Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен бекітілген |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер беті түсірілімдерін, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы туралы деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
6) қоғамдық кеңестер – "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;
7) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
8) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:
1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;
2) шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;
3) жайылымдарда - жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
4) көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күту, егін жинау және тегістеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі жатады.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану жағдайларына (шабындық жерлерді, көп жылдық екпелер мен өндірістік емес учаскелерді: жолдарды, орман екпелерін, өзендерді, көлдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары) 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтамау және жер пайдаланушының жаюға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының саны Жүктеме нормасынан асып түсетін мөлшерде болуы жатады.
Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
5. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану арқылы жердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталында жүзеге асырылады. Веб-порталдың көрсететін қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар сатып алады.
Бұл ретте, веб-порталдың жұмыс істеуін және оны жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен, жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың деректерімен қамтамасыз етуді веб-порталдың көрсететін қызметтерін жеткізуші жүзеге асырады.
6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган веб-порталда жердің пайдаланылуын және ұтымсыз пайдаланылуын мониторингтеуді жүргізу кезінде алынған нәтижелерді мынадай деректерді пайдалана отырып талдайды:
жерді қашықтықтан зондтау;
ақпараттық деректер базасы;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;
жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.
Жер пайдаланушыларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны жағдайындағы деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш алынады.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, жер балансының және жерді қашықтықтан зондтау бойынша нақты жер пайдаланудың арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мәліметтерді нақтылау туралы сұрау жібереді.
7. Веб-порталда мыналар жүзеге асырылады:
1) ауыл шаруашылығы жерлерін танаптар/жайылымдар тарихы туралы кітаптарды қалыптастыру мәніне талдау;
2) танаптар тарихы кітаптарының толықтығын алдыңғы үш жылдағы, ағымдағы және келесі жылдардағы ауыспалы егістер бойынша деректерді енгізу мәніне талдау;
3) соңғы екі жылдағы егістердің болу/болмау мәніне танаптар тарихы кітаптарындағы деректерді қашықтықтан зондтау деректерімен салыстырмалы талдау;
4) жайылым тарихы кітаптары деректерінің Жүктеме нормасының сақталуы тұрғысынан талдау.
8. Жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын веб-порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастырады және ақпарат қалыптастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жолдайды.
Аумақтық бөлімше есептік жылдан кейінгі екінші айдың он бесінен кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16662 болып тіркелген) бекітілген Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен салықтық кезең (күнтізбелік жыл) үшін мәліметтер жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау Ақпараттық технологияларды қолданбай жерлердің пайдаланылуын мониторингтеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
9. Мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингтелуі тиіс жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.
Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы жасалған шарттың нәтижелері бойынша жерлерді пайдалану, оның ішінде жеңімпаздың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындауын мониторингтеу:
1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;
2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
1) тұрақты негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алуды жүргізеді;
2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;
3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген Тізбенің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды;
4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.
10. Тиісті күнтізбелік жылы Тізбені қалыптастыру кезінде, жалдау мерзімі аяқталған не Тізбені қалыптастыру сәтінде мерзімі аяқталуға бір жылдан аз уақыт қалған жер учаскелерін қоспағанда, өткен жылдың 1 желтоқсаны мен күнтізбелік жылдың 1 желтоқсаны аралығында берілген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбесі қалыптастырылатын жер учаскелері қосылады.
11. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының көп жылдық шөптер егістерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;
3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылау туралы мәліметтер алу үшін аумақтық бөлімшеге;
4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.
Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
13. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңес, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:
1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;
2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.
14. Мониторинг барысында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған сәттен бастап 1 (бір) жыл бойы оны мақсаты бойынша пайдаланбау фактісі белгіленген жағдайда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау кезеңіне жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмаған уақыт кірмейді.
Мониторинг жүргізу кезінде жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған жағдайда, мұндай жер учаскесі Кодекстің 94-бабында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін жерлердің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген |
|
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді |
|
пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 1- қосымша |
|
Нысан |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері | Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар | Жер учаскесіне құқықтың тіркелген күні | Танаптың /жайылымның нөмірі | Танаптың /жайылымның алаңы, гектар | Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (құқық бұзушылық түрі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
20__ жылғы "__" ____________ сағат ________ жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу
гектар |
Р/с № | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесін жалдау шартының № және күні | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің алаңы | Оның ішінде: | Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні | |||||
егістік | Оның ішінде | жайылым | шабындық | өзгелері | ||||||||
суармалы | тәлімі | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және__________________ жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
гектар |
Р/с № | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесін жалдау шартының № және күні | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің алаңы | Оның ішінде: | Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні | |||||
егістік | Оның ішінде | жайылым | шабындық | өзгелері | ||||||||
суармалы | тәлімі | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер
Р/с № | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны, шартты мал басымен | Оның ішінде: | |||||||
Ірі қара мал | Шартты мал басына аудару коэфициенті | жылқылар | Шартты мал басына аудару коэффициенті | Қойлар, ешкілер | Шартты мал басына аудару коэффициенті | түйелер | Шартты мал басына аудару коэффициенті | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер
Р/с № | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы, гектар | Оның ішінде егістік, гектар | ||
егілген | таза сүрі жер | |||||
ауыл шаруашылығы дақылдары | көпжылдық шөптер | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есеп
Р/с № | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесін жалдау шартының № және күні | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің алаңы, гектар | Оның ішінде егістік, гектар | ||||
Барлығы | ауыл шаруашылығы дақылдары егілген | көпжылдық шөптер егілген | таза сүрі жер | мақсаты бойынша пайдаланылмайтын | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Оның ішінде жайылымдар | Ауыл шаруашылығы жануарларының саны | Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының пайызы | Пайдаланылмай жатқан жайылымдар алаңы, гектар | Мониторинг нәтижелері туралы қорытынды | Ұсынымдар | |||
ірі қара мал | жылқылар | қойлар, ешкілер | түйелер | |||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |