ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы, ал егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі болып анықталады.
Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір миллион алты жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.";
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы ақпараттардың болуы;
конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) екіден бірінен астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталды;
3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.";
155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарығында, оның ішінде конкурстың заты болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша бас мердігер ретінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қытысушы жеңімпаз болып танылады.
Бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі тең болған кезде, мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткішке ие конкурсқа қытысушы жеңімпаз болып танылады.
Төленген салықтың сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";
401-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"401. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі. Келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиісті қаржы жылына міндеттемелерді қабылдауға қосымша келісімшарт қазынашылық органдарына тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді.";
442-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:
1) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;
2) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін белгіленуі мүмкін.";
Қағидаларға 4-қосымшаның 44-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер аталған жұмыстар әлеуетті өнім берушімен қосалқы мердігер ретінде орындалған болса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір (0,1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға ескертудің 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылған жағдайда, қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі жиынтықта мынадай шарттар сақталған кезде ескеріледі:
1) бір жылдың ішінде қосалқы мердігер ретінде орындалған жұмыстардың кемінде екі объектісі болған кезде бір жыл жұмыс тәжірибесі беріледі. Жылына орындалған жұмыстардың екі объектісінен көп жұмыс тәжірибесі болған кезде, бір жылдан көп жұмыс тәжірибесін беруге жол берілмейді;
2) қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасына сәйкес келетін объектілерде жұмыстар (бір немесе бірнеше) орындалған кезде ескеріледі. Бұл ретте қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі тек "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша ескеріледі.";
Конкурстық құжаттамаға 10-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға сілтемелердің:
"4 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"4 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;";
"5 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"5 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;";
"13 Осы мәтін шарттар орындалған кезде көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілінен басқа барлық сатып алу тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін;" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"13 Осы мәтін шарттар орындалған кезде көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілінен басқа барлық сатып алу тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін;";
"17 Осы мәтін Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен, тауар биржалары арқылы, бір көзден алудан басқа,сатып алудың барлық тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін көрсетіледі;" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"17 Осы мәтін Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде тауар биржалары арқылы, бір көзден алудан басқа,сатып алудың барлық тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін көрсетіледі;";
"26 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"26 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;";
"28 Бұл мәтін Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін көрсетіледі." жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"28 Бұл мәтін Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін көрсетіледі;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Конкурстық құжаттамаға 10-қосымша |
Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса атқарушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
Конкурстың № ________________________
Конкурстың атауы _____________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы__________________________
№ р/с | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) / ЖСН / СЕН, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) атауы | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі, теңге | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі, % |
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | |||||
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | |||||
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны |
Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) және (бірлесіп орындаушысы(лары) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. | Қолы |
Заңның 9-бабы 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің екіден бірінен аспайды.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Қорытындылар туралы хаттама (ашық конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* _____________________________________________
конкурс № ___________________________________________________
Конкурстың атауы _____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _____________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы ________________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ Т.А.Ә. Ұйымдағы лауазымы Комиссиядағы рөлі
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер тізбесі _________
р/с № | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы
(хронология бойынша): (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Өтінім берілген күн мен уақыт |
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Өтінім берілген күн мен уақыт |
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының 5 тармағына сәйкес сұрау салулар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу туралы ақпарат | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Сұрау салуға берілген жауап сомасы |
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
р/с № | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | |||
Комиссия мүшесінің А.Т.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттау | |
Конкурсқа қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Бас тарту себебі 1 |
___________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық:
(біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес
келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Шартты жеңілдіктер, % | |||||||||
Жұмыс тәжірибесі | Әлеуетті өнім берушіде ұлттық немесе халықаралық стандартқа сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Әлеуетті өнім берушіде ұлттық стандартқа экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Әлеуетті өнім берушіде өнімнің экологиялық тазалығы стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Ұлттық стандарттарға ұсынылатын тауарларға сәйкестігін ерікті растайтыны туралы құжаттың болуы | Тауарлардың функционалдық сипаттамасы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалы сипаттамалары | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамасы | Жалпы шартты жеңілдік, % | |||
Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларының есебі:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Заңның 26-бабына сәйкес сәйкестік сомасы | Шартты жеңілдіктің мөлшері, % | Шартты жеңілдікті ескере отырғандағы баға | Бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі | Алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы | Өтінімді беру күні мен уақыты |
Конкурстық комиссияның шешімі:
1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы).
2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Не:
"Мемлекеттік сатып алуды (№___ лот бойынша сатып алудың атауы _____________________ * байланысты өтпеді деп тану":
Ескертпе: *келесі мән-мағыналардың бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "кем дегенде екі өтінімді ұсыну", "конкурстық қатысуға бірде бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуі".
Не:
Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылатын: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) кк.аа.жжжж. № _________
Жою туралы шешімді қабылдаған орган: (______________________).
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.