"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 18449 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;";

      көрсетілген бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 27 наурыздағы
№ 156 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 451 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары

Атауы

Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы көлік құралы

Өндірістік процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда; су көлігінде кеме қатынасының қауіпсіздігін, кемелерді, жағалаудағы объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, кеметұрақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды және т.б. техникалық куәландыруды қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды жүргізу; теміржол көлігінде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарды және т.б. техникалық куәландыруды жүргізу, бақылауды жүзеге асыру

Көлік комитетінің инспекциялары:

Ақмола облысы

4

Ақтөбе облысы

5

Алматы облысы

5

Атырау облысы

5

Шығыс Қазақстан облысы

5

Жамбыл облысы

5

Батыс Қазақстан облысы

5

Қарағанды облысы

5

Қызылорда облысы

4

Қостанай облысы

5

Маңғыстау облысы

4

Павлодар облысы

5

Солтүстік Қазақстан облысы

5

Түркістан облысы

5

Астана қаласы

4

Алматы қаласы

4

Шымкент қаласы

3

"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

3

Жер қойнауын пайдалану объектілерін бақылауды жүзеге асыру үшін

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаменттері

Шығыс Қазақстан

4

Батыс Қазақстан

7

Солтүстік Қазақстан

4

Орталық Қазақстан

6

Оңтүстік Қазақстан

7

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алу)

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері

Орталық аппарат

1

Ақмола облысы

3

Ақтөбе облысы

2

Алматы облысы

3

Атырау облысы

3

Шығыс Қазақстан облысы

5

Жамбыл облысы

2

Батыс Қазақстан облысы

2

Қарағанды облысы

6

Қызылорда облысы

2

Қостанай облысы

3

Маңғыстау облысы

2

Павлодар облысы

3

Солтүстік Қазақстан облысы

2

Түркістан облысы

3

Астана қаласы

2

Алматы қаласы

2

Шымкент қаласы

1

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 27 наурыздағы
№ 156 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 451 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары

Арнайы көлік құралдарының атауы*

Арнайы көлік құралдарының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы

Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу

Ақмолажолзертханасы

1

Ақтөбежолзертханасы

1

Алматыжолзертханасы

1

Атыраужолзертханасы

1

Батысжолзертханасы

1

Жамбылжолзертханасы

1

Шығысжолзертханасы

1

Карағандыжолзертханасы

1

Кызылордажолзертханасы

1

Көстанайжолзертханасы

1

Маңғыстаужолзертханасы

1

Павлодаржолзертханасы

1

Солтүстікжолзертханасы

1

Түркістанжолзертханасы

1

Астанақалалықжолзертханасы

1

Алматықалалықжолзертханасы

1

      Ескертпе: *арнайы көлік құралы – жеңіл автомобиль базасындағы, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге арналған көлік құралы.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 27 наурыздағы
№ 156 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 451 бұйрығына
3-қосымша

Арнайы су көлігінің тиесілі заттай нормалары

Арнайы су көлігінің атауы*

Арнайы су көлігінің функционалдық мақсаты

Арнайы су көлігін пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Арнайы су көлігінің саны

Теңіз

Өзен

Шағын көлемді

Арнайы

Өндірістік процесті қамтамасыз ету және су көлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру (кемелерді, жағалаудағы объектілерді, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, кеметұрақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды және т.б. техникалық куәландыруды жүргізу)

Көлік комитетінің инспекциялары:

Ақмола облысы

-

-

1

Ақтөбе облысы

-

-

1

Алматы облысы

-

1

1

Атырау облысы

-

1

2

Шығыс Қазақстан облысы

-

4

2

Жамбыл облысы

-

-

1

Батыс Қазақстан облысы

-

1

1

Қарағанды облысы

-

1

2

Қызылорда облысы

-

-

1

Қостанай облысы

-

-

1

Маңғыстау облысы

-

-

1

Павлодар облысы

-

1

1

Солтүстік Қазақстан облысы

-

-

1

Түркістан облысы

-

-

1

Астана қаласы

-

-

1

"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

1

-

-

      Ескертпе: *арнайы су көлігі – ішкі су жолдарда және өзге теңіз суларында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме.