлеу және іске асыру кезінде тәуекел факторларын, оның ішінде анықталған және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған тәуекел факторларын ескереді.

      Клиентпен іскерлік қарым-қатынастар орнатудан бас тарту және тоқтату ішкі рәсімдері мен тәртібі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған тәуекел факторлары ескеріле отырып әзірленеді. Іскерлік қарым-қатынастар орнатудан бас тарту және тоқтату фактілері туралы ақпарат уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей жіберіледі;

      6) қаржылық мониторингтеуге жататын операцияларды анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ тиісті мәліметтер мен ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне уақтылы жіберуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпарат жүйесінің және рәсімдерінің болуы.

11-тарау. Ішкі бақылау

      98. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау – банктің басқару органдары, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын күнделікті қызметке енгізілген және мына мақсаттарды орындауға бағытталған процесс:

      1) банк тәуекелдерін, активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігін қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) банкті және оның қызметкерлерін құқыққа қайшы қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде алаяқтық, қателіктер, дәлсіздіктер жасауға, алдауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға тартуға, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты операцияларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға жол бермеу үшін қабылдаған ұйымдастыру, саясат, рәсімдер мен әдістер жүйесін білдіреді.

      Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      Басқарушылық бақылау және бақылау мәдениеті (бақылау ортасы) банктің директорлар кеңесі мен банк басқармасының ішкі бақылау жүйесін құруға және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жалпы қатынасын, хабардар болуды және практикалық іс-әрекеттерді сипаттайды.

      99. Банктің директорлар кеңесі және банктің басқармасы этика қағидаттарын, кәсіптік қызметтің және корпоративті басқарудың стандарттарын ұстанудың негізінде басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастырады, бұл олардың заңнамалық белгіленген міндеттерімен және жауапкершілігімен жиынтығында банктің басқару органдары тарапынан, мыналарды:

      1) банктің стратегиясын, банктің ішкі құжаттарын әзірлеуді және оларды іске асыруды қоса алғанда, банк қызметін ұйымдастыруды;

      2) банк тәуекелдерін басқару жүйелерінің жұмыс істеуін және банк тәуекелдерін бағалауды;

      3) банк операцияларын және басқа мәмілелерді (ұйымдастырушылық құрылым) жасау кезінде өкілеттіктерді бөлуді;

      4) ақпараттық ағындарды басқаруды (ақпаратты алу және беру) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;

      5) ішкі бақылау жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін бақылауды қоса алғанда, тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

      100. Банк банктің мыналар кіретін, бірақ мұнымен шектелмейтін ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:

      1) ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру қағидаттары;

      2) қызметкерлердің кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар;

      3) ішкі бақылауды жүзеге асырудың ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      4) қорғаудың үш желісі негізінде ішкі бақылау жүйесінің қатысушыларын, олардың өкілеттіктерін, есеп берушілік құрылымын нақты анықтаумен жауапкершілігін анықтау;

      5) қорғаудың үш желісі бойынша ішкі бақылау жүйесінің қатысушылары арасында өзара іс-әрекет пен ақпаратпен алмасу ішкі тәртібі;

      6) ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында кемшіліктер анықталған жағдайда банктің ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу ішкі тәртібі.

      Банк ішкі бақылау жүйесін әзірлеу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады:

      басқарудың барлық деңгейінде күнделікті қызмет ретінде барлық құрылымдық бөлімшелерді және банк қызметкерлерін және ішкі бақылау ұйымын ішкі бақылау барысына қатысу;

      банктің барлық бағыттары мен бизнес-процестері бойынша ішкі бақылау қызметінің және бизнес-процестердің және рәсімдерді регламенттеудің барлық бағыттарын ішкі бақылаумен қамту;

      ішкі бақылауды тұрақты негізде (үздіксіздік) жүзеге асыру.

      101. Банк ішкі бақылау жүйесінің қатысушыларын қорғаудың үш желісі негізінде анықтайды:

      1) қорғаудың бірінші желісін банктің құрылымдық бөлімшелерінің өздері қамтамасыз етеді. Құрылымдық бөлімшелер басшылары құрылымдық бөлімшелерде ішкі бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру үшін жауапкершілік атқарады;

      2) қорғаудың екінші желісін банктің тәуекелдерді, комплаенс-бақылауды басқару жөніндегі бөлімшелері, заң бөлімшесі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі, қаржылық бақылау функциясын орындайтын бөлімшесі (тұлғалар) және бақылау функцияларын жүзеге асыратын өзге құрылымдық бөлімшелер қамтамасыз етеді;

      3) қорғаудың үшінші желісін ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тәуелсіз бағалау арқылы ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді.

      102. Банк мынадай өзара байланысты элементтерге негізделген ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін әзірлейді:

      1) тәуекелдерді басқаруды бақылау;

      2) бақылау іс-әрекеттері және өкілеттіктерді бөлу;

      3) ақпарат және өзара іс-әрекет;

      4) мониторинг және кемшіліктерді түзету.

      103. Ішкі бақылау жүйесі тұрақты негізде банкке тән тәуекелдерді уақтылы анықтау мен бағалауды және банктің ішкі құжаттарына сәйкес оларды барынша азайту бойынша уақтылы шараларды қабылдауды бақылауды қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) банктің алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне теріс әсер ететін ішкі факторлардың (банктің ұйымдастырушылық құрылымының күрделілігі, оның қызметінің сипаты, қызметкердің сапалық мінездемелері, ұйымдастырушылық өзгерістер, кадрлардың тұрақтамауы), сондай-ақ сыртқы факторлардың (банк саласындағы экономикалық жағдайлардың және ахуалдың өзгеруі, технологиялық жаңалықтар) тәуекелдерін бағалау барысында қарау және есепке алу;

      2) тәуекелдерді банк қызметінің жекелеген бағыттары бойынша бағалауды жүзеге асыру;

      3) банктің жаңа операциялар мен қызмет көрсетулерді оларды реттеудің банктің ішкі құжаттарына болуы шартымен жүргізу;

      4) банктің тиісті ішкі құжаттарда айқындалған адамдарға (банктің бөлімшелеріне, органдарына) банктің тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін факторлар туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз ету.

      Ішкі бақылау жүйесі кез келген жаңа немесе бақыланбайтын, оның ішінде жаңа қаржы құралдары мен өнімдерін енгізуге байланысты тәуекелдерді анықтау шамасы бойынша түзетуге ұшырайды.

      104. Бақылау іс-әрекеттеріне мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) банктің директорлар кеңесі, банктің директорлар кеңесінің комитеттері және басқармасы ішкі бақылаудың кемшіліктерін, бұзушылықтарын, қателерін анықтау және оларды жою мақсатында жүзеге асыратын бақылау;

      2) құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асыратын бақылау;

      3) материалдық құндылықтардың нақты болуын және оған қол жеткізуді, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған үй-жайларды күзетуді қамтамасыз етуді бақылау;

      4) белгіленген лимиттердің сақталуын тексеру;

      5) құқықтар мен өкілеттіктерді келісу және беру жүйесі;

      6) банк операцияларының және мәмілелерінің бухгалтерлік есепте және есептілікте уақтылы және дұрыс көрсетілуін тексеру;

      7) операциялар мен мәмілелерді жасау кезінде банктің саясаттары мен рәсімдерінің сақтауын тексеру.

      Міндеттерді бөлу шеңберінде бақылау іс-әрекеттері мүдделер қақтығысын және оның пайда болу жағдайларын, құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауды азайтуға, сондай-ақ сол бір құрылымдық бөлімшеге және (немесе) қызметкерге:

      банк операциялары мен басқа мәмілелерді жасауға және бір мезгілде олардың есепте көрсетуді жүзеге асыруға;

      ақшаны төлеуге санкция беруге және банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттерді ескере отырып, оларды нақты төлеуді жүзеге асыруға;

      банк клиенттерінің шоттары бойынша және банктің меншікті қаржылық-шаруашылық қызметін көрсететін шоттар бойынша операциялар жүргізуге;

      кредит беру кезінде ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және толықтығын бағалауға және кредиттің қайтарылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;

      мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін қызметтің кез келген басқа салаларында іс-әрекет жасауға мүмкіндік беруді болдырмауға мүмкіндік береді.

      Банктің операцияларына байланысты бақылаудың мынадай әдістері қолданылады:

      қосарланған бақылау ("төрт көз" және "бірлесіп қол жеткізу" қағидаты).

      "Төрт көз" қағидаты бір қызметкердің жұмысын операцияны есептеудің, санкция берудің және құжаттандырудың дұрыстығын тексеруге екінші қызметкерді тарту мақсатында басқа қызметкердің тексеруін (мақұлдауын) талап етеді.

      "Бірлесіп қол жеткізу" қағидаты 2 (екі) немесе одан көп қызметкердің құндылықтардың және құжаттардың нақты қорғалуы үшін бірдей шамада жауапкершілік атқаратын рәсімді жорамалдайды. Жауапкершілік банктің тиісті ішкі құжатында белгіленеді және барлық қызметкерге жіберіледі;

      операцияларды талдау.

      Операцияның дұрыс емес немесе санкция берілмеген операцияны ескерту тұрғысында алдын ала талдау.

      Санкция берілмеген операцияны жүргізу фактісін ашу мақсатында оны жүргізгеннен кейін талдау.

      Талдаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін талдауды жүзеге асырушы адам осы операцияны жүргізетін қызметкерлерден тәуелсіз болуы қажет;

      банк басшылығын банк жұмысының көрсеткіштері, қаржылық жағдайлары және бюджеттен ауытқулар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған операциялардың нәтижелері туралы есептер;

      банк қызметкеріне қателерді бақылау және анықтау тәсілдерін үйрету;

      деректердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      қызметкерді қателерден қорғауды қамтамасыз ету;

      қателерді уақтылы анықтау мақсатында олардың болуын тексеру.

      105. Ішкі бақылау тұрғысынан алғанда қаржылық, операциялық сипаттағы дәйекті және толық ақпараттың және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының белгіленген нормативтік талаптарының сақталуы туралы мәліметтердің, сондай-ақ шешімдер қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы келіп түсетін сыртқы нарықтық ақпараттың болуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратты жинау, талдау және оны мақсаты бойынша тапсыру:

      1) банктің директорлар кеңесін, банктің басқармасын және тиісті ішкі құжаттарда белгіленген адамдарды (банктің бөлімшелерін, органдарын) шешімдер қабылдау және өздерінің міндеттерін орындау үшін ақпаратпен;

      2) банк ішінде және одан тыс ақпараттың тұтастығын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық ағындардың болуын;

      3) банктің ақпараттық ағындарының және ақпараттық қауіпсіздігінің басқарылуын барабар бақылауды қамтамасыз етуді болжайды.

      Ақпараттық жүйелердің және техникалық құралдардың жұмыс істеуін ішкі бақылау олардың қорғалуын, үзіліссіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін ақпараттық-технологиялық жүйелерді бақылауды көздейді.

      Ішкі бақылау тұрғысынан алғанда банктің барлық операцияларын және мәмілелерін міндетті есепке алу қамтамасыз етіледі.

      Банктің қаржылық ақпаратының уақтылылығын, дәйектілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз етуді бақылау мыналарды тексеруді талап етеді (бірақ олармен шектелмейді):

      банкте бухгалтерлік есептің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына және ХҚЕС-ке сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерін;

      банкте бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша ішкі құжаттың болуын;

      бухгалтерлік есепте операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз етуді;

      әрбір операциялық күн соңындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікті қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді;

      синтетикалық (қорытынды) есептің талдау (егжей-тегжейлі) есепке сәйкес келуін;

      санкциялау немесе операцияларды қаржылық есептілікте көрсету барысына тартылмаған қызметкерлердің бухгалтерлік жазбаларды тұрақты тексеруді жүзеге асыруын;

      бастапқы құжаттар негізінде бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыруды және бастапқы құжаттардың тиісінше ресімделуін және сақталуын қамтамасыз етуді.

