Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 154 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 наурызда № 7563 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2015 жылғы 26 ақпандағы № 205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5393 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);

      2) 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 17 "Мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы № 205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6348 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Ысмағұл
      Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы С. Нургазин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________________ Д. Әмірханұлы

      2018 жылғы 15 ақпан