"Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 313 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 қазанда № 19432 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 349 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 25.10.2019 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 313 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19404 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған) қолданылуы 2019 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергиясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр К. Бозумбаев