ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
12-1) және 13)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;
13) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;";
мынадай редакцияда 14)-тармақшамен толықтырылсын:
"14) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры.";
85-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85-2. Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді көрсету жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшелікте тұрақты негізде онда жұмыс істейтін техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін аттестаттаудан өткен сарапшылардың әлеуетті өнім берушілерде болуы туралы талап көрсетіледі. Аттестаттаудан өткен сарапшылардың қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берілмейді.";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде өтінім берілді деп есептеледі.";
150-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы болуы;
конкурстық құжаттаманың 5, 5-1, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;";
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"153. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, осы Қағидалардың 152-1-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.
Құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттамасына осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес шартты жеңілдіктердің есебі қоса беріледі.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.";
155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
174-1-тармақ алынып тасталсын;
175-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"175-1. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптамалық ұйымның немесе сарапшының) "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) сәйкес белгіленген бағадан ол төмен болса, демпингтік деп танылады.";
177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"177. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы тауарларға, жұмыстарға (осы Қағидалардың 174, 175, 175-1-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), қызметтерге (осы Қағидалардың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда) егер конкурсқа бөлінген бағасынан жиырма пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.";
185, 186, 187, 188, 189, 190, 191-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"185. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс мынадай реттілігімен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;
2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
186. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның шарттарына сәйкес келуі тиіс.
187. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі біліктілік органымен тиісті ақпараттық жүйелердің мәліметтерінің негізінде автоматты түрде қалыптасады.
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген шектеулері бар әлеуетті өнім берушілер қосылмайды.
188. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі осы Қағидалардың 4-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптасады.
189. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген Мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктей отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (бұдан әрі-тізбе) сәйкес әлеуетті өнім берушінің қызмет саласы;
2) білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
әлеуетті өнім берушінің атауы;
әлеуетті өнім берушінің елі;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін-бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
Ресей Федерациясының резиденттері үшін-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) (заңды тұлғалар үшін), жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі (ЖДШСН) (жеке тұлғалар үшін);
Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті өнім берушіні Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізуге негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні.
190. Әлеуетті өнім берушілер білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінен мынадай:
1) әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болған жағдайларда автоматты түрде шығарылады.
191. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың екінші кезеңін жүзеге асыру кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.";
192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219 және 220-тармақтар алынып тасталсын;
307-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"307. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде өтінім берілді деп есептеледі.";
344-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ол негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
аукциондық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық ұсынбауы;
әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;";
347-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"347. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей белгіленеді.";
383-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"383. Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20, 20-1, 20-2 және 21-қосымшаларына сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:
1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.";
398-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"398. Егер шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап шарттары қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде жасалған өнім берушілерге қолданылмайды.";
442-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:
1) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға;
2) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, үш жылға;
3) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, төрт жылға;
4) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға белгіленуі мүмкін.";
мынадай редакциядағы 13-тараумен толықтырылсын:
"13-Тарау. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына оның қаржылық орнықтылығы түріндегі сәйкестігін анықтау тәртібі
445. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.
446. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:
1) кірістер (айналым қаражаты);
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбек ақы төлеу қоры.
447. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:
1) әлеуетті өнім берушінің кірістері (айналым қаражаты) өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;
2) төленген салықтардың көрсеткіші өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кірісінен кемінде үш пайызды құрайды.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:
ТСК = ТС / ЖЖК х 100%,
мұнда:
ТСК-төленген салықтардың көрсеткіші;
ТС-төленген салық сомасы;
ЖЖК-әлеуетті өнім берушінің жиынтық кірісінің сомасы;
3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;
4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.";
мынадай редакциядағы 14-тараумен толықтырылсын:
"14-Тарау. Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу
448. Электрондық депозитерий осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша веб-порталда қалыптасады.
449. Электрондық депозитарий осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың негізінде уәкілетті органмен қалыптастырылады.
450. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар электрондық депозитарийге әлеуетті өнім берушілермен келесі мерзімдерде енгізіледі:
1) алдыңғы жалдарға (соңғы он жылдың ішінде) 2019 жылдың 31 қазанынан кеш емес;
2) ағымдағы жылға осы жылдың 31 желтоқсанынан кеш емес.
451. Егер әлеуетті өнім беруші жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды осы Қағидалардың 450-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін ұсынса, ондай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге олардың анықтығы расталғаннан кейін уәкілетті орган енгізеді.
452. Осы Қағидалардың 451-тармағында көзделген жағдайларда, жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган олардың анықтығын анықтау үшін олардың веб-портал арқылы келген күнінен бастап екі ай ішінде қарайды.
453. Әлеуетті өнім берушінің ұсынған жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың анықтығын айқындау мақсатында уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға сұрау салу жібереді.
Сұратылған ақпаратты ұсыну кезеңінде өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы уәкілетті орган тиісті сұрау салу жіберілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы хабардар етеді.
454. Тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалар ұсынылған құжаттардың анықтығын растаған жағдайда, мұндай мәліметтер электрондық депозитарийге енгізіледі.
455. Электрондық депозитарийге енгізілген құжаттар мен мәліметтерге өзгерістер осы Қағидалардың 451-454-тармақшаларында айқындалған тәріппен жүзеге асырылады.
456. Уәкілетті орган электрондық депозитарийде орналасқан мәліметтер мен құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінінің немесе өнім берушінінің анық емес ақпарат ұсынған фактісі белгіленген себеп бойынша оларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіміне енгізген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийден алып тастайды.";
Қағидаларға 4-қосымшаның:
16-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;
осы КҚ-ға 5, 5-1, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстардың екіден бір астамын беруге тыйым салу шарты;
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстар не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер аталған жұмыстар әлеуетті өнім берушімен қосалқы мердігер ретінде орындалған болса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір (0,1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";
Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 5-1-қосымшамен осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда толықтырылсын;
Қағидаларға 4-1 және 4-2-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын;
Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 9-қосымшаның 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Аукцион веб-порталында, аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасында көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі күн болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешікпейтін етіп белгіленеді.";
Қағидаларға 14-қосымшаның:
"Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:" кестесін мынадай редакцияда жазылсын:
"Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге | Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге | Ұсынысты беру уақыты |
КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) |
"; |
Қағидаларға 20-қосымша осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 20-1 және 20-2-қосымшалар осы бұйрыққа 8 және 9-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын;
Қағидаларға 25, 26 және 27-қосымшалар осы бұйрыққа 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілетін жетінші, сегізінші, тоқсан екінші – жүз жиырма төртінші, Қағидаларға 4-1-қосымшаның 1-тармағы бөлігінде жүз қырық бесінші, осы бұйрықтың 10 және 11-қосымшаларының бөлігінде жүз елу алтыншы абзацтарды қоспағанда, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 545 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша |
Лоттар тізбесі (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Конкурстың № ____________________________________________________
Конкурстың атауы __________________________________________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2000-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге | Жұмыс тәжірибесінің болуы ** | Жұмыстардың атауы*** | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу)*** | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген)*** | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар*** | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)*** |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
** Осы КД 78-тармағына сәйкес тапсырыс беруші көрсетеді;
*** Аталған белгі құрылыс саласындағы (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 545 бұйрыққа 2-қосымша |
|
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша |
Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші құрылыс саласындағы (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары) жұмысты сатып алу кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың №_______________
Электрондық конкурстың атауы ____________
Лоттың №_ ____________________________
Лоттың атауы ____________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы ____________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ________________________
2. Растайтын құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындаған жұмыстардың көлемі.
Жұмыстың атауы | Құрылыс объектілері бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы /қосалқы мердігер) | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) |
кестенің жалғасы
Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Жұмысты аяқтау жылы, айы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі |
3. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген жұмыстарды орындау үшін қажет растайтыны құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, материалдық ресурстардың бар екені туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктерінің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі |
4. Растайтыны құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек ресурстары туралы мәліметтер
Р/с № | Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Лауазымы | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың және т.б. нөмірі мен берілген күнін көрсету керек, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) |
1 |
5. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәлімет болмаған жағдайда, рұқсаттың (лицензия) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (лицензия) бар екені туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (лицензия) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | |
1. | |||||
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
_____________________________________________
Ескерту:
1. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
2. Егер конкурстың нысанасы жаңа объектілер салу, сондай-ақ бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысаны бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда, осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысаны бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерін ұсынады.
Объектіні пайдалануға қабылдау актілерінде қосалқы мердігер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілген сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмелерін қосымша ұсынады.
3. Егер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу конкурс нысанасы болып табылған жағдайда сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады.
4. Егер конкурс нысанасы құрылыспен, жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттармен байланысы жоқ жұмыстардың өзге түрлері болып табылған жағдайда орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.
5. Егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылған жағдайда жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі.
Автомобиль жолдары мен (немесе) инженерлік желілерді реконструкциялау бойынша жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен (немесе) автомобиль жолдарының жаңа құрылысы кезінде ескеріледі.
6. Егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және реконструкциялау болып табылған жағдайда, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі.
7. Егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, онда жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі.
8. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе сәйкестігі) және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған олардың техникалық күрделілігіне сүйене отырып есептеледі.
9. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау) есептеу кезінде жиынтықта:
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) есептеледі.
Егер конкурс нысанасы жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары) ғимарат пен құрылыс болып табылған жағдайда, тек жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары) ғимарат пен құрылыстың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурс нысанасы жауапкершілік деңгейі екінші (қалыпты) ғимарат пен құрылыс болып табылған жағдайда, жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) ғимарат пен құрылыстың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурс нысанасы жауапкершілік деңгейі үшінші (төмендетілген) ғимарат пен құрылыс болып табылған жағдайда, жауапкершілік деңгейі бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төмендетілген) ғимарат пен құрылыстың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
2) объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).
Егер конкурс нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілер (кешендер) болып табылған жағдайда, тек техникалық жағынан күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурс нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылған жағдайда, техникалық жағынан күрделі объектілердің (кешендердің) және техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
4) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерінің жұмыстарын қоспағанда, бұрын орындалған жұмыстар конкурс нысанасымен "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) Тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір түрінде болған жағдайда, олардың ұқсастығы немесе сәйкестігі ескеріледі.
10. Инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезінде жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен жүйелер түрлерінің ең болмағанда бірінің болуы ескеріле отырып есептелу керек.
Автомобиль жолдары және инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезінде жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуы және инженерлік желілер мен жүйелер түрлерінің ең болмағанда бірінің болуы ескеріле отырып есептелу керек.
11. Егер конкурс нысанасы аумақтарды абаттандыру немесе аула аумақтарын күрделі жөндеу және лицензияланатын түрлерді орындау көзделетін жұмыстар болып табылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасында көзделген барлық лицензияланатын жұмыстар бойынша тәжірибенің болуы ескеріледі.
12. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылған жағдайда, қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі жиынтықта мынадай шарттар сақталған кезде ескеріледі:
1) бір жылдың ішінде қосалқы мердігер ретінде орындалған жұмыстардың кемінде екі объектісі болған кезде бір жыл жұмыс тәжірибесі беріледі. Жылына орындалған жұмыстардың екі объектісінен көп жұмыс тәжірибесі болған кезде, бір жылдан көп жұмыс тәжірибесін беруге жол берілмейді;
2) қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасына сәйкес келетін объектілерде жұмыстар (бір немесе бірнеше) орындалған кезде ескеріледі. Бұл ретте қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі тек "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша ескеріледі.
13. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс аяқталған жыл танылады.
14. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну тек көрсетілуі конкурстық құжаттамада көзделген мәліметтер бойынша міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігіндегі талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмайды.
15. Жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте, шарттар бойынша жалға алу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
16. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (бар болса).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 545 бұйрыққа 3-қосымша |
|
Конкурстық құжаттамаға 5-1-қосымша |
Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші құрылыспен байланысты емес жұмысты сатып алу кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың №_______________
Электрондық конкурстың атауы ____________
Лоттың №_ ____________________________
Лоттың атауы ____________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы ____________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ________________________
2. Растайтын құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындаған жұмыстардың көлемі.
Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Жұмысты аяқтау жылы, айы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі |
3. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген жұмыстарды орындау үшін қажет растайтыны құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, материалдық ресурстардың бар екені туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктерінің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі |
4. Растайтыны құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек ресурстары туралы мәліметтер
Р/с № | Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Лауазымы | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың және т.б. нөмірі мен берілген күнін көрсету керек, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) |
1 |
5. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәлімет болмаған жағдайда, рұқсаттың (лицензия) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (лицензия) бар екені туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (лицензия) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | |
1. | |||||
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
_____________________________________________
Ескерту:
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (лицензиясы) бар және бар объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады.
Бұл ретте осы қосымшаның 3 және 4-тармақтарының талаптары осындай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
2. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
3. Орындалған жұмыс актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
4. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстары аяқталған жыл танылады.
5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну тек көрсетілуі конкурстық құжаттамада көзделген мәліметтер бойынша міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігіндегі талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмайды.
6. Жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте, шарттар бойынша жалға алу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
7. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (бар болса).
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары
р/н № | Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы | Тізбеге қосу шарттары | Ескерту |
1 | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | Қаржылық орнықты болу | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
2 | Жиһаз өнімдері | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиһаз өнімдерінің тауарларын өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
3 | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
4 | Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтылымға және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар | Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
5 | Ақпараттандыру объектілерін құру және жетілдіру бойынша қызметтер | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі* (қызмет ету саласы біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне сәйкес)
Білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат | ||||
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | Әлеуетті өнім берушінің елі | БСН, ЖСН(ССН, ЖД СШН, ТЕН) | Әлеуетті өнім беруші Тізбеге** қосуға негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні |
Ескерту:
*құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі әрбір конкурсқа жеке қалыптастырылады.
** аталған талап құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмері;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмері;
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
ЖДШСН – жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі.
