РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 дейін қолданыста болады
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 23 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 21 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 350 бұйрығымен бекітілген |
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Нормаланатын ысыраптар деңгейі техникалық-экономикалық есептермен негізделген өндіру кезінде пайдалы қатты қазбаларды игерудің қабылданған тәсілдері мен жүйелеріне технологиялық байланысты ысыраптар деп түсіндіріледі.
2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну тәртібі
3. Пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру бойынша тау-кен жұмыстар жоспарын, сондай-ақ тау-кен жұмыстар жоспарына нормаланатын ысыраптардың көрсеткіштері бөлігінде өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды бекіткен жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға тау-кен жұмыстар жоспарын бекіткен немесе оған өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кен орнын игерудің техникалық жобасын ұсынады.
Техникалық жобаға мынадай растайтын құжаттар қоса беріледі:
1) тау-кен жұмыстар жоспарының құрамында бекітілген нормаланатын ысыраптар туралы деректерді көрсете отырып, графикалық қосымшаларды қоса алғанда, бекітілген тау-кен жұмыстар жоспарының көшірмесі;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тау-кен жұмыстар жоспарын келісуінің көшірмелері.
4. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде нормаланатын ысыраптар кен орнын игерудің схемалары, тәсілдері мен жүйелері қолданылатын нақты тау-кен геологиялық жағдайларға байланысты айқындалады.
5. Пайдалы қазбалардың бірнеше түрі бар кен орындары үшін нормаланатын ысыраптар туралы деректер пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша ұсынылады, олар туралы мәліметтер Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрында қамтылған.
6. Нормаланатын ысыраптардың көлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 744-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган нормаланатын ысыраптардың мөлшері бойынша келіспеген жағдайда нормаланатын ысыраптар туралы деректер ұсынылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға негізделген қарсылықтарын жібереді.
Осындай қарсылықтар көрсетілген мерзімде жіберілген жағдайда, нормаланатын ысыраптарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган ұқсас жобалар бойынша нормаланатын ысыраптар туралы қолда бар деректер негізінде не бұрын берілген мәліметтерге сүйене отырып, дербес өзі айқындайды.
Кен орнын игерудің техникалық жобасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жер қойнауын пайдаланушының атауы:______________________________________
2. Нормаланатын ысыраптар негіздемесі: _______________________________________
3. Нормаланатын ысыраптардың техникалық-экономикалық есептеулері:
__________________________________________________________________________
4. Нормаланатын ысыраптар туралы деректер:
№ | Кен орнының атауы, әкімшілік-аумақтық бірлекте орналасқан орны, келісімшарттың/лицензияның №___, күні_____ | Пайдалы қазбаның түрі | Өндірудің жылдық көлемі, мың тонна/мың текше метр | Нормаланатын ысыраптар, % (мың тонна/мың текше метр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жер қойнауын пайдаланушы - басшы
__________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
"____"____________20___ж.
Жер қойнауын пайдаланушының мөрінің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)