Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 524 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16779 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi № 112 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4625 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., наурыз-сәуiр) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      аталған бұйрықпен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi нұсқаулықта:

      19-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қосылу, біріктіру және өзгерту кезінде тіркеуші органға:

      1) Қосылу және өзгерту жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4- қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініші, біріктіру жағдайда осы Нұсқаулықтың 12, 13, 14, 15, 16, 17, 20-қосымшаларына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініші;

      2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;

      3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген тапсыру актісі және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісін бекіту туралы шешімі;

      4) кредиторлардың хабарламаны алған күні көрсетілген және кредитор-заңды тұлғаның мөрімен бекітілген (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, немесе алғаны туралы пошталық хабарламасы қоса берілген құжат.

      5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Заңды тұлғаның бөліну, бөлініп шығу кезінде тіркеуші органға:

      1) бөлінген жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4- қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініші, бөлініп шығарылған жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініші;

      2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берілген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;

      3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып – бөліну балансы

      4) кредиторлардың хабарламаны алған күні көрсетілген және кредитор-заңды тұлғаның мөрімен бекітілген (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, немесе алғаны туралы пошталық хабарламасы қоса берілген құжат.

      5) бөліну нысанындағы қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін тіркеуші органға осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) өтінішке филиал (өкілдік) құратын уәкілетті заңды тұлға қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен расталады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Заңды тұлға шешiм қабылданған сәттен бастап бiр айдың iшiнде тiркеушi органға келесі құжаттарды тапсырады:

      1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті қайта тіркеу туралы, ал, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 13, 14, 15-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтініш. Мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар тізілім ұстаушының белгiсi бар өтінішті;

      2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделетiн, мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшiрмесін;

      3) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) үшiн енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелерiнiң) үш данасын тапсырады.

      Сонымен бірге, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу екi тәсiлмен:

      1) құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда жасау арқылы;

      2) өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрiнде енгізу арқылы жүргiзiледі.

      3) Егер құрылтай құжаттары нотариалдық куәландыруға жататын болса, онда оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да нотариалдық куәландырылуы тиіс;

      4) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелердiң түпнұсқалары;

      Тіркеуші орган жеке кәсіпкерлік субъектісінде жарғысы және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгі болған жағдайда бұрынғы құжаттарының телнұсқасы тәркіленеді;

      5) заңды тұлғаларды қайта тiркеу үшiн және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенiн растайтын түбiртек немесе басқа құжат;

      Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеуден өтудің барлық жағдайларында ұсынылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Акционерлiк қоғамды қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) орналасқан жерi ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) нақты мекенжайы бойынша тiркеушi органға бұл жөнiнде орналасқан жерiн ауыстыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде хабарлайды.

      Хабарламаға заңды тұлға мөрiмен бекітілген, құрылтай құжаттарына (филиалдар мен өкілдіктер туралы ереже) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешiмiнен үзiндiсі, сондай-ақ нақтылы тұрған жерін растайтын құжат қоса берiледi.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн:

      1) осы Нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;

      2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекітілген шешiмi;

      3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

      4) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;

      5) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат;

      6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

      7) құрылтай құжаттары (болған кезде) ұсынылады.";

      5 қосымшадағы 2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстандық заңды тұлғаның филиалы немесе өкiлдiгi:

      есептiк тiркеу туралы өтiнiш;

      заңды тұлға органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже, заңды тұлғаның органымен бекітілген

      жеке кәсіпкерге қатысты, заңды тұлғаның немесе өкілдігінен басқа, филиал ережесі;

      филиал (өкілдiк) басшысына заңды тұлға органы берген сенiмхат;

      (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген филиал (өкiлдiк) құру туралы заңды тұлғаның шешімі;

      заңды тұлға жарғысының (ережесiнiң) көшiрмесi немесе өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішінің көшірмесі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.

      Ескерту. (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) филиал (өкілдiк) құру үшін өтініші, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды уәкілетті тұлғамен, тұлғаның қолтаңбасымен болуы тиіс;

      Заңды тұлғаның басшысы, филиал (өкілдiк) басшысы болған жағдайда, тіркеуші органына сенім хат табыс етілмейді;

      Мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (өкілдiк) құрылған жағдайда,

      филиал (өкілдiк) құру үшін, жергілікті атқарушы органға, мемлекеттік мүлік басқарма бойынша уәкілетті органынан немесе Ұлттық банктан растайтын келісім қосымша табыс етіледі.";

      18 және 18-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 24 сәуiрдегi № 233 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11384 болып тiркелген, 2015 жылғы 9 шiлдеде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      аталған бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк қайта тiркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк қайта тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

      9-тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;

      заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

      Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.

      Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.

      Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi,тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.

      Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан:

      1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;

      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде қабылдап алғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды."

      аталған бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару өтініші (бұдан әрі – өтініш);

      2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі;

      3) заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың наразылықтар мәлімдеуі тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

      Наразылықтар мәлімдеу мерзімі, банкроттық жағдайларын қоспағанда, таратылғаны туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеуі тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі тиіс;

      4) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;

      5) (ол болған кезде) заңды тұлға мөрінің жойылғаны туралы құжат;

      6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

      7) құрылтай құжаттары;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:

      табиғи монополия субъектiсi үшін табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмi беріледі;

      мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шешімін;

      мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;

      мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады;

      9) филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлға, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтінішті;

      филиал (өкілдік) туралы ережені;

      филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.

      Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу соттың шешімі және тарату іс жүргізуін аяқтау туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.

      Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:

      1) филиал (өкілдік) туралы ереже;

      2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.

      сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.

      Порталда заңды тұлға, филиал және өкілдік қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып және "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, электрондық құжат нысанында толтыру арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), көрсетілетін қызметті алушының жарна сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді, қызметін тоқтатып отырған заңды тұлға, филиал (өкілдік), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы(болуы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді береді.

      9 және 9-1 қосымшалар осы бұйрыққа 2-3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнің
міндетін атқарушы
Э. Әзімова

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрi

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 9 сәуір

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының

      қаржы министрi

      _____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 11 сәуір

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі төрағасы

      _____________ Д. Ақышев

      2018 жылғы 13 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
1-қосымша
 
  Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу,
филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеу бойынша нұсқаулыққа
18-қосымша көрсетілетін қызметтің
 
  Нысан

Кәсіпкерлік қызметті (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған) банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама

      1. Ұйымдық нысаны: _______________________________________________________

      2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: _____________________________________________

      3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:

      Мемлекеттік тілдегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ____________________________

      Орыс тіліндегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: _________________________________

      Ағылшын тіліндегі ҰҚН* атауы: _________________________________________

      Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: __________________________________

      Орыс тіліндегі қысқаша атауы: _________________________________________

      Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН* атауы: ________________________________

      4. Басшысы: Т.А.Ә.*/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/ жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері,

      соның ішінде ЖСН*: __________________________________________________________

      5. ЗТ* уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _____________

      шешім нөмірі: __________________ шешім күні:___________________________

      6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға: ЖСН*/ Т.А.Ә.*, салым мөлшері ________________

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға: БСН* ____________, ұйымның атауы, салым мөлшері _____

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға: ЖСН*(егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, Т.А.Ә.*, азаматтығы, салым мөлшері ________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға: БСН* (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері _____ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә _____ , Жоқ ______

      8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы,

      Т.А.Ә.*, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері,

      ЖСН* (болған жағдайда)

      9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы:________________________

      Мекен-жайының типі:

      Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы _______________________________

      Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы _____________________

      Мекен-жайдың тірке коды ______________________________________________

      Мекен-жай: ___________________________________________________________

      Облыс ___________________________, қала, аудан,________________________

      ауылды өңір, қаладағы аудан: __________________________________________

      ауыл, елді мекен: _____________________________________________________

      елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _______________________

      жылжымайтын мүлік түрі: орынжай ______________, ғимарат _______________

      сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _______, корпус нөмірі _________, блок нөмірі

      __________ пәтер __________________________________________

      пошталық индекс:______________________________________________________

      10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекен-жай бойынша автоматты түрде толтырылады):

      _________________________________________________________

      11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _____________________________

      12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: ______________

      13. ҚҚС* төлеуші ретінде тіркеу:

      Иә ______, Жоқ _________

      14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу: Иә ______, Жоқ _______

      15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________________

      16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): _________________________

      17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ______________________________

      18. Телефон нөмірі: ______________________________________________________

      19. Атқарушы орган туралы мәлімет:

      Жеке ______________________, алқалы ______________________

      Атқарушы органның атауы _______________________________________________

      20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ____________________________

      21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ___________________________________

      22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету:

      Сақтандырудың басталу күні ____________________________________________

      Сақтандырудың аяқталу күні ____________________________________________

      23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).

      Ескерту:

      БСН* - бизнес сәйкестендіру номері

      ЖСН* - жеке сәйкестендіру номері

      ҰҚН* - ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

      ҚҚС* - қосымша құн салығы

      ТОК* - тәуекелдің орындалу коэффициенті

      ШШБСЕТЗ* - Foreign Account Tax Compliance Act (FATCA) - Шетелдік шоттар бойынша салық есептілігі туралы заң

      ТАӘ* - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ЗТ* - заңды тұлға

      Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
2 қосымша
  Заңды тұлғаларды мемлекеттіктіркеу, филиалдар менөкілдіктерді есептік тіркеу бойынша нұсқаулыққа
18-1-қосымша көрсетілетін қызметтің
Нысан

Орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) өтініш

      1. Ұйымдық нысаны: _______________________________________________________

      2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: ____________________________________________

      3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:

      Мемлекеттік тілдегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ____________________________

      Орыс тіліндегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: _________________________________

      Ағылшын тіліндегі ҰҚН* атауы: _________________________________________

      Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: ___________________________________

      Орыс тіліндегі қысқаша атауы: _________________________________________

      Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН* атауы: _________________________________

      4. Басшысы: Т.А.Ә.*/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/ жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде

      ЖСН*: __________________________________________________________

      5. ЗТ* уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _____________

      шешім нөмірі:____________________ шешім күні:__________________________

      6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға:

      ЖСН*/ Т.А.Ә.*, салым мөлшері ________________

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға: БСН*____________, ұйымның атауы, салым мөлшері ______

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға:

      ЖСН*(егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері,

      Т.А.Ә.*, азаматтығы, салым мөлшері _______________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға:

      БСН* (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері _________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________, Жоқ __________

      8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, Т.А.Ә.*, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН* (болған жағдайда)

      9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы: _______________________

      Мекен-жайының типі:

      Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы__________________

      Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы _____________________

      Мекен-жайдың тірке коды _______________________________________________

      Мекен-жай: ____________________________________________________________

      Облыс ___________________________, қала, аудан,________________________

      ауылды өңір, қаладағы аудан: __________________________________________

      ауыл, елді мекен: _____________________________________________________

      елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _______________________

      жылжымайтын мүлік түрі: орынжай ______________, ғимарат _______________

      сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________,

      блок нөмірі __________ пәтер __________________________________________

      пошталық индекс: ______________________________________________________

      10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекен-жай бойынша автоматты түрде толтырылады):

      _________________________________________________________

      11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _____________________________

      12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: ______________

      13. ҚҚС* төлеуші ретінде тіркеу: Иә __________, Жоқ ____________

      14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу: Иә ______, Жоқ _______

      15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________________

      16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): _________________________

      17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ______________________________

      18. Телефон нөмірі: ______________________________________________________

      19. Атқарушы орган туралы мәлімет:

      Жеке ______________________, алқалы ______________________

      Атқарушы органның атауы __________________________________

      20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ____________________________

      21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ___________________________________

      22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету:

      Сақтандырудың басталу күні ____________________________________________

      Cақтандырудың аяқталу күні ____________________________________________

      23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).

      Ескерту:

      БСН* - бизнес сәйкестендіру номері

      ЖСН* - жеке сәйкестендіру номері

      ҰҚН* - ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

      ҚҚС* - қосымша құн салығы

      ТОК* - тәуекелдің орындалу коэффициенті

      ШШБСЕТЗ* - Foreign Account Tax Compliance Act (FATCA) - Шетелдік шоттар бойынша салық есептілігі туралы заң

      ТАӘ* - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ЗТ* - заңды тұлға

      Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
2 қосымша
 
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына
9-қосымша
 
  Нысан

Кәсіпкерлік қызметті (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған) банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама

      1. Ұйымдық нысаны: _______________________________________________________

      2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: ____________________________________________

      3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:

      Мемлекеттік тілдегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ____________________________

      Орыс тіліндегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: _________________________________

      Ағылшын тіліндегі ҰҚН* атауы: _______________________________________

      Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: ____________________________________

      Орыс тіліндегі қысқаша атауы: ________________________________________

      Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН* атауы: ______________________________

      4. Басшысы: Т.А.Ә.*/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/ жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде ЖСН*: _____________

      5. ЗТ* уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _____________

      шешім нөмірі:____________________ шешім күні: _________________________

      6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға: ЖСН*/ Т.А.Ә.*, салым мөлшері ________________

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға:

      БСН*___________, ұйымның атауы, салым мөлшері _______

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға:

      ЖСН*(егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері,

      Т.А.Ә.*, азаматтығы, салым мөлшері _______________

      жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға:

      БСН* (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері _______________________

      жарғылық капиталдағы үлесі % _________

      7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді:

