Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 230 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17820 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы:

      алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағын;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының он бірінші және елу төртінші абзацтарын, 5-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп, Тізбенің 1-тармағының төртінші абзацының:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ лицензия алу үшін уәкілетті органға ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.";

      2) қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп, Тізбеге 14-қосымшаның 11-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "11. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері осыған дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің, банк холдингінің) басшысы - заңды тұлғаның басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)".

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      _______________

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      _____________

      2018 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 230 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 307 қаулысымен.

      5. "Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен:

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне оларды жою мерзімін көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне оларды жою мерзімін көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.";

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға өтініш Тізбеге 23-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға өтініш Тізбеге 24-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

3-қосымша

  Өзгерістер мен толықтырула
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

5-қосымша

6-қосымша

7-қосымша

8-қосымша

9-қосымша

10-қосымша

11-қосымша

12-қосымша

13-қосымша

14-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
15-қосымша

16-қосымша

нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
17-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
18-қосымша

19-қосымша

20-қосымша

21-қосымша

22-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
23-қосымша
  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты
қатысуға рұқсатты беру, сондай-
ақ банктің және (немесе) банк
холдингінің еншiлес ұйымды
құруға, сатып алуға, банктің
және (немесе) банк холдингінің
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ___ жылғы "___"_______ №_____

Еншiлес ұйым құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым құруға немесе иемденуге рұқсат алуға өтініш

      ________________________________________________________________________

                                    (өтініш берушінің атауы)

      банктің уәкілетті органының және (немесе) банк холдингінің

      ________________________________________________________________________

                                    (өткізілген орны)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      ________________________________________________________________________

                        (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________________

      орналасқан жері) құруына немесе иемденуіне рұқсат беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың

      дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың

      және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды. Қоса берілген

      құжаттар (жіберілген құжаттардың тізбесін атауымен, әрқайсысы бойынша дана және

      бет санын көрсету керек).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім береміз.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге

      асыратын тұлға)

      ________________________________________________________________________

                        (қолы) Басқарушы органның басшысы (бар болса)

      ________________________________________________________________________

                                          (қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
24-қосымша
  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе)
банк холдингінің еншiлес
ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты
қатысуына рұқсатты қайтарып
алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      ___ жылғы "___" _______ № _____

Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға өтініш

      ________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      банктің және (немесе) банк холдингінің уәкілетті органының

      ________________________________________________________________________

      (өткізілетін орын) _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      ________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, орналасқан жері)

      ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың тізімін, көшірмелердің және әрқайсысы бойынша парақтар санын көрсету керек).

      Атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға

      ________________________________________________________________________

                                          (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ________________________________________________________________________

                                          (қолы)