Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17315 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрі
Д. Кәлетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органның қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау процесі;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі кызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;

      5) мүдделер қақтығысы – тәуелсіз сарапшылардың немесе сарапшылар кеңесі мүшелерінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;

      6) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тәртібі

      3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес ақпаратты жинаудан, белгіленген қызмет саласындағы ахуалды талдаудан, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлаудан, бюджетік өтінімге енгізуден тұрады.

      4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырудың қағидаттары:

      1) заңдылық;

      2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыру;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

      4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      5) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы болып табылады.

      5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру республикалық және жергілікті бюджетте көзделген шығыстар шегінде жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру Заңның 5-тармағымен көзделген бағыттар бойынша халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде іске асырылады.

      7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру үш кезеңде іске асырылады:

      1) бірінші кезең – ақпаратты жинау және жағдайды талдау. Жағдайды талдау үшін:

      халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері;

      халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауды мемлекеттік органдар кемінде 2 жылда бір реттен сиретпей жүргізеді;

      іске асырылған жобаларды бағалау нәтижелері;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары;

      әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын тексеру, мониторингтеу және бағалау нәтижелері;

      ресми статистикалық деректер;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы есептер;

      әлеуметтік зерттеулер нәтижелері;

      үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары;

      бұқаралық ақпарат құралдарының контент-талдау нәтижелері;

      тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы;

      "Ашық диалог" интернет-порталында сауалнамалар мен интернет-конференциялар ақпарат дереккөздері болып табылады;

      Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарының тізбесін дайындау мақсатында бір немесе бірнеше ақпарат көздерінен алынған ақпаратты өз құзыреті шегінде пайдаланады, белгілі бір қызмет саласындағы жағдайға талдау жүргізеді;

      2) екінші кезең – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау. Мемлекеттік органдар талдау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір кезеңге жоспарланатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін өз интернет-ресурсында орналастырады.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылау мерзімі оларды орналастырған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.

      Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жария талқылау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, олардың қабылдануы не қабылданбауы туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға cәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есепті қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында жариялайды.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары талқыланғаннан кейін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлейді;

      3) үшінші кезең – бюджеттік өтінімге енгізу. Техникалық ерекшеліктер әзірленгеннен кейін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары мен қаржыландыру көлемін бюджеттік өтінімге енгізеді.

      Бюджет бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдар жыл сайын 25 қаңтарға дейін белгілі бір кезеңге көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің интернет-ресурсында жариялау үшін уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

      8. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін мемлекеттік органдар әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша уақытылы және сапалы шаралар қабылдау мақсатында жүргізеді және ақпаратты жинақтауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.

      9. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін мемлекеттік органдар әлеуметтік жобаның іске асырылу мерзіміне байланысты қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде 2 рет (1 шілдеге дейін және 1 желтоқсанға дейін) мынадай:

      1) жоспарды орындау процесі (бұрын техникалық ерекшелікте көрсетілген орындалған жұмыстың және (немесе) көрсетілген қызметтің орындалған іс-шаралар тізбесіне сәйкестігі);

      2) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) 8-тармағына сәйкес әлеуметтік жобаны іске асыру нәтижесінде нысаналы аудиторияның қанағаттану деңгейі;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде халықтың атаулы топтарын қамту;

      4) оқыту, консультативтік, ақпараттық және әдістемелік, зерттеу-талдамалық қызметтерге, азаматтық (ресурстық) орталықтың іс-шараларын және жұмысын ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына сәйкестігі көрсеткіштері бойынша жүргізеді.

      Әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу кезінде мынадай екі және (немесе) одан да астам құрал пайдаланылады:

      индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді талдау – жоспарланған нәтижелерді нақты деректермен салыстыру арқылы жобаның іске асырылу барысын қадағалау;

      "Құпия сатып алушы" әдісі – жобаны іске асыру кезінде көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын қадағалау;

      сауалнама жүргізу– жобаны іске асыруға қатысты бенефициарларды айқындау және оларды бағалау/қанағаттану/қабылдау серпінін қадағалау;

      сұхбат жүргізу – зерттелетін тақырыпқа қатысты деректерді алу мақсатында респонденттермен (жобаға қатысушы/бенефициар) вербалды өзара іс-қимылға негізделген бастапқы ақпаратты жинау;

      бақылау – жиынтығында едәуір элементтерді жоспарлы тіркеу немесе зерделенетін құбылысқа қатысты факторларды тікелей тіркеу (іс-шараларға бару, сөз сөйлеу стенограммасын жазу) арқылы жобаны іске асыру туралы ақпарат жинау. Бақылау басқа есептілікте қамтылмаған деректерді алу мақсатында жүргізіледі;

      құжаттаманы зерделеу – жобаның іске асырылуы туралы нақты және жан-жақты ақпарат алу және жоба бойынша ақпарат беруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығын белгілеу мақсатында ұсынылатын ақпаратты, есептерді, растайтын құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттарды талдау;

      әлеуметтік желілердің мониторингі – жоба бойынша әлеуметтік желілерде ескертпелерді немесе жарияланымдарды іздеу, сондай-ақ халық арасында ақпараттың таралуын зерделеу мақсатында, сондай-ақ жобаға қатысушылардың және (немесе) бенефициарлардың кері байланысын жинау үшін жиналған деректерді одан әрі өңдеу және талдау.

      Әлеуметтік жобаның сомасы 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайларда, мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингін өздігінен жүргізеді.

      Әлеуметтік жобаның сомасы 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын жағдайларда, мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингін өздігінен жүргізеді және (немесе) өтеусіз негізде үкіметтік емес ұйымдар мен олардың өкілдері қатарынан тəуелсіз сарапшыларды тартады.

      Тәуелсіз сарапшылар мемлекеттік органға осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама береді.

      Тәуелсіз сарапшылар мониторингті жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдардан жобаның техникалық ерекшелігінің талаптарына және шарттық талаптарына сәйкес ақпарат пен құжаттарды сұратады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі қорытындысы негізінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды дер кезінде қабылдау мен іске асыру қимылын бақылау үшін әрбір әлеуметтік жобаларға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларға есеп жасалады.

      11. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 5 шілдеге және 5 желтоқсанға қарай осы Қағидаларға 4-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың мониторингі жөніндегі есепті ұсынады. Есеп қазақ және орыс тілдерінде Excel форматында беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Уәкілетті орган жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы талдамалық есепті әзірлейді және оны мемлекеттік органдарға жолдайды.

      13. Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурста орналастыру үшін мемлекеттік органдардың есеп нысаны бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылу қорытындылары туралы есепті өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тәртібі

      14. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау:

      1) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тұрғысынан әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жобаның тиімділігін анықтау;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерге қанағаттану деңгейін және әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нысаналы топтарға ықпалы деңгейін анықтау;

      3) әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар жоспарлау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырманы қалыптастырудың кейінгі процесіне негіздеменің болуы;

      4) бағаланатын әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстардың беру мақсатында жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тікелей әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама аяқталғаннан кейін көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

      16. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған барлық әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін бағалау жүргізіледі. Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын әлеуметтік жобалар жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша бағаланады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бағалауды мемлекеттік органдар жанынан азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған сарапшылар кеңесі жүргізеді.

      Мемлекеттік орган сарапшылар кеңесінің мүшесіне үміткерлерді іріктеу кезінде сарапшылар кеңесі жұмысына ашықтық және өз еріктері қағидатына негізделеді.

      Сарапшылар кеңесінің алдын ала құрамы Заңның 4-2-бабының 2-тармақшасына сәйкес құрылған Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестердің келісуіне ұсынылады.

      Сарапшылар кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.

      Сарапшылар мемлекеттік органға сарапшылар кеңесі мүшесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға cәйкес енгізіледі.

      18. Бағалау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуын мониторингтеу қорытындылары мен есептер негізінде жүзеге асырылады.

      19. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша 1-ден 5-ке дейін балмен есептеледі:

      1) әлеуметтік жобалардың орындалу нәтижелері (іс-шаралардың мазмұны мен мерзімдерінің көрсетілетін қызметтерді орындау кестесіне сәйкестігі, әдістерді, рәсімдерді сақтау, қойылған мақсаттарға қандай шамада қол жеткізілгені);

      2) әлеуметтік маңызы бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге әлеуметтік жобалардың оң әсері (нысаналы аудиторияның мүдделілік және мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейі, әлеуметтік жобалар шеңберінде халықтың атаулы топтарын қамту, әлеуметтік міндеттерді шешудің нақты нәтижелері);

      3) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы бағаланады;

      4) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша нысаналы топтың көрсетілген қыметтерді (өнімді, нәтижені) алу процесіне қанағаттану деңгейі бағаланады.

      Сарапшылар кеңесінің мүшелері осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір жобаға бағалау жүргізеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға cәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебін көпшіліктің талқылауы үшін өз интернет-ресурсына орналастырады.

      21. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын талқылау мерзімі мемлекеттік органның интернет ресурсында жарияланған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауы қажет.

      Мемлекеттік орган белгілеген бағалаудың алғашқы нұсқасын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қаралмайды.

      22. Мемлекеттік органдар түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстарды көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемесін көрсете отырып, олардың қабылдануы немесе қабылданбауы туралы шешім қабылдайды.

      23. Мемлекеттік органдар түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстардың қабылдануы немесе қабылданбауы туралы шешімді қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға cәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті қалыптастырады және өз интернет-ресурсында жариялайды.

      24. Мемлекеттік орган әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті жариялағаннан кейін көрсетілген қызмет актісіне қол қояды.

      Ескерту. 24-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 8-қосымшаға cәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша өткен кезеңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобаларының нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есепті ұсынады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

20___ жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1






2






3






  20__ жылғы " " _______ жағдайы бойынша


  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Авторын көрсете отырып, ескертулер және (немесе) ұсыныстар (қысқаша мазмұны)

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы бойынша негіздемесі бар мемлекеттік органның қорытындысы

1




2




3




  Мемлекеттік әлеуметтік
  тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20__ жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

Бюджеттік бағдаралама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы

Жоспарланған сомасы (мың теңге)

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1





2





Барлығы





2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1





2





Барлығы




3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1





2





Барлығы





4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1





2





Барлығы





5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1





2





Барлығы





6-бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

1





2





Барлығы





7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1





2





Барлығы





8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1





2





Барлығы





9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1





2





Барлығы





10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1





2





Барлығы





11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1





2





Барлығы





12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1





2





Барлығы





13-бағыт. Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1





2





Барлығы





14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1





2





Барлығы





15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1





2





Барлығы





16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1





2





Барлығы





17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар

1





2





Барлығы





Жалпы





  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан
  Кімге:
  _________________________
_________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен:
_________________________
_________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарламa

      Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен ____________________________________________________

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер қақтығысының болмауы туралы хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы ретінде өзімнің қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға міндеттенемін.

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделі қақтығыстың болуы туралы (керегін белгілеңіз) хабарлаймын.

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер солай болса, онда үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба (егер солай болса, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткеніңіз немесе тура қаржылық қолдау көрсеткеніңіз үшін төлем алдыңыз ба? (егер солай болса, нақты қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның жұмыскерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз бар ма? (егер солай болса, жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (егер бар болса, қандай екенін көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және аталған хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дұрыстығына жауапты боламын.

      20___жылғы "____" _____________             Қолы _________________

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/qogam 20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Есепті кезең: 20__жылғы __ жартыжылдық

      Индекс: МӘТІАМ-1

      Мерзімділігі: жылына екі рет

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органдар

      Ұсыну мерзімі: 5 шілдеге (қоса алғанда) дейін және 5 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жобаның атауы

Жоспарланған сома (мың теңге)

Шарттың сомасы (мың теңге)

Өнім берушінің атауы

Әлеумет тік жобаны іске асыру процесі және нәтижелері

Оң әлеуметтік әсері

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1








2








Жиынында








2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1








2








Жиынында








3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1








2








Жиынында








4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1








2








Жиынында








5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








6-бағыт. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау

1








2








Жиынында








7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1








2








Жиынында








8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1








2








Жиынында








10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1








2








Жиынында








11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1








2








Жиынында








12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1








2








Жиынында








13-бағыт. Өздерінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1








2








Жиынында








14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1








2








Жиынында








15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1








2








Жиынында








16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1








2








Жиынында








17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша

1








2








Жиынында








  "20___ жылға мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс
шеңберінде іске асырылатын
және (немесе) іске асырылған
әлеуметтік жобалар және
(немесе) әлеуметтік
бағдарламалар мониторингі
бойынша есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға
қосымша

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) жылына екі рет 5 шілдеге (қоса алғанда) дейін және 5 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беріледі.

      2. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингін жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру жөнінде түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыттары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың жоспарланған сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың шартты сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында өнім берушінің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру процесі мен нәтижелері көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың оң әсері көрсетіледі.

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-1-қосымша
  Интернет-ресурста орналастыру
үшін мемлекеттік органдардың
есеп нысаны

      Ескерту. Қағидалар 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әлеуметтік жобаның атауы

Өнім берушінің атауы

Шарт сомасы (мың теңге)

Мақсаттары мен міндеттері

Жобаны іске асыру кезеңі

Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар

Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады)

Жобаның бағалау (орташа бағасы)









  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Кімге: ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен: ____________________________
____________________________
(сарапшының тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)

Сарапшылар кеңесі мүшесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарламa

      Мен__________________________________________________, хабарлаймын

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)



      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдар мен

      әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер

      қақтығысының болмауы туралы хабарлаймын, сарапшылар кеңес конкурстық

      комиссияның мүшесі ретінде өзімнің қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік

      және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға міндеттенемін



      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен

      және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделі

      қақтығыстың болуы туралы (керегін белгілеңіз).

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы

      (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер болсаңыз, онда үкіметтік

      емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып

      табыласыз ба (егер болсаңыз, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның

      атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткен үшін

      немесе тура қаржылық қолдау көрсеткен үшін төлем алдыңыз ба? (егер болсаңыз,

      нақты қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық

      байланыстарыңыз бар ма? (егер болсаңыз, қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын

      (бар болса), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін

      көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (егер бар болса, қандай

      екенін көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын

      және осы хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дәйектілігіне жауаптымын.

      20___жылғы "____" _____________             Қолы _________________

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-1-қосымша
  Әлеуметтік жобаларды бағалау
нысаны

      Ескерту. Қағидалар 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өңір


Кеңес отырысын өткізу күні


Жобаның атауы


ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Сарапшылардың Т.А.Ә. (үлгі: Ахметов А.А.)

Әлеуметтік жобаларды орындау процесі және нәтижелері

Коммент.

Әлеуметтік жобалардың оң әсері

Коммент.

Жалғастыру ықтималдығы

Коммент.

Ұзақ мерзімді әсердің ықтималдығы

Коммент.

Балл сомасы

Ең жоғары баҒадан %

Медиана





































Жиынында

0


0


0


0


0

0

0

Орташа бағасы

0


0


0


0


0

0

0

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі

      "________________________________________________________"

      (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)

      "_________________________________________________________"

      (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)

Бағалау өлшемшарты

Сарапшылар кеңесінің бағалауы

Сарапшылар кеңесінің қорытындысы

1.

Өзектілігі



2.

Жоспардың орындалуы



3.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі



4.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы



5.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы



Барлығы (балдардың есебі)



 
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп

      "_______________________________________________________"

      (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)

      "___________________________________________________________"

      (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)

Бағалау өлшемшарты

Ескертулер және (немесе) ұсыныстар
(қысқаша мазмұны)

Мемлекеттік органның қорытындысы

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы туралы негіздеме

1

Өзектілігі




2

Жоспардың орындалуы




3

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі




4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы




5

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы




 
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
8-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/qogam 20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.08.2021 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Есепті кезең: 20__жыл

      Индекс: МӘТНБ-1

      Мерзімділігі: жылына бір рет

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органдар

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Өлшемшарттар атауы

Әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау жөніндегі ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны.

Әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау бойынша қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны.

Әлеуметтік жобаларды орындау нәтижелері

Оң әлеуметтік әсер

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы.

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1








2








Жиынында








2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1








2








Жиынында








3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1








2








Жиынында








4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1








2








Жиынында








5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








6-бағыт. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау

1








2








Жиынында








7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1








2








Жиынында








8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1








2








Жиынында








10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1








2








Жиынында








11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1








2








Жиынында








12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1








2








Жиынында








13-бағыт. Өздерінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1








2








Жиынында








14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1








2








Жиынында








15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1








2








Барлығы








16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1








2








Жиынында








17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша

1








2








Жиынында








  "20__ жылға мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыстың
әлеуметтік жобалары және
әлеуметтік бағдарламалары
нәтижелерін бағалау
қорытындысы туралы есеп"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беріледі.

      2. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адам қояды.

2. Нысанды толтыру жөнінде түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағытттары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2, 3, 4, 5-бағандарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар өлшемшарттарының атауы көрсетіледі:

      1) 2-бағанда жобаны орындау нәтижесінің балы көрсетіледі;

      2) 3-бағанда жоспарға сәйкес жобаның оң әлеуметтік әсерінің балы көрсетіледі;

      3) 4-бағанда әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды жалғастыру ықтималдығы балы көрсетіледі;

      4) 5-бағанда ұзақ мерзімді оң әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың ықтималдығы балы көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау жөніндегі ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау бойынша қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны көрсетіледі.