      Иә ________ ,

      Жоқ _________

      8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы,

      Т.А.Ә.*, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН* (болған жағдайда)

      9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы: _______________________

      Мекен-жайының типі:

      Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ________________

      Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ____________________

      Мекен-жайдың тірке коды _____________________________________________

      Мекен-жай: ___________________________________________________________

      Облыс __________________________, қала, аудан, ________________________

      ауылды өңір, қаладағы аудан: __________________________________________

      ауыл, елді мекен: _____________________________________________________

      елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _______________________

      жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат ________________

      сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________,

      блок нөмірі __________ пәтер __________________________________________

      пошталық индекс: ______________________________________________________

      10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекен-жай бойынша автоматты түрде толтырылады):

      _________________________________________________________

      11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _____________________________

      12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: _____________

      13. ҚҚС* төлеуші ретінде тіркеу: Иә __________, Жоқ ____________

      14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу: Иә ______, Жоқ _______

      15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________________

      16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): _________________________

      17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ______________________________

      18. Телефон нөмірі: _______________________________________________________

      19. Атқарушы орган туралы мәлімет:

      Жеке ___________________, алқалы ______________________

      Атқарушы органның атауы _______________________________________________

      20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ____________________________

      21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ___________________________________

      22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету:

      Сақтандырудың басталу күні ___________________________________________

      Сақтандырудың аяқталу күні ___________________________________________

      23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).

      Ескерту:

      БСН* - бизнес сәйкестендіру номері

      ЖСН* - жеке сәйкестендіру номері

      ҰҚН* - ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

      ҚҚС* - қосымша құн салығы

      ТОК* - тәуекелдің орындалу коэффициенті

      ШШБСЕТЗ* - Foreign Account Tax Compliance Act (FATCA)

      - Шетелдік шоттар бойынша салық есептілігі туралы заң

      ТАӘ* - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ЗТ* - заңды тұлға

      Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
3 қосымша
 
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің стандартына
9-1 қосымша
  Нысан

Орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) өтініш

      1. Ұйымдық нысаны: _______________________________________________________

      2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: ______________________________________________

      3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:

      Мемлекеттік тілдегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ____________________________

      Орыс тіліндегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ________________________________

      Ағылшын тіліндегі ҰҚН* атауы: _________________________________________

      Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: ____________________________________

      Орыс тіліндегі қысқаша атауы: _________________________________________

      Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН* атауы: _________________________________

      4. Басшысы: Т.А.Ә.*/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/ жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде ЖСН*:______________

      5. ЗТ* уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _____________

      шешім нөмірі: ____________________ шешім күні: ________________________

      6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға:

      ЖСН*/ Т.А.Ә.*, салым мөлшері ________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға: БСН* __________________________, ұйымның атауы,

      салым мөлшері ______________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғаларға:

      ЖСН*(егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, Т.А.Ә.*, азаматтығы, салым мөлшері _______________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      Заңды тұлғаларға:

      БСН* (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері ___________________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______

      7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________ , Жоқ __________

      8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы,

      Т.А.Ә.*, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері,

      ЖСН* (болған жағдайда)

      9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы: _______________________

      Мекен-жайының типі:

      Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы______________________________

      Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ______________________

      Мекен-жайдың тірке коды _______________________________________________

      Мекен-жай: ____________________________________________________________

      Облыс ___________________________, қала, аудан,________________________

      ауылды өңір, қаладағы аудан: __________________________________________

      ауыл, елді мекен: _____________________________________________________

      елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _______________________

      жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат ________________

      сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________,

      блок нөмірі __________ пәтер __________________________________________

      пошталық индекс: ______________________________________________________

      10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекен-жай бойынша автоматты түрде толтырылады):

      _________________________________________________________

      11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _____________________________

      12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: ______________

      13. ҚҚС* төлеуші ретінде тіркеу: Иә ______, Жоқ _________

      14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу: Иә ______, Жоқ _______

      15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________________

      16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): _________________________

      17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ______________________________

      18. Телефон нөмірі: ______________________________________________________

      19. Атқарушы орган туралы мәлімет:

      Жеке ______________________, алқалы______________________

      Атқарушы органның атауы _______________________________________________

      20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ____________________________

      21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ___________________________________

      22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету:

      Сақтандырудың басталу күні ____________________________________________

      Сақтандырудың аяқталу күні ____________________________________________

      23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).

      Ескерту:

      БСН* - бизнес сәйкестендіру номері

      ЖСН* - жеке сәйкестендіру номері

      ҰҚН* - ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

      ҚҚС* - қосымша құн салығы ТОК* - тәуекелдің орындалу коэффициенті