"Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 790 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 қазанда № 19517 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11649 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11712 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 қазандағы
№ 790 бұйрығымен
бекітілген

"Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.еgov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ немесе кеме ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру немесе кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ немесе кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру немесе осы стандарттың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 661 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19282 болып тіркелген) "Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтінімді ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші түскен сәттен бастап он бес минут ішінде автоматты тіркеу;

      өтініш сағат 18.30-дан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) жауапты орындаушы төрт сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      3) жауапты орындаушы бір сағат ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін ресімдейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне бір сағат ішінде қол қояды.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      2) жауапты орындаушының өтінішті ұсынылған құжаттардың толықтығына және дұрыстығына қарауы;

      3) жауапты орындаушының порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін енгізу;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

      2) жауапты орындаушы.

      8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) электрондық өтінім құжаттар келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде автоматты түрде тіркеледі және жауапты орындаушыға қарауға жіберіледі;

      2) жауапты орындаушы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін қарайды;

      3) жауапты орындаушы бір сағат ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін ресімдейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне бір сағат ішінде қол қояды.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында көрсетілген:

      1) өтінім берген кезде:

      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу);

      2-процесс – электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды заңды тұлғалар мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) немесе жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) жіберу;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;

      4-процесс – электрондық өтінімді ақпараттық жүйеде тіркеу;

      5-процесс – көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық мекенжайына көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін бірегей нөмірі бар өтініш келеді;

      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарға қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті ұсынады;

      2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының жеке басын (сәйкес келуін) тексеруі және стандарттың 9-қосымшасына сәйкес өтініштің сәйкестігін тексеруі;

      7-процесс – 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;

      8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;

      3-шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;

      9-процесс – 3-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;

      10-процесс – куәлікті беру және (немесе) оның электрондық поштасына куәліктің дайын екені туралы хабарлама жіберу.

  "Кеменің, шағын көлемді
кеменің, жасалып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
кызмет регламентіне
қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы