Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17315 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрі
Д. Кәлетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органның қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау процесі;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі кызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;

      5) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тәртібі

      3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес ақпаратты жинаудан, белгіленген қызмет саласындағы ахуалды талдаудан, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлаудан, бюджетік өтінімге енгізуден тұрады.

      4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырудың қағидаттары:

      1) заңдылық;

      2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыру;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

      4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      5) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы болып табылады.

      5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру республикалық және жергілікті бюджетте көзделген шығыстар шегінде жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру Заңның 5-тармағымен көзделген бағыттар бойынша халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде іске асырылады.

      7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру төрт кезеңде іске асырылады:

      1) бірінші кезең – ахуалды талдау үшін ақпаратты жинақтау. Ахуалды талдау үшін ақпарат дереккөздері:

      халықтың мұтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері;

      әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын тексеру, мониторингтеу, нәтижелері;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми статистикалық деректері және мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы есептер;

      әлеуметтік зерттеулер нәтижелері;

      үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары;

      бұқаралық ақпарат құралдарына контент-талдау нәтижесі;

      тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы;

      "Ашық диалог" интернет-порталында сауал қою мен интернет-конференциялар;

      2) екінші кезең – ахуалды талдау. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарының тізбесін әзірлеу мақсатында белгіленген қызмет саласында ахуалға талдау жасайды.

      3) үшінші кезең – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау. Мемлекеттік органдар талдау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір кезеңге жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен көпшілік талқылауы үшін өз интернет-ресурстарсына орналастырады.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі мемлекеттік органның интернет ресурсында жарияланған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы қажет.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.

      Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары бойынша ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемесін көрсете отырып, олардың қабылдануы немесе қабылданбауы туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға cәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті өз интернет ресурстарында қалыптастырады және жариялайды.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын талқылап болғаннан кейін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік стандарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы Заңнамасына сәйкес техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлейді;

      4) төртінші кезең – бюджеттік өтінімге қосу. Техникалық ерекшеліктердің жобасы бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары мен қаржыландыру көлемін бюджеттік өтінімге енгізеді.

      Бюджет бекітілгеннен кейін мемлекеттік орган мемлекеттік орган 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір кезеңге көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпаратты уәкілетті органға оның интернет-ресурсында жариялау үшін жолдайды.

3-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

      8. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін мемлекеттік органдар әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша уақытылы және сапалы шаралар қабылдау мақсатында жүргізеді және ақпаратты жинақтауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.

      9. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі келесі көрсеткіштер бойынша кемінде тоқсанына бір рет жүргізіледі:

      1) әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың орындалу процесі (іс-шаралардың орындалу кестесінің мерзімі мен мазмұнына, тәсілдерге, рәсімдерге сәйкестігі);

      2) нәтижелері (қойылған мақсаттарды қандай мөлшерде жететіндігі);

      3) әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу нәтижесінде мақсаттық топтардың қызығушылықтары мен қанағаттану деңгейі;

      4) әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың маңызды әлеуметтік салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге (әлеуметтік міндеттерді шешуде нақты нәтижелер) ықпалы;

      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың халықтың атаулы топтарын қамтуы;

      6) консультациялық, ақпараттық және әдістемелік, зерттеу-аналитикалық, іс-шараларды ұйымдастыру қызметтеріне, азаматтық (ресурстық) орталықтың жұмысын ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік мемлкеттік тапсырыс болған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына сәйкестігі.

      10. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі қорытындысы негізінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды дер кезінде қабылдау мен іске асыру қимылын бақылау үшін әрбір әлеуметтік жобаларға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларға есеп жасалады.

      11. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 5 маусымға және 5 желтоқсанға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі бойынша есепті ұсынады.

      12. Уәкілетті орган жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы талдамалық есепті әзірлейді және оны мемлекеттік органдарға жолдайды.

      13. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуының қорытындылары туралы есепті өз интернет-ресурстарына орналастырады.

4-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тәртібі

      14. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау:

      1) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тұрғысынан әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жобаның тиімділігін анықтау;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерге қанағаттану деңгейін және әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нысаналы топтарға ықпалы деңгейін анықтау;

      3) әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар жоспарлау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырманы қалыптастырудың кейінгі процесіне негіздеменің болуы;

      4) бағаланатын әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстардың беру мақсатында жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тікелей әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама аяқталғаннан кейін көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

      16. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған барлық әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін бағалау жүргізіледі.

      17. Бағалауды мемлекеттік органдар жанынан азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған сарапшылар кеңесі жүргізеді.

      Мемлекеттік орган сарапшылар кеңесінің мүшесіне үміткерлерді іріктеу кезінде сарапшылар кеңесі жұмысына ашықтық және өз еріктері қағидатына негізделеді.

      Сарапшылар кеңесінің алдын ала құрамы Заңның 4-2-бабының 2-тармақшасына сәйкес құрылған Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестердің келісуіне ұсынылады.

      Сарапшылар кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.

      Сарапшылар мемлекеттік органға сарапшылар кеңесі мүшесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға cәйкес енгізіледі.

      18. Бағалау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуын мониторингтеу қорытындылары мен есептер негізінде жүзеге асырылады.

      19. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау үшін келесі өлшемшарттар бойынша 1-ден 5-ке дейін балмен есептеледі:

      1) өзектілігі. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нысаналы тобы үшін маңыздылығының, заманауилығының , өзектілігінің қысқаша негіздемесі бағаланады;

      2) жоспардың орындалуы. Аталған өлшемшарт шеңберінде бұдан бұрын техникалық ерекшелікте көрсетілген атқарылған жұмыстың және (немесе) көрсетілген қызметтің сәйкестік деңгейі бағаланады (орындалған іс-шаралар тізбесі);

      3) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі. Аталған өлшемшарт шеңберінде көрсетілген мақсатқа нақты нәтиженің сәйкестігі;

      4) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы бағаланады;

      5) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша нысаналы топтың көрсетілген қыметтерді алу процесіне қанағаттану деңгейі бағаланады.

      20. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға cәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебін көпшіліктің талқылауы үшін өз интернет-ресурсына орналастырады.

      21. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын талқылау мерзімі мемлекеттік органның интернет ресурсында жарияланған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауы қажет.

      Мемлекеттік орган белгілеген бағалаудың алғашқы нұсқасын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қаралмайды.

      22. Мемлекеттік органдар түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстарды көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемесін көрсете отырып, олардың қабылдануы немесе қабылданбауы туралы шешім қабылдайды.

      23. Мемлекеттік органдар түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстардың қабылдануы немесе қабылданбауы туралы шешімді қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға cәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті қалыптастырады және өз интернет-ресурсында жариялайды.

      24. Мемлекеттік орган әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті жариялағаннан кейін көрсетілген қызмет актісіне қол қояды.

      25. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 8-қосымшаға cәйкес нысан бойынша өткен кезеңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есепті ұсынады.

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

20___ жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1






2






3






  20__ жылғы " " _______ жағдайы бойынша


  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Ескертулер және (немесе) ұсыныстар (қысқаша мазмұны)

Мемлекеттік органның қорытындысы

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы бойынша негіздеме

Қорытынды
(қабылданған және қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны)

1






2






3






 
  Мемлекеттік әлеуметтік
  тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20__ жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

Бюджеттік бағдаралама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы

Жоспарланған сомасы (мың теңге)

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1





2





Барлығы





2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1





2





Барлығы




3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1





2





Барлығы





4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1





2





Барлығы





5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1





2





Барлығы





6-бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

1





2





Барлығы





7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1





2





Барлығы





8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1





2





Барлығы





9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1





2





Барлығы





10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1





2





Барлығы





11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1





2





Барлығы





12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1





2





Барлығы





13-бағыт. Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1





2





Барлығы





14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1





2





Барлығы





15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1





2





Барлығы





16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1





2





Барлығы





17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар

1





2





Барлығы





Жалпы





 
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі бойынша есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы __ жартыжылдық

      Индекс: МӘТІАМ-1

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Ақпаратты беруші тұлғалар қатары: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырушы мемлекеттік органдар

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда бір рет есепті кезеңнің 5 маусымына және 5 желтоқсанына

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы

Жоспарланған сомасы (мың теңге)

Шарт сомасы (мың теңге)

Өнім берушінің атауы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарлама-ның іске асыруының қысқаша қорытындысы

1

2

3

4

5

6

7

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1







2







Барлығы







2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1







2







Барлығы







3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1







2







Барлығы







4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1







2







Барлығы







5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1







2







Барлығы







6-бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

1







2







Барлығы







7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1







2







Барлығы







8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1







2







Барлығы







9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1







2







Барлығы







10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1







2







Барлығы







11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1







2







Барлығы







12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1







2







Барлығы







13-бағыт. Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1







2







Барлығы







14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1







2







Барлығы







15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1







2







Барлығы







16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1







2







Барлығы







17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар

1







2







Барлығы







Жалпы








  "20___ жылғы мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс
шеңберіндегі іске асырылып
жатқан және (немесе) іске
асырылған әлеуметтік жобалар
және (немесе) әлеуметтік
бағдарламалар мониторингі
бойынша есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі бойынша есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі бойынша есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) жарты жылда бір рет есепті кезеңнің 5 маусымына және 5 желтоқсанына Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады.

      2. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингін жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыттары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың жоспарланған сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың шарт сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында өнім берушінің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 6 бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қысқаша қорытындылары көрсетіледі.

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Кімге: ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен: ____________________________
____________________________
(сарапшының тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)

Сарапшылар кеңесі мүшесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарламa

      Мен__________________________________________________, хабарлаймын

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)



      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдар мен

      әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер

      қақтығысының болмауы туралы хабарлаймын, сарапшылар кеңес конкурстық

      комиссияның мүшесі ретінде өзімнің қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік

      және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға міндеттенемін



      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен

      және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделі

      қақтығыстың болуы туралы (керегін белгілеңіз).

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы

      (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер болсаңыз, онда үкіметтік

      емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып

      табыласыз ба (егер болсаңыз, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның

      атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткен үшін

      немесе тура қаржылық қолдау көрсеткен үшін төлем алдыңыз ба? (егер болсаңыз,

      нақты қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық

      байланыстарыңыз бар ма? (егер болсаңыз, қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын

      (бар болса), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін

      көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (егер бар болса, қандай

      екенін көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын

      және осы хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дәйектілігіне жауаптымын.

      20___жылғы "____" _____________             Қолы _________________

  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі

      "________________________________________________________"

      (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)

      "_________________________________________________________"

      (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)

Бағалау өлшемшарты

Сарапшылар кеңесінің бағалауы

Сарапшылар кеңесінің қорытындысы

1.

Өзектілігі



2.

Жоспардың орындалуы



3.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі



4.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы



5.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы



Барлығы (балдардың есебі)



 
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп

      "_______________________________________________________"

      (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)

      "___________________________________________________________"

      (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)

Бағалау өлшемшарты

Ескертулер және (немесе) ұсыныстар
(қысқаша мазмұны)

Мемлекеттік органның қорытындысы

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы туралы негіздеме

1

Өзектілігі




2

Жоспардың орындалуы




3

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі




4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы




5

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы




 
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
8-қосымша
  Әкімшілік мәліметтерді
жинауға арналған нысан

20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жыл

      Индекс: МӘТНБ-1

      Кезеңділігі: жылына бір рет

      Ақпаратты беруші тұлғалар қатары: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырушы мемлекеттік органдар

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі

      Ұсынылу мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағытының атауы

Өлшемшарттар атауы

Әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар бойынша ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны

Әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар бойынша қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны

Өзектілігі

Жоспардың орындалуы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы

жалпы балл
орташа балл

жалпы балл
орташа балл

жалпы балл
орташа балл

жалпы балл
орташа балл

жалпы балл
орташа балл


1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу








2.

Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау








3.

Қоршаған ортаны қорғау








4.

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау








5.

Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу








6.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау








7.

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету








8.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу








9.

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау








10.

Мәдениет пен өнерді дамыту








11.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау








12.

Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту








13.

Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу








14.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу








15.

Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу








16.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету








17.

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар








Барлығы









  "20__ жылға мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыстың
әлеуметтік жобалары және
әлеуметтік бағдарламалары
нәтижелерін бағалау
қорытындысы туралы есеп"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға қосымша

"20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау бойынша есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады.

      2. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағытының атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шегіндегі әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар өлшемшарттарының атауы көрсетіледі:

      1) 2-бағанда жобаның өзектілігіне ұпайы көрсетіледі;

      2) 3-бағанда жобаның жоспарға сәйкес орындалу ұпайы көрсетіледі;

      3) 4-бағанда іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарлар нәтижесінің ұпайы көрсетіледі;

      4) 5-бағанда ұзақ мерзімді оң әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы ұпайы көрсетіледі;

      5) 6-бағанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі мемлекеттік әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың ықтималдығы ұпайы көрсетіледі.

      6. Нысанның 7-бағанында әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау бойынша ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны көрсетіледі.

      7. Нысанның 8-бағанында әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау бойынша қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны көрсетіледі