"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 12-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 12493 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кеңес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) Төрағасынан және үш мүшесінен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның екі өкілінен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) төрағаларынан, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ішкі аудит қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі аудит қызметінің екі басшысынан тұрады.";
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі аудит қызметінен енген Кеңес мүшелерін ротациялау екі жыл сайын жүргізіледі.".
2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы |
Н. Годунова |