Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2018 жылғы 19 шiлдедегi № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 тамызда № 17272 болып тіркелді

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 12-6) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы заңының 37-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау, және беру бойынша қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жаиялау және енгізу үшін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты орындау үшiн мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
Е. Кененбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2018 жылғы 19 шiлдедегi № 91
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру бойынша нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру бойынша нұсқаулық "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 12-6) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы заңының 37-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының (әрі қарай – Комитет, Комитеттің аумақтық органдары) мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беруді реттейді.
      3. Комитеттiң мұрағат жұмысы бөлiмшелерi қылмыстық аймақ бойынша қудалау органдарынан қылмыстық iстердi қадағалаушы прокурор арқылы сақтауға қабылдайды.

2-тарау. Оларды тоқтату туралы қаулы шығарылған қылмыстық iстердi қабылдау

      4. Тоқтатылған қылмыстық істердің сыртқы тысына жоғары сатыдағы органның ресми атауы және қылмыстық қудалау органдарының және мекемелерiнiң ресми атаулары, материалдың нөмiрi, қысқаша фабуласы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң бабы) және сақталу мерзiмi көрсетіледі.
      Бiрнеше томдардан (қосымшалардан) тұратын тоқтатылған қылмыстық істердің сыртқы тысын рәсімдеу осыған ұқсас, кезекті томның (қосымшаның) нөмiрлерiн қоя отырып.
      Сыртқы тыстағы жазбалар жарыққа шыдамды сиямен жазылады.
      5. Комитеттiң мұрағат жұмысы бөлiмшелерiне тапсыруға жататын әрбір тоқтатылған қылмыстық iс, бес рет тесуден көп емес мықты жiппен қатты қағазға тiгiледі. Iсте металл заттарды қалдыруға болмайды.
      6. Тоқтатылған қылмыстық iстің әрбір томы 180 парақтан артық болмауы керек. Тоқтатылған қылмыстық iстегі барлық парақтар графиктiк қарындашпен нөмiрленедi (әрбір том жеке), барлық құжаттар iшкi тiзiмдемеге енгiзiледi. Тiзiмдеменің соңында iстi аяқтаған қызметкермен лауазымын және тегiн көрсете отырып, қорытынды жазба жазылады.
      7. Шимайланған қағаздарды, жеке құжаттарды, қайтарылуға жататын және тоқтатылған қылмыстық іске қатысы жоқ құжаттарды тiгуге жол берілмейді.
      Тiгiуге жарамайтын құжаттар iшкi тiзiмдемеге енгiзiледi және конвертке салынады, содан кейін тоқтатылған қылмыстық iске тігіледі (жапсырылады).
      8. Әрбір iстiң (томның) соңында арнайы тiгiлген парақта қорытынды бекіту жазбасы жасалады, онда нөмiрленген парақтарының саны жазбаша түрде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда нөмiрлеуде кеткен қателiктер және iстен алып тасталған парақтар саны көрсетіледі. Бекіту жазбасы лауазымын, тегiн, аты-жөнін көрсете отырып, өндiрiсiнде қылмыстық iс жатқан тұлғамен жасалады және оның жеке қолымен және "Пакеттер үшiн" мөрмен бекітіледі.
      9. Тоқтатылған қылмыстық істерге бір данада ілеспе хат қоса беріледі. Iлеспе хатта тоқтатылған қылмыстық істердің тіркеу нөмірі, әрбір томдағы парақтар саны көрсетіледі, хаттың соңында істі өткізген орган басшысының қолы қойылады.
      Тоқтатылған қылмыстық істі колма-қол бергенде, Комитеттің мұрағат бөлімшесінің қызметкері ілеспе хаттың екінші экземплярына немесе тоқтатылған қылмыстық істі қабылдау журналына қол қояды.
      10. Комитеттің мұрағат жұмысы бөлiмшелерiне сұрақтары шешілмеген тоқтатылған қылмыстық iстер қабылданбайды:
      1) заттар дәлелдемелер туралы (тоқтату туралы қаулыда заттай дәлелдемелердің тағдыры міндетті түрде көрсетілуі қажет – сақтау орны, беру, жою және тағыда басқалар);
      2) алынған материалдық және басқа да құндылықтарды алып қою туралы;
      3) тыйым салынған мүлiк бойынша;
      4) тергеу барысында конституциялық құқығы бұзылған тұлғаны ақтау туралы.
      Жоғарыда көрсетілген ақпараттар қабылданған процестік шешімнің заңдылығын тексерілмей де салыстырыла береді.
      11. Қадағалаушы прокурормен тоқтатылған қылмыстық істер Комитеттiң аумақтық мұрағат жұмысының тиісті бөлiмшелерiне бұрыштама қойылған сәттен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей тапсырылады, бірақ, тоқтатылған қылмыстық iстiң түскеннен кейін бiр айдан кешiктiрмей.
      12. Комитеттің мұрағат жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырады:
      сақтауға келіп түскен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау;
      Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесіне енгізілген, "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қыркүйекте № 9744 тіркелді) электронды ақпараттық есеп алу құжаттарының (әрі қарай - ЭАЕҚ) қылмыстық істер бойынша қабылданған процестік шешімдерінің сәйкестігіне салыстыру жүргізу;
      тоқтатылған қылмыстық істерді автоматтандырылған есепке алу;
      мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын басқа да құпиялар бар қылмыстық істерден басқа, тоқтатылған қылмыстық істердің қажетті материалдарын сканерлеу.
      Нұсқаулықтың талаптарын бұзушылық анықталғанда, оның ішінде қойылған ЭАЕҚ тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарына сәйкес келмесе, Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен үш тәулік ішінде ол бұзушылықты жою үшін кері қайтарылады.
      Бұзушылықтарды жойғаннан кейін тоқтату туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлғамен, Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшелеріне қылмыстық істі кері қайтару қадағалаушы прокурор арқылы күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.
      13. Ай сайын Комитеттің аумақтық органдары, қадағалаушы прокурорлар және қылмыстық қудалау органдары арасында ЭАЕҚ дұрыстығына, қылмыстық қудалау органдардың қадағалаушы прокурорға, қадағалаушы прокурорлардың Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшелеріне тоқтатылған қылмыстық істерді уақтылы жіберілуіне салыстыру жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылады.

3-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді беру

      14. Тоқтатылған қылмыстық істер қадағалаушы немесе жоғары тұрған прокурормен беріледі.
      Тоқтатылған қылмыстық iстердi беру тоқтату туралы шешім қабылдаған соттың немесе қылмыстық қудалау органының сұрау салуы бойынша Комитеттің мұрағаттық бөлімшесінің қызметкері қадағалаушы прокурорды хабарлай отырып жүзеге асырады.
      Тоқтатылған қылмыстық iстердi талап ету туралы сұрау келiп түскенде, Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерінің қызметкері тоқтатылған қылмыстық iстерді сот, қылмыстық қудалау органдарына - бір жұмыс күнінде береді, прокурорға келесі мерзімде:
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 105-бабы тәртібінде шағымды қарағанда, сонымен бірге жеке сұраулар бойынша (Президент Әкімшілігінің, Бас Прокурордың тапсырмалары) – бір жұмыс күні;
      1-10 дейінгі тоқтатылған істерді сұратқанда – сұрау келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күніне дейін;
      11-50 дейінгі істерге - сұрау келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күніне дейін;
      50 және одан жоғары істерге - сұрау келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күніне дейін.
      Бір мекеменің тоқтатылған қылмыстық істері басқа қылмыстық қудалау органының мекемесіне қылмыстық қудалау органының сұрау салуы бойынша қадағалаушы прокурор арқылы беріледі.
      Қылмыстық іс жүргізуде қатысушысы болып табылатын адвокат, жеке және заңды тұлғалардың қылмыстық істің материалдарымен танысу, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін беру, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарын беру қадағалаушы прокурор арқылы жүргізіледі.
      Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру мәселесі бойынша, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарының көшірмелерін алуға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қатысушысы болып табылатын адвокаттардан, жеке және заңды тұлғалардан сұраулар келіп түскенде, осы өтініштің көшірмесі Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшесінің қызметкерімен үш жұмыс күні ішінде қадағалаушы прокурорға беру мүмкіндігі туралы хатпен жолданады. Прокурор үш жұмыс күні ішінде жауапты жазбаша түрде мұрағат бөлімшесіне жолдайды, осының негізінде Комитеттің мұрағат бөлімшесі қызметкерімен өтініш иесіне жауап беріледі.
      15. Тоқтату туралы қаулы шығарылған қылмыстық iстер бiр айдан аспайтын мерзімге беріледі.
      Қадағалаушы прокурормен мұрағаттан сұратылған қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы күшін жойған жағдайда, тиісті қаулының көшірмесі 24 сағаттан кешіктірмей Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшесіне жолданады және бір уақытта қабылданған шешім туралы АЕАҚ СДТБТ АЖ орналастырады.
      Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшесінің қызметкері қылмыстық істі тоқтатудың күшін жою туралы қаулы шығарылған қылмыстық істі мұрағат есебінен алынады.
      16. Сұрау бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді беру арнайы пошта байланысы арқылы болмаса қызметтік куәлігін ұсынғаннан кейін істі сұратқан қызметкерге (сот қызметкерлеріне тиісті сенімхатты ұсынғаннан кейін) қолма-қол беру арқылы жүзеге асырылады.
      17. Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшесінің қызметкері тоқтатылған қылмыстық істі беру барысында істің құжаттарының жағдайы және парақтардың нөмірленуі тексеріледі.
      Қылмыстық істі зерттеген соң Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлімшесінің қызметкері тағы да істің құжаттарының жағдайы және парақтардың нөмірленуі тексереді.
      Қылмыстық істің бүлінгені, жеке парақтарының болмауы, iшкi тiзiмдемеде құжаттардың нөмiрленген парақпен сәйкес келмегенi анықталған жағдайда осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жағдайын тексеру актісі құрастырылады, тоқтатылған қылмыстық істі екі жұмыс күні ішінде қалпына келтіру үшін, тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан орган басшысына жолданады.
      Мұрағаттық істерді пайдаланған кезде кандай да бір белгі жасауға, сызуға, құжатқа түзетулер жасауға, істің парақтарын бүгуге, істі тігуін сөгуге және одан жеке бір құжаттарда алуға тиым салынады.
      18. Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлiмшелерінің қызметкерлерiмен сақтауға өткізілген тоқтатылған қылмыстық істерден құжаттарды алуға жол берілмейді, егер де басқа заңнамамен қарастырылмаса.

