Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18632 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 26 және 37-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.

      2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17441 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан
"Б Е К I Т Е М I Н"
__________________________
__________________________
(Әділет органы басшысының
лауазымы, тегі және
инициалдары)
__________________________
(қолы)
____________________
(қол қойылған күн)

Қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелерi:

Нормативтiк құқықтық актiнiң нысаны, қабылдау күнi, тiркеу нөмiрi және тақырыбы

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған орган:

Мемлекеттiк органның атауы

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау негiздемесi:

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға негiз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының нақты нормасына сiлтеме

Нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттiк тiркеуге келiп түскен күнi:

Нормативтiк құқықтық актiнiң әдiлет органдарына келiп түскен күнi

      Нормативтiк құқықтық актiге жүргiзiлген заң сараптамасының нәтижелерi бойынша

      осы нормативтiк құқықтық акт азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен

      бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзбайтыны және Қазақстан

      Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтiнi анықталды.

      Сондай-ақ, осы нормативтiк құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016

      жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу,

      келiсу, мемлекеттiк тiркеу және олардың күшiн жою қағидаларында белгiленген талаптарға

      сәйкес келетiнi анықталды.

      1) Жазылғанның негiзiнде:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________ тiркеудi;

      (Нормативтiк құқықтық актiнiң нысаны, қабылдау күнi, тiркеу нөмiрi және тақырыбы)

      2) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № ___ енгiзудi;

      3) мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы

      (төлнұсқалар) қазақ және орыс тiлдерiндегi қорытындымен

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттiк тiркеуге нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттік органның

      атауы) ресми жариялау мiндеттемесiмен жiберудi (егер тiркелген нормативтiк құқықтық акт

      ресми жариялануға жатса);

      4) нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасын қазақ және орыс тiлдерiндегi

      қорытындымен Республикалық (өңiрлiк) құқықтық ақпарат орталығына жiберудi;

      5) актiнiң бiр данасын қазақ және орыс тiлдерiндегi қорытындымен

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (әдiлет органының атауы) қалдыруды мүмкiн деп есептеймiн.

      ___________________________ __________________ ____________________

      (қорытындыны дайындаған маманның лауазымы (қолы) (тегi және аты-жөнi)

      Құжаттарды алған кезде әдiлет органында қалатын қазақ және орыс тiлдерiндегi

      қорытындылар даналарында мыналар толтырылады:


Мемлекеттiк орган қызметкерiнiң лауазымы

А.Ж.Т.(болған жағдайда)

Күнi

Қолы

Төлнұсқалар





  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік органдардың интранет-порталында Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмi

Мемлекеттік тіркеу күні

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

НҚА қабылдаған мемлекеттік органның (-дардың) атауы

НҚА қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және атауы

НҚА өзгеріс (терді) және/немесе толықтыру(ларды) енгізуді көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

НҚА-ның (немесе оның құрылымдық элементін) қолданысын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

НҚА (немесе оның құрылымдық элементін) күші жойылды деп тануды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

Сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, НҚА мемлекеттік тіркеуді жою туралы сот шешімінің күшіне енген күні

Өзге мәліметтер

1










Мемлекеттік органдардың интранет-порталында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме

      нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер осы нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген күннен кейін хронологиялық тәртіппен автоматты түрде электрондық тізілімге енгізіледі.

  Нысан

Қағаз түріндегі нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмi

Мемлекеттік тіркеу күні

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

НҚА қабылдаған мемлекеттік органның (-дардың) атауы

НҚА қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және атауы

НҚА өзгеріс (терді) және/немесе толықтыру(ларды) енгізуді көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

НҚА-ның (немесе оның құрылымдық элементін) қолданысын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

НҚА (немесе оның құрылымдық элементін) күші жойылды деп тануды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

Сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, НҚА мемлекеттік тіркеуді жою туралы сот шешімінің күшіне енген күні

Өзге мәліметтер

1










Қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме

      1. Тізілім тігілген, нөмірленген, Тізілімді жүргізуге жауапты адамның қолы қойылған және мөрімен бекітілген журналды білдіреді.

      2. Журнал бөтен адамдардың қолжетімділігін шектейтін арнайы орында тұрақты сақталатын құжат болып табылады.

      3. Тізілімді жүргізуге жауапты адамды Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам, аумақтық органдарда – тиісті аумақтық органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам тағайындайды.

      4. Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметттер осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хронологиялық тәртіппен Тізілімге енгізіледі.

      5. Тізілімге жазбалар нақты, түсінікті жазылып, қара түсті сиямен енгізіледі. Қарындашпен жазуға, сызып тастауға және басқа да түзетулерге жол берілмейді.

      6. "Өзге мәліметтер" бағанында заң сараптамасын жүргізген әділет органы қызметкерінің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты, сондай-ақ Тізілімнің республикалық (өңірлік) бөлімін жүргізу барысында туындауы мүмкін өзге де мәліметтер енгізіледі.

      7. Бұл ретте кезекті реттік нөмірден мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2019 жылғы 6 мамырдағы
  № 246 бұйрығына
  3-қосымша
  Нысан

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан



      Мөртабан өлшемі: ұзындығы 7 см, ені 3,5 см

      * - "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік тіркеу нөмірінен кейін "қпү" белгісі қойылады