2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 18997 бұйрығымен бекітілген |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдары - "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
4) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
6) қоғамдық кеңестер - министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;
7) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген адамдар.
3. Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) жөнінде жасалған шарттың нәтижелері бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуына, оның ішінде жеңімпаздың жерді пайдалану жөнінде қабылдаған міндеттемелерін орындауына:
1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;
2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында - әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын мониторинг жүргізіледі.
4. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:
1) егістікте - ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;
2) шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;
3) жайылымдарда - жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жатады.
2-тарау. Мониторингті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
5. Мониторинг жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингтелуі тиіс жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.
Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін тұрақты негізде есепте алуды жүргізеді;
2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады және бекітеді;
3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген тізбені облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды.
4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.
6. Тиісті күнтізбелік жылы Тізбені қалыптастыру кезінде, жалдау мерзімі аяқталған не Тізбені қалыптастыру сәтінде мерзімі аяқталуға бір жылдан аз уақыт қалған жер учаскелерін қоспағанда, өткен жылдың 1 желтоқсаны мен күнтізбелік жылдың 1 желтоқсаны аралығында берілген, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбесі қалыптастырылатын жер учаскелері қосылады.
7. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;
3) тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер алу үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органға не құзыретіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына;
4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.
Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.
8. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
9. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ жалдау шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:
1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;
2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.
10. Мониторинг барысында жер учаскесін пайдаланбау не пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған сәттен бастап қатарынан екі жыл бойы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған жағдайда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.
Бұл кезеңдерге жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын уақыт кірмейді.
11. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу
гектар |
Р/с | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесін жалдау шартының № және күні | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің алаңы | Оның ішінде: | Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні | |||||
егістік | Оның ішінде | жайылым | шабындық | өзгелері | ||||||||
суармалы | тәлімі | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және ____________ жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
гектар |
Р/с | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесін жалдау шартының № және күні | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің алаңы | Оның ішінде: | Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні | |||||
егістік | Оның ішінде | жайылым | шабындық | өзгелері | ||||||||
суармалы | тәлімі | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер
Р/с | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны, шартты мал басымен | Оның ішінде: | |||||||
Ірі қара мал | Шартты мал басына аудару коэфициенті | жылқы | Шартты мал басына аудару коэффициенті | Қой, ешкі | Шартты мал басына аудару коэффициенті | түйе | Шартты мал басына аудару коэффициенті | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер
Р/с | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы, гектар | Оның ішінде егістік, гектар | ||
егілген | таза сүрі жер | |||||
ауыл шаруашылығы дақылдары | көпжылдық шөптер | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есеп
Р/с | Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) | Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесін жалдау шартының № және күні | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің алаңы, гектар | Оның ішінде егістік, гектар | ||||
Барлығы | ауыл шаруашылығы дақылдары егілген | көпжылдық шөптер егілген | таза сүрі жер | мақсаты бойынша пайдаланылмайтын | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Оның ішінде жайылымдар | Ауыл шаруашылығы жануарларының саны | Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының пайызы | Пайдаланылмай жатқан жайылымдар алаңы, гектар | Мониторинг нәтижелері туралы қорытынды | Ұсынымдар | |||
ірі қара мал | жылқы | қой, ешкі | түйе | |||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |