Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 17186 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 27 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 256 бұйрығымен бекітілген
  Нысан

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы үлгілік шарт

      _______________ қаласы                  20___ жылғы "_____" _________

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын_________________________

      _____________________________________халықты жұмыспен қамту орталығы

      (ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың

      бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      атынан негізінде әрекет ететін__________________________________________

      (жарғы, 20____жылғы "____"__________ №_______сенiмхат)

      ____________________________________________________________________

      (қол қоятын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын __________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегі, аты,

      атынан әкісінің аты (бар болса) жеке сәйкестендiру нөмiрі)

      атынан әрекет ететін_____________________________________________________

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, осы халықты

      жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы

      шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1. Өнім беруші адам саны ___ құрайтын тіркелген жұмыссыздарға, оның ішінде бірінші санаттағы ___ адамға, екінші санаттағы ___ адамға, үшінші санаттағы ___ адамға қатысты еңбек делдалдығы бойынша, сондай-ақ Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға және Қызмет бағасына (тарифтерге) сәйкес әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беру бойынша қызметттерді көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер) міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда ол үшін ақы төлеуге мiндеттенедi:

      "ерекшеліктің коды" ерекшелігі бойынша – "шарттың атауы".

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Шартта ескертілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу тәртібі

      3. Осы Шарт бойынша жалпы сома________________________________

      (сомасын жазу)

      (бұдан әрі – Шарт сомасы) құрайды.

      4. Өнім берушінің Қызметтерін қаржыландыру осы Шартта көзделген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемін ескере отырып түзетілуге тиіс.

      6. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей аванстық төлемді көрсетілген қызметтер актілері бойынша ақысы төленуге тиіс сомалардан кейіннен ұстап қалу арқылы Шарттың жалпы сомасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын мөлшерде жүргізеді. Тапсырыс беруші Өнім берушінің бірінші ұсынған көрсетілген қызметтер актісі негізінде бұдан бұрын төленген аванстың сомасын ұстап қалады.

      Тапсырыс беруші бұдан бұрын төленген авансты ескере отырып, Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есептік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен көрсетілген Қызметтерге ақы төлеуді:

      Өнім беруші осы Шартта көзделген міндеттерді орындай бастаған күннен бастап 5 ай бойы ай сайын шарттың жалпы сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде;

      жұмыссыз бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) үздіксіз жұмыспен қамтылған 6 (алты) өткен соң шарттың жалпы сомасының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде жүргізеді.

      Шарттың 30 (отыз) пайыз мөлшеріндегі қалған сомасы жұмыссыз бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) үздіксіз жұмыспен қамтылған 12 (он екі) ай өткен соң жүргізіледі.

      7. Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеудің есепті кезеңі күнтізбелік бір ай болып табылады.

3. Қызметтерді көрсету

      8. Өнім беруші бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) кемінде 1 (бір) жыл үздіксіз жұмыспен қамту ұзақтығымен жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізеді және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

      9. Шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жұмыссызды Шарт бойынша жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі.

      10. Осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыздарға еңбек делдалдығы және жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуді Тапсырыс беруші жүзеге асырады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Өнім берушінің:

      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге;

      2) Тапсырыс берушіден осы Шарттың талаптары бойынша ақпарат алуға және оны сұратуға;

      3) Қызметтерді көрсету кезінде "Еңбек биржасы" (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсын пайдалануға құқығы бар.

      12. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

      2) Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсаттарға Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ақпаратты пайдаланбауға;

      3) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      4) Өнім берушінің Шарт талаптарын тиісінше орындамауына және (немесе) өзге де заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуға;

      6) Тапсырыс берушіге есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ай сайын көрсетілген қызметтер туралы есепті ұсынуға;

      7) осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаржы қаражатының болмауы немесе жеткіліксіз болуы қатерлерін болдырмау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;

      8) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.

      12. Тапсырыс берушінің:

      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсетумен байланысты кез келген ақпаратты сұратуға құқығы бар.

      13. Тапсырыс беруші:

      1) осы Шартта белгіленген тәртіп пен мерзімдерде Өнім берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге;

      2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздігін анықтаған кезде кешіктірмей Өнім берушіні хабардар етуге;

      3) Өнім берушінің сұрауы бойынша Шарт талаптарын түсіндіруге;

      4) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

      5) жұмыссыздар туралы дәйекті (өзекті) ақпарат ұсынуға;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуға міндетті.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Тараптар осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      15. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      16. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

6. Шартты өзгерту және бұзу

      17. Шартқа өзгерістер мынадай:

      1) Қызметтердің осы Шартта көзделген сомасы немесе көлемі өзгерген жағдайда;

      2) Қызметтердің бағасын және тиісінше Шарт сомасын азайту бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      3) егер Өнім беруші өзімен жасалған Шартты орындау процесінде Қызмет бірлігі үшін бағаны өзгертпей анағұрлым жақсы сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларды не өзімен жасалған Шарттың мәні болып табылатын Қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайларда енгізіледі.

      18. Осы шарттың сомасы мына:

      1) Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтер көлемін өзгерткен;

      2) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда;

      3) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындаудан бас тартқан жағдайда өзгертілуге тиіс.

      19. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда Тараптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде соманы, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтату себебін, күнін көрсетіп, жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      20. Тараптардың осы Шарт талаптарын орындамауы, уақтылы және тиісінше орындамауы оны біржақты тәртіппен бұзуға негіз болып табылады.

      21. Осы Шарт Тараптардың еркін нысанда хабарлама жіберуі арқылы осы Шарттың 20-тармағында көзделген фактілер анықталған күннен бастап бұзылады.

7. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      22. Осы Шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған немесе тиiсінше түрде орындамаған Тараптар, егер тиісінше орындамағаны еңсерілмейтін күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алуға болмайтын жағдаяттардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары) салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауапкершілікте болады.

      23. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары орын алған жағдайда Тараптар осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасы уәкілетті органының еңсерілмейтін күш жағдаяттарының туындағанын растайтын ресми құжаттары еңсерілмейтін күш жағдаяттарына дәлел болады.

      24. Уақтылы хабарламау Тараптарды осы Шарт бойынша жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде осы Шарттың 22-тармағында көзделген жағдаяттарға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      25. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары тоқтағаннан кейін Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын тез арада жалғастырады және осы Шарттың 22-тармағында көзделген жағдаяттар тоқтағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

8. Дауларды шешу тәртібі

      26. Тараптар арасында осы Шарт бойынша немесе онымен байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      27. Осы Шарт аясында Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйке шешіледі.

9. Өзге де талаптар

      28. Осы Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, басқасы Өнім берушіде болады.

      29. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      30. Осы Шартқа сәйкес басқа Тарапқа жіберілетін Тараптардың хабарламалары кейіннен түпнұсқалары беріліп, почта байланысы, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылады.

      31. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және _______ дейін қолданылады.

      32. Қажет болған жағдайда Шарт мерзімі Тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

10. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші Өнім беруші

__________________________________
(толық атауы)
___________________________________
(заңды мекенжайы)
___________________________________
(телефон, факс)
___________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
______________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
___________________________________
(банк атауы)
___________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(қолы)

__________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аті, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________
(мекенжайы)
___________________________________
(телефон, факс)
___________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
___________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
___________________________________
(банк атауы)
___________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(қолы)

      _____________/_________                         ______________/___________

      М.О.                                                 М.О. (бар болса)