РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндемемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
2018 жылғы "__"__________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндеін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болын тірлеген, 2015 жылғы 31 желтоксанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жұйсінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында (бұдан әрі –Қағидалар)
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына өтінімді жібереді.";
Қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 1- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 7-қосымша осы тізбеге 2- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болын тірлеген, 2015 жылғы 31 желтоксанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жұйсінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімнің жалпы қарау мерзімі өтінім берушінің оны берген сәтінен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен аспауы тиіс.";
6, 7 және 8 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.";
7. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға бастапқы рұқсатты алу үшін өтінім беруші ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 40 (қырық) жұмыс күн бұрын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілге құжаттарды қоса бере отырын, осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына жүгінеді.";
8. Авиациялық жұмыстарға кезекті рұқсат алу үшін пайдаланушы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 40 (қырық) жұмыс күнінен кем емес осы Қағидаларға жоғарыда көрсетілген қосымшаларға сәйкес құжаттармен өтінімді береді.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу үшін комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына функцияларына ұшуды пайдалану, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы, авиациялық қауіпсіздігі және авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және медицина бойынша мәселелері жататын мемлекеттік авиация инспекторлары кіреді.";
12. Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде, уәкілетті орган мемлекеттік авиация инспекторлары үшін әзірлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып, өтінім берушінің пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарының сәйкестігіне сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";
Қағидағарға 2-қосымша осы тізбеге 3- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидағарға 6-қосымша осы тізбеге 4- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болын тірлеген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық құқықтық жұйсінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі –Қағида):
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұшуға рұқсат беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуға рұқсат алу өтінімін беруі.
Өтініме, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы қоса беріледі;
2) уәкілетті органның құжаттарын тексеруі;
3) уәкілетті органның өтініш берушіні тексеріп қарауды жүргізуі;
4) ұшуға рұқсат беру – ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру.
5. Ұшуға рұқсат алу үшін өтініш беруші ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күн бұрын осы Қағидалар 4 – тармағының 1) тармақша – сына құжаттар өтінімді Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына жібереді.".
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы тізбеге 5 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы тізбеге 6 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы тізбеге 7 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.
2. Пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушы Нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдан туру міндеттемесі.
3. Өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмес.
4. Өтініш берушінің мыналарды:
1) өтініш берушінің негізгі деректері мен құрылтайшылары;
2) жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалдарының / жұмыстарының түрлері;
3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;
4) ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
5) ұшуды қамтамасыз ету;
6) ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігі;
7) техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;
8) әуе кемелерінің әзірлігі;
9) авариялық эвакуацияны көрсету және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспарын қамтитын ақпараты адамдар.
5. Ұйымдық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар.
6. Мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалуын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі бойынша қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету бойынша;
персоналды даярлау бойынша;
авиациялық қауіпсіздік бойынша;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау бойынша.
7. Типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі.
8. Авиациялық персонал бойынша ақпарат.
9. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау.
10. Сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 5700 кг. жоғары әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау.
11. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы.
12. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент).
13. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.
14. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.
15. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
16. Ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;
17. Жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесі.
18. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың көшірмелері.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған құжаттардың тізбесі
1. Әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінім мен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2) ұшуға жарамдылық сертификатының, радиостанцияға арналған рұқсатының (лицензияның) және әуе кемесі тұрған жердегі шу бойынша сертификатының көшірмелері;
3) ұшуға жарамдылықта ұстау туралы мәліметтер;
4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;
5) ұшу және техникалық құрам туралы мәліметтер;
6) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
7) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.
2. Экипажсыз жалға алған әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:
1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;
2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;
3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;
4) уәкілетті орган берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (басқа мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған жағдайда);
5) әуе кемесін пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;
6) ұшу орындалатын аудандар.
3. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
Пайдаланушыға авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған рұқсат алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.
2. Пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі.
3. Өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмесі заңды тұлға үшін.
4. Өтініш берушінің мынаны:
өтініш беруші қызметінің негізгі орнын;
болжамды ұшу түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыруды;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуді;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
әуе кемелерінің әзірлігі қамититын ақпараты.
5. Ұйымдастырушылық
басқару құрылымы және лауазымын, Т.А.Ә., білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін көрсете отырып, жауапты тұлғалар.
6. Мынадай қызметтер басшыларының немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
сапаны бақылау;
авиациялық қауіпсіздік;
персоналды даярлау;
ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 килограмм және одан кем болатын әуе кемелерінің пайдаланушысы үшін:
ұшу пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
авиациялық қауіпсіздік.
7. Авиациялық персонал жөніндегі ақпарат.
8. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау.
9. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы.
10. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент).
11. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.
12. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.
13. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
14. Жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесі.
15. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың тізбесі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге арналған өтінім
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы) ____________________________________________________________________
(куәліктің пайдалану ерекшеліктері, дәлелді құжаттамаға (өзгерістер мен (немесе) толықтырулар)
өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді сұраймын, ұшуды бастаудың жоспарланған күні: ___________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде қолданыстағы куәліктің аяқталу мерзімі, сондай-ақ жаңа пайдалану жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні көрсетіледі).
Басшы ___________________________
(лауазымы/қолы/күні)
Авиациялық жұмыстарды орындау құқығындаіы куәлікке өзгерістер енгізуге арналған құжаттар тізбесі
1. Әуе кемесін куәлікке енгізу кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім;
2) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) ұшуға жарамдылық сертификатының көшірмесі, радиостанцияға арналған рұқсат (лицензия), әуе кемесі тұрған жердегі шу бойынша сертификат;
4) ұшуға жарамдылықты ұстау туралы мәліметтер;
5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;
6) ұшу және техникалық құрам туралы мәліметтер;
7) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының қызметкерлерінің алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері;
8) ұшуды жургізу жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.
2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесінің авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлігіне енгізу үшін құжаттар тізбесі.
Өтініш беруші экипажсыз әуе кемесін жалға алған кезде, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:
1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;
2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;
3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (басқа мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған жағдайда);
5) әуе кемесінің пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;
6) ұшу орындалатын аудандар.
3. Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
4. Әуе кемелерін пайдалану тоқтатылған жағдайда, пайдаланушы бұл туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді, бұл аталған әуе кемелерін куәліктен алып тастауға негіз болып табылады.
"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру – 64 (алпыс төрт) жұмыс күні;
пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды адамның қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады куәландырылады.
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1144 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1232 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1272 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1319 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1363 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1407 айлық есептік көрсеткіш;
2001 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 1458 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Мыналардың жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
пайдаланушы сертификатын бастапқы алу үшін:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
3) пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысын;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалдарының/жұмыстардың түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыруын;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуін;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
әуе кемелерінің әзірлігін;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспарын қамтитын ақпараты;
6) ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
7) мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
8) типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
9) авиациялық персонал бойынша ақпарат;
10) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
11) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
12) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
13) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
15) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
16) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
17) ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;
18) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
19) сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттарының тізбесі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылады.
пайдаланушы сертификатын кезекті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пайдаланушы сертификаты, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Сертификаттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатын қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Порталға:
сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелері:
ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттары;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
2) көрсетілетін кызметті алушының электронды түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстардың түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы;
әуе кемелерінің даярлығы;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары;
типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал;
ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету;
жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
пайдаланушы сертификатың телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатының электрондық көшірмесін қоса берген еркін нысандағы өтінімі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – Мемлекеттік корпорация кеңсесінде мемлекеттік корпорациясы құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушідің және (немесе) оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы жазбаша нысанда қабылданады.
Шағымды қабылдаған адаманың тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" туралы ақпарат болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынандай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.
"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша |
|
Нысан | |
Көрсетілетін қызметті берушінің | |
басшысына | |
____________________________ | |
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы) |
Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім
Кандидат толтырады
Алғашқы беру ☐ | ||||||||||||||
1. Жалпы ақпарат | ||||||||||||||
1. Компанияның ресми атауы және саудалық атауы (егер ерекшеленсе): | 2. Телефон, факс және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы. | |||||||||||||
Көрсетілетін | ||||||||||||||
Пайдаланушы | ||||||||||||||
Компанияның мекенжайы: | Қосымша қызметтік мекенжайы: | |||||||||||||
телефон, факс | Қызмет түрі: | |||||||||||||
электрондық пошта мекенжайы: | ||||||||||||||
3. Болжамды жұмысты бастау күні: | 4. Айрықша тәртіпте ұшу-пайдалану агенттігі үшін сұрау салынған шартты белгілер (алғашқы беру): | |||||||||||||
a) | b) | c) | ||||||||||||
5. ИКАО/ИАТА коды (3 әріпті код/егер болса, 2 әріпті) | ||||||||||||||
6. Басшылар және негізгі қызметкерлер | ||||||||||||||
Тегі | Лауазымы | Телефон, факс, электрондық поштасы | ||||||||||||
1) Пайдаланушының басшысы | ||||||||||||||
2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы немесе тағайындалған жауапты адам | ||||||||||||||
3) Ұшу қызметінің басшысы | ||||||||||||||
4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы | ||||||||||||||
5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға | ||||||||||||||
6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты адам | ||||||||||||||
7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты адам | ||||||||||||||
8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін) | ||||||||||||||
9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты адам | ||||||||||||||
2. Көрсетілетін қызметті алушының техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері | ||||||||||||||
7. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуді өз бетімен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетуді шарттар негізінде орындауды жоспарлап отыр | ||||||||||||||
8. Ұсынылатын тасымалдар: | ||||||||||||||
Жолаушылар және жүк ☐ | ||||||||||||||
3. Әуе кемелері және болжанатын ұшу аудандары туралы ақпарат | ||||||||||||||
9. Әуе кемелері туралы мәліметтер (жеке, жалданған): |
10. Болжанатын географиялық ұшу ауданы(-дары): | |||||||||||||
1) Типі, моделі және версиясы бойынша әуе кемелерінің саны: | 2) Жолаушылар креслосының саны және/немесе пайдалы жүктеме (кг., тонн) | |||||||||||||
ӘК ұлттық айырым және тіркеу белгілері: | ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшып көтерілу массасы (MTOW): | |||||||||||||
ӘК жалдау | -ден | дейінгі лизинг | ||||||||||||
Әуе кемелері иесінің атауы: | ||||||||||||||
4. Ұшу түрлері, арнайы шектеулер мен рұқсат беру туралы ақпарат | ||||||||||||||
Ұшу түрлері: |
тұрақты ішкі | |||||||||||||
Арнайы шектеулер: | ||||||||||||||
Арнайы рұқсат берулер/Мақұлдау: | ||||||||||||||
RVR (m) | DH (м/ft) | LVTO RVR (m) | ||||||||||||
Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер | ||||||||||||||
MNPS | P-RNAV | BRNAV | RNP | |||||||||||
RVSM | TCAS | EGPWS | GNSS | |||||||||||
LRNS | VOR | IRU/IRS | DME | |||||||||||
EDTO: Бастапқы уақыт | Min | ара қашықтығы | NM | |||||||||||
Қосалқы әуеайлаққа дейін ең ұзақ ұшу уақыты | ||||||||||||||
non-EDTO | Min | GPS Approach | ||||||||||||
EFB | Қауіпті жүктер | |||||||||||||
5. Авиациялық персоналды дайындау туралы ақпарат | ||||||||||||||
Ұсынылатын персонал дайындығы (ұшу персоналына арналған пилотажды тренажерлер және/немесе кабиналық персоналға арналған тренажерлық қондырғылар): | ||||||||||||||
Қолы: | Күні: | Тегі және лауазымы: | ||||||||||||
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган толтырады | ||||||||||||||
Мынадай құжаттар қоса берілген өтінім түскен күн: | ||||||||||||||
Өтінімнің тіркеу нөмірі: | ||||||||||||||
Жауапты лауазымды адам: |
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________
20 __ жылғы "___" _____________
"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қағамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру – 40 (қырық) жұмыс күні;
авиациялық жұмыстарды орындауға куәліктің телнұсқасын (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды жауапты адамның қолымен куәландыралады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 78 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 831 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 871 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 918 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 962 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1006 айлық есептік көрсеткіш;
2 001 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 1057 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі* екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Мыналардың жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
пайдаланушы сертификатын бастапқы алу үшін:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
3) пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттау талаптарын, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
көрсетілетін қызметті алушының қызмет негізгі орнын;
ұшудыңболжамды түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуді;
ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігісн;
әуе кемелерінің әзірлігн қамтитын ақпараты;
6) ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;
7) мынадай басшылардың және/немесе жауапты адамдардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
сапаны бақыдау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограмм және одан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
сапаны бақылау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі;
8) авиациялық персонал бойынша ақпарат;
9) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
10) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
11) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент);
12) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
13) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
14) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
15) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
16) сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттарының тізбесі;
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылады.
куәлікті кезекті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пайдаланушы сертификаты, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлік қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Порталға:
куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелерін:
ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемін жүргізілгенін растайтын құжат;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттау талаптарын, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен мен лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;
мынадай басшылардың немесе жауапты адамдардың тағайындалғанын расстайтын құжаттар:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
сапаны бақылау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
авиациялық қауіпсіздік;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары;
2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты мынаны қамтиды:
көрсетілетін қызметті алушы қызметінің негізгі орнын;
ұшудыңболжамды түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуді;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
әуе кемелерінің әзірлігі;
түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал жөніндегі ақпарат;
жұмыс түрлері көрсетілген, сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттарының тізбесі;
куәлік телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген куәліктің электрондық көшірмесін қоса берген, еркін нысандағы өтінімі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – Мемлекеттік корпорация кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушідің және (немесе) оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы жазбаша нысанда қабылданады.
Шағымды қабылдаған адаманың тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" туралы ақпарат болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынандай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.
Пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсат алуға өтінімі
бастапқы рұқсат беру/кезекті рұқсат (қажеттінің астын сызу)
1._______________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы) ________________________әуе кемелерінің негізгі орны әуеайлақтарында (алаңында) авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беруді сұраймын.
2. Мәлімделген авиациялық жұмыс түрлері: __________________________________
3. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде ұшу өңірлері: ________________________________________________________________________
4. Жоспарланған ұшуды бастау күні: _________________________________________
5. Басқарушы персонал
Лауазымы | Тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)., туған жылы, телефоны | Тағайындау туралы бұйрық | Білімі | Маманның сертификаттары (куәліктері) |
6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы
Лауазымы | Т.А.Ә., туған жылы | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық | Маманның куәлігі (медициналық қорытынды) | Жалпы ұшуы | Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру |
7. Инженерлік-техникалық персонал
Лауазымы | Т.А.Ә. | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық | Маманның куәлігі | Жалпы жұмыс өтілі | Жұмыстарды орындауға рұқсат беру |
8. Әуе кемелері
ӘК типі және борттық нөмірі | Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі | Мемлекет, қала және орналасатын әуежайы | Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі |
9. Өтініш беруші: сертификаттау рәсімдерін орындауға; сертификаттық талаптарға жауап беруге; азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді. ________________________________________________________________________
Өтініш беруші (Т.А.Ә., қолы)
"Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қағамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
ұшуды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) (бұдан әрі - куәлік) беру – 60 (алпыс) жұмыс күні;
ұшуды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген жауапты лауазымды адамның қолымен куәландыралады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) мынадай құжаттар қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:
көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
жоспарланған ұшулар түрі;
әуе кемелері бойынша деректер;
әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
ұшуды қамтамасыз ету.
3) ұйымдастырушылық құрылымы, штат кестесі;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен мамандар жөніндегі деректр;
5) командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;
6) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
7) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;
8) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
9) пайдаланушының басшысы бекіткен әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;
10) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары;
11) халықаралық ұшуларға арналған құжаттар (орындау кезінде);
12) пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
13) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шартының (келісімшартының) көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі бар болса).
Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, ұшуды орындау (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) құқығына куәлікті (куәліктің телнұсқасын), азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Порталға:
куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелерін:
ұйымдастырушылық құрылымы, штаттық кестесі;
ұшуды қамтамасыз ету шарттары;
әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;
халықаралық ұшуларға арналған құжаттар (орындау кезінде);
әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарты (келісімшарты) (жалға алынған әуе кемесі бар болса);
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары;
2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық нысандағы ақпараты:
көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
жоспарланған ұшулар түрі;
әуе кемелері бойынша деректер;
әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
ұшуды қамтамасыз ету.
ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен мамандар жөніндегі деректер;
командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;
пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көосетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – Мемлекеттік корпорация кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушідің және (немесе) оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы жазбаша нысанда қабылданады.
Шағымды қабылдаған адаманың тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" туралы ақпарат болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынандай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.
"Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша |
|
Нысан | |
Уәкілетті органның басшысына |
Ұшуға рұқсат алу үшін өтінім
__________________________________________________________мақсатында
(жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ішкі (халықаралық) әуе желілерінде ұшуды oрындауға рұқсат алу)
____________________________________________________________________
(өтінiш берушінің толық атауы)
тексеру жүргізуді өтінемін, ұшуды бастаудың жоспарланған күні
________________________________________________________________________
Өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларының талаптарына жауап беруге және азаматтық авиация саласындағы уәкілеттi органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге мiндеттенедi.
________________________________________________________________________
(басшының лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), өтініш берушінің (заңды тұлғаның) қолы)
________________________________________________________________________
(өтініш берушінің (жеке тұлғаның) Т.А.Ә., қолы)