ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 313 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19404 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған) қолданылуы 2019 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергиясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр | К. Бозумбаев |