"Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1342 бұйрығымен бекітілген |
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер.
1. Осы интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы автордың куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу, сондай-ақ тіркелгені туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) интегралдық микросхема - электрондық схема функцияларын орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бөлiнбейтiн етiп бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде қалыптастырылған;
2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
3) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) өтінім - интегралдық микросхема топологиясын тіркеу туралы өтінім;
5) сараптама ұйымы – өз қызметінде интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау саласындағы қызметтер көрсету аясында жүзеге асыратын уәкілетті органға бағынысты ұйым.
2 тарау. Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу
3. Топологияларды тіркеу туралы шешімнің негізінде куәлік беру жөнінде сараптама ұйымының қызметіне төлем расталған кезде Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) сараптама ұйымы топология бойынша мәліметті оған реттік нөмір бере отырып, енгізеді.
4. Топологияларды тіркеген кезде, Мемлекеттік тіркелімде мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) тіркелген топология мен интегралдық микросхеманың атауы;
2) топологияның тіркеу нөмірі;
3) топологияның мемлекеттік тіркелген күні;
4) топология өтінімінің нөмірі;
5) тіркеу туралы мәліметтің жарияланған күні;
6) құқық иегері (-лері) туралы мәліметтер: ұйымның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), орналасқан елдің, құқық иегерлерінің тұрғылықты жері бойынша кодын көрсете отырып;
7) автор (лар) туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұратын елінің кодын көрсету (егер автор (лар) мұндай деп аталмаған болса;
8) патенттік сенім білдірілген өкіл немесе басқа өкіл туралы ақпарат;
9) реферат.
3 тарау. Тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру
5. Мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтер негізінде осы Қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі. Куәлік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.
Сараптама ұйымы құқық иесіне не оның өкіліне сенімхат бойынша (егер өтінімді өкілдің өзі берген жағдайда) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінім патенттік сенім білдірілген адамға берілсе), төлем құжаты түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде куәлікті жібереді (береді).
6. Куәлікте:
1) куәліктің реттік нөмірі;
2) топологияның атауы;
3) құқық иегерінің - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және/немесе заңды тұлғаның толық атауы;
4) автордың (-лардың) - тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
5) өтінім нөмірі;
6) алғашқы коммерциялық пайдалану күні (болған жағдайда);
7) тіркеу күнін көрсетеді.
7. Егер бірнеше құқық иелері болса, онда тіркеу туралы куәлік топологияны тіркеу туралы өтініште бірінші көрсетілген құқық иесіне жіберіледі.
Өз атына топологияларды тіркеу талап етілетін бірнеше тұлға болған жағдайда, оларға бір куәлік беріледі.
8. Құқық иесі болып табылмайтын топологияның авторына сараптама ұйымы автордың куәлігін осы Қағидалардың 2–қосымшасына сәйкес береді.
9. Автордың куәлігі өтініш иесіне, куәлікті беруге өтінімде көрсетілген топологияның әр авторына автордың куәлігін беруге дайындық жөнінде сараптама ұйымының қызметіне төлем расталған кезде беріледі.
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы авторлардың куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы 1-қосымша |
|
Нысан |
артқы жағы
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы авторлардың куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы 2-қосымша |
|
Нысан |
артқы жағы