Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қаңтарда № 18250 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінің № 269-273 (27347) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нөмірлі кеуде белгісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі бар кеуде белгісі ретінде тиісті нысанды киімге тағып жүруге арналады.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі төрт символдан тұрады:

      1) бірінші символ – латын әліпбиімен белгіленген, Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанаға бекітілген литерлік код;

      2) соңғы үш символ – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен және берген ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірлерін беру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес рет-ретімен жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеріс және профилактикалық бақылау және қадағалау түрінде жүзеге асырады.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Кодекске және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарында;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағалары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері немесе олардың орынбасарлары болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу кезіндегі құнын өтеудің шарттары";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.

      Мәліметтер мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен расталады.".

      3. "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10466 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтініштерді қабылдау және өндіріс объектісіне есепке алу нөмірлерінің нәтижелерін беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру тәртібі";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 98 (28576) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

      бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

      тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

      асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

      3. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар, тақ тұяқты жануарлар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:

      бірінші екі символ – ІSO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);

      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);

      төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      бесінші мен он екінші аралығындағы символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.

      4. Жылқының және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:

      бірінші екі символ – ІSO–Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);

      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);

      төртінші символ – жылқының сандық коды (4), тақ тұяқты жануарлардың сандық коды (6);

      бесінші мен оныншы аралығындағы символдар – жылқының, тақ тұяқты жануарлардың реттік нөмірі.

      Құлындарға және тақ тұяқты жануарлар төлдеріне төрт айлық жасына жетуі бойынша таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жүргізілген жағдайында туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) құлындаған құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің реттік нөмірінен тұратын уақытша бірдейлендіру нөмірі беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің уақытша жеке нөмірі жануарлар иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме бере отырып слеш (KZF4000155/1) арқылы көрсетіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерді беру әр облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін процессингтік орталық жеке өткізетін жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Жеке нөмірлердің эмиссиясы тоғыз айлық жасқа дейін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайларға, төрт айлық жасқа жеткенде таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жағдайында құлындар және тақ тұяқты жануарлардың төлдері үшін жүргізілмейді.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

      1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);

      2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);

      3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      11. Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады.

      Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттік нөмір) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынады.

      Таңба ең көбі алты символдан тұрады:

      бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады;

      үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі санды қоспағанда) жиыны. Жылқыда және тақ тұяқты жануарларда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының жиынтығында жиынтық бір символды құраса, онда таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, онда ол таңбаға салынбайды;

      бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда және тақ тұяқты жануарларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.

      23. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды береді;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.

      24. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:

      1) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін, ветеринариялық паспорттарды береді;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      5. "Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11608 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау (бұдан әрі – бақылау) тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау мен қадағалау және тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Кодекске және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – ветеринариялық инспектор) және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер (бұдан әрі – ветеринарлық дәрігер) жүзеге асырады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау нәтижелерін бағалау және ресімдеу".

      6. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымның әкімшіліктері (бұдан әрі - ұйым) Заңның 24-бабы 4-тармағына сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құрады.

      Өндірістік бақылау бөлімшелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау үшін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген мемлекеттік зертханаларды (орталықтарды) тартуға жол беріледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар".

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Ветеринариялық бақылау
бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторлардың нысанды
киімді (погонсыз) киіп жүру
қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар

Р/с №

Атауы

Бекітіліп берілген әріп символы

1

Астана қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Шымкент қаласы

Y

4

Ақмола облысы

C

5

Алматы облысы

B

6

Ақтөбе облысы

D

7

Атырау облысы

E

8

Шығыс Қазақстан облысы

F

9

Жамбыл облысы

H

10

Батыс Қазақстан облысы

L

11

Қарағанды облысы

M

12

Қызылорда облысы

N

13

Қостанай облысы

P

14

Маңғыстау облысы

R

15

Павлодар облысы

S

16

Солтүстік Қазақстан облысы

T

17

Түркістан облысы

X

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Жануарлар өсіруді,
жануарларды, жануарлардан
алынатын өнім мен шикізатты
дайындауды (союды), сақтауды,
өңдеуді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық
препараттарды, азық және
азықтық қоспаларды өндіру,
сақтау және өткізу жөніндегі
ұйымдарға есептік нөмірлер
беру қағидаларына
1-қосымша

Қызмет түрін және өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұратын есептік нөмір Өндіріс объектілерінің қызметі түрлерінің кодтары

р/с №

Қызмет түрі

Коды

1

Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері

K

2

Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:


ет өңдеуші кәсіпорындар;

U1

сою пункттері;

U2

сою алаңдары;

U3

құс өңдеуші кәсіпорындар

U4

3

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:


ет;

G1

балық және балық өнімдері;

G2

бал және балара шаруашылығы өнімдері;

G3

жануарлардан алынатын шикізат

G4

сүт және сүт өнімдері

G5

4

Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

Y

5

Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

V

6

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

W

7

Азық және азықтық қоспаларды өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

O

Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодтары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі

р/с №

Код

Атауы

1

2

3

1

KZ

Қазақстан Республикасы

2

C

Ақмола облысы

3

01

Ақкөл ауданы

4

02

Аршалы ауданы

5

03

Астрахан ауданы

6

04

Атбасар ауданы

7

05

Бұланды ауданы

8

06

Көкшетау қаласы

9

07

Степногорск қаласы

10

08

Егіндікөл ауданы

11

09

Біржан сал ауданы

12

10

Ерейментау ауданы

13

11

Есіл ауданы

14

12

Жақсы ауданы

15

13

Жарқайың ауданы

16

14

Зеренді ауданы

17

15

Қорғалжын ауданы

18

16

Сандықтау ауданы

19

17

Целиноград ауданы

20

18

Шортанды ауданы

21

19

Щучье ауданы

22

B

Алматы облысы

23

01

Ақсу ауданы

24

02

Алакөл ауданы

25

03

Балқаш ауданы

26

04

Еңбекшіқазақ ауданы

27

05

Ескелді ауданы

28

06

Жамбыл ауданы

29

07

Іле ауданы

30

08

Қарасай ауданы

31

09

Қаратал ауданы

32

10

Кербұлақ ауданы

33

11

Көксу ауданы

34

12

Панфилов ауданы

35

13

Райымбек ауданы

36

14

Сарқант ауданы

37

15

Талғар ауданы

38

16

Ұйғыр ауданы

39

17

Қапшағай қаласы

40

18

Талдықорған қаласы

41

19

Текелі қаласы

42

20

Кеген ауданы

43

D

Ақтөбе облысы

44

01

Әйтеке би ауданы

45

02

Алға ауданы

46

03

Байғанин ауданы

47

04

Ақтөбе қаласы

48

05

Ырғыз ауданы

49

06

Қарғалы ауданы

50

07

Мәртөк ауданы

51

08

Мұғалжар ауданы

52

09

Темір ауданы

53

10

Ойыл ауданы

54

11

Қобда ауданы

55

12

Хромтау ауданы

56

13

Шалқар ауданы

57

E

Атырау облысы

58

01

Атырау қаласы

59

02

Жылыой ауданы

60

03

Индер ауданы

61

04

Исатай ауданы

62

05

Қызылқоға ауданы

63

06

Құрманғазы ауданы

64

07

Мақат ауданы

65

08

Махамбет ауданы

66

F

Шығыс Қазақстан облысы

67

01

Өскемен қаласы

68

02

Аягөз қаласы

69

03

Алтай қаласы

70

04

Курчатов қаласы

71

05

Семей қаласы

72

06

Риддер қаласы

73

07

Абай ауданы

74

08

Аягөз ауданы

75

09

Бесқарағай ауданы

76

10

Бородулиха ауданы

77

11

Глубокое ауданы

78

12

Жарма ауданы

79

13

Зайсан ауданы

80

14

Алтай ауданы

81

15

Катон-Қарағай ауданы

82

16

Көкпекті ауданы

83

17

Күршім ауданы

84

18

Тарбағатай ауданы

85

19

Ұлан ауданы

86

20

Үржар ауданы

87

21

Шемонаиха ауданы

88

H

Жамбыл облысы

89

01

Байзақ ауданы

90

02

Жамбыл ауданы

91

03

Жуалы ауданы

92

04

Қордай ауданы

93

05

Мерке ауданы

94

06

Мойынқұм ауданы

95

07

Т.Рысқұлов ауданы

96

08

Сарысу ауданы

97

09

Талас ауданы

98

10

Шу ауданы

99

11

Тараз қаласы

100

L

Батыс Қазақстан облысы

101

01

Ақжайық ауданы

102

02

Бекейорда ауданы

103

03

Бөрлі ауданы

104

04

Жаңақала ауданы

105

05

Жәнібек ауданы

106

06

Зеленов ауданы

107

07

Қазталов ауданы

108

08

Қаратөбе ауданы

109

09

Сырым ауданы

110

10

Тасқала ауданы

111

11

Теректі ауданы

112

12

Шыңғырлау ауданы

113

13

Орал қаласы

114

P

Қостанай облысы

115

01

Алтынсарин ауданы

116

02

Аманкелді ауданы

117

03

Әулиекөл ауданы

118

04

Денисовка ауданы

119

05

Жангелді ауданы

120

06

Жітіқара ауданы

121

07

Қамысты ауданы

122

08

Қарабалық ауданы

123

09

Қарасу ауданы

124

10

Қостанай ауданы

125

11

Меңдіқара ауданы

126

12

Наурызым ауданы

127

13

Сарыкөл ауданы

128

14

Таранов ауданы

129

15

Ұзынкөл ауданы

130

16

Федоров ауданы

131

17

Қостанай қаласы

132

18

Арқалық қаласы

133

19

Лисаковск қаласы

134

20

Рудный қаласы

135

M

Қарағанды облысы

136

01

Абай ауданы

137

02

Ақтоғай ауданы

138

03

Бұхар жырау ауданы

139

04

Жаңаарқа ауданы

140

05

Қарқаралы ауданы

141

06

Нұра ауданы

142

07

Осакаров ауданы

143

08

Ұлытау ауданы

144

09

Шет ауданы

145

10

Қарағанды қаласы

146

11

Балқаш қаласы

147

12

Жезқазған қаласы

148

13

Қаражал қаласы

149

14

Приозерск қаласы

150

15

Саран қаласы

151

16

Сәтпаев қаласы

152

17

Теміртау қаласы

153

18

Шахтинск қаласы

154

N

Қызылорда облысы

155

01

Арал ауданы

156

02

Қазалы ауданы

157

03

Қармақшы ауданы

158

04

Жалағаш ауданы

159

05

Сырдария ауданы

160

06

Шиелі ауданы

161

07

Жаңақорған ауданы

162

08

Қызылорда қаласы

163

09

Байқоңыр қаласы

164

R

Маңғыстау облысы

165

01

Бейнеу ауданы

166

02

Қарақия ауданы

167

03

Маңғыстау ауданы

168

04

Түпқараған ауданы

169

05

Ақтау қаласы

170

06

Жаңаөзен қаласы

171

07

Мұнайлы ауданы

172

S

Павлодар облысы

173

01

Павлодар қаласы

174

02

Ақсу қаласы

175

03

Екібастұз қаласы

176

04

Ақтоғай ауданы

177

05

Баянауыл ауданы

178

06

Железинка ауданы

179

07

Ертіс ауданы

180

08

Тереңкөл ауданы

181

09

Аққулы ауданы

182

10

Май ауданы

183

11

Павлодар ауданы

184

12

Успен ауданы

185

13

Шарбақты ауданы

186

T

Солтүстік Қазақстан облысы

187

01

Айыртау ауданы

188

02

Ақжар ауданы

189

03

Аққайың ауданы

190

04

Есіл ауданы

191

05

Жамбыл ауданы

192

06

М. Жұмабаев ауданы

193

07

Қызылжар ауданы

194

08

Мамлют ауданы

195

09

Ғ. Мүсірепов ауданы

196

10

Тайынша ауданы

197

11

Тимирязев ауданы

198

12

Уәлиханов ауданы

199

13

Шал ақын ауданы

200

14

Петропавл қаласы

201

X

Түркістан облысы

202

01

Арыс ауданы

203

02

Бәйдібек ауданы

204

03

Қазығұрт ауданы

205

04

Мақтаарал ауданы

206

05

Ордабасы ауданы

207

06

Отырар ауданы

208

07

Сайрам ауданы

209

08

Сарыағаш ауданы

210

09

Созақ ауданы

211

10

Төлеби ауданы

212

11

Түлкібас ауданы

213

12

Шардара ауданы

214

13

Арыс қаласы

215

14

Түркістан қаласы

216

15

Кентау қаласы

217

16

Жетісай ауданы

218

17

Келес ауданы

219

А

Алматы қаласы

220

01

Алатау ауданы

221

02

Алмалы ауданы

222

03

Әуезов ауданы

223

04

Бостандық ауданы

224

05

Жетісу ауданы

225

06

Медеу ауданы

226

07

Түркісіб ауданы

227

08

Наурызбай ауданы

228

Z

Астана қаласы

229

01

Алматы ауданы

230

02

Есіл ауданы

231

03

Сарыарқа ауданы

232

04

Байқоңыр ауданы

233

Ү

Шымкент қаласы

234

01

Абай ауданы

235

02

Әл-Фараби ауданы

236

03

Еңбекші ауданы

237

04

Қаратау ауданы

      Ескертпе:

      Есептік нөмір символдардан тұрады және құрылымы мынадай:

      бірінші символ - елдің коды - КZ;

      екінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

      үшінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      төртінші символ - өндіріс объектісінің қызметі түрінің коды;

      бесінші символ - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;

      алтыншы символ - Е (экспорттаушылар үшін).

      Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е;

      КZ - елдің коды

      С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

      01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік нөмірі);

      G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;

      0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;

      Е - экспорттаушы.

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
1-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және саңдық кодтары

Р/с №

Литерлік код

Штрих-кодқа арналған сандық код

Атауы

1.

KZ

398

Қазақстан Республикасы

2.

С

01

Ақмола облысы

3.

B

02

Алматы облысы

4.

D

03

Ақтөбе облысы

5.

E

04

Атырау облысы

6.

F

05

Шығыс Қазақстан облысы

7.

H

06

Жамбыл облысы

8.

L

07

Батыс Қазақстан облысы

9.

P

08

Қостанай облысы

10.

M

09

Қарағанды облысы

11.

N

10

Қызылорда облысы

12.

R

11

Маңғыстау облысы

13.

S

12

Павлодар облысы

14.

T

13

Солтүстік Қазақстан облысы

15.

Х

14

Түркістан облысы

16.

A

15

Алматы қаласы

17.

Z

16

Астана қаласы

18.

Ү

17

Шымкент қаласы

      Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды

      1 – ірі қара мал

      2 – ұсақ мал

      3 – шошқалар

      4 – жылқылар

      5 – түйелер

      6 – тақ тұяқты жануарлар

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
3-1-қосымша

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың бірдейлендіру нөмірі:

      Мысалы:

      Жануардың жеке нөмірі:



      мұнда:

      KZC3000000012 – торайдың енесінің бірдейлендіру нөмірі;

      17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;

      12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың татуировкасы:

      17/12

      мұнда:

      17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;

      12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.