Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2023 № 183 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
М. Әбілқасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "___"________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "___"________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 257 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай түсініктер қолданылады:
1) "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің құрамындағы жұмысқа орналастыруға делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыру мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялаумен қоса ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
3) халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге арналған тариф (бұдан әрі – тариф) – халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтің бір бірлігінің есептік құны.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және олардың шекті деңгейін қалыптастыру
3. Тарифті қалыптастыру есепті жылға (жылдарға) жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қаржыландыруға арналған шығыстарды талдаудың және орташаландырудың негізінде, мынадай әдістер бойынша:
1) қызметтерді көрсету сапасына қойылатын талаптарды орындау кезінде халықты жұмыспен қамту саласындағы қызмет бірлігін орындауға жұмыспен қамту орталықтарының ең аз шығын көлемі бойынша (жұмыспен қамту орталығының барынша тиімді әдісі);
2) есепті жылға (жылдарға) жұмыспен қамту орталықтары бойынша қызмет бірлігін көрсетуге шығындардың медиандық маңызды көлемінің негізінде жүзеге асырылады.
Әрбір қызмет түріне әдістердің біреуін таңдауына болады.
4. Жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге тарифтерді қалыптастыру қызмет көрсетудің бизнес процестеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарифтік мәндер халықты жұмыспен қамту саласындағы әрбір қызмет түрі және қызметін қалаларда, соның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын жұмыспен қамту орталықтары мен қызметін ауылдық жерлерде жүзеге асыратын жұмыспен қамту орталықтары үшін белгіленеді.
5. Бір қызмет көрсетуге тарифті қалыптастыру мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тi = Тбаз_i + Тбаз_i х (Ка-1) + Тбаз_i х (Кэ-1), ондағы:
Тбаз_i – i-қызметін көрсетуге базалық тариф;
i – қызмет түрі;
Ка – жұмыспен қамту орталығының үй-жайын жалдау бойынша түзету коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ка = Va / Ужыл / m, ондағы:
Va – жұмыспен қамту орталығы үшін үй-жайларды жалдау үшін көзделген қаражаттың жылдық сомасы;
Ужыл – жұмыспен қамту орталығы көрсететін және "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген қызметтердің жоспарлы саны;
m – жұмыспен қамту орталығы қаржы жылы ішінде көрсететін қызметтерге ақы төленетін айлар саны;
Кэ – экологиялық апат аймағында немесе радиациялық қатер аумағындағы жұмыс үшін үстемақыны есептеудің түзету коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Кэ = Vэ / Ужыл / m, онда:
Vэ – "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыспен қамту орталығы үшін экологиялық апат аймағында немесе радиациялық қатер аумағындағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың бір жылғы көлемі.
6. Бір қызмет көрсетуге базалық тарифті қалыптастыру мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тбаз_i = Рот_i + Рк_i, ондағы:
Рот_i – i-қызметін көрсететін жұмыспен қамту орталығының персоналына төлемдерге аударымдармен қоса, еңбекақы төлеу шығыстарының орташа есептік сомасы;
Рк_i – бір қызметке есептегенде жұмыспен қамту орталығының жанама шығыстарының орташа есептік сомасы.
7. I-қызметін көрсететін персоналдың төлемдеріне аударымдармен қоса еңбекақы төлеу шығыстары мына формула бойынша есептеледі:
Nin – n-жұмыскердің i-қызметін көрсетуге жұмсалатын жұмыс уақытының нормасының мәні. Қызмет көрсетуге жұмыскердің жұмсайтын жұмыс уақыты нормаларын айқындау үшін: жұмыс күнінің хронометражы, фотографиясы, жұмыскерлерге сауалнама жүргізу әдістер пайдаланылады. Сондай-ақ алдыңғы кезең үшін уақыт шығындары туралы статистикалық есеп деректері, жұмыс уақытын пайдалануға жүргізілген қадағалау материалдары, сараптама бағаларының нәтижелері, қызмет көрсеткені үшін жұмыспен қамту орталығының басшылары мен жұмыскерлерінің тәжірибесі пайдаланылады.
Rin - i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге аударымдарды қосқанда, уақытша (сағаттық, күндік, айлық, жылдық) еңбекақы төлемінің мөлшерлемесі (лауазымдық айлық ақы), еңбекақы мөлшерлемесін, өтемақылық сипаттағы төлемдерді ескеріп).
I-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге аударымдарды қосқанда, уақытша (сағаттық, күндік, айлық, жылдық) еңбекақы төлемінің мөлшері еңбекақы төлемдерінің жылдық қорынан және көрсетілген жұмыскердің есепті кезеңіне арналған жұмыс уақытының жылдық қорына қарай айқындалады.
Еңбек ақы төлемінің жылдық қоры және i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмыскер уақытының жылдық қоры осы Әдістеменің 7-тармағына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 257 бұйрығына 2-қосымша |
Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі
Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі мыналарды құрайды:
1. Облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген:
1) бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 (отыз бес мың) теңгеден көп емес;
2) екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;
2. Тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін:
1) бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;
2) екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 (елу екі мың бес жүз) теңгеден көп емес.