"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 наурызда № 18436 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16621 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментіне:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құқықтық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілді

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторингілеу қағидалары) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қаржы агенттігі):

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары);

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары);

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидалары);

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) шеңберінде Бағдарлама бойынша жаңа бизнес-идеялар мен индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/исламдық қаржыландыру шарттары/исламдық лизинг шарттары сыйақы мөлшерлемелерін/облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      3. Осы Мониторингілеу қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын, Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) банк – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етушілік және мақсатты пайдаланушылық шарттарында банктік қарыз шартының негізінде банк кәсіпкерге беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру шартына сәйкес ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді қаржыландыру – кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;

      4) банктік қарыз шарты – шарттары бойынша кәсіпкерге кредит берілетін, банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.

      Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты – шарты бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беретін - ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі. Шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасатын бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады. Коммерциялық кредит ислам банктерінің кәсіпкерге тауар бағасынан және тауардың үстеме бағасынан тұратын тауардың сату бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы тауарды сату жолымен кәсіпкердің сауда делдалы ретіндегі қызметін қаржыландыру деп түсініледі;

      5) грант – Бағдарламаның талаптарына сәйкес бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру туралы шартқа сәйкес грант алушыға өтеусіз және қайтарымсыз негізде бөлінетін мемлекеттік қаражат;

      6) грант алушы – Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес бизнес-идеяны іске асыру үшін грант берілетін шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, әйелдер, мүгедектер және 50 (елу) жастан асқан адамдар;

      7) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Қаржы агенттігі мен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша грант алушыға мақсатты грант беріледі;

      8) жоба - кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер алуға болады;

      9) жобаны мониторингілеу – Бағдарлама шарттарына сәйкес Жобаның іс жүзінде іске асырылуын, оның ішінде жоба іске асырылатын жерге барып, тексеру жолымен Қаржы агенттігінің банктің/лизингтік компанияның/эмитенттің/грант алушының өкілдерімен бірлесіп өткізілетін кәсіпкердің/эмитенттің/грант алушының қызметін мониторингілеу;

      10) кепілдік – Қаржы агенттігінің кәсіпкердің кепілдік шартынан туындайтын банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін кепілдік сомасы шегінде төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін банк алдында жауап беру міндеттемесі;

      11) кепілдік беру – Бағдарламада, Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

      12) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында жасалатын кепілдік беру туралы үш жақты жазбаша келісім;

      13) кәсіпкер – 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      14) Конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатын алқалық-кеңесші орган. Жергілікті арқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;

      15) кредиттің/гранттың мақсатты пайдаланылуы – кәсіпкердің/грант алушының банктік қарыз шартында/грант беру туралы шартта белгіленген мақсаттарға банктік қарыз шарты/грант беру туралы шарт бойынша және Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін Қаржы агенттігінің/Конкурстық комиссия шешімімен алынған кредитті/грантты пайдалануы. Мақсатты пайдалану жиынтығында кәсіпкердің/грант алушының активке/жұмыстарға/қызметтерге ақы төлегендігін, алғандығын және толық көлемде пайдаланғандығын және/немесе Бағдарламаның шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгендігін біркелкі растайтын тиісті құжаттармен расталады;

      16) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания (бұдан әрі – лизингтік компания)/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      17) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;

      18) мониторингтік есеп – Қаржы агенттігі белгілеген нысан бойынша Қаржы агенттігі дайындаған банк/лизингтік компания/грант беруші/грант алушы/эмитент қол қойған мониторинг туралы есеп;

      19) облигация ұстаушылар өкілі – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, облигациялардың екінші бағалы қағаздар нарығында айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасалған шарт негізінде субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бар облигация ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін ұйым;

      20) Орталық депозитарий – Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

      21) портфельдік кепілдендіру – банк үшін Қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;

      22) субсидиялар – убсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға/эмитентке Қаржы агенттігі төлейтін мерзімді төлемдер;

      23) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны және/немесе эмитенттің субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бар облигация ұстаушыға төлейтін шығыстарын болашақта эмитенттің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын эмитенттерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      24) субсидиялау шарты – шарттары бойынша Қаржы агенттігі кәсіпкердің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайтын Қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім және/немесе шарттары бойынша Қаржы агенттігі эмитенттің орналастырылған облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайтын Қаржы агенттігі және эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім;

      25) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға.

2-тарау. Қаржы агенттігінің мониторингілеуді жүзеге асыруы

      4. Жобаны мониторингілеу тиісті Қаржы агенттігі бекітетін қаржы жылына арналған мониторингілеу жоспарына сәйкес, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, соттың, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың сұратуы бойынша, Бағдарлама шеңберінде кепілдік алған кәсіпкерлердің негізгі борышы бойынша мерзімінен кешіктірілген берешегі болған және өзге де жағдайларда Қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мониторинг қызметін көрсету үшін жыл сайын Қаржы агенттігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасады.

      6. Осы Мониторингілеу қағидалары шеңберінде Қаржы агенттігінің жобаларды мониторингілеу бойынша көрсететін қызметтері мемлекеттік қызметтерді сатып алу туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады және уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      7. Қаржы агенттігі келесі күнтізбелік жылға арналған жобаларды мониторингілеу жоспарын келесі күнтізбелік жылы мониторингілеудің жаңа кезеңі басталғанға дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын кешіктірмей әзірлеп, бекітуді жүзеге асырады.

      Жобаларды мониторингілеуді жүргізу тәртібі және мерзімдері мониторингілеуге жататын жобалардың санына, агенттіктің келісімдері шеңберінде тапсырыс берушінің талаптарына және Қаржы агенттігі мониторингілеу функцияларын жүзеге асыратын өзге де шарттар шеңберінде түзетіледі.

      8. Кәсіпкердің мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген не Қаржы агенттігі шешімінің негізінде субсидиялау/кепілдендіру тоқтатылған жобалары бойынша, сондай-ақ Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес мониторинг жүргізу үніне қаражатты қайтару жүзеге асырылған гранттық қаржыландыру жобалары бойынша жобаны мониторингілеу жүргізілмейді.

      9. Жобаны мониторингілеу кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына бағытталған кредиттері жөніндегі жоба іске асырылатын жерге бармай жүргізіледі. Инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша Қаржы агенттігі жобаның инвестициялық фазасы аяқталғаннан кейін, яғни контрагентпен жасалған келісімшарт/шарт бойынша шарттардың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін (мердігерлік, құрал-жабдықтардың жеткізілімі және т.б), бірақ кредит берілгеннен кейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей жоба іске асырылатын жерге баруды жүзеге асырады (жобаның іске асырылуын визуалды дәлелдеу). Кейін жоба іске асырылатын жерге бару Қаржы агенттігі берген қосымша мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жобаны мониторингілеу банк/лизингтік компания/облигация ұстаушылардың өкілі және кәсіпкер/грант алушы/эмитент беретін деректердің негізінде жүзеге асырылады. Қаржы агенттігі осы ақпарат көздері берген дұрыс емес мәліметтер үшін жауапты болмайды.

      11. Қаржы агенттігі портфельдік кепілдендіру шеңберінде банк қаржыландырған жобалар бойынша кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізбейді.

3-тарау. Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу кезіндегі функциялары

      12. Субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу кезінде Қаржы агенттігі:

      1) банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания/эмитент/облигация ұстаушылардың өкілдері ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан кәсіпкердің/эмитенттің жаңа кредитті/облигациялық қарызды мақсатты пайдалануын мониторингілеуді;

      2) банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания/эмитент/Орталық депозитарий ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеуді;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық/исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының пайдаланылуын, эмитенттің облигациялық қарызды пайдалануын) мониторингілеуді;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің/эмитенттің Бағдарлама шарттарына және (немесе) Қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігін мониторингілеуді;

      5) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірісті жаңғырту және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша, қаржы агентігінің шешімі күнінен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін табыстың өсуіне қол жеткізу және жұмыс орындарының жылдық орташа санын 10 %-ға ұлғайту жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын мониторингілеуді жүзеге асырады. Кәсіпкердің табысы мен жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу серпінін есептеу кезінде есептік күн, Қаржы агенттігі шешімінің күніне қарамастан, келесі қаржылық жылдың басы болып табылады.

      13. Кепілдендірілетін жобаларға мониторинг жүргізген кезде Қаржы агенттігі:

      1) банк/лизинг компаниясы/ислам банкі/исламдық лизинг компаниясы және/немесе кәсіпкер ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік беру шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді;

      2) банк/лизинг компаниясы/ислам банкі/исламдық лизинг компаниясы өзге де сенімді дереккөздер ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеуді;

      3) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірісті жаңғырту және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша, қаржы агентігінің шешімі күнінен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін табыстың өсуіне қол жеткізу және жұмыс орындарының жылдық орташа санын 10 %-ға ұлғайту жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын мониторингілеуді жүзеге асырады. Кәсіпкердің табысы мен жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу серпінін есептеу кезінде есептік күн, Қаржы агенттігі шешімінің күніне қарамастан, келесі қаржылық жылдың басы болып табылады.

      14. Қаржы агенттігі жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттық қаржыландыру жобаларын мониторингілеу кезінде:

      1) гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді;

      2) кәсіпкерлердің грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде бизнес-жобаларын орындау жөніндегі қызметтерін мониторингілеуді;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру шарттарын орындауын мониторингілеуді;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарттың талаптарын орындауын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      15. Жобаны мониторингілеу функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенттігі кәсіпкерден/грант алушыдан және банктен/лизингтік компаниядан/ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан/эмитенттен/облигация ұстаушылардың өкілдерінен кредиттің/гранттың/облигациялық қарыздың мақсатты пайдаланылуын және жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттарды, сондай-ақ мониторинг нысанына жататын ақпаратты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын ақпаратты осы Мониторингілеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес субсидияланған жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін, осы Мониторингілеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізуге қажетті құжаттар тізбесін және осы Мониторингілеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізуге қажетті құжаттардың тізбесін сұратады.

      Кәсіпкер/грант алушы/эмитент жобасының Бағдарлама шарттарына сәйкестігін және қаражатты мақсатты пайдалануын қосымша растау талап етілген жағдайларда, Қаржы агенттігі жобаны мониторингілеу үшін қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

4-тарау. Мониторинг жүргізу тетігі мен мерзімдері

1-параграф. Субсидияланатын жобаларды мониторингілеу

      16. Жобаны мониторингілеу шеңберінде Қаржы агенттігі мониторингтің басталу күніне дейін кемінде 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын кеш емес мерзімде банкке/лизингтік компанияға/ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға/эмитентке/облигация ұстаушылардың өкілдеріне мониторингілеуге жататын жобалар тізімін, мониторинг жүргізу мерзімін және осы Мониторингілеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса, Бағдарлама шеңберінде мониторинг жүргізілетіндігі туралы хабарлама жібереді.

      Мониторингілеуге жататын жобалар тізімі мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген не Қаржы агенттігінің шешімі негізінде оларды субсидиялау тоқтатылған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, тиісті мониторингілеуге жататын кезеңдегі жалпы қол қойылған субсидиялау келісімшарттарының пулынан қалыптастырылады.

      Жобаны мониторингілеуді жүргізу үшін қажет құжаттарды ұсыну мерзімі жобаны монитрингілеуді бастау күні ескеріле отырып, Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.

      17. Банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания мониторинг басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын кешіктірмей Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерді жазбаша түрде хабардар етеді.

      18. Банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаны мониторингілеу басталған күнге дейінгі мерзімде осы Мониторингілеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Қаржы агенттігіне субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

      19. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімі ішінде Қаржы агенттігі, оның ішінде осы Мониторингілеу қағидаларының 9 және 12-тармақтарын ескере отырып, жобаның іске асырылатын жеріне барып жобаны мониторингілеуді жүзеге асырады.

      20. Кәсіпкердің/эмитенттің жобалары бойынша субсидиялауды, оның ішінде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру тәртібі Субсидиялау қағидаларының 9-тарауына, Ислам банктері қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 8-тарауына және Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 7-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Кепілдендірілетін жобаларды мониторингілеу

      21. Банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкер жобасының (-лары) іске асырылу барысына ай сайынғы ағымдағы мониторинг жүргізуді қамтитын, кәсіпкердің жобасына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Осы Мониторингілеу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектісі жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті банк Қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ұсынады және Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық поштасына қосымша жібереді.

      22. Кәсіпкер кредиттік шарт бойынша негізгі борышы бойынша сомасын 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде өтеу міндеттемесін орындамаған жағдайды қоспағанда (Кепілдік шартында басқа мерзім көрсетілген жағдайдан басқа) портфельдік кепілдендіру шеңберінде Қор кеплідігін алған жобалар бойынша мониторинг өткізілмейді. Бұл жобалар бойынша мониторинг жоба 60 (алпыс) күнтізбелік күннен астам күнге мерзімін өткен болып танылған жағдайда өткізіледі.

      23. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін уәкілетті органға осы Мониторингілеу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес кепілдендіру туралы есепті ұсынады.

      24. Жобаны мониторингілеу шеңберінде Қаржы агенттігі мониторинг басталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын банкке/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компанияға Бағдарлама шеңберінде мониторинг жүргізу туралы хабарламаны мониторингілеуге жататын жобалар тізімін, мониторинг жүргізу мерзімін және осы Мониторинг қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса жібереді.

      Мониторингілеуге жататын жобалар тізімі мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген немесе Қаржы агенттігінің шешімі негізінде олар бойынша кепілдендіру тоқтатылған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, тиісті мониторингілеуге жататын кезеңде қол қойылған кепілдендіру шарттары ішінен қалыптастырылады.

      Мониторинг жүргізу үшін қажет құжаттарды ұсыну мерзімі жобаны мониторингілеуді бастау күні ескеріле отырып, Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.

      25. Банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания мониторинг басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын кешіктірмей Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерге жазбаша түрде хабарлайды.

      26. Банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания мониторинг басталған күнге дейінгі мерзімге осы Мониторингілеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес Қаржы агенттігіне кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.

      27. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімі ішінде Қаржы агенттігі мониторингті, оның ішінде осы мониторинг қағидаларының 9 және 13-тармақтарын ескере отырып, жоба іске асырылатын жерге барып жобаны мониторингілеуді жүзеге асырады.

      28. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша кепілдікті жою тәртібі Кепілдік беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3-параграф. Гранттық қаржыландыру жобаларын мониторингілеу

      29. Гранттық қаржыландыру жобаларын мониторингілеу шеңберінде Қаржы агенттігі:

      1) Қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша және мерзімдерде грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) грант алушы алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант алушылардың бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп ұсынады.

      30. Гранттық қаржыландыру жобалары бойынша Қаржы агенттігі мониторинг жүргізу күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде грант алушы мен грант берушіге Бағдарлама шеңберінде бақылаудың кезеңі және осы Мониторингілеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Мониторингілеуге жататын жобалардың тізімі мониторингілеуге жататын тиісті кезеңдегі грант беру туралы жасалған шарттардың жалпы пулынан қалыптастырылады.

      Мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі жоба мониторингінің басталу күні ескеріле отырып, Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.

      31. Грант алушы мониторингтің басталу күніне дейінгі мерзімде осы Мониторингілеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін Қаржы агенттігіне ұсынады.

      32. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімі ішінде Қаржы агенттігі жобаны мониторингілеуді, оның ішінде осы Мониторинг қағидаларының 9 және 14-тармағын ескере отырып, жоба іске асырылатын жерге жерге барып жүзеге асырады.

      33. Егер мониторинг жүргізу мерзімі ішінде грант алушы мониторингілеу үшін қажет құжаттар топтамасын ұсынбаса, не оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаса, Қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Грант алушының жобаны мониторингілеу үшін мәліметтерді ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты кейін Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде уәкілетті органға жіберілетін осы Мониторингілеу қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт жасайды.

      34. Қаржы агенттігі грант алушының грант қаражатын мақсатсыз пайдалануын, бизнес-жобаның орындалмауын және/немесе Кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарттарды орындамауын және/немесе грант беру туралы шарттың талаптарын орындамауын анықтаған жағдайда, Қаржы агенттігі тараптармен мониторингтік есепке қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Конкурстық комиссияға осы фактілер туралы жазбаша хабарлайды.

      35. Қаржы агенттігі ұсынған жобаны мониторингілеу туралы есептің/жобаға мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы актінің негізінде Конкурстық комиссия Қаржы агенттігінен ақпарат алған кезеден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ескертулерді жою не грант алушымен шартты бұзу үшін қосымша мерзім (бір рет) беру туралы шешім қабылдайды, одан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің шешімі туралы Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агенттігіне хабарлайды.

      36. Конкурстық комиссия шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған грант қаражатын қайтару жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

      37. Грант қаражатының бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда, грант алушының грант қаражатын Конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруына жол беріледі.

5-тарау. Мониторингілеу нәтижелерін ресімдеу

      38. Мониторингілеудің қорытындысы бойынша Қаржы агенттігі мониторинг туралы есепті қалыптастырады, оған банк/ислам банкі/лизингтік компания/исламдық лизингтік компания/грант беруші және Қаржы агенттігі оны алған күннен бастап бес жүмыс күнінен аспайтын мерзімде бұрыштама қояды. Бірнеше кредит (транш)/грант берілген жоба бойынша мониторинг жөнінде бір есеп жасалады.

      39. Банк/ислам банкі/лизингтік компания/исламдық лизингтік компания/грант беруші/грант алушы/эмитент мониторинг жөніндегі есепке қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Мониторингілеу қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес құжатқа қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды.

      40. Қаржы агенттігі кәсіпкерлердің салыну, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске асыру сатысындағы жобалары бойынша және мынадай объективті себептер болған жағдайда:

      1) мониторинг жүргізу күніне кредит игерілмеген немесе ішінара игерілген (желі толығымен игерілмеген, қаражат тауар/жұмыс/көрсетілетін қызмет үшін кейіннен ақысын төлеу үшін есеп айырысу шотында);

      2) кредит шеңберінде сатып алынған тауарлар жеткізілмеген/жұмыстар орындалмаған/қызметтер көрсетілмеген және жабдықты монтаждау жүзеге асырылмаған (қажет болған жағдайда);

      3) құрылыс/реконструкциялық/жөндеу, оның ішінде кредит қаражатына жүргізілген жұмыстары аяқталмаған;

      4) объектіні, оның ішінде кредит қаражатына салынған объектіні қабылдау актісі/пайдалануға беру актісі алынбаған;

      5) қарыз алушының/кредиттің/жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкестігін және кредиттің мақсатты пайдалануын растайтын құжаттар толық көлемде ұсынылмаған (шот-фактуралар, жүк құжаттар және басқалары) (қарыз алушы мониторинг жүргізу кезінде оларды ұсынбауына негіздемелер болған жағдайда);

      6) өңірлік үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес жұмыс орындарын құру расталмаған жағдайда ескертулерді жою үшін қосымша мерзім береді.

      41. Жасалған Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі мониторингтің нәтижелерін Қаржы агенттігі мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес уәкілетті органның назарына жеткізеді.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банктің/ислам банкінің/лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашып көрсететін басқа да құжаттар.

      2. Кәсіпкердің мониторинг жүргізу кезіндегі жағдай бойынша берешектердің баптары (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар) бойынша толық жазумен, мерзімінен кешіктірілген бөлігі көрсетілген несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкердің арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің есеп шотына тыйым салудың бар-жоғын көрсету қажет.

      3. Қарыздың (инвестициялық мақсаттарға, сол сияқты айналым қаражатын толықтыруға берілген) мақсатты пайдаланылғандығын растау үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ көрнекі түрде растайтын:

      1) төлеу фактісін растайтын: төлем тапсырмалары, шетелдік валютада аударуға берілген өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;

      2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншік/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыға ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабарлау, уәкілетті органда тіркей отырып, пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.

      4. Сомасы 180 (жүз сексен) миллион теңгеден астам жобалар бойынша өзінің қатысуын (ақшалай қаражат, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде үшінші тұлғалар жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10% төмен емес деңгейде қамтамасыз ету үшін ұсынатын мүлкімен растау.

      5. Кредитпен/қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алған жағдайда, кәсіпкерге аталған комиссиялардың қайтарылатындығын растайтын құжат.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банктің/ислам банкінің/лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашып көрсететін басқа да құжаттар.

      2. Кәсіпкердің мониторинг жүргізу кезіндегі жағдай бойынша берешектердің баптары (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар) бойынша толық жазумен, мерзімінен кешіктірілген бөлігі көрсетілген несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/лизингтік компания/ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкердің арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің есеп шотына тыйым салудың бар-жоғын көрсету қажет.

      3. Барлық қосымша келісімдерімен бірге кепіл шарттары.

      4. Банктің/ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның және/немесе кәсіпкердің кепілдіктің шынайылығының ерекше талаптарын және өзге де кепілдендіру талаптарын орындағанын растайтын құжаттар.

      5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның мүліктік кепілге арналған техникалық сипаттамалары туралы анықтама. Анықтаманы беру/сұрату жоба бойынша алғашқы мониторинг жүргізілген кезде жүзеге асырылады. Кейінгі мониторингілеулерде, егер оның мерзімі 1 (бір) жылдан асса, анықтама жаңартылады. Бұл ретте, кәсіпкер кепілдік шартында белгіленген мерзімде банктік қарыз шарты бойынша негізгі борышының сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Қаржы агенттігі жоспардан тыс мониторинг өткізген кезде міндетті түрде өзекті анықтаманы беру/сұрату талап етіледі.

      6. Кәсіпкермен жасасқан банктік қарыз шарттары, барлық берулер бойынша Кредиттік келісімдер шеңберінде берілген қосымша келісімдері бар транштар.

      7. Кредит/кредиттік желі бойынша қарыз алушыға ақша берілгенін растайтын құжаттар (кәсіпкердің банк шотынан үзінді көшірме (тексерілетін транш/қарыз алынған күннен бастап, іс жүзінде игерілген күнге дейін), оператордың төлем тапсырмасы және/немесе төлем ордері).

      8. Қарыздың мақсатты пайдаланылғандығын (инвестициялық мақсаттарға, сол сияқты айналым қаражатын толықтыруға) растау үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ көрнекі түрде растайтын:

      1) төлеу фактісін растайтын: төлем тапсырмалары, шетелдік валютада аударуға берілген өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;

      2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншік/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыға ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабарлау, уәкілетті органда тіркей отырып, пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.

      9. Сомасы 180 (жүз сексен) миллион теңгеден астам жобалар бойынша өзінің қатысуын (ақшалай қаражат, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде үшінші тұлғалар жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10% төмен емес деңгейде қамтамасыз ету үшін ұсынатын мүлкімен растау.

      10. Кредитпен/қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алған жағдайда, кәсіпкерге аталған комиссиялардың қайтарылатындығын растайтын құжат.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техника-экономикалық қорытынды не жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.

      2. Грант сомасының (инвестициялық мақсаттарға, сол сияқты айналым қаражатын толықтыруға берілген) мақсатты пайдаланылғандығын растау үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ көрнекі түрде растайтын:

      1) төлеу фактісін растайтын: төлем тапсырмалары, шетелдік валютада аударуға берілген өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;

      2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншік/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыға ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабарлау, уәкілетті органда тіркей отырып, пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.

      3. Бизнес-жобаны іске асыруға берілген шығыстарды берілетін грант сомасынан кемінде 10% (он процент) көлемінде өз қаражатымен бірлесіп қаржыландырғанын растайтын құжаттар, сондай-ақ көрнекі түрде:

      1) төлеу фактісін растайтын: төлем тапсырмалары, шетелдік валютада аударуға берілген өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;

      2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншік/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыға ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабарлау, уәкілетті органда тіркей отырып, пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.

      4. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15674 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Грант беру туралы шартқа №1 қосымшаға сәйкес нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) іс-шараларының орындалғанын растайтын құжаттар.

      5. Грант алушының мемлекеттік кірістер комитеті акцептеген, жаңа жұмыс орындары құрылғандығын растайтын салық декларацияларының көшірмелері.

      6. Бизнес-жоспарды іске асыру барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілгенін растайтын құжаттар.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

"_____________" акционерлік қоғамының Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының іске асырылу барысын ағымдағы мониторингілеу туралы __________________ жылдан _________________ жылға дейінгі кезеңдегі есебі

Р/с №

Банктің атауы

Жеке кәсіпкерлік субъектісі жүгінген жер (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Заңды мәртебесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, кәсіпкерлік кооперативі)

Банктік қарыз шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі

6

7

8

9





      кестенің жалғасы

Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

10

11

12

13





      кестенің жалғасы

Кредит (транш) бойынша беру күні

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Есепті күнгі негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі

14

15

16

17





      кестенің жалғасы

Кепілдік шартының күні

Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы

Қаржы агенттігінің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек сомасы

18

19

20

21





      кестенің жалғасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Кредиттеу объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толықтыру)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚТЖС)

22

23

24

25





      кестенің жалғасы

Жоба бойынша бизнес (бастапқы/жұмыс істеп тұрған)

Банктік қарыз шарты/Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік кезеңі

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша жіктеуіш санаты

26

27

28

29





      Лауазымды тұлға _______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

                              (қолы, мөр (болса)

      Жауапты жұмыскер _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

                              (қолы, мөр (болса)

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Кепілдік беру туралы есеп (Қаржы агенттігі Бағдарламаның бағыттары бөлінісінде уәкілетті органға ұсынады)

Р/с №

Саланың атауы

Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы

Кепілдік сомасының қалдығы

Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы

6

7

8




      Лауазымды тұлға __________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

                              (қолы, мөр (болса)

      Жауапты жұмыскер ________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

                              (қолы, мөр (болса)

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      20____жылғы "___" _________

Грант алушының жобаға мониторинг жүргізу үшін мәліметтер ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт

      Біз, төменде қол қойғандар, _________________________________________________

                        (директордың/директордың орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты

                        (болса) (бұдан әрі-Т.А.Ә.), маманның/дардың Т.А.Ә.)

      ___ ж.___.___ ______________________________________________________________

                        (банктің/кәсіпкердің атауы)

      жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбағаны/ұсынудан бас

      тартқаны туралы осы Актіні жасадық.

      Қаржы агенттігінің өңірлік филиалының

      директоры/директорының орынбасары

      __________________________________ _________________________

                  Т.А.Ә.                         (қолы, мөр (болса)

      Қаржы агенттігінің өңірлік

      филиалының маманы

      __________________________________ _________________________

                  Т.А.Ә.                         (қолы, мөр (болса)

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау
бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      20___ жылғы "___" __________

Құжатқа қол қоюдан бас тарту туралы акт

      Біз, төменде қол қойғандар __________________________________________________

                              (Қаржы агенттігі директорының/директоры орынбасарының тегі,

                                    аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      __________________________________________________________________________

      (Қаржы агенттігі маманының (-дарының) Т.А.Ә. (болса))

      ___жылғы___.___ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалы _______

      _______________________________________________________________________ ға

                              (банктің/кәсіпкердің атауы)

      ___ жылғы ___.___ ___________________________________________________ алған

                              (банк/кәсіпкер бөлімшесінің атауы)

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы (жобаларды құжаттамалық мониторингілеу туралы есеп/жоба

      бойынша мониторингтік есеп))

      ___.___.___ж. дейін қол қою үшін ____________________________________ жібергені,

                                          (жіберілу тәсілі (қолға, тапсырыс хат)

      оны _____________________________________________________ растайтыны туралы

                  (табыс етілгені туралы түбіртек, кеңсенің алғаны туралы белгісі)

      осы Актіні жасадық.

      _____ж. _______________ жағдай бойынша бұл құжатқа уәкілетті өкіл ____________

      _________________________________________ кәсіпкер/эмитент/грант алушы

      (банктің/ислам банкінің/лизингтік компанияның атауы)

      (керегі көрсетілсін) қол қойған жоқ.

      Қаржы агенттігінің өңірлік филиалының

      директоры/директорының орынбасары

      _________________________________ _________________________

                  Т.А.Ә.                         (қолы, мөр (болса)

      Қаржы агенттігінің өңірлік

      филиалының маманы

      __________________________________ ________________________

                  Т.А.Ә.                         (қолы, мөр (болса)