"Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қарашада № 17713 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2016 жылғы 13 ақпандағы № 29 (28155) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасі Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 7 қарашадағы
№ 439 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен бекітілді

Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 42) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаю көлемі - электр өндіруші ұйымының электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының тиісті энергия өндіруші ұйымының және желіге берудің жиынтық электр қуатының айырмасы, МВт;

      2) аттестатталған электр қуаты - тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының сомасы, мегаватта есептеледі (бұдан әрі - МВт);

      3) бақылау кезеңі - жергілікті уақыт бойынша 17:00-ден бастап 23:00-ге дейін күнтізбелік күн уақытының мерзімі (мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында);

      4) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      5) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау - аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;

      6) генерацияның жұмыс электр қуатының тізімдемесі мен технологиялық және техникалық минимумдар - бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызмет көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының, генерацияның жұмыс электр қуатының мәні көрінетін әр тәулікке Жүйелік оператор жасайтын құжат;

      7) желіге берудің жиынтық электр қуаты - онда ескерілген есепті жылдағы электр өндіруші ұйымдардың электр станцияларының өз қажетінің электр қуатының максималды мәнін шегергендегі жиынтық электр қуаты, МВт;

      8) жиынтық шегерілетін электр қуаты - энергия беруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген келесі параметрлердің сомасы: есепті жылдағы максималды жеке тұтынатын электр қуатының мәні, есепті жылы бөлшек нарық субъектілеріне жеткізілген максималды электр қуаты, есепті жылы экспорттың максималды электр қуаты, МВт;

      9) жиынтық электр қуаты - қолдау бойынша қызметтің шарттық көлемінің және жиынтық шегерілетін электр қуатының сомасы, МВт;

      10) жоспарлы жөндеу - Жүйелік оператормен шарттық жөндеу графигіне енгізілген жоспарлы жөндеу;

      11) жоспарлау жүйесі - электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің бір күн бұрын электр энергиясын өндіру-тұтыну, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін қалыптастыру бойынша өтінімді беру, сондай-ақ өтінімді дәл айтқан күні беруге (бекітілген тәуліктік графигін түзету) арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

      12) жөндеу қуаты - тек жылу тұтынуда (олар болған кезде) жұмысқа технологиялық арналған генерациялайтын қондырғылардың белгіленген электр қуатын есепке алмай, электр өндіруші ұйымдардың электр станциялары генерациялайтын қондырғыларын жөндеудің барлық түрлеріндегі (резервтен тыс жағдайда) жиынтық белгіленген электр қуаты;

      13) жүктеменің өңірлік бейіні - өңірлік электр желілік компаниясы белгілеген және жүйелік оператормен келісілген қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынудың сағаттық мәнін есептеу алгоритмі (сальдо-ағысы);

      14) жылуландырулық қуатының дельтасы - осы Қағидалардың 12-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған, осы көлемде ескерілген генерациялайтын қондырғыларға (берліген деңгей кезінде олардың жылу жүктемесіне) келетін, тек қана жылулық тұтынуда жұмыс істеу үшін технологиялық арналған электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметті сатып алу туралы шарт бойынша электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтер көлемінің бөлігі, МВт;

      15) қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлемі - энергия өндіруші ұйымдарда электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарға тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтер көлемінің сомасы, МВт;

      16) қолжетімсіз қуат - қазандықтарды не қазандық корпустарын авариялық тоқтату себебінен туындаған электр өндіруші ұйымының электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмыстарында бар генерацияның электр қуатын жиынтық ағымдағы шектеу, МВт;

      17) қуат нарығының тұтынушылары - электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергия үнемдеуші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендер;

      18) номиналды жоспарлы жөндеу кезеңі - ұзақтығы 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн уақыт мерзімі;

      19) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттықтарын жүзеге асыратын ұйым;

      20) өнеркәсіптік кешен - электр энергиясын бөлшек және (немесе) көтерме нарығында іске асыру үшін, жеке заңды тұлға болып табылмайтын, осы ұйымның құрамына кіретін, электр энергиясын өңдеу кәсіпорындар мен бірлестіктердің тұтынуы мақсатында жүзеге асырылатын, жеке заңды тұлға болып табылмайтын, өз құрамында электр станциясы бар, электр энергиясы нарығының көтерме нарығының субъектісі болып табылатын ұйым;

      21) сауда-саттықта қуатты сатудың рұқсат етілген көлемі - аттестатталған электр қуатының және электр өндіруші ұйымы электр қуатының сауда-саттықта сатылмайтын айырмасы, МВт;

      22) сауда-саттықта сатылмайтын электр қуаты - осы Қағидалардың 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жасалған электр өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көлемдерінің және жиынтық шегерілетін электр қуатының сомасы, МВт;

      23) тесттік команда - энергия өндіруші ұйымының құрамына кіретін электр станцияларының электрлік қуатын өзгертуге энергия өндіруші ұйымының Жүйелік операторы берген өкімі;

      24) техникалық минимум - конденсациялық, жылыту, газқұбырлы және бу-газды электр станциялары үшін - тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша; гидравликалық электр станциялары үшін - су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен тапсырылған су шығынын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша генерациялайтын қондырғылардың минималды рұқсат етілген электр қуатының сомасы, МВт.

      25) технологиялық минимум - генерациялайтын қондырғылардың минималды электр қуатының сомасы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт;

      26) толық орташалау әдісі - есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның тұтынған электр қуатының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның түтынған электр қуатының максималды мәні жеке желілерде және шаруашылық қажеттеріне электр энергиясын жоғалтуды жабу үшін осы энергия беруші ұйымның тұтынған электр қуатының мәні осы есептік кезеңде (күнтізбелік айда) тиісті орташа ретінде айқындалады;

      27) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      28) шоғырландыру көлемі - қуат нарығының тұтынушылары ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) жүзеге асырған бірыңғай сатып алушының жүктемесін атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтердің нақты жиынтық төлемінің және ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) үшін бірыңғай сатып алушы жүзеге асырған энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтің нақты жиынтық төлемі айырмасының оң мәні;

      29) ішінара орташалау әдісі - есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығының тұтынушысы тұтынған электр қуатының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының тұтынған электр қуатының максималды мәні осы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін тиісті орташа ретінде қуат нарығы тұтынушысы тұтынған осы электр қуатының мәні айқындалады;

      30) электр қуатының аттестатталған азаю жылдамдығы - электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың үшінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымының электр станциясы электр қуатын азаю жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;

      31) электр қуатының аттестатталған ұлғаю жылдамдығы - электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың бірінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымының электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;

      32) электр станциясының аттестатталған электр қуаты - белгілеу уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғылар желісіне жіберудің электр қуатының орташа мәні, МВт;

      33) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;

      34) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізу графигі - электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізу күнін, басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, кесте.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге түсініктер мен анықтамалар электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      3. Электр қуаты нарығының қатысушылары жүйелік оператор, бірыңғай сатып алушы, энергия өндіруші ұйымдар, қуат нарығын тұтынушылар, орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы болып табылады.

      4. Электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт және жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен үлгі шарттар негізінде жасалады.

2-параграф. Жүйелік оператордың электр қуаты нарығына қатысуы және алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлеу тәртібі

      5. Жүйелік оператор 2018 жылғы отызыншы қазанға дейін өзінің интернет-ресурсында қуат нарығы тұтынушыларының тізбесін қалыптастырады және орналастырады.

      Жүйелік оператордың интернет-ресурсына орналастырылған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесін қуат нарығы тұтынушылары құрамының өзгеру фактісі бойынша жүйелі оператор өзектендіреді.

      6. Алдыңғы есептік жылдың бірінші қазанынан кешіктірмейтін мерзімде жүйелік оператор электр қуаты резервінің қажетті шамасын және ұлттық электр желісінің жеке және шаруашылық қажетіне технологиялық шығысты өтеу үшін орташа жылдық электр тұтыну қуатын есепке алып, қуат нарығы тұтынушыларының болжамдық өтінімдері негізінде алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұраныс әзірлейді.

      7. Алдыңғы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамдық сұранысты Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының барлық бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - ҚР БЭЖ) бойынша да және мынадай тәртіпте ҚР БЭЖ аймағы бойынша бөліністе де әзірлейді:

      1) алдағы күнтізбелік жылдың әр айы үшін жеке Жүйелік операторға осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылда қуат нарығының тұтынушылары жіберген тұтынуға болжамды өтінімдерде көрсетілген тұтыну қуатының осы айға сәйкес келетін сомасы есептеледі;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген соманың ең көбі (бұдан әрі - ҚР БЕЖ бірлескен максимум), сондай-ақ ҚР БЭЖ бірлескен максимумға сәйкес келетін ай (бұдан әрі - максимум ай) айқындалады;

      3) он пайызға ұлғайтылған ҚР БЭЖ бірлескен максимумының мәні ретінде барлық ҚР БЭЖ бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстың мәнін айқындайды;

      4) максимум айы үшін ҚР БЭЖ Солтүстік аймағының бірлескен максимумы осы айға және Жүйелік операторға осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары жіберген тұтынуға болжамды өтінімдерде көрсетілген тұтыну қуатының ҚР БЭЖ осы аймағына сәйкес келетін сома ретінде айқындалады;

      5) ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстың мәні он пайызға ұлғайтылған Солтүстік аймақтың бірлескен максимумының мәні ретінде айқындалады;

      6) максимум ай үшін ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағының бірлескен максимумы осы айға және Жүйелік операторға осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары жіберген тұтынуға болжамды өтінімдерде көрсетілген тұтыну қуатының ҚР БЭЖ осы аймағына сәйкес келетін сома ретінде айқындалады;

      7) ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстың мәні он пайызға ұлғайтылған Оңтүстік аймақтың бірлескен максимумының мәні ретінде айқындалады;

      8) максимум ай үшін ҚР БЭЖ Батыс аймағының бірлескен максимумы осы айға және Жүйелік операторға осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары жіберген тұтынуға болжамды өтінімдерде көрсетілген тұтыну қуатының ҚР БЭЖ осы аймағына сәйкес келетін сома ретінде айқындалады;

      9) ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстың мәні он пайызға ұлғайтылған Батыс аймақтың бірлескен максимумының мәні ретінде айқындалады;

      10) болжамды сұраныс осы тармаққа сәйкес айқындалған Солтүстік, Оңтүстік, Батыс аймақтары бойынша және барлық ҚР БЭЖ бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамдық сұраныстардың мәнін, ҚР БЭЖ, Солтүстік, Батыс және Оңтүстік аймақтардың бірлескен максимумдарының мәнін көрсете отырып, алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына әзірленеді.

      Солтүстік, Оңтүстік, Батыс аймақтары бойынша және барлық ҚР БЭЖ бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамдық сұраныстардың мәні, ҚР БЭЖ, Солтүстік, Батыс және Оңтүстік аймақтардың бірлескен максимумдарының мәні бүтінге дейін дәлдікпен алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамдық сұраныста көрсетіледі.

      8. Алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына әзірленген болжамды сұранысты жүйелік оператор жыл сайын 5 қазанға дейін бірыңғай сатып алушыға және уәкілетті органға жібереді.

      9. Бірыңғай сатып алушыдан қуат нарығы тұтынушысы электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді енгізуге (алып тастауға) өтінім түскен кезде Жүйелік оператор қуат нарығының осы тұтынушысының электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді енгізуді (алып тастауды) жүзеге асырады. Бұл ретте, Жүйелік опреатор қуат нарығының осы тұтынушысына электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын электр өндіруші ұйымды (ұйымдарды) электр энергиясын тұтынуға көрсетілген техникалық шектеулерді енгізу (алып тастау) туралы хабардар етеді.

      10. Жүйелік оператор жыл сайын 5 қарашаға дейін жазбаша түрде орталықтандырылған сауда нарығы операторын алдағы күнтізбелік жылдың желтоқсан айында күтілетін ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймағын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізгіштік қабілеті туралы хабардар етеді.

3-параграф. Бірыңғай қатысушының электр қуаты нарығына қатысуы

      11. Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):

      1) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;

      2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;

      3) құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:

      осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;

      егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;

      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын жиырма бесінші желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.

      Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз болған жағдайларда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы әр шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу мерзімі мен көлемін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына сәйкес уәкілетті орган белгілейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген).

      Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құрамына жылу электр орталығы кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы әр шарт үшін электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген).

      13. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын Сауда-саттық көлемдерін есептеп шығарады, оның ішінде ҚР БЭЖ аймағына келетін, мына формулалар бойынша:



      Рсұраныс.солтүстік, Рсұраныс.оңтүстік, Рсұраныс.батыс - жүйелік оператор бекіткен алдағы және келесі күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұранысқа сәйкес ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтары боынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстың мәні, МВт;

      РИС.солтүстік, РИС.оңтүстік, РИС.батыс - жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтардың жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарымен бірыңғай сатып алушы жасасқан электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шарттардың алдағы күнтізбелік жылға электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемдері, МВт;

      РТМ.солтүстік, РТМ.оңтүстік, РТМ.батыс - құрамына ҚР БЭЖ жылу электр орталығы, Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарымен бірыңғай сатып алушы жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемдері, МВт;

      Рсауда.солтүстік, Рсауда.оңтүстік, Рсауда.батыс - ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарына келетін сауда-саттық көлемдері, МВт;

      Р∑сауда - Сауда-саттық көлемдері, МВт.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес есептелген ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарына келетін сауда-саттық көлемдері туралы ақпаратты бірыңғай сатып алушы жыл сайын бесінші қарашаға дейін орталықтандырылған сауда нарығының операторына береді.

      15. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын бесінші қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12489 тіркелген болып тіркелген) (бұдан әрі - Аттестаттауды өткізу қағидалары) сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының аттестаттауынан өткен барлық энергия өндіруші ұйымдарының сауда-саттығына қуатты сатудың рұқсат етілген көлемдері туралы ақпаратты орталықтандырылған сауда нарығының операторына береді.

      16. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын отызыншы желтоқсанға дейін Жүйелік операторға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша олардың алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарының негізінде қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдары туралы ақпаратты жібереді.

      17. Бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жасалған шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, ай сайын, осы қызметті көрсеткен ай аяқталғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күнінен кешіктірмей төлейді.

      Бұл ретте, бірыңғай сатып алушы тарапынан төлеуге осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес жасалған қолданыстағы шарттар бойынша есепті кезең (күнтізбелік ай) үшін энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен осы Қағиданың 44-тармағына сәйкес бірыңғай сатып алушы айқындайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерінің көлемдері жатады.

      Есепті кезеңде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемдерін уақтылы төлеу үшін бірыңғай сатып алушы қажет болған жағдайда, шоғырландыру көлемі шегінде осы Қағидаларға сәйкес қызметті жүзеге асыру нәтижесінде ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) үшін онда шоғырланған қаражатты пайдаланады.

      18. Бірыңғай сатып алушы жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге арналған жасасқан шарт негізінде көтерме нарық субъектілері болып табылатын энергия жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады.

      19. Жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.

      Бірыңғай сатып алушы жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында растайтын есептермен бірге алдағы күнтізбелік жылға жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге баға орналастырады.

      Бірыңғай сатып алушы жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге бағаны есептеу және интернет-ресурсқа орналастыруды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12474 болып тіркелген).

      20. Бірыңғай сатып алушы электр энергиясының нарығын енгізу жылы алдындағы жылдың он бесінші қарашаға дейін электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерін көрсете отырып, жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге жасасқан шарттар тізбесін (бұдан әрі - шарттар тізбесі) қалыптастырып, өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Шарттар тізбесімен бірге бірыңғай сатып алушы Жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылған және жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге бірыңғай сатып алушымен шарттары жоқ қуат нарығының тұтынушылар тізбесіне енгізілген қуат нарығы тұтынушыларының тізімін де (бұдан әрі - Тізім) орналастырады.

      Бірыңғай сатып алушы интернет-ресурсқа орналастырған шарттар тізбесі мен Тізімді бірыңғай сатып алушы жүктемені арттыруға электр қуаты әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге жаңа шарттар жасасу фактісі бойынша өзектендіреді.

      21. Қуат нарығының тұтынушысы жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге тиісті шарт бойынша жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді төлем жағдайын бұзған жағдайда, бірыңғай сатып алушы Жүйелік операторға қуат нарығының осы тұтынушының электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді енгізуге өтінім жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жою фактісі бойынша бірыңғай сатып алушы Жүйелік операторға қуат нарығының осы тұтынушысының электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді алып тастауға өтінім жібереді.

4-параграф. Электр қуатының нарығына энергия өндіруші ұйымдардың қатысуы

      22. Заңның 12-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар: электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады).

      23. Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес энергия өндіруші ұйымдарға бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме арттыруға әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.

      Жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге бірыңғай сатып алушымен шарттары жоқ қуат нарығының тұтынушылары Тізімде көрсетіледі.

      24. Энергия өндіруші ұйым генерацияланатын қондырғының электр қуатына аттестаттау (бұдан әрі - Аттестация) Аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметтерін өткізуді жүзеге асырады.

      25. Энергия өндіруші ұйымдар:

      1) тендерлік негізде қайта пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;

      2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;

      3) есепті жылда экспорт қуатының максималды электр қуатын;

      4) есепті жылда бөлшек нарық субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуатын;

      5) мына екі электр қуатының мәндерінен ең көп:

      есепті жылда өзі тұтынатын электр қуатының максималды мәнін;

      есепті жылда генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемесінің берілген дәрежесі кезінде) энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін жылу электр орталықтарының минималды электр қуатының максималды мәнін шегергенде аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді өткізуді жүзеге асырады.

      Егер электр қуатына кезектен тыс аттестаттау жүргізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижесі бойынша бірыңғай сатып алушымен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызмет көлемі аттестатталған мәнге дейін азаяды.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты ретінде осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жасалған (жасасқан) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру көлемі (көлемдері) пайдаланылады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген есепті жылдағы экспорттың максималды электр қуатына да есепті жылда энергиямен жабдықтау ұйым (ұйымдар) арқылы экспорттың максималды электр қуаты қосылады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген есепті жылдағы бөлшек сауда субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты Жүйелік оператордың интернет-ресурсына қуат нарығы тұтынушыларының тізбесін орналастырған және осы тізбеде бөлшек нарықтың көрсетілген субъектілері болмаған жағдайда ескеріледі (нөлге теңестірілмейді).

      27. Энергия өндіруші ұйым бірыңғай сатып алушымен осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасады.

      28. Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттар аясында энергия өндіруші ұйым:

      1) генерациялайтын қондырғлар электр қуатын тұрақты әзірлікте ұстап тұруын;

      2) Жүйелік оператордың тесттік командаларын орындауды;

      3) Жүйелік операторға теңгерімдейтін нарықта электр энергиясын арттыруға және азайтуға реттеуге қатысуға өтінімді күнделікті беруді;

      4) Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілік пен қуатты бастапқы және қосалқы қолдау жүйелерін тұрақты әзірлікте ұстап тұруды (бұл ретте, энергия өндіруші ұйымды жиілік пен қуатты реттеуге тарту энергия өндіруші ұйымдармен келісу бойынша жүргізіледі);

      5) алдағы жоспарлау тәулігіне энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуатының мәндері туралы ақпаратты Жүйелік операторға күнделікті беруді;

      6) Жүйелік операторға өз тұтынуындағы ағымдағы электр қуаты және желіге жіберудің ағымдағы электр қуаты, генерацияның ағымдағы электр қуатының мәндері туралы телеметрикалық ақпаратты беруді;

      7) жоспарлаудың тиісті тәулігіне Жүйелі операторға берілген энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, жұмыс электрлік генерация қуатының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалған техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағат бойынша жоспарлауды жүзеге асырады.

      29. Жүйелік оператор команданы күнтізбелік айда үш реттен жиі емес береді. Бұл ретте, тесттік командалар арасында уақытша аралық үш күнтізбелік күннен кем болмайды.

      Тесттік командалар мен олардың орындалу нәтижелері Жүйелік оператордың және тиісті энергия өндіруші ұйымдардың кезекші персоналының жедел журналдарында тіркеледі.

      30. Жүйелік оператордың тесттік командаларды орындау уақытында энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары электр қуатын ұлғайту және азайтудың жылдамдығы және желіге жіберудің электр қуаты, генерацияның электр қуатының мәндерінің фиксациясы Жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты трансляциялаумен телеметрия аспаптары мен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі өлшемдерінің деректері бойынша жүзеге асырылады.

      Тесттік командаларды орындау уақытында энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары электр қуатын ұлғайту және азайтудың жылдамдығы және желіге берудің электр қуаты, генерацияның электр қуатының мәндерін фиксациялау уақытын тиісті тесттік команда берген кезде Жүйелік оператор айқындайды.

      31. Электр энергиясын өндіру-тұтыну тәуліктік кестесінің тиісті жоспарлы шамасына қатысты Жүйелік оператордың тесттік командарларын орындау процесінде энергия беруші ұйымдардың электр станциялары шиналарынан қосымша берілген немесе дұрыс берілмеген электр энергиясын ағымдағы есепті кезең (күнтізбелік ай) ішінде Жүйелік оператор физикалық түрде реттейді.

      32. Жүйелік оператордың тесттік команда бойынша энергия өндіруші ұйымы оның құрамына кіретін электр станциялар генерациясының ағымдағы электр қуатының өзгерісін қамтамасыз етеді, бұл ретте:

      1) Жүйелік оператор арттыруға тесттік команда берген жағдайда оның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясы электр қуатының ағымдағы жиынтық мәнін мына формула бойынша айқындалған мәнге дейін өзгертуді қамтамасыз етеді:



      Рөлшем - оған дейін электр беруші ұйымдардың электр станцияларының генерациясы электр қуатының ағымдағы жиынтық мәнін өзгерту жүзеге асырылғанға дейін генерацияның электр қуатының мәні, МВт;

      Р - тиісті күнтізбелік жылдың жиынтық электр қуаты, МВт;

      Р - тиісті күнтізбелік жылдың жылыту қуатының дельтасы, МВт;

      Рқолжетімсіз - қолжетімсіз қуат (тесттік команда орындау уақытында), вМВт;

      Ржөн - жөндеу қуаты (тесттік команданы орындау уақытында), МВт;

      Бұл ретте, Жүйелік оператор оны бөлек орындау туралы қосымша өкіммен арттыруға тесттік команда алған жағдайда, арттыруға тесттік команданы Жүйелік оператордың көрсетілген қосымша өкіміне сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары генерацияның ағымдағы электр қуатын ол туралы ақпаратты энергия өндіруші ұйым Жүйелік операторға ағымдағы тәулікте берген электр станциялары деректері генерациясының жұмыс электр қуатының мәніне дейін алма-кезек өзгерту арқылы энергия өндіруші ұйым орындайды. Осы электр станциялары қол жеткізген генерацияның электр қуатының мәні Жүйелік оператордың тиісті тесттік командасын орындау нәтижелері бойынша қол жеткізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары электр қуатының жиынтық мәнін (бұдан әрі - генерацияның электр қуатының жиынтық мәні) айқындау үшін дәйектілікпен жинақталады. Егер оларды бөліп орындау туралы қосымша өкіммен берілген арттыруға тесттік команданы орындау аяқталған кезге дейін генерацияның электр қуатының жиынтық мәні осы тармақшада талап етілген мәнге жеткен жағдайда, энергия өндіруші ұйым бұл тесттік команданы орындауды тоқтатады.

      2) Жүйелік оператор азайтуға тесттік команда берген жағдайда, энергия өндіруші ұйым оның құрамына кіретін генерацияның электр қуатының ағымдағы мәнін осы электр станциялары өнеркәсіптік тұтынушыларды бумен жабдықтауды есепке алып, технологиялық және техникалық минимумдардың ағымдағы мәндерінен оларға ең көп мәнге сәйкес келетін мәнге өзгертуді қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, Жүйелік оператор оны бөлек орындау туралы қосымша өкіммен азайтуға тесттік команда алған жағдайда, арттыруға тесттік команданы Жүйелік оператордың көрсетілген қосымша өкіміне сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары генерацияның ағымдағы электр қуатын осы электр станцияларының өнеркәсіптік тұтынушыларын бумен жабдықтауды есепке алып, технологиялық және техникалық минимумдардың ағымдағы міндерінен оларға сәйкес келетін ең көп мәнге дейін алма-кезек өзгерту арқылы энергия беруші ұйым орындайды.

      33. Егер энергия өндіруші ұйым Жүйелік оператордың тиісті командасы бойынша осы Қағидалардың 32-тармағы 2) тармақшасы немесе 1) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асырмаса немесе осы іс-қимылдарды жүзеге асыру нәтижелері бойынша оларды жүзеге асыруға жұмылдырылған қандай да бір энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының электр қуатының ұлғаюының (азаюының) орташа жылдамдығының мәні электр қуатының ұлғаюының (азаюының) тиісті аттестатталған жылдамдығынан аз болған жағдайда, Жүйелік оператордың тесттік командасы орындалмаған болып саналады.

      34. Энергия өндіруші ұйым есепті кезең (күнтізбелік ай) ішінде Жүйелік оператордың қатарынан үш тесттік командасын орындамаған жағдайда, Жүйелік оператор Аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес энергия өндіруші ұйым электр станцияларына кезектен тыс атестаттау жүргізеді.

      35. Егер энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларына кезектен тыс аттестаттау жүргізу нәтижесі бойынша оның аттестатталған электрлік қуаты желіге беру тиісті жиынтық электр қуатынан аз болса, онда ұстап тұру бойынша қызметтің шарттық көлемін азаю көлеміне азайтуға (бұдан әрі - азайту) жатады, бұл ретте азайту мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекте азаю көлеміне осы Қағидалардың 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтер көлемін азайтады;

      2) егер азаю көлемі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет көлемінен асып кетсе, осы Қағидалардың 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі төмендейді;

      3) егер азаю көлемі осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметтер көлемінің сомасынан асып кетсе, осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі азаяды.

      Энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы тиісті шартқа азаюға қатысты өзгерістер (бұдан әрі - Азаюға қатысты өзгерістер) енгізуді бірыңғай сатып алушы Жүйелік оператордан энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуаты туралы тиісті жазбаша ақпарат алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Азаюға қатысты өзгерістерді қолданысқа енгізу күні энергия өндіруші ұйымының электр станцияларын тиісті кезектен тыс соңғы аттестаттау жүргізілген айдың бірінші күні белгіленеді.

      Азаюға қатысты өзгерістер қолданысқа енгізілген жылдың отыз бірінші желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      36. Егер электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі кезекті аттестаттау жүргізгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендейді.

      37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемінің азаюы осы шартқа бірыңғай сатып алушының тиісті түзетуді (бұдан әрі - Түзетулер) енгізуі арқылы жүзеге асырылады.

      Түзетулерді бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының құрамына кіретін жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғының аттестатталған электр қуатын көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуаты туралы жазбаша түрде жүйелік оператордан тиісті ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Осы Түзетулердің қолданысқа енгізілген күні жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау жүргізу жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтары болып белгіленеді.

      Түзетулер қолданысқа енгізілген жылдың отыз бірінші желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау Аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      38. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімде (бұдан әрі - Келісім) белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізбеген жағдайда, уәкілетті орган осы Келісімді бұзуға немесе электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифті, жүйелік операторды хабарландыра отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу көлемі мен мерзімдерін өзгертуге құқылы.

      39. Егер уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен Келісімді бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бірінші мамырға дейін осы шешім туралы бірыңғай сатып алушыны және Жүйелік операторды жазбаша хабардар етеді.

      Егер уәкілетті орган Келісімде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдаса, уәкілетті орган бірінші мамырға дейін осы шешім туралы бірыңғай сатып алушыны және Жүйелік операторды жазбаша хабардар етеді.

      Бірыңғай сатып алушы уәкілетті органнан тиісті хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жүйелік операторды хабардар ете отырып, Келісім негізінде жасалған электр өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартты бұзу немесе оған өзгерістер енгізуді жүзеге асырады. Осы шартқа енгізілген өзгерістер ағымдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және олар қолданысқа енгізілген жылдан кейінгі жылдың бірінші мамырына дейін қолданыста болады.

      40. Энергия өндіруші ұйым күн сайын Жүйелік операторға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бектілген Электр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) (бұдан әрі - Теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу қағидалары) сәйкес электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта арттыруды реттеуге қатысуға өтінім береді.

      Бұл ретте, өтінімде арттыруға минималды шекті реттеу шамасы мына формула бойынша операциялық тәуліктің әр сағаты үшін жеке айқындалады:



      ОЗазайту - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін арттыруға реттеудің минималды шекті шамасы, МВт;

      Р - тиісті күнтізбелік жылдың жиынтық электр қуаты, МВт;

      Р - тиісті күнтізбелік жылдың жылыту қуатының дельтасы, МВт;

      Рқолжетімсіздік - қолжетімсіз қуат (операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін), МВт;

      Ржөндеу - жөндеу қуаты (операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін), МВт;

      Рген - операциялық тәуліктің тиісті сағатына жоспарлы, электр өндіруші ұйымдар электр станциялары генерациясының электр қуатының жиынтық мәні, МВт;

      Рқайта реттеу - жиілік пен қуатты қосалқы реттеу бойынша қосалқы қызметтер көлемі (оның ішінде жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымдар көрсететін ЖҚАР арқылы), МВт;

      Бұл ретте, егер арттыруға өтінім көлемін айқындау нәтижесінде оның мәні теріс болса, онда арттыруға өтінім көлемінің мәні нөлге теңеседі.

      41. Энергия өндіруші ұйым күн сайын Жүйелік операторға Теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу қағидаларына сәйкес электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта азайтуға реттеуге қатысуға өтінім береді.

      Бұл ретте, өтінімде көсретілген азайтуға реттеу шамасы мына формула бойынша операциялық тәуліктің әр сағаты үшін жеке айқындалады:



      ОЗазайту - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін азайтуға реттеу шамасы, МВт;

      Рген - операциялық тәуліктің тиісті сағатына жоспарлы, электр өндіруші ұйымдар электр станциялары генерациясының электр қуатының жиынтық мәні, МВт;

      Р∑мин - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін орташадан көп осы электр станцияларының өнеркәсіптік тұтынушыларын бумен жабдықтауды есепке алып, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары мәнінің сомасы, МВт;

      Рқосалқы реттеу - жиілік пен қуатты қосалқы реттеу бойынша қосалқы қызметтер көлемі (оның ішінде жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымы көрсететін ЖҚАР арқылы), МВт.

      42. Жүйелік оператор өзектендірген энергия өндіруші ұйымның арттыруға (азайтуға өтінім) өтінімі егер энергия өндіруші ұйым осы өтінімді орындау процесінде онда көрсетілген электр қуатының мәніне қол жеткізілмесе, не егер осы өтінімді орындау нәтижесі бойынша оның орындалуына жұмылдырылған қандай да бір энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатының ұлғаюының (азаюының) орташа жылдамдығы электр қуатының ұлғаюының (азаюының) тиісті аттестатталған жылдамдығынан аз болса орындалмаған болып саналады.

      Энергия өндіруші ұйымдардың Жүйелік оператор өзектендірген арттыруға өтінімді және азайтуға өтінімді орындамағаны Жүйелік оператордың және энергия өндіруші ұйымдардың кезекті персоналының жедел журналдарында тіркеледі.

      43. Есепті кезеңде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі (бұдан әрі - ұстап тұру бойынша нақты көлем) мына формула бойынша бүтінге дейін дәлдікпен есептеледі:



      ҚН - энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары бойынша қолдау бойынша қызметтің нақты көлемі, МВт;

      ҚШ - қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт;

      k1,k2,k3,k4,k5 - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) жасасқан әр энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есепті кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша Жүйелік оператор айқындайтын шексіз коэффициенттер;

      min ( k3; k4 )- Есепті кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінен минималды.

      k1,k2,k3,k4,k5 коэффициенттерінің мәнін жүйелік оператор береді:

      1) растайтын құжаттармен бірге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті акт түрінде тиісті есепті кезең (күнтізбелік күн) аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға;

      2) осы энергия өндіруші ұйымның тиісті сауалының негізінде растаушы есептермен бірге k1,k2,k3,k4,k5 коэффициенттерінің оған сәйкес келетін мәндері туралы ақпарат түрінде электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алуға шартты (шарттарды) бірыңғай сатып алушымен жасасқан энергия өндіруші ұйымға береді.

      Қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес түзетіледі.

      44. Егер осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес есептелген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлеміне тең болса, энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы әр қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі осы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтер көлеміне теңестіріледі.

      45. Егер осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес есептелген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлемінен аз болса, энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы әр қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі мынадай тәртіпте айқындалады:

      1) энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы әр қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі және қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлемі айырмасының мәні есептеледі (бұдан әрі - кем жеткізу);

      2) Қағидалардың 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарт бойынша қызметтің нақты көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемінің осы шартта көрсетілген айырмасы және кем жеткізілімі ретінде есептеледі (бұдан әрі - бірінші шарттың айырмасы);

      3) егер кем жеткізілім осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша қызметтер көлемінен аспаған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қалған қолданыстағы шарттар бойынша ұстап тұру жөніндегі қызметтердің нақты көлемі осы шарттарда көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлеміне теңестіріледі;

      4) егер кем жеткізілім осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарт бойынша қызметтер көлемінен асса, осы Қағидалардың 11-тармағы 3) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарт бойынша қолдау бойынша қызмет көлемінің нақты көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемінің осы шартта көрсетілген айырмасы және бірінші шарттың айырымдары (бұдан әрі - екінші шарттың айырмасы) есептеледі;

      5) егер кем жеткізілім осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша қызметтер көлемінен аспаса, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қалған қолданыстағы шарттар бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі осы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемдеріне теңестіріледі;

      6) егер кем жеткізілім осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша қызметтер көлемінен асқан жағдайда, осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі осы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемдерініне айырма және екінші шарттың айырмасы ретінде есептеледі;

      46. Бірыңғай сатып алушы төлеуге жататын энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарды қолдау бойынша қызметтердің нақты көлемдері туралы ақпаратты тиісті есепті кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушысы береді.

5-параграф. Қуат нарығы тұтынушыларының электр қуатының нарығына қатысуы

      47. Заңның 12-бабының 6-тармағына сәйкес электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдары және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуаты нарығына қатысуға міндетті.

      48. Заңның 15-3-бабының 2-тармағының бірінші абзацына сәйкес көтерме нарық субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар алдыңғы және кейінгі күнтізбелік жылдарың әр айына тұтынатын электр қуатының максималды мәнін көрсететін, олардың құрамында меншік жалдау құқығында немесе генерациялайтын көздерден өзге де заттай құқықта бар электр қуатының есебінен жабылмайтын (бұдан әрі - тұтынудың максималды айлық қуаты) тұтынуға болжамды өтінімдерді қалыптастырады да оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      49. Тұтынуға болжамды өтінімде қуат нарығының тиісті тұтынушысы орналасқан Қазақстан Республикасының облысы көрсетіледі.

      Бұл ретте егер нарық тұтынушысы электр энергиясын тұтынуды Қазақстан Республикасының екі немесе одан көп облыстарында жүзеге асырса, онда тұтынуға болжамды өтінімде қуат нарығының тұтынушысы барлық Қазақстан Республикасы бойынша жиынтықта да, оның облыстары бойынша бөліністе де тұтынудың максималды айлық қуатын көрсетеді.

      Тұтынудың максималды айлық қуаты тұтынуға болжамды өтінімде көрсетіледі, оннан онға дейін дәлдікпен МВт.

      50. Тұтынуға болжамды өтінімде көрсетілген тұтынудың максималды айлық қуаты:

      1) энергия беруші ұйымдарды қоспағанда, қуат нарығының барлық тұтынушылары үшін - ішінара орташалау әдісін есепке алып;

      2) энергия беруші ұйымдар үшін - толық орташалау әдісін есепке алып көрсетіледі.

      51. Жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартта алдағы күнтізбелік жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемі (бұдан әрі - қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі) алдағы күнтізбелік жылға осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылда берілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынуға тиісті болжамды өтінімде көрсетілген тұтынатын максималды электр қуаты болып табылады.

      Электр энергиясының көтерме сауда нарығы нарығында жаңадан құрылған тұтынушы ағымдағы жылға тұтынуға арналған өтінімді және келер жылға тиісті жүкті көтеру үшін электр энергиясының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету бойынша келісім-шарт жасасуға тиісті келіп түскен өтінімді ұсынады және электр энергиясына нарыққа қатысады.

      52. Қажет болған кезде, қуат нарығының тұтынушылары қамтамасыз ету бойынша шарттық көлем белгіленген күнтізбелік (есептік) жыл ішінде бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің ресми бланкісінде қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемін ұлғайтуға өтінім (бұдан әрі - ұлғайтуға өтінім) береді.

      Ұлғайтуға өтінімді қуат нарығының тұтынушысы ағымдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) он бес күнінен кешіктірмейтін мерзімде береді.

      Егер ұлғайтуға өтінімді қуат нарығының тұтынушысы осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес берген жағдайда, бірыңғай сатып алушы жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған тиісті шартқа алдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енетін қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін ұлғайту бөлігіне өзгерістер енгізеді.

      Бұл ретте, бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырмайды.

      53. Қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінің азаю жағына өзгеруіне энергия жабдықтаушы ұйымдарға қатысты мынадай жағдайларды қоспағанда жол берілмейді:

      1) электр энергиясын тұтынушы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған бір энергиямен жабдықтаушы ұйымнан (бұдан әрі - бірінші ЭЖҰ) екінші энергиямен жабдықтаушы ұйымға (бұдан әрі - басқа ЭЖҰ) ауысқан жағдайда;

      2) тұтынудың максималды қуаты энергиямен жабдықтаушы ұйымның қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемінде ескерілген электр энергиясының бөлшек нарығы субъектісін жүйелік оператордың интернет-ресурсына орналастыраған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесіне енгізген және олардың бірыңғай сатып алушымен жүктемені арттыруға арналған шарт жасасқан жағдайда.

      54. Қағидалардың 53-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде бірінші ЭЖҚ қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі электр энергиясын тұтынушының электр қуатының келесі екі мәнінен аз мән шегінде: бірінші ЭЖҚ қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінде ескерілген мән және осы электр энергиясын тұтынушысының ауысуын көрсете отырып, тікелей байланысты басқа ЭЖҚ қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемін (шарттық көлемдерін) ұлғайту бөлігіндегі тең мән азаяды.

      Қағидалардың 53-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде энергия жабдықтаушы ұйымды қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемі қуат нарығының көрсетілген тұтынушысының электр қуатының келесі екі мәндерінің ең аз мәні шегінде энергия жабдықтаушы ұйымдардың қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемінде ескерілген мән және қуат нарығының осы тұтынушысының қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемінің мәні азаяды.

      55. Осы Қағидалардың 53-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемдерін азайту тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйымның бірыңғай жеткізушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресми бланкіде ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген оның қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін азайтуға өтінім беру арқылы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 53-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін азайту тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйым бірыңғай жеткізушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресми бланкіде азайтуға өтінімді беру арқылы жүзеге асырады.

      Азайтуға өтінім тиісті есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) 15 күнінен кешіктірмей, қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиісті шарттық көлемін белгілеген күнтізбелік жыл ішінде беріледі.

      Егер азайтуға өтінім осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бірыңғай сатып алушы жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге арналған тиісті шартқа азайтуға көрсетілген өтінім берілген оның есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) кейінгі есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енетін қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін азайту бөлігіне өзгерістер (осы Қағидалардың 54-тармағын есепке алып) енгізеді.

      56. Электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарында электр энергиясын сатып алуды (бұдан әрі - Сатып алу) қуат нарығының тұтынушысы Сатып алуды жүзеге асыру уақыты бақылау кезеңіне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиісті шарттық көлемінің шегінде жүзеге асырылады.

      57. Көтерме нарық субъектісі болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушының қызметін ай сайын бірыңғай сатып алушы есептелген күнтізбелік жыл ішінде тіркелген баға бойынша осы қызметті жеткізу айы аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуге міндетті.

      58. Осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге төлемнің нақты шамасын бірыңғай сатып алушы бірыңғай сатып алушының есепті кезеңде (күнтізбелік айда) нақты көрсеткен осы Қағидалардың 61-тармағына сәйкес айқындалған жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлеміне қарай қуат нарығының әр тұтынушысы үшін жеке айқындайды.

      59. Қуат нарығының тұтынушысына есепті кезеңде (күнтізбелік айда) бірыңғай сатып алушы нақты көрсеткен жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемі (бұдан әрі - қамтамасыз ету бойынша қызметтің нақты көлемі) мына формула бойынша оннан онға дейін дәлдікпен есептеледі:



      НК - қамтамасыз ету бойынша нақты көлем, МВт;

      ШК - қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемі, МВт;

      ∆о - есепті кезеңдегі қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиісті шарттық көлеміндегі қуат нарығының тұтынушысы тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәнін арттыру мәні МВт;

      nо - ∆о - ге тәуелді шексіз коэффициент:

      1) nо = 0, егер ∆о қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;

      2) nо = 1,3, егер ∆о қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      3) nо = 1,5, егер ∆о қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      4) nо = 1,7, егер ∆о қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      5) nо = 2,0, егер ∆о қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайызға асқан жағдайда.

      60. Есепті кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушылары тұтынуының электр қуатының нақты максималды мәнін Жүйелік оператор мына әдістемелер бойынша әр есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындысы бойынша айқындайды:

      1) ішінара орташалау әдісі бойынша - энергия беруші ұйымдарды қоспағанда, қуат нарығының барлық тұтынушылары үшін;

      2) толық орташалау әдісі бойынша - энергия беруші ұйымдар үшін, сосын олар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті түрінде тиісті есепті кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға береді.

      Қуат нарығы тұтынушысының тұтынатын электр қуатының есептеу кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты максималды мәні Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер қорына шарттық хаттама бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалады. Бұл ретте Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) деректері болмаған кезде есепті кезеңдегі (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәні жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады. Жүктеменің өңірлік бейіні өңірлің электр энергиясын тұтынудың нақты сағаттық кестесінің және электр энергиясы көтерме нарығы субъектілерінің ЭКЕАЖ жарақталған қосылыстар бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың келісімшарттық тұтынушыларының тұтынуы бойынша сағаттық деректер айырмасы ретінде айқындалады. Бір өңірде (облыста, энергия торабында) орналасқан және толық көлемде электр энергиясын тұтынған (алған) мөлшер туралы ЭКЕАЖ сағаттық деректері жоқ электр энергиясының көтерме нарық субъектілері үшін өңірлік электр желілік компания әр ай үшін жеке жүйелі оператормен келісілген өңірлік жүктеме бейінін айқындайды.

      Аймақтық электр торабын аймақтық жүктеме профилі тиісті есептік кезең аяқталған күннен бастап (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүйелік операторға беріледі.

      61. Тиісті растаушы есептермен бірге қуаттың нарық тұтынушылары төлеуге жататын қамтамасыз ету бойынша қызметтердің нақты көлемдері туралы ақпаратты бірыңғай сатып алушы тиісті есепті кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде қуат нарығының тұтынушысына береді.

      62. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес қуат нарығының тұтынушысы жойылған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемдері тиісті есепті кезеңде Бірыңғай жеткізуші алдында олардың қуат нарығының осы тұтынушысының қаржылық міндеттемелерін жабу үшін қажетті тиісті шамаға ұстап тұру бойынша қызметтің шарттық көлемдеріне пропорционалды азаяды.

6-параграф. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр қуаты нарығына қатысуы және электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      63. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы (бұдан әрі - нарық операторы) жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын (бұдан әрі - сауда-саттық) ұйымдастырады және өткізеді.

      64. Сауда-саттық нарық операторының интернет-ресурсына орналастырылып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесіне сәйкес бір жылға жеткізу (көрсету) мерзімімен біржақты аукцион нысанында нарық операторының сауда жүйесінің интернет-ресурсында қашықтықтан өткізіледі.

      Сауда-саттықты өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсаты үшін сауда залында сауда-саттық ішінде сауда-саттықты кейінге қалдырған, ауыстырған жағдайда сауда-саттықты өткізгенде коммерциялық құпияны, құпия ақпаратты таратпау туралы міндеттемеге қол қойған сегіз адамнан аспайтын санда мемлекеттік органдар, қауымдастықтар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері ішінен бақылаушылар тобының қатысуын қамтамасыз етеді.

      65. Нарық операторы сауда-саттық өткізген күнге дейін кемі жеті күнтізбелік күн бұрын сауда жүйесінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы алда өтетін сауда-саттық туралы қатысушыларды хабардар етеді.

      66. Нарық операторы шартты негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектісіне орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді көрсетеді.

      67. Сауда-саттықты нарық операторы мына дәйектілікпен жүргізеді:

      1) қатысушылары ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймағының ғана жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдары (бұдан әрі - ЭӨҰ) болып табылатын ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін есепке алып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша бірлескен сауда-саттықтар;

      2) ЕЭС РК қатысушылары ҚР БЭЖ Батыс аймағының ғана ЭӨҰ болып табылатын ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша жекелеген сауда-саттықтар.

      68. Нарық операторы ЭҚҰ-ға мына шарттарды орындаған кезде сауда-саттыққа рұқсат етіледі:

      1) ЭҚҰ Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шарты жасасса;

      2) ЭҚҰ нарық операторы айқындаған тәртіпте нарық операторының сауда жүейесіне тіркелуі жүзеге асырылса;

      3) ЭҚҰ сауда-саттық операторының жұмыс орны сауда жүйесінің дерекқорымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық құралдармен жабдықталса;

      4) нарық операторына сауда жүйесінде жұмыс бойынша нарық операторында нұсқамадан өткен ЭҚҰ сауда операторы - уәкілетті адамдарының тізімін ұсынса;

      5) нарық операторына бірыңғай сатып алушы берген ақпарат осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ЭҚҰ сауда-саттығына қуатты сатудың шекті көлемі туралы ақпаратты қамтыса.

      69. Сауда-саттық басталғанға дейін нарық операторы сауда жүйесіне:

      1) бірыңғай сатып алушыдан алынған ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарға келетін сауда көлемдері туралы ақпаратты;

      2) алдағы күнтізбелік жылда желтоқсан айында жүйелі оператордан алынған ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің күтілетін өткізу қабілеті туралы ақпаратты;

      3) бірыңғай сатып алушыдан алынған әр ЭӨҰ сауда-саттығында қуатты сатудың шекті көлемі туралы ақпаратты;

      4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге шекті тарифтің мәні туралы ақпаратты енгізеді.

      70. ЭӨҰ сауда-саттыққа қатысу үшін нарық операторына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатуға өтінім (бұдан әрі - Сатуға өтінім) береді.

      71. Сатуға өтінім мынаны қамтиды:

      1) МВт-да көрсетілген және еселі бір МВт сауда-саттықта қуатты сатудың тиісті шекті көлемінен аспайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі;

      2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтік минималды шекті көлемі, МВт және еселі бір МВт;

      3) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;

      4) айына бір МВт үшін еселі бір мың теңге, уәкілетті орган бекіткен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тарифтен аспайтын ҚҚС-сыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен айына бір МВт үшін мың теңгемен көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге баға;

      5) электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті көрсету мерзімі, оны көрсетуді бастаған және аяқтаған күн;

      6) сатуға өтінімге қол қойған басшының немесе жауапты адамның тегі және аты-жөні;

      7) энергия өндіруші ұйымдардың деректемелері (телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы).

      72. Сатуға өтінім беру Интернет желісін пайдалана отырып және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, сауда сессиясы ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте:

      1) Интернет желісін пайдалана отырып берілген сатуға өтінімді ЭӨҰ нарық операторының интернет-ресурсында тікелей қалыптастырады;

      2) факсимильдік байланыс арқылы берілетін сатуға өтінімге ЭӨҰ уәкілетті адамды қол қоюы тиіс.

      Факсимильдік байланыс арқылы берілген сатуға өтінімде бар деректер, оның ішінде нарық операторы оны алған күні мен уақытын нарық операторы сауда жүйесінің деректер базасына енгізеді.

      73. ЭӨҰ сатуға өтінімді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін сатуға жаңа өтінім беру арқылы сатуға бұрын берілген өтінімді жоюға немесе өзгертуге құқылы. Бұл ретте, сатуға жаңа өтінімде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі сатуға алдыңғы өтінімде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлеміне тең болуы тиіс.

      74. Сауда-саттықта ЭӨҰ қуатты сатудың тиісті шекті көлемінен асатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі, сатуға өтінімді нарық операторы қабылдамайды.

      75. Сатуға өтінімдерден осы сатуға өтінімдерде көрсетілген нарық операторы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге бағаның арту тәртібінде сараланған кесте қалыптастырады.

      76. Нарық операторы сауда-саттық нәтижелері бойынша кімнің сатуға өтінімдері ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін есепке алып, ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарға келетін Сауда-саттық көлемдеріне кірген ЭӨҰ тізімін айқындайды және осы тізім негізінде сауда-саттық нәтижесі бойынша жасалатын сатуға тиісті өтінімдердің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтердің бағалары мен көлемдерін көрсете отырып, сауданы жапқаннан кейін бір сағат ішінде нарық операторының интернет-ресурсында жарияланатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастырады.

      Осы шарттың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар сатуға тиісті өтінімдерде көрсетілген баға бойынша жасалады.

      77. Нарық операторы сауда-саттық нәтижесі бойынша сауда сессиясы жабылғаннан кейін бір сағат ішінде ЭӨҰ мен бірыңғай сатып алушыға электрондық түрде өткен сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлама жібереді. Жазбаша хабарламаны тиісті сауда-саттық өткізген күннен кейінгі жұмыс күнінің сағат 18.00-ден (Астана уақыты бойынша) кешіктірмейтін мерзімде ЭӨҰ және бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      78. Нарық операторы тиісті сауда-саттық өткізген күннен кейінгі жұмыс күнінің сағат 18.00-ден (Астана уақыты бойынша) кешіктірмейтін мерзімде өткен сауда-саттықтың қорытындыларын қалыптастырады және уәкілетті органға және бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      79. Сауда-саттық мына мән-жайлардың бірі басталған жағдайда 30 (отыз) минутқа тоқатылуы мүмкін:

      1) сауда жүйесінің жұмысқа қабілетсіздікке алып келген сервер жабдығындағы немесе электрондық жүйедегі техникалық ақаулар;

      2) сауда желісіне кіру қолжетімсіздігіне алып келген интернет желілерінің байланыс арналары немесе жабдықтардың техникалық ақаулары.

      80. Сауда-саттықты тоқтата тұрған кезде нарық операторы қанша уақыт ішінде сауда-саттық процесі қалпына келетінін көрсете отырып, сауданы тоқтата тұру себебі туралы қолжетімді техникалық байланыс құралдары арқылы сауда-саттықтың тиісті қатысушыларын жедел хабардар етеді.

      81. Сауда-саттық мына мән-жайлар басталған кезде кейінге қалдырылуы мүмкін:

      1) осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген техникалық ақауларды жоюға отыз минуттан астам уақыт талап етіледі;

      2) сауда залы және (немесе) сауда жүйесінің серверлік жабдығын электрмен жабдықтауда ұзақ, екі сағаттан астам үзіліс;

      3) уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан аукциондық сауда-саттықтар өткізуге тыйым.

      Нарық операторы осы тармақта көрсетілген себептер бойынша сауда-саттықты кейінге қалдырған жағдайда, қайта сауда-саттық өтеді. Қайта сауда-саттық жүргізуді нарық операторы айқындаған тәртіпте жүзеге асырады. Бұл ретте, ЭӨҰ берген сатуға өтінім жойылады да, нарық операторы белгілеген күні қайта беріледі.

      82. Нарық операторының қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тариф бойынша сауда-саттыққа қатысушылар төлейді.

7-параграф. Дауларды шешу

      83. Қуат нарығында олардың қызметі нәтижесінде электр энергиясының көтерме нарық субъектілері арасында туындаған даулар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Алдағы 20___ жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттар негізінде қалыптастырған энергия өндіруші ұйымдар туралы ақпарат

      1. 1-кесте.*

ЭӨҰ атауы

Қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт

Оның ішінде:

Жиынтық электрлік қуат, МВт

Жылыту қуатының дельтасы, МВт

Желіге берудің жиынтық электрлік қуаты, МВт

АЖ бойынша қызметтің шарттық көлемі, МВт**

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







3.







      Ескерту:

      * - кестенің параметрлерінің сандық мәні бүтінге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - Заңның 15-4-бабына сәйкес уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқаннан кейін (негізінде) бірыңғай сатып алушымен энергия өндіруші ұйым жасасқан электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі.

      2-кесте.*


п/п

ЭӨҰ атауы

Жеке тұтынудағы электр қуатының максималды мәні, МВт

Оның ішінде:

Бөлшек нарық субъектілеріне жеткізілімінің максималды электр қуаты МВт**

Экспорттың максималды электр қуаты, МВт

электр станцияларының жеке қажеті электр қуатының максималды мәні, МВт

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






      Ескерту :

      * - кесте параметрлерінің сандық мәні бүтінге дейін дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - бөлшек нарық субъектілерінің жеткізілім інің максималды электр қуаты Жүйелік оператордың интернет-ресурсына қуат нарығы тұтынушыларының тізбесі интернет-ресурсқа орналастырған кезде (нөлге теңестірілмейді) және осы тізбеде бөлшек нарықтың көрсетілген субъектілерінің болмаған кезде көрсетіледі.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша

k1,k2,k3,k4,k5. коэффициенттерін айқындау

      1. k1. коэффициентін айқындау

      k1 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      ҚШ - қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт;

      ∆ - Энергия өндіруші ұйымдардың жиынтық шегерілетін электр қуатымен энергия өндіруші ұйым экспортының электр қуатының және бөлшек нарық субъектілері жеткізілімі электр қуатының, жеке тұтынатын электр қуатының нақты орташа жиынтық мәнінің есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін артық мәні, МВт;

      n - ∆ ; - дан тәуелді шексіз коэффициент;

      1) n = 0 (нөл), егер ∆ жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 (бес бүтін, нөл ондық) пайызынан аспаған жағдайда;

      2) n = 1,3 (бір бүтін, үш ондық), егер ∆ жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден (бес бүтін, бір ондық) 20,0 (жиырма бүтін, нөл ондық) пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;

      3) n = 1,5 (бір бүтін, бес ондық егер ∆ жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден (жиырма бүтін бір ондық) 40,0 (қырық бүтін, нөл ондық) пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:

      4) n = 1,7 (бір бүтін, жеті ондық) егер ∆ жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден (қырық бүтін бір ондық) до 50,0 (елу бүтін нөл ондық) пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;

      5) n = 2,0 (екі бүтін нөл ондық), егер ∆ жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 (елу бүтін нөл ондық) пайыздан асқан жағдайда.

      Бұл ретте,k1 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.