      106. Банктің ішкі бақылау жүйесін мониторингтеуді тұрақты негізде қорғаудың бірінші және екінші желілері, сондай-ақ банктің басқармасы жүзеге асырады.

      Ішкі бақылаудың маңызды кемшіліктері туралы банктің директорлар кеңесіне хабарланады.

      Ішкі аудит бөлімшесі ішкі бақылаудың тиімділігін бағалайды.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.

      107. Банктің ішкі бақылау жөніндегі басқарушылық есептілігінде ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында анықталған маңызды бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы, сондай-ақ оларды жою жөнінде қабылданған шешімдердің немесе шаралардың нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.

12-тарау. Ішкі аудит

      108. Банк банк операцияларының стратегиясын, ұйымдастырушылық құрылымын, активтердің көлемін, сипатын және күрделілік деңгейін ескеретін ішкі аудиттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ішкі аудит бөлімшесі, өз қызметінде тәуелсіз, банктің директорлар кеңесіне есеп беретін нақты белгіленген өкілеттіктерге ие. Ішкі аудит бөлімшесінде өз функциялары мен міндеттерін объективті және сапалы орындау үшін жеткілікті ресурстар мен өкілеттіктер бар.

      Ішкі аудит бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлерінің басқа лауазымдары жоқ, банктің алқалы органының мүшесі болып табылмайды және банктегі және (немесе) еншілес ұйымдардағы міндеттерді қоса атқармайды.

      Ішкі аудит бөлімшесі өз қызметінде ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын басшылыққа алады.

      109. Банктің директорлар кеңесі және ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет ішкі аудит бөлімшесі жұмысының тиімділігін төмендегілер арқылы арттыруға ықпал етеді:

      1) ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне жүйелерге, банктің алқалы органдарының жазбалары мен отырыстарының хаттамаларына қолжетімділікті қоса алғанда, банктің кез келген құжатына, ақпаратына және объектісіне шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) ішкі аудит бөлімшесінің ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқару жүйесінің, банк қызметінің барлық бағыттарындағы корпоративті басқарудың тиімділігін тәуелсіз бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      3) ішкі аудиторларға этика кодексін және Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау талаптарын белгілеу;

      4) ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне өз лауазымдық міндеттерін орындауы үшін банк қызметі және ішкі аудит әдістері туралы жеткілікті білімінің, қажетті және жеткілікті ақпаратты жинау дағдыларының болуы, талдай және бағалай білуі бойынша талаптарды белгілеу;

      5) банк басқармасы үшін аудиттік тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын уақтылы және тиімді іске асыру талаптарын белгілеу;

      6) банктің тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін мерзімді түрде бағалауды жүргізуді, бухгалтерлік есеп жүргізу ішкі тәртібін, қаржылық және реттеуші есептілікті, комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау жүйесін құру және тұтастығын қамтамасыз ету талаптары.

      Ішкі аудит бөлімшесі корпоративтік басқару, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігіне тәуелсіз, жан-жақты бағалау жүргізеді.

      Ішкі аудит бөлімшесі өз жоспарлары мен іс-әрекеттерін әзірлеу кезінде тәуекелдерге негізделген тәсілді қолданады, банк қызметіне тән тәуекелдер туралы тәуелсіз, негізделген пікір қалыптастырады, ішкі процестерге тиісті баға береді.

      110. Ішкі аудит бөлімшесінің тиімді қызметі мынадай принциптерге негізделген:

      1) мыналар арқылы қол жеткізілетін тәуелсіздік пен объективтілік:

      банктің кез келген бөлімшесінде және тәуекелге негізделген тәсіл негізінде қызметтің кез келген саласында аудит жүргізу;

      ішкі аудит бөлімшесінің ішкі бақылау шараларын әзірлеуге, енгізуге және қолдануға қатыспауы;

      ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің қызметіндегі мүдделер қақтығысының болмауы;

      орындалатын міндеттерді ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлері арасында, егер мүмкін болса, қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіпқойлығына нұқсан келтірместен ауыстыру;

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне сыйақы төлеу мен банктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің қаржылық нәтижелері арасында байланыстың болмауы. Ішкі аудит бөлімшесінің басшысына және қызметкерлеріне сыйақы төлеу мүдделер қақтығысының туындауын болдырмайтындай және ішкі аудит бөлімшесінің тәуелсіздігі мен объективтілігіне күмән келтірмейтіндей етіп белгіленеді;

      ішкі аудит бөлімшесінің есептерін директорлар кеңесі мен ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитеттің қарауына, осындай есептерді банк басқармасына – түзету құқығынсыз танысу үшін ұсыну;

      ішкі аудит бөлімшесі басшысының лауазымға тағайындайтын, оның қызметін бақылайтын және қажет болған жағдайда жұмыстан босату туралы шешім қабылдайтын банктің директорлар кеңесіне тікелей есеп беруі;

      ішкі аудит бөлімшесінің басшысын қызметінен босату туралы шешім туралы ақпарат уәкілетті органға жіберіледі. Уәкілетті органнан сұрату түскен жағдайда, банк осындай шешім қабылдау себептерін түсіндіреді;

      2) төмендегі сипаттамаларға сәйкес келетін кәсіби құзыреттілік және кәсіби абайлаушылық:

      ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің ақпаратты жинау және қабылдау, анықталған фактілерді тексеру және бағалау және ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлерімен өзара әрекеттесу қабілеті;

      ішкі аудит бөлімшесі басшысының қызметкерлер штатын жинақтау және қажетті дағдылар деңгейін үнемі бақылау мен бағалау жауапкершілігі;

      ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің және (немесе) кәсіби құзыреттілік талаптарына сәйкес келетін, тартылатын сыртқы сарапшылардың біліктілігі мен дағдыларының деңгейі және банк қызметінің тексерілетін бағыттарына ішкі аудитті тиісті деңгейде жүргізу мүмкіндігі;

      ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге сәйкес біліктілікті арттыру;

      3) мынадай принциптерге сәйкес келетін кәсіби этика:

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлерінің өз міндеттерін адал орындауы, олардың жауапкершілігі, әдептілігі мен адалдығы;

      лауазымдық міндеттерін орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау;

      мүдделер қақтығысын болдырмау. Банк қызметкерлері қатарынан қабылданған ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне олар жұмыс істеген бөлімшеге аудит жүргізуге ішкі аудит бөлімшесіне ауыстырылған күннен бастап келесі 12 (он екі) ай ішінде рұқсат етілмейді;

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлері ішкі құжаттардың, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын орындайды.

      111. Банк қызмет тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені бекітеді. Ереже мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ішкі аудит бөлімшесінің банктегі мәртебесі, өкілеттіктері, міндеттері және банктің басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл ішкі тәртібі;

      2) ішкі аудит бөлімшесінің міндеттері мен қызмет саласы;

      3) ішкі аудит бөлімшесінің атқарылған жұмыс нәтижелері туралы директорлар кеңесіне, басқармаға және банктің басқа да мүдделі бөлімшелеріне хабарлау міндеттері;

      4) ішкі аудит бөлімшесі кеңес беретін шарттар;

      5) ішкі аудит бөлімшесі басшысының жауапкершілігі мен есептілігі;

      6) ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын басшылыққа алуға қойылатын талаптар;

      7) ішкі аудит бөлімшесінің банктің сыртқы аудиторымен өзара әрекеттесу процедуралары;

      8) ішкі аудит бөлімшесінің қызмет барысындағы өкілеттіктері (оның ішінде банктің және оның еншілес ұйымының кез келген бөлімшесі мен қызмет түрін тексеру, банк құжаттарына, мәліметтеріне, материалдық объектілеріне, басқарушылық есептілікке, барлық отырыстар мен мәжілістердің жазбалары мен хаттамаларына, қабылданған шешімдерге шектеусіз қолжетімділік).

