Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 тамыздағы ХVII сессиясының № 331 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 тамызда № 4904 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде мынадай дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):

      "Ювенильді склеродермия" диагнозы бойынша "Иммуноглобулин G". 

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).

      3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Б. Базарбаев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С.Өтешов