      2.k2 коэффициентін айқындау

      k2 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      kарттыру - арттыруға реттеуге қатысудың төмендеуші коэффициенті;

      kтөмен - төмендеуге реттеуге қатысудың төмендеуші коэффициенті;

      max [ kарту; kарт ] - kарту және kтөмен коэффициенттерінен ең көбі

      kарту коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      Сай - сағатпен есепті кезеңде (күнтізбелік айда) сағаттар саны;

      Стөмен - арттыруға реттеуге қатысуға энергия беруші ұйымдардың өтінімі болмаған немесе Жүйелік операторға толық көлемде берілмеген есепті кезеңдегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      kтөмен коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      Сай - есепті кезеңде (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      Стөмен - төмендеуге реттеуге қатысуға энергия беруші ұйымдардың өтінімі болмаған немесе Жүйелік операторға толық көлемде берілмеген есепті кезеңдегі(күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмысы имитациялық режимде жұмыс істеген жағдайда k2 коэффициентінің мәні бірлікке теңестіріледі.

      3. k3 .коэффициентін айқындау

      k3 коэффициенті мына мәндерді қабылдайды:

      k3 = 1,0, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген барлық тесттік командаларды орындау кезінде;

      1) k3 = 0,9, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген бір тесттік команданы орындау кезінде

      2) = k3 0,7, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген екі тесттік команданы қатарынан орындау кезінде

      3) k3 = 0,5, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген үш және одан көп тесттік командаларды қатарынан орындау кезінде.

      4. коэффициентін айқындау

      k4 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      n - энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жалпы саны;

      m - авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;

      k - жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналды жоспарлы жөндеу кезеңдерінен асып кеткен энергия өндіруші ұйымдар электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;

      ἰ - тиісінше 1-ден k, m, немесе n дейін өзгеретін реттік нөмір;

      Рқонд.ав.ἰ - авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы ἰ - сол генерацияланатын қондырғының белгіленген электр қуаты, МВт;

      Сав.ἰ - авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы i-нің генерациялайтын қондырғының есепті кезеңде нақты тұрып қалу ұзақтығы; сағатпен;

      Рқонд.арт.ἰ - жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналдық жоспарлы жөндеу кезеңінен асып кеткен i-нің генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты, МВт;

      Сарту.ἰ - номиналды жоспарлы жөндеу кезеңіне қатысты i-нің генерациялайтын қондырғыны жоспарлы жөндеу ұзақтығының есепті кезеңдегі нақты арту ұзақтығы, сағатпен;

      j -1-ден Сай дейін өзгеретін есепті кезеңдегі сағаттың реттік нөмірі;

      Ршект.j - есепті кезеңдегі қазандықтарды немесе қазандық корпустарын авариялық тоқтату себебінен туындаған энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы генерацияның электр қуатының шектеулерінің j-ші сағатта орташа мәні, МВт;

      ∆tj - есепті кезеңнің j-ші сағатының ұзақтығы, сағатпен;

      Cай - есепті кезеңнің ұзақтығы, сағатпен;

      Рқонд.ἰ - ἰ - ші генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты;



      5. k5 коэффициентін айқындау

      k5 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      Сай - есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы сағаттар саны), сағатпен;

      Сжоспар жоқ - сол уақыт ішінде энергия өндіруші ұйым жоспарлаудың тиісті тәулігіне Жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының генерациясы жұмыс электрлік қуатының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындайтын техникалық мүмкіндіктер шегіндегі тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағатпен жоспарлау қамтамасыз етілмеген осы жоспарлау жүйесі бойынша айқындалған есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) уақыт мерзімі, сағатпен.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

20 ….. жылдағы ___________________ қорытындысы бойынша айқындалған k1,k2,k3,k4,k5 коэффициенттерінің мәні туралы (есепті кезеңді (күнтізбелік айды) көрсету) акт

Энергия өндіруші ұйымдардың атауы

k1

k2

k3

k4

k5

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







      Ескерту:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәні жүздікке дейін дәлдікпен көрсетіледі.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
  (Бірыңғай сатып алушы болып
табылатын ұйымның атауын
көрсету орны)

Ұлғайтуға өтінім*

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 52-тармағына сәйкес Сізден осы өтінімге **қосымшаға сәйкес себептерге байланысты ағымдағы жылғы алдағы есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) бастап ______ МВт-дан ______ МВт-ға дейін ______ МВт-ға 20___ жылғы "____" ______________ _________________(өтінім беруші ұйымның атауын көрсету) жасасқан жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартта ағымдағы 20___жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін ұлғайтуды сұраймын.

      Қосымша: ____ парақ.

(Өтінім беруші - ұйымның уәкілетті адамының лауазымын көрсету орны)

қолтаңба

(Өтінім беруші ұйымның уәкілетті адамының есімін (қысқаша) және тегін көрсету орны)

      Ескерту:

      * - жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемінің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен ұлғайтуға өтінімде көрсетіледі.

      ** - егер себеп электрмен жабдықтаудың жаңа шартын жасасу болып табылса, электр энергиясының тиісті тұтынушысының толық атауын, сондай-ақ осы өтінім аясында өтінім беруші ұйыммен жасасқан жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта ағымдағы күнтізбелік күнге белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін ұлғайтудың мәлімделген мәнін енгізетін оның электр қуатының көлемі жеке көрсетіледі.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
  (Бірыңғай сатып алушы болып
табылатын ұйымның атауын
көрсету орны)

Азайтуға өтінім*

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 53-тармағының 1) тармақшасы және 54-тармағына сәйкес Сізден _________________ (электр энергиясы тұтынушысының атауын көрсету) 20___ жылғы "____" ______________ электрмен жабдықтау шартын бұзуға және электр энергиясының осы тұтынушысымен ___________________ (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету) басқа энергия жабдықтаушы ұйыммен жаңа энергиямен жабдықтау шартын (жаңа шарттарын) жасасуға байланысты ағымдағы жылғы алдағы есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) бастап ______ МВт-дан ______ МВт-ға дейін, ______ МВт-ға _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету) жасасқан 20___ жылғы "____" ______________ № _______ жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта ағымдағы 20___жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін азайтуды сұраймын.

      Қосымша: _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) және _________________ (электр энергиясын тұтынушының атауын көрсету) арасындағы 20___ жылғы "____" ______________ № _______ электрмен жабдықтау шартын бұзғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының лауазымын көрсететін орын)

қолтаңба

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының есімін (қысқаша) және тегін көрсету орны)




      Ескерту:

      * - жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемінің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен азайтуға өтінімде көрсетіледі.

      ** - өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электр энергиясын тқтынушы арасындағы электрмен жабдықтау шартын бұзған жыл азайтуға өтінім берген жылға сәйкес келуі тиіс.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
  (Бірыңғай сатып алушы болып
табылатын ұйымның атауын
көрсету орны)

Азайтуға өтінім*

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 53-тармағының 2) тармақшасы және 54-тармағына сәйкес Сізден көлемі жоғарыда көрсетілген ЭЖҰ шартында ескерілген _________________ (ұйымның атауын көрсету) жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты жасасуға байланысты ағымдағы жылғы алдағы есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) баста ,______ МВт-дан ______ МВт-ға дейін ______ МВт-ға _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету) жасасқан 20___ жылғы "____" ______________ № _______ жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта ағымдағы 20___ жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін азайтуды сұраймын.

      Байланыс телефондары және электрондық мекенжайы (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету): __________________________.

      Қосымша: _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) және _________________ (ұйымның атауын көрсету) арасындағы 20___ жылғы "____" ______________ № _______ электрмен жабдықтау шартын бұзғанын растайтын құжаттың көшірмесі**

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының лауазымын көрсететін орын)

қолтаңба

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының есімін (қысқаша) және тегін көрсету орны)

      Ескерту:

      * - жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемінің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен азайтуға өтінімде көрсетіледі.

      ** - өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электр ұйым арасындағы электрмен жабдықтау шартын бұзған жыл азайтуға өтінім берген жылға сәйкес келуі тиіс.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан

20____ жылғы ___________________ (есепті кезеңді (күнтізбелік айды) көрсету) қуат нарығы тұтынушылары тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәндері туралы Акт*

      МВт

Қуат нарығы тұтынушысының атауы**

Есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәні***

1

2

3

1



2



3



      Ескерту:

      * - кестенің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен көрсетіледі.

      ** - қуат нарығының тұтынушылары - электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендер.