"Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 17375 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12597 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шектi нормаларында:

      "Металл өңдеу" деген 1.1-кiшi бөлiмде:

      10-тармақ алып тасталсын;

      12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар алып тасталсын;

      "Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары" деген 1.2-кіші бөлімде:

      24, 25 және 26-тармақтар алып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жер қазушы";

      28-тармақ алып тасталсын;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Кессоншы, кессоншы-аппаратшы, кессоншы-үңгілеуші, кессоншы-электрмонтаждаушы";

      33, 35, 36, 38, 39 және 40-тармақтар алып тасталсын;

      "Тау-кен жұмыстары" деген 1.3-кіші бөлімде:

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылаушы";

      64-тармақ алып тасталсын;

      "Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар" деген 1.4-кіші бөлімде:

      70 және 71-тармақтар алып тасталсын;

      88, 89, 90 және 91-тармақтар алып тасталсын;

      "Түсті металлургия" деген 1.6-кіші бөлімде:

      146-тармақ алып тасталсын;

      155, 156 және 157-тармақтар алып тасталсын;

      "Лакбояу өндiрiсi" деген 1.11-кіші бөлім алып тасталсын;

      "Резеңкені қайта өңдеу" деген 1.12-кіші бөлім алып тасталсын;

      "Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндірісі" деген 1.14-кіші бөлімде:

      203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212 және 213-тармақтар алып тасталсын;

      215, 216, 217, 218, 219 және 220-тармақтар алып тасталсын;

      "Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндiрiсi" деген 1.16-кіші бөлімде:

      223 және 224-тармақтар алып тасталсын;

      228-тармақ алып тасталсын;

      "Тоқыма және жеңiл өнеркәсiп" деген 1.20-кіші бөлімде:

      236, 237, 238, 239, 240, 241 және 242-тармақтар алып тасталсын;

      "Тамақ өнеркәсiбi" деген 1.21-кіші бөлімде:

      245, 246 және 247-тармақтар алып тасталсын;

      "Өзен көлiгi" деген 1.23-кіші бөлімде:

      257-тармақ алып тасталсын;

      258-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "258. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн кемелердiң қазан қондырғыларының машинисі (от жағушысы)";

      "Полиграфия өндірісі" деген 1.24-кіші бөлім алып тасталсын;

      "Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері" деген 1.25-кіші бөлімде:

      270-тармақ алып тасталсын;

      278-тармақ алып тасталсын;

      285-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова