"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Атамқұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
___________ К. Мәсімов
17 сәуірдегі 2018 жыл
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына берудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкеп соғатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі;
4) жедел резервтеу – қосымша бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану және оларды белсенді режимде ұстау және (немесе) нақты уақыт режимінде (немесе 1 сағатқа кідірумен нақты уақытқа жақын) өзгерістерді беруді және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
5) резервтік көшірме – жоғалту, зақымдау, бұзу, немесе заңсыз өзгерту, жою жағдайында деректердің бастапқы немесе жаңа орналастырылуын қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін деректер көшірмесін жасау процесін сәтті аяқтаудың нәтижесі;
6) ұзақ мерзімді сақтау – электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін екі жылдан арттық сақтау мерзімімен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына бір реттік беру;
7) іске қосусыз резервтеу – деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп тұрған немесе сөндірілген электрондық ақпараттық ресурстан операциялық жүйе құралдарымен резервтік көшірме жасау;
8) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасы (бұдан әрі – БҰРП) – электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда деректерді қалпына келтіру мақсатында, олардың резервтік көшірмелерін сақтауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерге, сондай-ақ арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және (немесе) үкіметтік, құпияландырылған, шифрланған және кодталған байланыс желілеріне таралмайды.
2-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін беру тәртібі
4. АКИАМО иесі электронды ақпараттық ресурстардың (бұдан әрі – ЭАР) резервтік көшірмелерін осы Қағидаларға сәйкес тәртіпте БҰРП-ға береді.
5. АҚҰҮО АКИАМО иелеріне ЭАР резевтік көшірмелерін БҰРП-ға беру қажеттілігі туралы ақпаратты жібереді.
6. АКИАМО иелері АҚҰҮО-дан ақпаратты алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей АҚҰҮО-ға әрбір ЭАР бойынша:
1) резервтік көшірудің ағымдағы мерзімділігі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың көшірмесін;
2) Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда техникалық сипаттама туралы мәліметтерді жібереді.
7. Занның 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін АКИАМО тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) және әрбір АКИАМО иелерінен алынған ақпарат негізінде АҚҰҮО уәкілетті органмен келісім бойынша БҰРП-ға беру үшін ЭАР резервтік көшірудің мерзімділігін белгілейді.
8. АҚҰҮО АКИАМО иелеріне 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде танысу мен орындау үшін жазбаша ресми түрде мынадай мәліметтер жолдайды:
1) ЭАР атауы;
2) БҰРП-ға беру үшін резервтік көшірудің мерзімділігі;
3) АҚҰҮО-ға қолжетімділік алу үшін мәліметтер.
9. ЭАР резервтік көшірмелерін беру үшін АҚҰҮО АКИАМО иелеріне АҚҰҮО-ға қолжетімділік береді.
10. АКИАМО иелері өз қаражаты есебінен, АКИАМО иелерінің барлық инфрақұрылымының толық жоғалту (жойылу) жағдайларын есепке ала отырып, БҰРП-да сақталатын резервтік көшірмелерді АКИАМО-ның қалпына келтіруі үшін жеткілікті көлемде, БҰРП-ға (АҚҰҮО) ЭАР резервтік көшірмелерін (сондай-ақ ЭАР-ға құжаттама, нұсқаулық көшірмелерін, конфигурация файлдарын және тағы басқа) беруді ұйымдастырады. АКИАМО-ның резервтік көшірмелерінің берілуі АҚҰҮО-дан ресми хабарлама алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде іске асырылады.
11. Резервтік көшірме шифрланған түрде берілген жағдайда, шифрлау кілттері мен құралды шифрлау жүргізілген құралдар шифрді ашу үшін ЭАР иелері жағында барлық инфрақұрылым жоғалған жағдайда қалпына келтіру мүмкіндігі үшін электрондық түрде АҚҰҮО-ға беруге жатады.
12. БҰРП-ға резервтік көшірмелерді беру АКИАМО иелерін ақпаратты резервтік көшіру жөніндегі ішкі регламенттік жұмыстардан босатпайды.
13. АҚҰҮО ЭАР резервтік көшірмелерін қабылдауды:
1) техникалық ресурстардың жетіспеушілігі;
2) техникалық құралдардың АКИАМО иелері талап ететін құралдармен үйлеспеуі;
3) серверлік, желілік жабдыққа, деректер базасын басқару жүйесіне және бағдарламалық қамтылымға лицензиялардың болмауы;
4) техногенді және басқа да күтпеген жағдайлардың туындауы жағдайында уақытша тоқтатуды іске асырады.
14. ЭАР резервтік көшірмелерін қабылдауды уақытша тоқтату үшін негіз АҚҰҮО-ның уәкілетті орган мен АКИАМО иесіне себебін көрсете отырып ЭАР резервтік көшірмелерін беру процесін тоқтата тұру қажеттілігі туралы ақпарат жіберуі болып табылады. ЭАР резервтік көшірмелерін қабылдауды уақытша тоқтату мерзімі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайлар жойылғанға дейін белгіленеді.
3-тарау. Электронды ақпараттық ресурстардың резервті көшірмелерін Бірыңғай ұлттық резервтік платформаға беру мерзімдері
15. БҰРП-ға ЭАР резервтік көшірмелерін беру мерзімдері:
1) бірінші кластағы ЭАР және деректер базасы үшін – жедел резервтеу кезінде нақты уақыт (немесе 1 сағатқа кідірумен нақты уақыт режиміне жақын) режимінде және толық аяқталғанға дейін іске қосусыз резервтеу кезінде резервтік көшіруді аяқтау сәтінен бастап 24 сағаттан кешіктірмей резервтік көшірмені беруді бастау;
2) екінші кластағы ЭАР үшін – толық аяқталғанға дейін іске қосусыз резервтеу кезінде резервтік көшіруді аяқтау сәтінен бастап 48 сағаттан кешіктірмей резервтік көшірмені беруді бастау;
3) үшінші кластағы ЭАР үшін – толық аяқталғанға дейін іске қосусыз резервтеу кезінде резервтік көшіруді аяқтау сәтінен бастап 72 сағаттан кешіктірмей резервтік көшірмені беруді бастау.
ЭАР класы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерін тіркеу мемлекеттік тізімінде № 13349 тіркелген) Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес айқындалады.
16. ЭАР Тізбеден алынған жағдайда АКИАМО иесі АҚҰҮО-дан ақпарат алған күннен бастап 24 сағат ішінде АҚҰҮО-ға ЭАР резервтік көшірмелерін беруді тоқтатады.
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына берудің қағидаларына және мерзімдеріне қосымша |
|
Нысан |
Электрондық ақпараттық ресурстардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер
№ | ЭАР толық атауы | Операциялық жүйе (нұсқасы) | ДББЖ / БҚ / ҚБҚ (Атауы/нұсқасы) | Деректер базасының өлшемі, Гб | Резервтік көшірменің өлшемі (дампа), Гб | ДБ өлшемінің жоспарланған жыл сайынғы өсімі, Гб | CPU сервердің саны | CPU сервердің толу деңгейі (%) | Сервердің ОЕСҚ көлемі, Гб | АКИ АМО иесі | ЭАР класы | ЭАР жауапты тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты/телефон нөмірі |
Аббревиатураларды толық жазу бойынша ескертпе:
ДББЖ – деректер базасын басқару жүйесі;
БҚ – бағдарламалық қамтамасыздандыру;
ҚБҚ – қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру;
CPU – компьютердің орталық процессоры;
Гб – гигабайт;
ДБ – деректер базасы;
ОЕСҚ – оперативті есте сақтау құралы;
ЭАР – электрондық ақпараттық ресурс.