      112. Ішкі аудит бөлімшесінің қызмет саласы мынадай бағалауды қамтиды:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі;

      2) банктің саясаттары мен рәсімдерінің тиімділігі;

      3) бухгалтерлік есеп жүйесі мен ақпараттың сенімділігі;

      4) басқарушылық есептілік жүйесінің дұрыстығы, тиімділігі және тұтастығы (оның дәйектілігін, дәлдігін, толықтығын, қолжетімділігін, құпиялылығын және деректердің жан-жақты сипатын қоса алғанда);

      5) активтер мен капиталдың сақталуы.

      113. Ішкі аудит бөлімшесінің қызметі банк қызметін реттеудің барлық мәселелерін жеткілікті дәрежеде қамтиды (тәуекелдерге негізделген тәсіл негізінде), атап айтқанда:

      1) тәуекелдерді басқару, оның ішінде:

      құрылымдық бөлімшелердің міндеттерін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруды бағалау;

      банк қызметінің тәуекел дәрежесі стратегиясына және тәуекел дәрежесін анықтау рәсімдеріне сәйкестігін бағалау;

      тәуекелдерді басқару шеңберінде қабылданған мәселелер мен шешімдер туралы ақпараттандыру және тарату ішкі тәртібінің тиімділігін бағалау;

      анықтауды, бағалауды, мониторинг пен бақылауды, әрекет етуді, банк қызметінде туындайтын тәуекелдер туралы есеп беруді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау;

      дәлдігін, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару шеңберінде қолданылатын ақпараттық жүйелерде мәліметтерді құру процесін бағалау;

      тәуекелдерді бағалау модельдерінде пайдаланылатын тәсілдердің реттілігін, дереккөздердің өзектілігін, тәуелсіздігі мен дәйектілігін тексеруді қоса алғанда, осы модельдерді бекіту және пайдалану процесін бағалау.

      Егер тексеру барысында ішкі аудит бөлімшесі тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (бөлімшелерінің) теріс қорытындысы болса да, банк басқармасының шешімдер қабылдауының маңызды фактілерін анықтаған болса, мұндай фактілерді ішкі аудит бөлімшесі банктің директорлар кеңесіне жібереді;

      2) ішкі бақылау жүйесі, оның ішінде:

      ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруды тексеру;

      ішкі бақылау процесстері мен рәсімдерін бағалау;

      ішкі бақылау бойынша басқарушылық ақпараттың дәйекті, толық және уақтылы болуын бағалау;

      3) капитал мен өтімділік жеткіліктілігі, оның ішінде:

      капитал мен өтімділік жеткіліктілігін, капитал, өтімділік және міндетті нормативтерді сақтай отырып, банк қабылдайтын тәуекелдер арақатынасының барабарлығын бағалаудың ішкі процесстерінің тиімділігін бағалау;

      стресс-тесттерді, тестілеу міндеттерін өткізу реттілігін, сценарийлер мен қолданылатын жорамалдардың нақтылығын, процесстердің дәйектілігін ескере отырып, капитал мен өтімділік деңгейінің стресс-тестілеу процесстерін бағалау;

      4) реттеуші және басқарушылық есеп.

      Ішкі аудит бөлімшесі тәуекелдерді басқару және банк басшылығы мен уәкілетті орган үшін есептілікті дайындау процесстерінің тиімділігін бағалайды;

      5) комплаенс.

