Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17077 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың:

      1) "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үндестіру қағидалары" Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 95 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10519 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 26 науырызда жарияланған);

      2) "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үндестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерісі енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1298 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13101 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтiзбелiк он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________Д. Абаев

      2018 жылғы 29 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      ___________Б. Атамкулов

      2018 жылғы 28 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 24 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 22 мамырдағы
№ 359 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 213-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда Кодексте белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      2) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган – көмірсутектер және уран өндіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;

      3) өтініш иесі – электрондық сатып алу жүйесінің иесі және (немесе) меншік иесі болып табылатын және пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын Тізілім жұмысымен үйлестіруді іске асыруға өтінім берген (бұдан әрі - өтінім) жеке немесе заңды тұлға;

      4) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган – уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;

      5) сервис – белгілі бір қисынды іске асыратын және электрондық хабар беруге негізделген интерфейстер арқылы желілік өзара іс-қимыл үшін қолжетімді операциялар жиынтығы.

      3. Электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын Тізілім жұмысымен үйлестіру (бұдан әрі – жұмыстарды үйлестіру) деп Интернеттің қазақстандық сегментінде, орналасқан электрондық сатып алу жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген, электрондық цифрлық қолы қойылған, ақпаратты Тізілімге беруі түсініледі.

      4. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган және өтініш иесі үйлестіру жұмысының қатысушылары болып табылады.

      5. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган жұмыстарды үйлестіру өнеркәсіптік пайдалануға беру бойынша іс-шараларды жүргізу үшін жұмыс тобын құрады, оның құрамына оның өкілдері мен көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.

      Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган консультанттар және (немесе) сарапшылары ретінде өзге де ұйымдардың тарта алады.

2-тарау. Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын Тізілімнің жұмысымен үйлестіру тәртібі

      6. Жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру үшін өтінімді беру және қарастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) өтініш иесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсына отырып өтінім береді;

      2) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган өтiнiмдi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiмнiң осы тармақтың 1)тармақшасына сәйкес келуiн тексередi, сәйкес келген жағдайда пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкiлеттi орган иесіне тиісті хабарлама жiбередi.

      Өтінім осы тармақтың 1)тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда осы тармақшамен көзделген мерзім ішінде қайтару себептерін көрсете отырып,өтінім өтініш иесіне қайтарылады.

      7. Өтінімнің сәйкестігі туралы хабарламаның негізінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган жұмыс тобын шақырады, ол өтініш берушімен бірлесе отырып, тиісті хабарламаны берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш иесінің электрондық сатып алу жүйелері функционалдығын, Кодекстің 213-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілген, Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне және Кодекстің 131 және 179-баптарының 1-тармақтарына сәйкес бекітілген, жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкестігін тексереді.

      Электрондық сатып алу жүйесінің функционалдығын тексеру нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтініш иесі үшін бір-бірден).

      Егер электрондық сатып алу жүйесінің функционалдығы сәйкес келсе, жұмыс тобы өтініш иесімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес үйлестіруді жүзеге асыру бойынша.

      Егер электрондық сатып алу жүйесінің функционалдығы сәйкес келмесе, өтініш иесі хаттама жасалған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

      8. Жұмыстарды үйлестіруді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін мынадай іс-шаралар өткізіледі:

      1) жұмыс тобы жұмыстарды үйлестірудің алдын ала сынақтарын өткізеді. Жұмыстарды үйлестірудің алдын-ала сынақтарының нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтініш иесі үшін бір-бірден);

      Жұмыстарды үйлестірудің алдын-ала сынақтарының теріс нәтижелері болған жағдайда, өтініш иесі хаттама жасалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

      2) жұмыстарды үйлестірудің алдынала сынақтарының оң нәтижелері болған жағдайда жұмыс тобы хаттама жасалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыстарды үйлестірудің қабылдау сынақтарын өткізеді. Қабылдау сынақтарының нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден);

      Жұмыстарды үйлестірудің қабылдау сынақтарының теріс нәтижелері болған жағдайда, өтініш иесі хаттама жасалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

      3)қабылдау сынақтарының оң нәтижелері болған жағдайда жұмыс тобы жұмыстарды үйлестіруді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін жасайды. Акт үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтініш иесі үшін бір-бірден).

      9. Жұмыстарды үйлестірудің алдын ала және қабылдау сынақтары кезінде Тізілімге ақпаратты беру үшін жатады:

      1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып туралы хабарлама;

      2) әлеуетті жеткізушінің ТЖҚ сатып алуы бойынша ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысуға ұсынылған конкурстық өтінімдерін қарау хаттамалары;

      3) ТЖҚ бір көзден сатып алу әдісі бойынша қорытындыларды шығару хаттамасы;

      4) ТЖҚ сатып алуының ашық конкурсы, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурсы (электрондық сауда-саттық) бойынша қорытындыларды шығару хаттамасы;

      5) деректер базасының өзгертілген объектілері;

      6) электрондық сатып алу жүйесінің лог күнтізбесі;

      7) бақылау сомасы бойынша ақпарат;

      8) ТЖҚ сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына), орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламалары.

      10. Өтініш иесінің Тізілімге қол жеткізу күні жұмыстарды үйлестіруді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы актісінде көрсетіледі.

      11. Үйлестіруді өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін, өтініш иесі үйлестіру шарттарының өзгермеуін қамтамасыз етеді. Үйлестіру шарттарының өзгерілуіне өтініш иесінің өтінімін қарау нəтижелері бойынша жұмыс тобы шешімімен жол беріледі. Жұмыс тобы шешімінің оң нәтижелері болған жағдайда, осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіптерге сәйкес өтініш иесі осындай шешім қабылданған сәтке дейін қолданыста болған үйлестіру шарттарының өзгермеуі қамтамасыз етіледі.

      12. Берілген ақпараттың сақталуын тұтастығын және өзгертілмеуін қамтамасыз ету мақсатында, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган қажет болған жағдайда Тізілім арқылы электронды сатып алу жүйесінің деректер базасына аудитті жүзеге асырады, атап айтқанда, оқиғалар логын, идентификаторлар мен өзгертілген сипаттары көрсетілген өзгертілген объектілердің тізімін алуына болады.

      13. Тізілімде және электрондық сатып алу жүйесінде алынған ақпараттың тұтастығын тексеру және жауап-хабарламаны қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Ақпаратты қабылдау-беру процесінде барлық уақытша параметрлерді белгілеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру бойынша жұмыстары электрондық сатып алу жүйесі жағында тиісті сервистерді әзірлеу мен жариялауды қамтиды.

      15. Жұмыстарды үйлестіруді бойынша жұмыстары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген деректерді беру сызбаларына сәйкес сервистер арқылы жүзеге асырылады.

      16. Тізілім мен электрондық сатып алу жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың түрлері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      17. Жұмыстарды үйлестіру кезінде пайдаланылатын жіктеуіштер мен анықтамалықтар осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.

      18. Жұмыстарды үйлестіру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл мына шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

      1) ақпараттың синхронды немесе асинхронды режимде берілуі;

      2) берілетін ақпараттың үздіксіз өзектендірілуі;

      3) ақпаратты, оның электрондық сатып алу жүйесінде қалыптасқаннан кейін Тізілімге бір сағат ішінде беру;

      4) Тізілімде техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлау;

      5) XML түрінде ақпаратты сипаттау тілі ретінде және объектілерге қол жеткізудің қарапайым хаттамасы (SOAP) ерекшелігін пайдаланатын ақпараттық өзара іс-қимылдың сервистері мен бағдарламалық интерфейстерін ұйымдастыру үшін қолдану;

      6) көлік хаттамасын (TCP) және гипермәтінді қолдану хаттамасының (HTTP / HTTPS) ақпаратын беру үшін пайдалану;

      7) ақпаратты беру процесінде авариялық жағдай туындаған кезде, сондай-ақ зақымданған (бұрмаланған) жағдайда, олардың пайда болу себептерін анықтау және жою үшін уақтылы шаралар қабылдау.

      19. Жұмыстарды үйлестіру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық және өзге де құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

  Пайдалы қатты қазбаларға
қатысты электрондық сатып алу
жүйесінің жұмысын жер
қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлар,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер және оларды
өндірушілер тізілімінің
жұмысымен үйлестіру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ____________________
  (уәкелетті органның атауы)

Электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын пайдалы қатты қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіруді іске асыруға ӨТІНІМ

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (өтініш иесінің атауы, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________

      (электрондық сатып алу жүйесінің атауы)

      электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын пайдалы қатты қазбаларға

      қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде

      пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің

      және оларды өндірушілердің тізілімімен үйлестіру жұмыстарына дайындығы

      туралы мәлімдейді.

      1. Электрондық сатып алу жүйесінің веб-мекен жайы:

      _______________________________________________________________________.

      2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатының нотариалды

      куәландырылған көшірмесі _________ парақта қоса беріледі.

      3.______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (өтініш иесінің атауы, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын Тізілімнің жұмысымен үйлестіру

      жөніндегі іс-шараларды жүргізуге дайын.

      _________________________________

      Мөр орны (болған жағдайда) (қолы)

      20____ жылғы "____" ___________

  Пайдалы қатты қазбаларға
қатысты электрондық сатып алу
жүйесінің жұмысын жер
қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлар,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер және оларды
өндірушілер тізілімінің
жұмысымен үйлестіру
қағидаларына
2-қосымша

Деректерді беру сызбасы

      1. "Электрондық сатып жүйесінен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары туралы ақпаратты беру" сызбасы



Атауы:

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы туралы ақпаратты беру

Қысқаша сипаттама:

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы туралы ақпаратты беру

Мәнмәтін:

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы туралы ақпаратты беру жаңа/өзгертілген жазбалар бар болған кезде үйлестіру режиміде жүргізіледі

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім

ЭСЖ жаңа/өзгертілген жазбаларды береді және Тізілімге жібереді.



2. Тізілім қабылданған деректердің тұтастығын тексереді.


3. Тізілім электрондық цифрлық қолтаңба сертификатының бар болуын және нақтылығын/өзектілігін тексереді.


4. Тізілім қабылданған деректерді автоматты режимде форматтық-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

Баламалы процесс. Деректер қабылданды


5. Тізілім деректерді қабылдау туралы хабарламаны қалыптастырады.

6. ЭСЖ хабарламаны қабылдайды.


Баламалы процесс. Деректер қабылданбады


7. Тізілім қате туралы хабарламаны қалыптастырады.

8. ЭСЖ жаңа/өзгертілген жазбаларды қайта береді және Тізілімге жібереді.


      2. "Тізілімнен өзгертілетін деректерге сұрау салу" сызбасы



Атауы:

Тізілімнен өзгертілген деректерге сұрау салу

Мәнмәтін:

Анықтамалықтардың өзгертілген жолдарын беру жаңа/өзгертілген жазбалар бар болған кезде автоматты режимде жүргізіледі

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім

1. ЭСЖ Тізілімнен деректерді алуға сұрау салуды бастамашылық етеді. Сұрау салу топтамасы қалыптастырылады және беріледі.



2. Тізілім сұрау салуғу валидациялау жүргізеді.

Баламалы процес. Сұрау салу бойынша деректерді өзгерту талап етілмейді


3. Деректерді толтырудың қажеттілігі емес туралы,Тізілім ЭСЖ-ға жауап береді

Баламалы процес.Сұрау салу бойынша деректерді өзгерту қажет


4. Тізілім деректерді толтыруға сұрау салуды қалыптастырады.

5. ЭСЖ сұрау салу бойынша қосымша деректерді қалыптастырады.



6. Тізілім алынған деректердің сәйкестендіргіштерін қайта жібереді.

7. ЭСЖ хабарламаны қабылдайды.


      3. "Тізілімнен анықтамалық деректерді сұрау салу" сызбасы



Атауы:

Тізілімнен анықтамалық деректергеі сұрау салу

Мәнмәтін:

Анықтамалықтардың жолдарын беру үйлестіру режимін жүргізіледі

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім

1. ЭСЖ Тізілімнен деректер алу үшін сұрау салуға бастамашылық етеді. Сұрау салу топтамасы қалыптастырылады және жіберіледі.



2. Тізілім сұрауды салуға валидациялауды жүргізеді.


3. Тізілім сұрау салу бойынша ЭСЖ-ға анықтамалықтардан деректер береді.

4. ЭСЖ хабарламаны қабылдайды.


      4. "Жеткізушінің анықтамалық деректерін алу" сызбасы



Атауы:

Жіберушінің анықтамалық деректерін алу

Мәнмәтін:

Жеткізушілердің карточкалары бойынша өзгертілген жолдарды беру деректерін алу жартылай автоматты режимде жүргізіледі

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім

1. ЭСЖ Тізілімнен деректер алу үшін сұрау салуға бастамашылық болады. Сұрау салу топтамасы қалыптастырылады және беріледі.



2. Тізілім сұрау салуға валидациялауды жүргізеді.

Баламалы процесс. Сұрау салу бойынша деректерді өзгерту талап етіледі


3. Тізілім деректерді толтыруға сұрау салуды қалыптастырады.

4. ЭСЖ Тізілімнен деректер алу үшін сұрау салуға бастамашылық етеді. Сұрау салу топтамасы құрылады және беріледі.


Баламалы процесс. Сұрау салу бойынша деректерді өзгерту талап етілмейді


5. Тізілім ЭСЖ тарапынан таңдау үшін тізімді қалыптастырады.

6. ЭСЖ жартылай автоматты режимде таңдауды жүзеге асырады. Сұрау салу топтамасы қалыптастырылады және беріледі.



7. Тізілім қабылданған деректердің тұтастығын тексереді.


8. Тізілім электрондық цифрлық қолтаңба сертификатының бар болуын және нақтылығын/өзектілігін тексереді.


9. Тізілім қабылданған деректерді автоматты режимде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

Баламалы процесс. Деректер қабылданды


10. Тізілім деректерді қабылдау туралы хабарлама қалыптастырады және береді.

Баламалы процесс. Деректер қабылданбады


11. Тізілім қате туралы хабарламаны қалыптастырады.

12. ЭСЖ жаңа/өзгертілген жазбаны қайта жібереді және Тізілімге жібереді.


      5. "Тізілімнен Электорондық сатып алу жүйесіне хабарламалар жіберу" сызбасы



Атауы:

Тізілімнен хабарламалар жіберу

Мәнмәтін:

Тізілімнен ЭСЖ-не оқиғалар туралы хабарламалар жіберу

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім


1. Тізілім ЭСЖ-не беру үшін хабарлама мәтінін.
Деректер топтамасы қалыптастырады және беріледі.

2. ЭСЖ деректер топтамасын алады.


      6. "ЭСЖ деректер базасы тұтастығының аудиті" сызбасы



Атауы:

ЭСЖ деректер базасы тұтастығының аудиті

Мәнмәтін:


Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім


1. Тізілім ЭСЖ аудитке сұрау салуды қалыптастырады.

2. ЭСЖ-ны қалыптастырады және деректер топтамасын береді





      7. "ОМСБ және (немесе) ЖСБ-ын ЭСЖ-ден Тізілімге жүктеу" сызбасы



Атауы:

ОМСБ және (немесе) ЖСБ ЭСЖ-нен Тізілімге жүктеу

Мәнмәтін:

Жер қойнауын пайдаланушылардың ОМСБ және (немесе) ЖСБ сатып алуларын жаңа/өзгертілген жазбалардың бар болған жағдайда үйлесімді режимде жүктеу.

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім

1. ЭСЖ жаңа жазбаларды ОМСБ және (немесе) ЖСБ Тізілімге береді.



2. Тізілім деректер топтамасының толықтығын тексереді.


3. Тізілім электрондық цифрлық қолтаба сертификатының бар болуын және нақтылығын/өзектілігін тексереді.


4. Тізілім қабылданған деректерді автоматты режимде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

Баламалы процесс. Деректер қабылданды


5. Тізілім деректерді қабылдау туралы хабарламаны қалыптастырады.

6. ЭСЖ хабарламаны қабылдайды.


Баламалы процесс . Деректер қабылданбады


7. Тізілім қате туралы хабарламаны қалыптастырады.

8. ЭСЖ ОМСБ және (немесе) ЖСБ жаңа жазбаларды сұрауды қайта береді және Тізілімге жібереді.


