"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 1 ақпандағы № 16299 болып тіркелген) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 128 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15237 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 71 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және оның ведомстволарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жеке жұмыс жоспары – қызметшінің бағалау кезеңіне нысаналы мақсатты индикаторлар қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
4) мінез-құлық индикаторы – қызметшінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – Министрліктің стратегиялық жоспарына, Министрдің меморандумына "А" корпусы қызметшісінің - Комитет төрағаларының келісіміне немесе қызметшінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қызметшілер қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға.
3. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4. Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде қызметшілер еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін Министрліктің Жауапты хатшысымен (ведомствоның бірінші басшысымен) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
2) қызметшілердің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері қызметшінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қызметшінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. Қызметшінің тікелей басшысы Министр (ведомствоның бірінші басшысы) болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) Министрліктің стратегиялық мақсатын, Министрдің меморандумын, "А" корпусы қызметшісінің - Комитет төрағаларының келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
14. НМИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын қызметшіге НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады;
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. Қызметшінің тікелей басшысы Министр (ведомствоның бірінші басшысы) болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. Қызметшінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады;
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
40. Персоналды басқару қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және Министрліктің (ведомствоның) басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
42. Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
43. Қызметшінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. Қызметші бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_______________________________
Қызметшінің лауазымы:
_________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________
__________________________________________________________________________
№ | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші |
Тікелей басшы |
Нысаналы мақсатты индикаторлар бойынша бағалау парағы
_________________________________________________________________ | |||||
________________________________ | |||||
№ | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы |
Өлшем | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 3-қосымша Нысан |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________жыл (бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________
_________________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:
_____________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_________________________________________________________________________
№ | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өздігінен даму | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану * | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
Қызметтік басқару | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді; |
Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
Ынтымақтастық | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды; |
Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
Шешім қабылдау | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Міндеттерді дұрыс бөле алады; |
Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Қажетті мәліметтерді таба алады; |
Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
Қызметті | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
Қызметті тұтынушыға ақпараттан | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Бағыныстағылар |
Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
Жеделділік | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
Өздігінен | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді; |
Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
Адалдық | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) |
Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; |
Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
Стресске орнықтылық | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
Жауапкершілік | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) | Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
БАСТАМАШЫЛДЫҚ | C-1 (департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары) | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. | |
C-3 (Министрлің кеңесшісі, көмекшісі, қызмет басшысы); * | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ (бағалау мерзімі жыл) Бағалау нәтижелері
№ | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: ______________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшелері: _____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)