Қорытындылар туралы хаттама (ашық конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* _______________________
конкурс № _____________________________
Конкурстың атауы ________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________
Ұйымдастырушының мекенжайы __________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ Т.А.Ә. Ұйымдағы лауазымы Комиссиядағы рөлі
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі _________
р/с № | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы
(хронология бойынша): (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша) |
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша) |
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының 5 тармағына сәйкес сұрау салулар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу туралы ақпарат | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Сұрау салуға берілген жауап сомасы |
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
р/с № | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | ||||
Комиссия мүшесінің А.Т.Ә. | Шартты жеңілдік % | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттау | |
Конкурсқа қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Бас тарту себебі 1 |
___________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық:
(біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Шартты жеңілдіктер, % | |||
Соңғы он жыл ішіндегі жұмыс тәжірибесі | Әлеуетті өнім берушіде ұлттық немесе халықаралық стандартқа сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Әлеуетті өнім берушіде ұлттық стандартқа экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | ||||
Жалпы жұмыс тәжірибесі | Оның ішінде бас мердігер ретінде | |||||
кестенің жалғасы
Шартты жеңілдіктер, % | ||||||
Әлеуетті өнім берушіде өнімнің экологиялық тазалығы стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Ұлттық стандарттарға ұсынылатын тауарларға сәйкестігін ерікті растайтыны туралы құжаттың болуы | Тауарлардың функционалдық сипаттамасы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалы сипаттамалары | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамасы | Жалпы шартты жеңілдік, % |
Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларының есебі:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Заңның 26-бабына сәйкес сәйкестік сомасы | Шартты жеңілдіктің мөлшері, % | Шартты жеңілдікті ескере отырғандағы баға | Бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі | Алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы | Өтінімді беру күні мен уақыты |
Конкурстық комиссияның шешімі:
1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы).
2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Не:
"Мемлекеттік сатып алуды (№___ лот бойынша сатып алудың атауы _____________________ * байланысты өтпеді деп тану":
Ескертпе: *келесі мән-мағыналардың бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "кем дегенде екі өтінімді ұсыну", "конкурстық қатысуға бірде бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуі".
Не:
Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылатын: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) кк.аа.жжжж. № _________
Жою туралы шешімді қабылдаған орган: (______________________).
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
<Тапсырыс берушінің лауазымы> атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы> екінші тараптан <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен айқындамалар
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
1) Бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/Орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған тұлға;
4) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;
6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
<n) жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>7.
2.2. Жұмыстар - <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.
Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>8.
2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
3) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда);
<n) жаңа тармақша>
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және "шарттың сомасы" (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды мен атауы> ерекшелігі бойынша - <ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға тіркеуге жатады.
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның10 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты11 тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.
Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.
Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.
Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.
3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;
3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 115-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем сертификаты (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді) (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі).
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеу үшін тапсырыс берушілер айқындаған қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Мердігер/Орындаушы:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге12 тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:
мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;
не:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік13.
Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
3-1) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға;
10) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шотын ашуға;
11) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша қаражатты жұмсауды қазынашылық органдарында ашылған мемлекеттік сатып алу шоттары арқылы жүзеге асыруға;
12) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу шоттарын ашу шартымен қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға. Мұндай талап тиісті қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушылық) шарттарында көрсетіледі;
13) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігерлермен жасалатын шарттар бойынша ол қосалқы мердігерлік шарттарында қазынашылық органдарында ашылатын мемлекеттік сатып алу шоттарына ақшалай қаражат аудару туралы талаптың болуын және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес шот-фактуралардың үзінді-көшірмесін жазып беру шартының болуын қамтамасыз етуге;
14) талдау жүргізу үшін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігерлердің тізбесін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға;
15) тәуекелдердің жоқтығы тұрғысынан талдау жүргізілген қосалқы мердігерлердің тізбесін қазынашылық органдарына ұсынуға;
16) қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартта қазынашылық органдарында ашылатын мемлекеттік сатып алу шоттың деректемелерін көрсетуге;
17) қазынашылық органдарында төлем сертификатын ұсынуға және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігердің төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге;
18) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар арқылы орындауға міндеттенеді.
4.2. Мердігер/Орындаушы:
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;
4.3. Тапсырыс беруші:
1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;
2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;
3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;
4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге;
5) инжиниринг компаниясының мердігерлерге (қосалқы мердігерлерге) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеуүшін тапсырыс берушілер айқындаған қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
4.4. Тапсырыс беруші:
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<N. Жаңа тармақ>.
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
6.2. Өнім беруші/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан жасалған жағдайда – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың немесе Сәйкестік сертификатының / белгіленген тәртіпте берілген Тауар сәйкестігі туралы декларацияның түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым куәландырғаны) беріледі.
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан жасалған болса - белгіленген тәртіпте шығарылған елінің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі беріледі.
Осы тармақтың талаптары құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
<N. Жаңа тармақ>
7. Кепілдік. Сапа
7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді.
Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді.
Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс14.
Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелерінің техникалық ерекшеліктерге сәйкес болатынына, Жұмыстардың оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады.
Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс15.
7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі>мерзіміне береді.
7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
<N. Жаңа тармақ>
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушығакешіктірілген әр күн үшіншарттың тиесілі сомасынан 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімақы) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% аспауы тиіс.
8.3. Жұмыстардың орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігер/Орындаушыдан әр кешіктірілген күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады), Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда әр кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелердің сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% аспауы тиіс.
8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.
8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан босатпайды.
8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.
Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.
8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.
<N. Жаңа тармақ>
9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;
3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді;
9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер/Орындаушы Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
1) егер Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Мердігер/Орындаушы <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;
3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау <күн саны> күн ішінде күшін жоймаса;
5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
6) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.
9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
3) уәкілетті орган, олар бойынша міндеттемелер тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, Шарт жасасу фактісін айқындаса;
4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі біткенше жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
9.6. Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.
9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
10. Хабарлама
10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.
10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
11. Форс-мажор
11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.
11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні19 консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
12. Даулы мәселелерді шешу
12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
13. Басқа да шарттар
13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.
13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:
1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;
2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын көбейту бөлігінде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.
осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу21 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.
4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;
5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;
6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.
13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
13.5. Веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<N.Жаңа тармақ>
14. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші |
Өнім беруші |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – аты-жөні.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
"Тапсырыс берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> "Тапсырыс берушінің негіздемесі" негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <"Өнім берушінің толық атауы"> екінші тараптан <"Өнім берушінің негіздемесі"> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және "қорытындылардың күні" № "қорытындылардың нөмірі" "сатып алу тәсілі" тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен анықтамалар
1.1. Осы Шартта төменде аталған ұғымдар мынадай түсіндірулерге ие:
1) Жобалаушы/Орындаушы - Тапсырыс берушімен жасалған шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
2) Қосалқы жобалаушы - Жобалаушымен/Орындаушымен шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға арналған шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
3) Жұмыстар - объектіні салу үшін қажетті барлық жобалау және іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жобаға сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар, Шартта оған тиісті қосымшаларымен көзделген жұмыстар, сондай-ақ объектіні іске асыру басталғанға дейін немесе салу барысында туындаған жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты барлық қосымша жұмыстар;
4) объекті - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жобалау-сметалық құжаттаманы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жататын деп анықтаған және Жобалаушы Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс, учаске.
<n) Жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Жобалаушы/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға және бағалар бойынша жұмысты (бұдан әрі – жұмыс) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған жұмысты (жұмыстарды) қабылдауға және Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарында ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1 Ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
N >7Ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы.
2.2. Жұмыстар жоба бойынша орындалады - <сатып алудың атауы>, ол <объектінің орналасқан жерінде> орналасқан.
2.3. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) Осы Шарт;
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша));
3) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда);
4) жобалауға тапсырыс беруші бекіткен тапсырма.
<n) Жаңа тармақша>
3. Шарттың сомасы және төлеу талаптары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <шарт сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және жұмыстарды орындауға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> /ҚҚС-сыз> (бұдан әрі-шарт сомасы) қамтиды.
3.2. Қазынашылықтың аумақтық органында шарт <____> жылға тіркеуге жатады.
бюджеттік бағдарлама бойынша <бағдарламаның коды мен атауы>, <кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшелік коды мен атауы> ерекшелігі бойынша <ерекшелік бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазбаша түрде>) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге /<ҚҚС - ны есепке алмағанда>9.
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Заңның10 26-бабына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты және (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші Жобалаушының/Орындаушының "төлем шарты" есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен Тараптар орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, бұрын төленген авансқа11 барабар ұстап қалуды ескере отырып төлейді.
Орындалған жұмыстар үшін төлемді Тапсырыс беруші Жобалаушының/Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен "төлем шарты" орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.
3.5. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:
1) <қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген / қол қойылған> шарт;
2) Орындалған жұмыстардың актісі(лері)30;
3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
4) Жобалаушы/ Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын көрсете отырып, сипатталған шот-фактура.
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Жобалаушы/Орындаушы міндеттенеді:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;
2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Шарттың 1-қосымшасына сәйкес шарттың пәндері бойынша көзделген <сома> теңгеге тең сомаға және <сома> теңгеге тең сомаға, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес <сома> теңге>12-ге тең сомаға енгізсін, бұл жалпы алғанда <қамтамасыз ету сомасы> (<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:
мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банктің атауы>, БСК <БСК> № < кепілдік жарна үшін шот>;
не:
Ереженің 22-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік;
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Жобалаушы/Орындаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3-1) жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен құрастырмаларды пайдалануды көрсетуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың талаптарын орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуі тиіс;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартты іске асыру мақсаттарынан басқа, жоғарыда аталған құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауға;
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
7) Тапсырыс берушіге Жобалаушының/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған өзіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;;
8) электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін ресімдеу және Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы жіберу;
9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып беруге міндетті.
4.2. Жобалаушы/Орындаушы:
1) Тапсырыс берушіден шарт бойынша орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға;
4.3. Тапсырыс беруші міндеттенеді:
1) Жобалаушы/Орындаушы мамандарының жұмыстарды орындау үшін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) Орындалған жұмыстардың сәйкессіздігі анықталған кезде Жобалаушыны/Орындаушыны дереу жазбаша хабардар етуге;
3) жұмыстарды қабылдау кезінде орындалған жұмыстар актісін веб-портал арқылы бекіту не мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, жұмыстарды қабылдаудан бас тарту;
3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге құқығы бар.
4.4. Тапсырыс беруші құқылы:
1) Орындалған жұмыстардың сапасын тексеру;
2) жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және шарт талаптарына сәйкес ол үшін ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда жол беріледі.
5. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
5.1. Егер Жобалаушы өз міндеттемелерін шарттық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындаса, сондай-ақ, егер Жобалаушы жұмысты орындауға қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Жобалаушыға тоқтату себептері жойылғанға дейін жұмыстарды тұтастай немесе оның бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.
5.2. Жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді ведомствадан тыс сараптамаға жіберу алдында Жобалаушы Тапсырыс берушіге ілеспе хатпен жобалау-сметалық құжаттаманы қарау үшін жібереді, оған тексеру үшін жобалау-сметалық құжаттаманың қабылдау-тапсыру актісі қоса беріледі.
5.3. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы:
1) тиісті сараптамалардың, келісімдердің, техникалық шарттардың қорытындысының бар болуына;
2) құзыретті (уәкілетті) мемлекеттік органдардың жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті келісімдерінің бар болуына;
3) техникалық тапсырманың талаптарына, ҚР нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне, Техникалық және Ғылыми-техникалық кеңестердің ұсынымдарын қолдануына қарайды.
5.4. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы қарағаннан кейін:
1) жобалау-сметалық құжаттамаға қандай да бір ескертулер болған және/немесе қажетті келісулер болмаған және/немесе тиісті сараптамалардың қорытындысы болмаған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы Жобалаушыға ескертулері мен оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, пысықтау үшін жазбаша қайтарады;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға Тапсырыс берушіде қандай да бір ескертулер болмаған жағдайда, кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өтуге тиісті шарттың қорытындысымен соңғы Тапсырыс беруші жібереді.
5.5. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Жобалаушы ұсынған жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдап алу-тапсыру актісіне және одан кейін орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы қағаз тасығыштарда 4 (төрт) данадан кем емес, және электрондық форматта 2 (екі) данада жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдайды.
5.6. Жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау – тапсыру актісіне қол қою арқылы Жобалаушы барлық мүліктік емес құқықтарды Тапсырыс берушінің пайдасына беруді растайды.
5.7. Жұмыстарды Жеткізуші Тапсырыс берушіге жоғарыда көрсетілген Шарттың талаптарына дәл сәйкес жұмыстарды толық тапсырған жағдайда жұмыс орындалған болып саналады.
5.8. Жобалаушы/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдар мен жабдықтардан орындалған жағдайда – белгіленген үлгідегі (не Уәкілетті ұйым растаған) <СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың немесе белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификатының/тауардың сәйкестігі туралы декларацияның түпнұсқасы немесе көшірмесі.
2) Егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдар мен жабдықтардан орындалса - белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тауардың шығарылуы туралы тиісті сертификаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Осы тармақтың талаптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
5.9. Жобалаушы жобалау-сметалық құжаттаманың сапасына жауапты болады және жобаны кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткен уақытқа дейін, тіпті оның оң қорытындысын алғанға дейін алып жүреді.
<№. Жаңа тармақ>
6. Кепілдік. Сапа
6.1. Жобалаушы Тапсырыс берушінің кешенді ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде орындалған жұмыстардың сапасына кепілдік береді.
6.2. Жобалаушы жұмыстардың жобалауға Тапсырыс беруші бекіткен тапсырмаға (сәулет-жоспарлау тапсырмасына, техникалық шарттарға) сәйкес және құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттама жүйесінің халықаралық стандартының, конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің талаптарына және Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес орындалатынына кепілдік береді.
6.3. Жобалаушы кепілдік мерзімі шегінде табылған жұмыстардағы кемшіліктері үшін жауапты болады.
<№. Жаңа тармақ>
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестрлеу және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/есеп шотында мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта көрсетілген мерзімде өзіне тиесілі қаражатты төлемесе, онда Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға кешіктірілген әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10% аспауы тиіс.
7.3. Жұмыстарды орындау мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде Жобалаушы/Орындаушы міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10% аспауы тиіс.
7.4. Жобалаушы/Орындаушы жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан астам мерзімге жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) жұмыстардың құны үшін ақы төлейді.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін Жобалаушыға/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкеп соқтырса, онда шарттың сомасы немесе жұмыстарды орындау кестесі немесе және т.б. тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Жобалаушының/Орындаушының түзетуді жүргізуге барлық сұратулары Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
7.7. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Жобалаушының/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық не ішінара беруіне жол берілмейді.
