Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 68-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 14.06.2021 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.
2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17441 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 14.06.2021 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нормативтік құқықтық актінің деректемелері: | Нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынған орган: | Мемлекеттік органның атауы |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі: | Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының нақты нормасына сілтеме |
Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеуге келіп түскен күні: | Нормативтік құқықтық актінің әділет органдарына келіп түскен күні |
Нормативтік құқықтық актіге жүргізілген заң сараптамасының нәтижелері бойынша осы нормативтік құқықтық акт азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбайтыны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтіні анықталды.
Сондай-ақ, осы нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды.
Жазылғанның негізінде:
1) ________________________________________________________________________
(Нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы)
______________________________________________________________ тіркеуді;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № ___ енгізуді;
3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін нормативтік құқықтық актінің төлнұсқа мен көшірме қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның
атауы) ресми жариялау міндеттемесімен жіберуді (егер тіркелген нормативтік
құқықтық акт ресми жариялануға жатса);
4) актінің бір данасын (көшірме) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен
__________________________________________________________________________
(әділет органының атауы)
қалдыруды мүмкін деп есептеймін.
___________________________ ______________ ________________________
маманның лауазымы қолы қорытындыны дайындаған
адамның тегі және аты-жөні
Құжаттарды алған кезде әділет органында қалатын қазақ және орыс тілдеріндегі
қорытындылардың даналарында мыналар толтырылады:
Мемлекеттік орган қызметкерінің лауазымы | А.Ж.Т.(болған жағдайда) | Күні | Қолы | |
Төлнұсқа мен көшірме |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік органдардың интранет-порталында Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмi
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Мемлекеттік тіркеу күні | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | НҚА қабылдаған мемлекеттік органның (-дардың) атауы | НҚА қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және атауы | НҚА өзгеріс (терді) және/немесе толықтыру(ларды) енгізуді көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | НҚА-ның (немесе оның құрылымдық элементін) қолданысын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | НҚА (немесе оның құрылымдық элементін) күші жойылды деп тануды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | Сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, НҚА мемлекеттік тіркеуді жою туралы сот шешімінің күшіне енген күні | Өзге мәліметтер |
1 |
Мемлекеттік органдардың интранет-порталында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме
Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер осы нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген күннен кейін хронологиялық тәртіппен автоматты түрде электрондық тізілімге енгізіледі.
Бұл ретте облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған кезде мемлекеттік тіркеу нөміріне өңірдің тиісті индексі беріледі: Астана қ. – 01, Алматы қ.– 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы – 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысы – 07, Жамбыл облысы – 08, Қарағанды облысы – 09, Қостанай облысы – 10, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 13, Павлодар облысы-14, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент қаласы – 17, Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20.
Нысан |
Қағаз түріндегі нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмi
№ | Мемлекеттік тіркеу күні | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | НҚА қабылдаған мемлекеттік органның (-дардың) атауы | НҚА қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және атауы | НҚА өзгеріс (терді) және/немесе толықтыру(ларды) енгізуді көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | НҚА-ның (немесе оның құрылымдық элементін) қолданысын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | НҚА (немесе оның құрылымдық элементін) күші жойылды деп тануды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | Сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, НҚА мемлекеттік тіркеуді жою туралы сот шешімінің күшіне енген күні | Өзге мәліметтер |
1 |
Қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме
1. Тізілім тігілген, нөмірленген, Тізілімді жүргізуге жауапты адамның қолы қойылған және мөрімен бекітілген журналды білдіреді.
2. Журнал бөтен адамдардың қолжетімділігін шектейтін арнайы орында тұрақты сақталатын құжат болып табылады.
3. Тізілімді жүргізуге жауапты адамды Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам, аумақтық органдарда – тиісті аумақтық органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам тағайындайды.
4. Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметттер осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хронологиялық тәртіппен Тізілімге енгізіледі.
5. Тізілімге жазбалар нақты, түсінікті жазылып, қара түсті сиямен енгізіледі. Қарындашпен жазуға, сызып тастауға және басқа да түзетулерге жол берілмейді.
6. "Өзге мәліметтер" бағанында заң сараптамасын жүргізген әділет органы қызметкерінің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты, сондай-ақ Тізілімнің республикалық (өңірлік) бөлімін жүргізу барысында туындауы мүмкін өзге де мәліметтер енгізіледі.
7. Бұл ретте кезекті реттік нөмірден мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.
Қазақстан Республикасы | |
Әділет министрінің | |
2019 жылғы 6 мамырдағы | |
№ 246 бұйрығына | |
3-қосымша | |
Нысан |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан
Мөртабан өлшемі: ұзындығы 7 см, ені 3,5 см
* - "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік тіркеу нөмірінен кейін "қпү" белгісі қойылады