Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18997 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 252 бұйрығымен
бекітілген

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жердің пайдаланылуын мониторингтеу) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасы және 2-тарауы пилоттық режимде қолданысқа енгізілетін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;

      5) қоғамдық кеңестер – министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;

      6) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген адамдар;

      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      8) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:

      1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;

      2) шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;

      3) жайылымдарда - жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;

      4) көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күту, егін жинау және тегістеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі жатады.

      4. Ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымсыз пайдалану жағдайларына (шабындық жерлерді, көпжылдық екпелер мен өндірістік емес аудандарды: жолдар, орман екпелері, өзендер, көлдерді қоспағанда) егістердің расталмауы және жер пайдаланушыда екі жыл бойы жайылымға жаятын ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың Жүктеме нормасының жиырма пайызындай мөлшерде болуы жатады.

      Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Жайылымдарды тиімді пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      5. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану арқылы жердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталында жүзеге асырылады. Веб-порталдың көрсететін қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар сатып алады.

      Бұл ретте, веб-порталдың жұмыс істеуін және оны жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен, жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың деректерімен қамтамасыз етуді веб-порталдың көрсететін қызметтерін жеткізуші жүзеге асырады.

      6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган веб-порталда жердің пайдаланылуын және ұтымсыз пайдаланылуын мониторингтеуді жүргізу кезінде алынған нәтижелерді мынадай деректерді пайдалана отырып талдайды:

      жерді қашықтықтан зондтау;

      ақпараттық деректер базасы;

      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;

      жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.

      Жер пайдаланушыларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны жағдайындағы деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш алынады.

      Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, жер балансының және жерді қашықтықтан зондтау бойынша нақты жер пайдаланудың арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мәліметтерді нақтылау туралы сұрау жібереді.

      7. Веб-порталда мыналар жүзеге асырылады:

      1) ауыл шаруашылығы жерлерін танаптар/жайылымдар тарихы туралы кітаптарды қалыптастыру мәніне талдау;

      2) танаптар тарихы кітаптарының толықтығын алдыңғы үш жылдағы, ағымдағы және келесі жылдардағы ауыспалы егістер бойынша деректерді енгізу мәніне талдау;

      3) соңғы екі жылдағы егістердің болу/болмау мәніне танаптар тарихы кітаптарындағы деректерді қашықтықтан зондтау деректерімен салыстырмалы талдау;

      4) жайылым тарихы кітаптары деректерінің Жүктеме нормасының сақталуы тұрғысынан талдау.

      8. Жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын веб-порталда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жер учаскелері туралы ақпаратты қалыптастырады, жер пайдаланушыға жазбаша хабарлама жібереді және жер заңнамасында белгіленген тәртіппен аталған жер учаскелері бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, содан кейін мемлекеттік кірістердің аумақтық органына ақпарат жолдайды.

      Осы кезеңдерге жер учаскесінің еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдаланылмаған уақыты кірмейді.

3-тарау Ақпараттық технологияларды қолданбай жерлердің пайдаланылуын мониторингтеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      9. Мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингтелуі тиіс жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.

      Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы жасалған шарттың нәтижелері бойынша жерлерді пайдалану, оның ішінде жеңімпаздың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындауын мониторингтеу:

      1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;

      2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын жүргізіледі.

      Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:

      1) тұрақты негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алуды жүргізеді;

      2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;

      3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген Тізбенің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды;

      4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.

      10. Тиісті күнтізбелік жылы Тізбені қалыптастыру кезінде, жалдау мерзімі аяқталған не Тізбені қалыптастыру сәтінде мерзімі аяқталуға бір жылдан аз уақыт қалған жер учаскелерін қоспағанда, өткен жылдың 1 желтоқсаны мен күнтізбелік жылдың 1 желтоқсаны аралығында берілген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбесі қалыптастырылатын жер учаскелері қосылады.

      11. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;

      3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер алу үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органға не құзыретіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына;

      4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.

      Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.

      12. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

      13. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңес, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:

      1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;

      2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.

      14. Мониторинг барысында жер учаскесін пайдаланбау не пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған сәттен бастап қатарынан екі жыл бойы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған жағдайда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.

      Бұл кезеңдерге жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын уақыт кірмейді.

      15. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін жерлердің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

  Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
пайдалану мониторингін
ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына 1- қосымша
  Нысан

Пайдаланылмаған деп белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесіне құқықтыңтіркелген күні

Танаптың /жайылымның нөмірі

Танаптың /жайылымның алаңы, гектар

Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (құқық бұзушылық түрі)

Тапсырылған күні

Арттырылған салық мөлшерлемесінің мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      20__ жылғы "__" ____________ сағат ________ жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қойылған

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

  Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
пайдалану мониторингін
ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу

  гектар

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы

Оның ішінде:

Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні

егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық

өзгелері

суармалы

тәлімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және__________________ жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

  гектар

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы

Оның ішінде:

Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні

егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық

өзгелері

суармалы

тәлімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны, шартты мал басымен

Оның ішінде:

Ірі қара мал

Шартты мал басына аудару коэфициенті

жылқылар

Шартты мал басына аудару коэффициенті

Қойлар, ешкілер

Шартты мал басына аудару коэффициенті

түйелер

Шартты мал басына аудару коэффициенті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде егістік, гектар

егілген

таза сүрі жер

ауыл шаруашылығы дақылдары

көпжылдық шөптер

1

2

3

4

5

6

7








  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есеп

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы, гектар

Оның ішінде егістік, гектар

Барлығы

ауыл шаруашылығы дақылдары егілген

көпжылдық шөптер егілген

таза сүрі жер

мақсаты бойынша пайдаланылмайтын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Оның ішінде жайылымдар

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны

Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының пайызы

Пайдаланылмай жатқан жайылымдар алаңы, гектар

Мониторинг нәтижелері туралы қорытынды

Ұсынымдар

ірі қара мал

жылқылар

қойлар, ешкілер

түйелер

12

13

14

15

16

17

18

19

20