7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы жобалы шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы жобалаушылардың болуы Жобалаушыны/Орындаушыны шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Қосалқы жобалаушыларға жұмыстарды орындау үшін берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі Орындалатын жұмыстардың жиынтығында бір екінші көлемінен аспауы тиіс.
Бұл ретте қосалқы жобалаушының жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы жобалаушының беруіне тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын адамдарға, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыларды тартуға жол берілмейді.
7.9. Жобалаушының/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.
<N. Жаңа тармақ>
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзу талаптары
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <қолданылу мерзімі> жыл бойынша әрекет етеді.
8.2. Келесі оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзімдерін олардың ұлғаю бөлігінде өзгертуге әкеп соғады:
1) Тапсырыс беруші объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, бұл өз кезегінде жұмыстардың орындалуын кідіртуге әкеп соғады.;
2) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта жоспарланбаған сынақтар жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер осы сынақтар ақаулар анықталмаса, онда жұмыс өндірісін тоқтату уақыты жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;
3) Тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректерімен жобалауға тапсырма беруді кідіртеді.
8.3. Тапсырыс беруші немесе Жобалаушы/Орындаушы, егер екінші Тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарт талаптарын елеулі түрде бұзса, Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі түрде бұзу мыналарды қамтиды, бірақ санамаланғандармен шектелмейді:
1) Егер Жобалаушы/Орындаушы жұмысты орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Жобалаушы/Орындаушы жұмысты <күн саны> күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұрады, бұл ретте Тапсырыс беруші тоқтауды санкцияламаған;
3) Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған Негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен ақауларды жоймайды;
4) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға жұмыс барысын кідіртуге нұсқау береді және мұндай нұсқаудың <күн саны> күн ішінде күші жойылмайды;
5) Не Тапсырыс беруші, не Жобалаушы/Орындаушы банкроттыққа ұшыраса немесе оны қайта ұйымдастыруды немесе бірлестікті қоспағанда, қандай да бір себептер бойынша таратылса;;
6) Жобалаушы/Орындаушы Техникалық Тапсырмада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтар мен ережелерді елемейді.
8.4. Шарт тараптардың келісімі бойынша, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін, бұзылған күнге ақы төлеуді талап етуге құқылы.
8.5. Шарт бұзылуы мүмкін жағдайда кез-келген кезеңде мынадай фактілердің бірі анықталған:
1) Осы Шарт негізінде жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталған;
2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Жобалаушыға/Орындаушыға заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;
3) міндеттемелер тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, шарт жасасу фактісін анықтаған жағдайларда жүзеге асырылады.
4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстарды орындау жағдайын қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) қамтамасыз етуді енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған;
8.6. Егер шарт бұзылса, Жобалаушы/Орындаушы жұмысты дереу тоқтатады, объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге береді.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, эпидемиялар, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама тыйым салатын, сондай-ақ Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуге жататын форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олар өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте тарап форс-мажордың басталғаны туралы дереу жазбаша хабардар етуге тиіс. Олай болмаған жағдайда Тарап осы жағдайға сілтеме жасауға құқылы емес.
10.2. Форс-мажорлық жағдайлар кезінде басқа тараптың өз міндеттемелерін орындамауынан залал шеккен Тарап одан осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ олардың қызметіне әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттық растама алуға құқылы.
10.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Жобалаушы/ Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде жұмысты тоқтата тұруды қамтамасыз етеді.
10.4. Егер форс-мажорлық жағдай шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылуын куәландырады. Жобалаушы/Орындаушы кідірту туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Жобалаушыға объектіні тоқтату күніне дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді.19
11. Даулы мәселелерді шешу
11.1. Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы тікелей келіссөздер процесінде шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
12. Басқа да шарттар
12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
12.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады
12.3. Жобалаушыны/орындаушыны таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:
1) тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде;
2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;
жасалған Шартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу21 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;
3) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;
4) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;
5) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
6) тапсырыс берушінің және (немесе) Жобалаушының/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.
12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. Жаңа тармақ >
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші | Өнім беруші: |
< Тапсырыс берушінің толық атауы >< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы >БСН < Тапсырыс берушінің БСН >БСК < Тапсырыс берушінің БСК >ЖСК < Тапсырыс берушінің ЖСК >< Банктің атауы >Тел.: < Тапсырыс берушінің телефоны >< Тапсырыс берушінің лауазымы >< Тапсырыс берушінің ТАӘ >: | < Өнім берушінің толық атауы >< Өнім берушінің толық заңды мекенжайы > БСН/ССН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН> БСК Өнім берушінің БСК >БИК < Өнім берушінің ЖСК > < Банктің атауы >Тел.: < Өнім берушінің телефоны >< Өнім берушінің лауазымы >< Өнім берушінің ТАӘ > |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
"Тапсырыс берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> "Тапсырыс берушінің негіздемесі" негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <"Өнім берушінің толық атауы"> екінші тараптан <"Өнім берушінің негіздемесі"> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және "қорытындылардың күні" № "қорытындылардың нөмірі" "сатып алу тәсілі" тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен айқындамалар
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
1) Мердігер/Орындаушы – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
3) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмысты орындауға жататын деп анықтаған және Мердігер Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс;
4) учаске – Объектінің жұмыстарды орындауға немесе жұмыстарды өндіруге бөлінген аумақ;
5) уақытша құрылымдар – Объектінің жұмысын орындау үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің жұмысы орындалғаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
<n) жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>.
2.2. Жұмыстар - <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.
Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>.
2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
3) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда);
<n) жаңа тармақша>
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және "шарттың сомасы" (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды мен атауы> ерекшелігі бойынша - <ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға тіркеуге жатады.
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның10 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін №1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты11 тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.
Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.
3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;
3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура.
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Мердігер/Орындаушы:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге12 тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:
мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;
не:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік13.
Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға.
4.2. Мердігер/Орындаушы:
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;
4.3. Тапсырыс беруші:
1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;
2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;
3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;
4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге.
4.4. Тапсырыс беруші:
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<N. Жаңа тармақ>.
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
6.1. Жұмыс орындалды деп саналады Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда орындалды деп саналады.
6.2. Өнім беруші/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан жасалған жағдайда – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың немесе Сәйкестік сертификатының / белгіленген тәртіпте берілген Тауар сәйкестігі туралы декларацияның түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым куәландырғаны) беріледі.
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан жасалған болса - белгіленген тәртіпте шығарылған елінің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі беріледі.
Осы тармақтың талаптары құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бесжүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға таратылады.
<N. Жаңа тармақ>
7. Кепілдік. Сапа
7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс14.
Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс15.
7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі>мерзіміне береді.
7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
<N. Жаңа тармақ>
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларын есептемегенде, егер Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға оған тиесілі қаражатты Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға кешіктірілген әр кешіктірілген күн үшін тиесілі сомадан кешіктірлегн төлемнің 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% артпауы тиіс.
8.3. Жұмыстардың орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігер/Орындаушыдан әр кешіктірілген күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады), Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда әр кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелердің сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімақы) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% артпауы тиіс.
8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.
8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуосы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан Тараптарды босатпайды.
8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді16.
8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.
<N. Жаңа тармақ>
9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға Мердігер/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;
3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді;
9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер/Орындаушы Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
егер Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Мердігер/Орындаушы "күн саны" күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;
3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау "күн саны" күн ішінде күшін жоймаса;
5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
6) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.
9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
3) уәкілетті орган, олар бойынша міндеттемелер тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, Шарт жасасу фактісін айқындаса;
4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі біткенше жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
9.6. Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.
9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
10. Хабарлама
10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.
10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
11. Форс-мажор
11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.
11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні18 консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
12. Даулы мәселелерді шешу
12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
13. Басқа да шарттар
13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.
13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:
1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;
2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын көбейту бөлігінде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу19 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.
Осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.
4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;
5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;
6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.
13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
13.5. веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<N.Жаңа тармақ>
14. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші |
Өнім беруші |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – аты-жөні.
Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптасатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі
№ р/н | Атауы |
1. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
2. | Жобалау бойынша жұмыстар |
Электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың ТІЗБЕСІ
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары бойынша
№ р/н | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы | ескерту |
1 | Құрылыс объектісінің атауы | |
2 | Құрылыс объектілері бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы /қосалқы мердігер) |
Егер әлеуетті өнім беруші бас мердігер ретінде қосалқы мердігерді тартқан болса, онда қосымша осындай қосалқы мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. |
3 | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | |
4 | Мекенжайы (құрылыс объектісінің мекенжайы) | |
5 | Тапсырыс берушінің атауы | |
6 | Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын растайтын құжаттың атауы | Құжаттың электрондық нұсқасын салу қажет |
7 | Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні | |
8 | Жұмысты атқарған кезеңі | |
9 | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | |
10 | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | |
11 | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) |
Жұмыс тәжірибесінің және (немесе) жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдіктердің есебі (ашық конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні және уақыты
Тапсырыс беруші* _______________________
Конкурстың № а _________________________
Конкурстың атауы _______________________
Ұйымдастырушының атауы _______________
Ұйымдастырушының мекенжайы___________
Әлеуетті өнім берушінің атауы______________
Әлеуетті өнім берушінің БСН_______________
№ | Жұмыстардың атауы | Құрылыс объектілері бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы /қосалқы мердігер) | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) |
кестенің жалғасы
Жұмыстың орындалаған орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Жұмыстардың аяқталу жылы, айы | Растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні | Конкурстық комиссия мүшелерімен есептелген жұмыс тәжірибесі | Негіздеме (айырмашылық болғанда толтырылады) | |
Шартты жеңілдіктің мөлшері | Жыл саны (біліктілік талабы) |
Ескерту:
* егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс берушілер туралы мәлімет көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.