      Комплаенс-тәуекелді және КЖ/ТҚ тәуекелін басқару процесстері мен рәсімдерінің тиімділігін бағалау;

      6) қаржы блогының қызметі:

      қорытынды қаржылық деректердің барабарлығын, дәлдігі мен толық болуын және негізгі деректерді, оның ішінде қаржылық нәтижелерді кейіннен жіберуін қамтамасыз ету, қаржы құралдарын бағалау және олардың құнын төмендету тұрғысынан қорытынды қаржылық деректерді қалыптастыру процессін бағалау;

      баға белгілеу модельдерінде пайдаланылатын тәсілдердің реттілігін, дереккөздердің өзектілігін, тәуелсіздігі мен дәйектілігін тексеруді қоса алғанда, осы модельдерді бекіту және пайдалану процесін бағалау;

      операцияларды жүзеге асыру қағидалары бұзушылығына жол бермеу және оларды анықтау үшін қолданыстағы бақылау тетіктерін бағалау;

      банктің тәуекел бейініне, сыртқы ортаға және ең төменгі реттеуші талаптарға сәйкес келу тұрғысынан өтімділік, валюта және пайыздық мөлшерлеме бойынша банктік позицияларды өлшеу және мониторингі бойынша банктің рәсімдерін бағалау;

      тексеру барысында банк транзакцияларының саясаттарына сәйкес келу тұрғысынан оларды іріктеп тестілеу және осы транзакцияларға қатысты ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалау;

      бухгалтерлік есеп жүргізу процесстерінің, оның ішінде бақылау рәсімдерінің тиімділігін бағалау.

      114. Аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша ішкі аудиттің нәтижелері туралы есеп жасалады, онда мыналар қамтылады, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) аудиторлық тексеруді жүргізудің мақсатын, көлемін, мерзімдерін қоса алғанда, жалпы ақпарат, тексеруші топтың құрамы туралы мәлімет;

      2) бұзушылықтар мен кемшіліктерді туындатқан себептерді және олардың банк қызметіне әсерін көрсете отырып, тексеру барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізбесі;

      3) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыным;

      4) аудиторлық есеп жіберілетін адамдар тізбесі.

      Ішкі аудиттің нәтижелері туралы есеп танысып шығу үшін банктің басқармасына жіберіледі, анықталған маңызды фактілер мен жасалған қорытындылар банктің аудит мәселелері жөніндегі комитетінің және директорлар кеңесінің қарауына жіберіледі.

      115. Ішкі аудит бөлімшесінің басшысы тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде аудиторлық тексерулердің жыл сайынғы жоспарын дайындауға жауап береді, онда мыналар қамтылады, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) аудиттің мақсаты және ауқымы;

      2) аудитке жататын бағыттар;

      3) аудиті жүргізу мерзімдері;

      4) қажетті кадр және өзге ресурстар.

      Аудиторлық тексерулердің жыл сайынғы жоспары тәуекелдерді бағалауымен негізделеді және қажет болса жыл ішінде қайта қаралады.

13-тарау. Аутсорсинг

      116. Жекелеген операцияларды орындау және (немесе) бизнес-процесстерді жүзеге асыру үшін аутсорсингке сыртқы мердігерлер тартылған жағдайда банктің директорлар кеңесі сыртқы мердігерлерді тарту нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді басқарудың тиімді қағидаттары мен тәжірибелерінің болуын қамтамасыз етеді. Сыртқы мердігерлерді тарту жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) аутсорсингке қандай функциялар және қалай жіберілетінін айқындау рәсімдері;

      2) әлеуетті контрагенттерді таңдау кезінде компанияның қаржылық жай-күйінің сенімділігін тексеруін жүзеге асыру процесстері;

      3) сыртқы мердігерлер меншігінің құрылымын, конфиденциалдылық талаптарын ескеретін және келісімшарттарды бұзу құқықтарын көздейтін сыртқы мердігерлермен келісімшарттар жасасудың сенімді қағидаттары;

      4) қызметтер көрсету көзінің қаржылық жағдайын ескеретін осындай келісімшарттарды жасаумен байланысты тәуекелдерді басқару және мониторингін жүргізу;

      5) банкте және қызметтер көрсететін ұйымда тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

      6) төтенше жағдайлар туындаған кезде тиімді жоспарлар әзірлеу;

      7) қызметтер көрсететін ұйым мен банктің арасында міндеттерді нақты бөле отырып, қызметтер көрсету туралы кешенді келісімшарттарды және (немесе) шарттарды орындау.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 188 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру кағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 22-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу, төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 267 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18123 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.