4-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді сақтау мерзімдері

      19. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлiмшелеріне және аумақтық органдарға сақтауға келіп түскеннен кейін бір жыл сақталады;
      20. Қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 71-бабына сәйкес келесі мерзімде сақталады:
      а) онша ауыр емес қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін екі жыл;
      б) ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін бес жыл;
      в) ауыр қылмыстар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он жыл;
      г) аса ауыр қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он бес жыл.
      21. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 71-бабы 6-бөлігіне сәйкес ескіру мерзімі қолданылмайтын тоқтатылған қылмыстық істер тұрақты сақталуға жатады, ескіру мерзімі қолданылмайды.
      22. Сақтау мерзімі өтіп кеткен, тоқтатылған қылмыстық істерді жою комиссиялық түрде фото-бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып арнайы бейімделген үй-жайларда жағу арқылы жүргізіледі.
      Комитетте және оның аумақтық органдарында олардың бірінші басшының бұйрығы бойынша комиссия құрылады, оның құрамына бөлімше бастықтары (құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу бөлімдерінің бастықтары), Комитеттің мұрағаттық жұмыс бөлiмшелерінің қызметкерлері, сонымен қатар қылмыстық іс бойынша түпкілікті процесуалдық шешім қабылдаған қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының қызметкерлері кіреді.
      Комиссияның Төрағасы болып Комитеттің аумақтық органы басшысы немесе оның орынбасары тағайындалады, ол оның шақыруын және жұмысын ұйымдастырады.
      Комиссияны шақыру және оның жұмысы Комитеттің аумақтық органының бірінші басшымен бекітілген кестеге сәйкес, жылына кемінде бір реттен жүзеге асырылады (жыл сайын).
      Егер де комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, комиссия төрағасы сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін басқа күнді белгілейді, бірақ, бастапқыда тағайындалған мерзімнен үш жұмыс күннен кешіктірмей. Осы мерзімде келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, сол мекеменің басқа қызметкерімен ауыстырылады.
      Сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою, комиссия мүшелерімен осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы Сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюға бөлу туралы актіні келісілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Жою туралы акті екі данада құрастырылады, актінің бір данасы жойылған сәттен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей Комитеттің аумақтық органдарының номенклатуралық ісіне тігу үшін, екіншісі - Комитеттің аумақтық органдарының мұрағат жұмысы бөлімшесінің қызметкеріне жолданады.
      Сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жойғанға дейін, комиссия цифрлау бойынша жүргізілген іс-шаралардың деректерімен, тиісті қолдардың болуын, жоюға негіз болған құжаттарға салыстыру жұмыстарын жүргізеді.
      Жойылған қағаз тоқтатылған істің электронды көшірмесін сақтауды құқықтық статистика және арнайы есепке алу аясында уәкілетті орган жүзеге асырады.
      23. Мемлекеттік құпиялары бар, сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің мұрағаттық жұмыс
бөлімшелерімен тоқтатылған
қылмыстық істерді қабылдау,
сақтау және беру бойынша
нұсқаулықтың 1-қосымшасы
  Нысан

Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жағдайын тексеру актісі

      Жоғары тұрған органның ресми атауы
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Ұйымның ресми атауы
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

  БЕКІТЕМІН
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  ұйым бастығы
  лауазымының атауы
  ____________________________
  (жеке қолы)
  20__ жылғы "__" ____________

№ ____ акт

  Жасау орны
  № ___ мұрағаттық іс парақтарының болуын
  және оның жағдайы тексеру

      Осы акт _________________________________________________________________ негізінде
      (негізі)
      _____________________________________________________ комиссия құрамында жасалды.
      (Төраға және мүшелердің Т.А.Ә. (болған жағдайда))
      Тексеріспен анықталды:
      1. Барлығы __________________________________________________________________ істің
      (санмен және жазбаша)
      ішкі тізімдемесі бойынша ______________________________________________ парақтар бар.
      (санмен және жазбаша)
      ________________________________________________________________________________
      (уәкілетті органның ресми атауы)
      2. Барлығы ______________________________________________________________________
      _____________________________________________________________ істің парағы болмады.
      (санмен және жазбаша)
      ________________________________________________________________________________
      (уәкілетті органның ресми атауы)
      3. ______________________________________________________________________________
      (санмен және жазбаша)
      істің тізімдемеге енгізілмеген парақтары бар.
      4. Барлығы мұрағаттық іс бойынша _________________________________________ бар, оның
      ішінде парақтары:                        (санмен және жазбаша)
      1) _______________________________________________________ іс жаңғыртуды талап етеді;
      (санмен және жазбаша)
      2) __________________________________________________ іс тыстау және тігуді талап етеді;
      (санмен және жазбаша)
      3)______________________________________________________________________________
      (санмен және жазбаша)
      істің өше бастаған мәтіні қайта қалпына келтіруді талап етеді;
      4) ______________________________________________________ іс түзелмейтіндей бұзылды;
      ________________________________________________________________________________
      (Құжаттарды сақтаудың жалпы жағдайының сипаттамасы мен шарттары.
      ________________________________________________________________________________
      Құжаттарды сақтаудың жағдайы мен шарттарының жалпы теріс көріністері)
      Тексеріс жүргізді:
      Комиссия Төрағасы ______________ қолтаңбаны таратып жазу
      (жеке қолы)
      Комиссия мүшелері ______________ қолтаңбаларды таратып жазу
      (жеке қолдары)
      Күні

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің мұрағаттық жұмыс
бөлімшелерімен тоқтатылған
қылмыстық істерді қабылдау,
сақтау және беру бойынша
нұсқаулықтың 2-қосымшасы
  Нысан

Сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюға бөлу туралы акт

Жоғары тұрған органның
ресми атауы
БЕКІТЕМІН
Ұйымның ресми атауы
Ұйым бастығы
лауазымының атауы
Таратып жазу
_____________
(жеке қолы) қолтаңбасы
Күні

№ _______ акт

      Жасау орны

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы

      ________________________________________________________________________________
      (құжаттардың атауы, орның және шығару жылы, оларды сақтау мерзімін көрсете отырып)
      ________________________________________________________________________ негізінде
      ________________________________________________________________________________
      (мұрағат қорының атауы және нөмірі)
      сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істер жоюға таңдалып алынды:

№№ р/н

Қор №

Тізімдеме №

Мұрағат №

Қылмыстық істің №

Қылмыс фабуласы

Парақ саны

Соңғы жылдар

Сақтау мерзімі -

тізім бабы

ҚК бабы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      __________ жылға барлығы ______________________________________ істер және құжаттар.
      (сандармен және жазбаша)
      _________________________________ жылғы тұрақты сақтаудағы және жеке құрам бойынша
      істердің жиынтық тізімдемесінің бөлімдері ___________________________________________
      _____________________________________________(күні және нөмірі) сараптамалық-тексеру
      (уәкілетті органның ресми атауы)
      комиссиясының (СТК) хаттамасымен бекітілген.
      Құжаттарды таңдау жүргізген
      тұлға лауазымының атауы _________________ қолтаңбаны таратып жазу
      (жеке қолы)

КЕЛІСІЛДІ
уәкілетті ұйымның
МАҚҰЛДАНДЫ
Орталық сараптамалық
____ жылғы "__"_______№____
СТК хаттамасымен
комиссиясының (сараптамалық
комиссия) ____ жылғы
"__"_______№____ хаттамасымен

  А4 нысаны (210Х297)

      1-қосымшаға ескертпе.
      Сақталуға жатпайтын электронды тасымалдағыштағы құжаттарды жоюға бөлу туралы акті осы қосымшада келтірілген нысанда жасалады.