      8. "Тізілімде және (немесе) ЭСЖ-нен ЖСБ деректерді өзгертуге сұрау салу" сызбасы



Атауы:

Тізілімде және (немесе) ЭСЖ-нен ЖСБ деректерді өзгертуге сұрау салу

Мәнмәтін:

Жер қойнауын пайдаланушылардың орта мерзімді сатып алу жоспарын және жылдық сатып алу жоспарын сатып өзгертілген жазбалар бар болған жағдайда үйлестіру режимінде жүктеу.

Негізгі процесс

ЭСЖ

Тізілім

СЭЗ Тізімдегі ЖСБ және ОМСБ жазбаларының деректерін өзгерту туралы сұрау салады.Сұрау салу топтамасы қалыптасып беріледі.



2. Тізілім сұрау салудың валидациясын жүргізеді.

Баламалы процесс. Сұрау салу бойынша деректерді өзгерту талап етілмейді


3. Тізілім сұрау салу бойынша ЭСЖ-не жауап береді.

Баламалы процесс. Сұрау салу бойынша деректерді өзгерту талап етіледі


4. Тізілім деректерді толтырудың сұрау салуын қалыптастырады.

5. ЭСЖ сұрау салу бойынша қосымша деректерді қалыптастырады.



6. Тізілім алынған деректердің сәйкестендіргіштерін қайта жібереді.

7. ЭСЖ хабарламаны қабылдайды.


      Ескертпе:

      аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      ЭСЖ – электрондық сатып алулар жүйесі;

      ОМСБ – орта мерзімді сатып алулар бағдарламасы;

      ЖСБ – жылдық сатып алулар бағдарламасы;

      ЭЦҚ – электрондық -цифрлық қолтаңба.

      Тізілім – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі.

  Пайдалы қатты қазбаларға
қатысты электрондық сатып алу
жүйесінің жұмысын жер
қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлар,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер және оларды
өндірушілер тізілімінің
жұмысымен үйлестіру
қағидаларына
3-қосымша

Тізілім мен электрондық сатып алу жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимылдың түрлері

Түрлері

Бастамашы

Мысал

Алушы

1.

Деректерді беру

ЭСЖ

Сатып алуды құру;
конкурстық құжаттаманы өзгерту;
Сатып алуды ұзарту;
Бір көзден сатып алу негізінде сатып алуды құру;
Берілген конкурстық өтінімдердің тізімін құру;
Конкурстық құжаттаманы жүктеген жеткізушілердің тізімін құру;
Хаттамаларды жасау ;
Сатып алуды, хаттамаларды өзгерту;
Сатып алуды хаттамаларды алып тастау;
Жеткізушіні қосу;
Жеткізушіні алып тастау;
Жеткізушіні өзгерту

Тізілім

2.

Жаңартуға сұрау салу

ЭСЖ

Анықтамалықтар жолдарын жаңарту;
Жеткізушілердің бар болуын тексеру

Тізілім

3.

Уақытты үйлестіру

ЭСЖ

Жүйелік даталарды жаңарту

Тізілім

4.

Валидация

ЭСЖ

Жеткізушілер үшін анықтамалық деректерге сұрау салу

Тізілім

5.

Хабарламаларды тарату

Тізілім

Ақпараттық таратуларда,анықтамалықтардағы өзгерістер туралы хабардар ету

ЭСЖ

6.

Аудит

Тізілім

Деректер қорының тұтастығын тексеру;
Бақылау сомаларын алу;
Оқиғалардың логын алу

ЭСЖ

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      ЭСЖ – электрондық сатып алулар жүйесі;

      Тізілім – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі.

  Пайдалы қатты қазбаларға
қатысты электрондық сатып алу
жүйесінің жұмысын жер
қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлар,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер және оларды
өндірушілер тізілімінің
жұмысымен үйлестіру
қағидаларына
4-қосымша

Жұмыстарды үйлестіру кезінде пайдаланылатын жіктеушілер мен анықтамалықтар

р/с №

Жіктеуіштің атауы

1

Әкімшілік-аумақтық бірліктер жіктеуіші

2

Өнімнің статистикалық жіктеуіші

3

Өлшеу және есептеу бірліктерінің халықаралық жіктеуіші

4

Әлем елдерінің жіктеуіші

5

Шаруашылық ету нысандарының ұйымдық-құқықтық жіктеуіші