"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
М. Әбілқасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 29 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "___"________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
______________ Р. Дәленов
2018 жылғы 27 маусым
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік Қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығына қосымша |
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
2) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi (бұдан әрі – жекеше агенттік) – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға;
4) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі;
5) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
6) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені.
2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру тәртібі
3. Жұмыспен қамту орталығы Еңбек биржасында халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
4. Жұмыспен қамту орталығы Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыруды әр аптаның сәрсенбі жариялайды.
Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін жүргізу туралы хабарландыру келесі:
1) жұмыспен қамту орталығының атауы, заңды мекенжайы, байланыс деректері, жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) қызметтер аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын қызметтердің тізбесі;
3) лоттардың саны;
4) Еңбек биржасында жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктердің тіркелу мерзімі;
5) қызметтер аутсорсингін жүргізу мерзімдер ақпараттан тұрады.
5. Жұмыспен қамту орталығы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Заңның 7-бабының 26-1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес дүйсенбі күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейінгі аралықта Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізеді.
6. Көрсетілетін қызметтерді аутсорcингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері электрондық цифлық қолтанбасымен расталған жеке кабинет ашу арқылы Еңбек биржасында тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингке беру "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыспен қамту орталығы қызметтер аутсорсингін өткізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге келісімін берген тіркелген жұмыссыздар қатарынан лоттар қалыптастырады.
8. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздері таңдаған лотқа өтінім беріп, лотты таңдау электрондық цифрлы қолтаңбамен куәландырылады.
9. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтың актілерің мемлекеттік реестрінде № 17168 тіркелген) біліктік талаптарын растайтын құжаттарды ұсынады.
10. Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері таңдаған лоттарына өтінім берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің Заңның 7-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Жұмыспен қамту орталығы біліктілік талаптарына сәйкестігіне және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру нәтижелері бойынша оларды конкурсқа қатысуға жібереді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін және (немесе) лотты бірінші болып таңдағанын растамаған, сондай-ақ құжаттардың, ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған кезде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тексеру жүргізу мерзімдері өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы бас тартудың негізді себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің көрсетілетін қызметтер аутсорсингіне қатыстырудан бас тарту негіздемесі:
1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген уақыт ішінде лотты бірінші болып таңдамау;
3) құжаттардың, ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігінің анықталуы болып табылады.
11. Жұмыспен қамту орталығы көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімі ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты бірінші болып таңдағанын растаған жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне оның жеке кабинетіне хабарлама және тексеру жүргізу мерзімдер өткен соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталына көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын жібереді.
12. Егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі веб-портал арқылы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырмаса), жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне жіберілген көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын кері қайтарады және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты таңдау бойынша келесі болып тіркелген жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жібереді.
13. Егер Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімі ішінде лотты бірде-бір жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі таңдамаса, онда халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзімдерге сәйкес лотты қайта орналастыруды жүзеге асырады.
14. Жұмыспен қамту орталығы мен конкурс жеңімпазы болып табылған жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Заңның 7-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес бекіткен нысан бойынша аутсорсинг туралы шарт жасалады.
15. Жұмыспен қамту орталығы аутсорсинг туралы шарт жобасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталына аутсорсинг туралы шартты орналастырады.
16. Жұмыспен қамту орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен (телефон, мобильді телефон, электрондық почта) тиісті жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің байланыс деректерін ұсыну арқылы жұмыссыздарды көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде оларға қызмет көрсетілетіні туралы хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін қаржыландыру тәртібі
17. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін қаржыландыру аутсорсинг туралы шартта көзделген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
18. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін (бұдан әрі – акт) мемлекеттік сатып алу веб-порталының көмегімен жұмыспен қамту орталығына жібереді.
19. Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік сатып алулар веб-порталында актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған жұмыспен қамту орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды ненесе дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тартады.
Жұмыспен қамту орталығы көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-қимылдарды орындайды, бұл туралы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталының көмегімен жекеше агенттікті хабардар етеді.
20. Аутсорсинг туралы шартта көзделген жұмыссыздың бір жұмыс орнында (бір жұмыс берушіде) үздіксіз жұмыспен қамтылу мерзімдерін сақтамалған жағдайда көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жұмыссыздың нақты жұмыспен қамтылған кезеңі үшін ғана жүзеге асырылады.
21. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің жұмыспен қамту орталығына аванстың бір бөлігін қайтаруы аутсорсинг туралы шарт бойынша осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген мерзім ішінде жұмысқа орналаспаған жұмыссыздардың санына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге келісім
20___жылғы "____"______________
Осымен, төменде қол қоя отырып халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, сондай-ақ дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондарының байланыс нөмірлері, тұратын мекен жайы, электрондық пошта бар болса) көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне беруге келісім беремін. Келісім осы өтінішке толық көлемде қандай да бір ескертулер мен қарсылықтар қол қою арқылы ұсынылады.
_________________________________________ ______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық (қолы)
Жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша сәйкестендіру жүргізілді, осы келісімге менің қатысуыммен қол қойылды.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Көрсетілетін қызметтер актісі
2018 жылғы "___" _________ №___ құжат нөмірі* қол қойылған күні*(Тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты тіркеледі)
Осы акт төменде қол қойған Өнім берушінің өкілдері (*Тапсырыс берушінің атауы) _______________ (Өнім беруші), (*Өнім берушінің атауы) 2018 жылғы "___" _________ №___ (келісімшарттың (қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) шартқа (және қосымша келісімге) сәйкес орындағаны, ал _________ (Тапсырыс беруші) төменде қол қойған Тапсырыс берушінің өкілдері (*Тапсырыс берушінің атауы) атынан Тапсырыс беруші қабылдағаны жөнінде жасалды.
Көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер*** | ||||||
№ | Қызметтің көрсетілген орны | Көрсетілген қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | саны | бірлік бағасы (теңге) | Сома, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | ||||||
... |
Шартқа сәйкес осы акті бойынша көрсетілген қызметтердің құны ___________ теңгені құрайды (санмен, жазбаша).
Өнім берушінің атауы * | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк ** | Заңды мекенжайы** | Өнім берушінің өкілдері ** | Бекітемін** | ||||||||||
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі | қолы | тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі | қолы | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
Келісімшарт бойынша ақпарат | ||||||||||||||||
1 | Жалпы мәліметтер | |||||||||||||||
Келісімшарттың жалпы сомасы* | Алғы төлемдердің сомасы** | Келісімшарт қолданысқа енгеннен бастап төлемақы *** | Бұрын белсендірілген сомалар *** | Көрсетілетін қызмет мерзімдерін өткізіп алғаны үшін немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамаған) үшін айыппұл (штраф, өсімпұл) сомасы*** | өтіп кеткен күндер *** | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||||||
2 |
Шығыстардың бірыңғай бюджеттік классификациясының коды | |||||||||||||||
3 | Осы акт бойынша нақты көрсетілген қызметтер (олар бар болса қызметтерді орындаудың техникалық ерекшелігіне, тапсырмасына, графигіне сәйкес олардың түрлері бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің атауы) | |||||||||||||||
Көрсетілетін қызметтің атауы* | Қызметті көрсету күні/кезеңі* | Өлшем бірлігі* | Саны* | бірлік бағасы, теңгемен* | сомасы, теңгемен* | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||||||
Өнім берушіге аударылатын сома |
Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелері
(бар болған кезде өнім беруші/тапсырыс беруші жалғайды)
Тапсырыс берушінің атауы * | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк * | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берушінің өкілдері * | Бекітемін (ұйым басшысы)* | ||||
Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар | дұрыс рәсімдеуге (реквизиттер, ерекшелік) жауаптылар | |||||||||
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі | қолы | тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі | қолы | тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
* Мемлекеттік сатып алулар веб-порталы автоматты түрде толтырады;
**Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі толтырады;
*** Жұмыспен қамту орталығы толтырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – бизнес сәйкестендіру коды.