Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысымен бекітілген Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астана қаласының әкімі
_______________ Ә. Исекешев
20 наурыз 2018 ж
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ М. Бекетаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
_______________ Н. Пан
18 мамыр 2018 ж
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің төрағасы
_______________ А. Шпекбаев
5 мамыр 2018 ж
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының әкімі
_______________ Е. Тоғжанов
28 наурыз 2018 ж
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген |
Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысымен бекітілген Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістеме "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысының 1-қосымшасында белгіленген пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бонустарының мөлшерін айқындау үшін қолданылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
басымдықтар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бекітілген "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі) сәйкес осы тұлға үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы белгілейтін орталық атқарушы органның аппарат басшысының басымдықтары;
бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
есепті кезең – бағалау жылының бірінші қаңтарынан бастап отыз бірінші желтоқсанын қоса алғанда, он екі айды құрайтын күнтізбелік жылға тең мемлекеттік қызметші жұмысының нәтижелерін бағалау кезеңі;
мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;
нысаналы бонус – "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мөлшерде көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;
нысаналы бонус қоры – бекітілген штат саны лимиттеріне сәйкес осы пилоттық органның әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің нысаналы бонустарынан қалыптастырылған пилоттық органның бонус қоры;
түзетілген бонус – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша нысаналы бонусты түзетуден кейінгі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;
түзетілген бонус қоры – пилоттық органның нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелері бойынша пилоттық органның нысаналы бонус қорын түзетуден кейінгі пилоттық органның бонус қоры;
түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – ТНИ) – қол жеткізу олардың қызметінің тиімділігін көрсететін, саяси қызметшінің меморандумына/"А" корпусы қызметшісінің келісіміне сәйкес не "Б" корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігін негізге ала отырып белгіленетін көрсеткіштер.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Бонустардың мөлшерін есептеу
4. Пилоттық органның "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің түзетілген бонус қоры пилоттық органның "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің нысаналы бонус қорын түзету нәтижесінде айқындалады. Есепті кезеңдегі мемлекеттік органның нысаналы индикаторларына қол жеткізуді ескере отырып, пилоттық органның "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бонустар мөлшерін есептеу үшін мына формула пайдаланылады:
Cfa=Ofa XD ,
Cfb=Ofb XD ,
мұнда:
Cfa – пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры;
Cfb – пилоттық органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры;
Ofa – пилоттық органның "А" корпусының әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне көзделген пилоттық органның нысаналы бонус қоры;
Ofb – пилоттық органның "Б" корпусының әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне көзделген пилоттық органның нысаналы бонус қоры;
D – пилоттық орган меморандумдарының есепті кезең үшін қойылған нысаналы индикаторларына орташа арифметикалық қол жеткізу.
Пилоттық органның есепті кезең үшін қойылған нысаналы индикаторларына орташа арифметикалық қол жеткізу мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Pvp– пилоттық органның әрбір нысаналы индикаторын орындау пайызы;
n– пилоттық органның нысаналы индикаторларының саны.
5. Бағалау жүргізу кезінде ресми деректер болмаған жағдайда пилоттық органдардың алдын ала деректері есепке алынады.
6. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы пилоттық органның нысаналы индикаторларға және есепті кезеңдегі ТНИ-ге/басымдықтарға қол жеткізуіне байланысты болады.
Пилоттық органның "А" корпусының тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Cba f – пилоттық органның "А" корпусының тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы;
Cfa– пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры;
bp– ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің пайызбен есептегендегі орташа қорытынды бағасы;
ORbaf – пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі нысаналы бонусы;
n– "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны;
Tf– "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің пайызбен есептегендегі нақты еңбегі сіңген уақыты.
ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің пайызбен есептегендегі орташа қорытынды бағасы () мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
b – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалатын, ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің қорытынды бағаларының орташа арифметикалық мәні (индикаторлар санына бөлінген барлық қорытынды бағалар сомасы).
Егер ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің пайызбен есептегендегі орташа қорытынды бағасының ең көбі 60%-ды құраса, бонустар төлеу жүргізілмейді.
7. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің түзетілген бонустарының мөлшері пилоттық органның персоналды басқару қызметімен бірлесіп қаржы-экономикалық қызметi толтыратын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бонустарының мөлшерін есептеу кестесі бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.
8. Пилоттық органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің түзетілген бонус қоры мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Csp f – пилоттық органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің түзетілген бонус қоры;
Cfb – пилоттық органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры;
O sp f – пилоттық органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің нысаналы бонус қоры;
Drspf – пилоттық органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің (стратегиялық жоспардың көрсеткіштері не пилоттық органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ТНИ-і) есепті кезеңде қойылған ТНИ-ді орындау пайызы;
n – пилоттық органның құрылымдық бөлімшелерінің саны.
Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің есепті кезеңде қойылған ТНИ-ді орындау пайызы мына қағидат бойынша айқындалады:
құрылымдық бөлімшенің бес ТНИ-іне (Drspf ) қол жеткізген кезде, құрылымдық бөлімше ТНИ-інің 100% деңгейінде орындалуы белгіленеді;
құрылымдық бөлімшенің бес ТНИ-інің (Drspf ) төртеуіне қол жеткізген кезде, құрылымдық бөлімше ТНИ-інің 80% деңгейінде орындалуы белгіленеді;
құрылымдық бөлімшенің бес ТНИ-інің (Drspf ) үшеуіне қол жеткізген кезде, құрылымдық бөлімше ТНИ-інің 60% деңгейінде орындалуы белгіленеді.
9. Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің түзетілген бонус қорының мөлшері пилоттық органның персоналды басқару қызметімен бірлесіп қаржы-экономикалық қызметi толтыратын Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесі бонус қорының мөлшерін есептеу кестесі бойынша осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.
10. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы пилоттық органның нысаналы индикаторларға, құрылымдық бөлімшенің ТНИ-ге және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі өз ТНИ-іне қол жеткізуіне байланысты болады және мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Cgsf – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы;
Cgp f– тиісті құрылымдық бөлімшенің түзетілген бонус қоры;
Ogs f– "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің нысаналы бонусы;
Dgs f – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің есепті кезеңде қойылған ТНИ-ді орындау пайызы;
n– тиісті құрылымдық бөлімшенің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны;
Tf – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің пайызбен есептегендегі нақты еңбегі сіңген уақыты.
Есепті кезеңде () қойылған ТНИ-ді орындау пайызы мына қағидат бойынша айқындалады:
Барлық ТНИ-ге қол жеткізу кезінде ТНИ-ді 100% деңгейінде орындау белгіленеді;
Бес ТНИ-дің төртеуіне қол жеткізу кезінде ТНИ-ді 80% деңгейінде орындау белгіленеді;
Бес ТНИ-дің үшеуіне қол жеткізу кезінде ТНИ-ді/ 60% деңгейінде орындау белгіленеді.
11. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған ТНИ-нің орындалуына бағалау жүргізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссияның құрамын уәкілетті тұлға айқындайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.
12. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің түзетілген бонус мөлшері пилоттық органның персоналды басқару қызметімен бірлесіп қаржы-экономикалық қызметi толтыратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бонустарының мөлшерін есептеу кестесі бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.
13. Егер "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі есепті кезеңнің бір бөлігінде пилоттық органның бір лауазымында, ал осы есепті кезеңнің басқа бөлігінде осы немесе басқа пилоттық органның не өзге мемлекеттік органның басқа лауазымында жұмыс істесе, онда бонус мөлшері осы лауазымда нақты еңбегі сіңген уақыты ескеріле отырып, пилоттық органның әрбір лауазымында есептелген бонустарының сомасы ретінде мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Cbaf – пилоттық органның "А" корпусының тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы;
Cfa1 – пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін бұрын атқарған лауазымында көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры;
bp1 – бұрын атқарған лауазымдағы ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің орташа қорытынды бағасы;
ORbaf1 – пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бұрын атқарған лауазымындағы есепті кезеңдегі нысаналы бонусы;
n – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бұрын атқарған лауазымындағы саны;
Tf1 – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бұрын атқарған лауазымындағы пайызбен есептегендегі нақты еңбегі сіңген уақыты;
Cfa2 – пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін жаңадан орналасатын лауазымында көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры;
bp2 – жаңадан орналасатын лауазымдағы ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің орташа қорытынды бағасы;
ORbaf2 – пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жаңадан орналасатын лауазымындағы есепті кезеңдегі нысаналы бонусы;
n – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жаңадан орналасатын лауазымындағы саны;
Tf2 – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жаңадан орналасатын лауазымындағы пайызбен есептегендегі нақты еңбегі сіңген уақыты.
Аталған тұлғаларға бонустар төлеуді ол жұмыс істеген пилоттық орган, пилоттық орган қызметін бағалау нәтижелері бекітілгеннен кейін бір ай ішінде жүргізеді.
14. Егер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі есепті кезеңнің бір бөлігінде пилоттық органның бір лауазымында, ал осы есепті кезеңнің басқа бөлігінде осы немесе басқа пилоттық органның не өзге мемлекеттік органның басқа лауазымында жұмыс істесе, онда бонус мөлшері осы лауазымда нақты еңбегі сіңген уақыты ескеріле отырып, пилоттық органның әрбір лауазымында есептелген бонустарының сомасы ретінде мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Cgsf – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы;
Cspf1 – бұрын атқарған лауазымындағы тиісті құрылымдық бөлімшенің түзетілген бонус қоры;
O gsf1 – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бұрын атқарған лауазымындағы нысаналы бонусы;
D gsf1 – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бұрын атқарған лауазымында есепті кезеңде қойылған ТНИ-ді орындау пайызы (нақты пайызы);
n – бұрын атқарған лауазымындағы тиісті құрылымдық бөлімшенің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны;
Tf1 – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бұрын атқарған лауазымындағы пайызбен есептегендегі нақты еңбегі сіңген уақыты;
Cspf2 – жаңадан орналасатын лауазымындағы тиісті құрылымдық бөлімшенің түзетілген бонус қоры;
O gsf2 – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жаңадан орналасатын лауазымындағы нысаналы бонусы;
D gsf2 – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жаңадан орналасатын лауазымында есепті кезеңде қойылған ТНИ-ді орындау пайызы (нақты пайызы);
n– жаңадан орналасатын лауазымындағы тиісті құрылымдық бөлімшенің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны;
Tf2 – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жаңадан орналасатын лауазымындағы пайызбен есептегендегі нақты еңбегі сіңген уақыты.
Аталған тұлғаларға бонустар төлеуді ол жұмыс істеген пилоттық орган, пилоттық орган қызметін бағалау нәтижелері бекітілгеннен кейін бір ай ішінде жүргізеді.
15. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты еңбегі сіңген уақыты () мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Ai - есепті кезеңде еңбек сіңген нақты жұмыс күндерінің саны;
W – өндірістік күнтізбеге сәйкес бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
Есепті кезеңде еңбек сіңген нақты жұмыс күндерінің санына:
1) жыл сайынғы кезекті ақы төленетін демалыста болу уақыты;
2) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында болған кезеңі;
3) іссапарда болған кезеңі;
4) мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын нақты жұмыс істемеген уақыт;
5) жалақысы сақталмайтын демалыста болу, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақыт кіреді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты еңбегі сіңген уақытын есептеуді пилоттық органның персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.
Бонустар мөлшерін есептеу әдістемесіне 1-қосымша |
|
нысан |
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бонустарының мөлшерін есептеу кестесі
№ | "А" корпусының әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісі үшін көзделген пилоттық органның нысаналы бонус қоры, (мың теңге), | Пилоттық орган меморандумдарының есепті кезең үшін қойылған нысаналы индикаторларына орташа арифметикалық қол жеткізу (%), | "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры, (мың теңге) (2-баған * 3-баған), | Бюджетке қайтаруға жататын бонус қорының қалдығы (мың теңге) (2-баған – 4-баған) | "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері) | "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің нысаналы бонусы, (мың теңге), |
ТНИ/басымдықтарға қол жеткізудің орташа қорытынды бағасы | Нақты еңбек сіңірген уақыт (%), | Пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы, (мың теңге) (7-баған * 8-баған * 9-баған) | Пилоттық органның нысаналы индикаторының орындалуына пилоттық органның бонус қоры түзетілгеннен кейінгі пилоттық органның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бонусы (мың теңге) ((10-баған * 4-баған)/10-баған) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бонустар мөлшерін есептеу әдістемесіне 2-қосымша нысан |
Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесі бонус қорының мөлшерін есептеу кестесі
№ | "Б" копрусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның нысаналы бонус қоры, (мың теңге), | Пилоттық орган меморандумдарының есепті кезең үшін қойылған нысаналы индикаторларына орташа арифметикалық қол жеткізу (%), |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін көзделген пилоттық органның түзетілген бонус қоры, (мың теңге) |
Бюджетке қайтаруға жататын бонус қорының қалдығы | Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесі | Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің нысаналы бонус қоры (мың теңге), | Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің ТНИ-інің орындалуы (%), |
Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің ТНИ-інің орындалуына түзетілгеннен кейінгі пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің түзетілген бонус қоры (мың теңге) |
Пилоттық органның нысаналы индикаторының орындалуына пилоттық органның бонус қоры түзетілгеннен кейінгі пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің түзетілген бонус қоры (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Бонустар мөлшерін есептеу әдістемесіне 3-қосымша |
|
нысан |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бонустарының мөлшерін есептеу кестесі
№ | Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің нысаналы бонус қоры (мың теңге), | Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің ТНИ-інің орындалуы (%), | Құрылымдық бөлімшенің түзетілген бонус қоры, (мың теңге) (2-баған * 3-баған), | "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері) |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің ТНИ-інің орындалуы (%), |
Нақты еңбек сіңірген уақыт, |
Пилоттық органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы, |
Пилоттық органның нысаналы индикаторының орындалуына пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің бонус қоры түзетілгеннен кейінгі пилоттық органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бонусы, (мың теңге) |
Тәртіптік жаза болған жағдайд "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің бонусы, |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
*Ескертпе: "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінде тәртіптік жаза болған жағдайда пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы оған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусының 50% мөлшерінде бонус белгілейді.